Күріш алқабы жағдайындағы топырақтың су және ауа динамикасы. Оңтүстік Қазақстан суармалы жерлерінің ауа райы мен топырақ ерекшеліктері



бет2/5
Дата03.12.2023
өлшемі44,52 Kb.
#194794
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кенжебай А
КБТН ОБОЖ БОЖ, КБТН 13-лекция 2
Қызылорда облысы. Бұл облыс республиканың оңтүстігіне орналас-қан. Жер көлемі 218,4 мың шаршы километр. Облыстың жалпы жер көлемі 24615 мың гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығына жарамды жерлер-16224, жыртуға жарамды жер-215, шабындық-321,4, тыңайтуға қалдырылған жер-40,6 жайылым-15672 мың гектар.
Қызылорда облысы ауа райымен топырақ және басқа жағдайларына қа-рай үш табиғи шаруашылық аймағына бөлінеді: Бірінші аймаққа Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы аудандары, үшінші аймаққа - Қазалы мен Арал аудандары жатады. Бірінші және екінші аймақтарда суармалы егінші-лікте күріш және жемшөп өндіру негізінде мал шаруашылығы дамыған. Бі-рақ күріш егісінің көлемі және оны өндіру жөнінде екінші аймақ бірінші орын алады. 1979 жылы облыс бойынша егілген 90 мың гектарға жуық күріш егісінің 52 мың гектары және жалпы өндірілген 379,6 мың тонна күріштің 239,3 мың тоннасы осы аймақта өндірілді.Үшінші аймақта негізінен мал шаруашылығы дамыған, бұл жерлерде мелиорация жұмысының қар-қыны жүргізілуі және Қазалы плотинасының салынуы келешекте күріштік өңірге айналдыруға мүмкіндік береді.
Облыс жеріне жауын-шашын өте аз түседі, орташа жылдық жауын-ша-шын 107 миллиметр. Бір айда көп жауғанда 32 миллиметр ғана жауын-ша-шын түседі. Ең құрғақшылық кез шілде-тамыз айлары. Жауатын орташа жылдық және айлық жауын-шашынды есептегенде Қызылорда облысы жерін Африка және Австралия шөлімен салыстыруға болады.
Жауын-шашынның түсуі аймақ бойынша өзгеріп отырады. Бірінші ай-мақта жылына 152-159, екінші аймақта 95-107, үшінші аймақта 104-118 мл жауын-шашын түседі. Көбіне жауын-шашын суық айларда (қараша және наурыз), ал жаз айларында, яғни өсімдік өсіп-жетілер кезеңдерде аз (22-42 мм) түседі.
Облыста ауданның температурасы жоғары болып, ылғи жел соғып тұра-тындығтан булану көп болады. Қызылорда ауа райын зерттейтін станцияның мәліметтері бойынша бір жылда болатын булану, облыс жеріне түсетін бар-лық жауын-шашынды қоса есептегендегіден он есе көп болатындығын анық-тады.
Облыс жерінде күн жарығы өте көп, әсіресе жаз кезінде мол түседі. Қызылорда облысының территориясы негізінен солтүстік ендіктің 45 ор-наласқан. Қазақ ССР Ғылым академиясының астрономия институтының (Гульницкий) мәліметтері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары облыс жағдайында өсу дәуірінде экватормен салыстырғанда күн сәулесі энергия-сын көп қабылдайды.
Облыстың жоғарыда келтірілген үш аймағы топырақ жағдайы жөнінен бір-біріне ұқсас келеді. Өзеннің ағысына қарай топырақтың механикалық құрамы біраз ауырланып, батпақтану мен сортаңдану дәрежесі артады.
Жалпы облыстың ауа райы өте құбылмалы, жазы ыстық, құрғақ әрі жаңбырсыз, ал қысы қарсыз, суық болады. Бұл құбылмалылық облыс же-рінің оңтүстігінде Туран ойпатында жатқандығына байланысты. Өйткені қыстыгүні суық ауа оған солтүстіктен еркін соға алады. Сондықтан облыста ауаның орташа жылдық температурасы 7-11 градус жылы болғанымен кей жылдары 34-47 градус жылылықтан 40-45 градус суыққа дейін ауытқып, өзгеріп отырады.
Облыс жерінде жыл бойы жел жиі соғып тұрады. Оның жылдамдығы әр түрлі, қатты жел бір секундта 17 метр, ал дауыл 28 метр жылдамдықпен, кейде одан да қатты шапшаңдықпен соғады. Қыста жел қарды қуып әкетеді де, ашық қалған топырақ тоң болып қатып қалады. Сондықтан да Шиелі мен Жаңақорған аудандарынан баса жерлерде қыста күздік дақыл үсіп кетеді. Қатты жел, әсіресе аңызақ және шаңды боран жаздыгүні де жиі соғып тұра-ды. Мұндай жел жазда егін егіп, гүлденіп пісіп тұрған кезде соғады, кейде бір аптаға дейін созылады да егіске өте зиянды әсер етеді. Облыста егілетін негізгі дақыл күріш, осындай желдің әсерінен жатып қалып, дәндері төгіледі де, өнімі азаяды. Сөйтіп механизммен оруға жарамай қалады.
Ауа құрғақшылығының үстіне топырақ құрғақшылығы қосылады да, күн ысып жел күшейген кезде аңызақ пайда болады. Құрғақшылық пен аңызақ болуына, күн жылылығының молдығы, кейбір өте ыстық және аңызақ күндері температураның 42 градусқа дейін жоғарылауы, ылғалдың, жауын-шашынның аздығы, буланудың көптігі әсер етеді. Өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде құрғақшылықтың оқтын-оқтын қайталануы Қызылорда облысы территориясында 50 процентке дейін жетеді.
Солтүстік ендіктің 50 градусынде наурыз айының ішінде күннің жа-рықтығы 365, сәуірде-410, мамырда-475, маусымда-486, шілдеде-490, тамыз-да-446, қыркүйекте-438 және қазанда-338 сағат болады. Көктемде күн тез жылиды, мамыр айында барлық жерде температура 20-28 градустан асып ке-теді. Яғни, Закавказьенің, Ферғананың, Оңтүстік Италияның, Солтүстік Африканың ауа райына сәйкес келеді.
Ауа райының мұндай жылы, шуағының мол болуы, бұл жерде барлық өсімдікті де егуге, оның ішінде кеш пісетін және жылылық сүйетін күріш, жүгері дақылдарын өсіруге мүмкіндік туғызады.
Бірақ Қызылорда облысының ауа райы Шымкент облысына қарағанда ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қолайсыз. Шымкент облысында көктем наурыздың басында шығады, содан кейін ауа температурасы тұрақты түрде жоғарылап отырады, алғашқы күзгі суық қазан айының аяғында со-ғады.
Қызылорда облысында көктем оңтүстік аймақта 10-15 наурызда, басқа аймақтарда 15-20 наурызда шығады. Сөйтіп ауаның орташа температурасы Шымкент облысына қарағанда наурызда 1,8-3,7 сәуірде 1,6-2,7 градус кем болады және күзгі суық кей жылдары 17-23 қыркүйекте түседі. Солтүстік аймата көктем оңтүстік аймаққа қарағанда 10-14 күн кеш шығады. Оның үстіне көктемде ауа-райы құбылмалы, күндіз жылы болғанымен түні суық болады және осы кезеңде қатты жел соғады. Бұл топырақтағы ылғалды көп буландырып ұшырып жібереді. Сонымен қатар, көктемдегі 2-3 градустық суық әдетте мамырдың басында да қайталанады.
Осының әсерінен ерте егістерді (бидай, арпа, жоңышқа) егу 10-15 нау-рыздан 5-10 сәуірге дейін созылады, ерте егілген жоңышқа 17-20 күн бойы көктемей жатып алады. Топырақтың беті жаңбырдан қабыршықтанады. Көктеп шыққан өсімдіктердің жапырақтарын түнгі суық үсітіп дамуын тоқтатады. Өсімдік бірте-бірте әлсіреп, тіршілігін жояды.
Қыс айларында қардың аз жауып, желдің жиі соғуы, көктемнің кеш шығуы және күзгі суықтың ерте түсуі көп жылдық шөптер (жоңышқа, беде, түйежоңышқа) қыстан әрең шығады да сәуірдің басында кездесетін көктемгі суықтан тез сиреп, өсуі кешігеді.
Шиелі метеорологиялық станциясының соңғы он жылғы мәліметтері бойынша ескі жоңышқа наурыздың үшінші он күндігінің бас кезінде өсіп-жетіле бастайды. Ерте көктемдегі жылы күндері ол наурыздың басында, көктемнің ұзаққа созылған қара суығында бұдан бір ай кеш жетіледі. Сондықтан да ескі жоңышқа Шымкент облысында 5-6 рет орылса, Қызылор-дада 3-4 рет қана орылады, ал кеш пісетін жүгері сорттары оңтүстік ай-мақтан басқа жерде дәнге пісіп үлгермейді. Сондықтан ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін жоғарыдағы көрсетілген ауа райының қолайсыз жағдайларын ескере отырып, аймақ бойынша оларды өсірудің агротехникасын жасаудың маңызы зор.
Облыс жерінің негізгі топырағы Сырдария өзенінің атырауы аллювий-лік шөгінділері болып есептелінетін төрттік дәуірдегі қатпарлардан құрал-ған. Бұл шаң топырақ, саздық, құмдық және майда қиыршық құмдардың қабат-қабат үйіндісі. Оның қалыңдығы Қызылорда, Шиелі және Жаңақорған жағында 80 метрге дейін жетіп, батысқа қарай біртіндеп азайып, 20 м дейін (Қармақшы) төмендейді де, теңіз жағасына жеткенде 5 метрге түседі.
Қызылорда облысы жерінің топырағы алуан түрлі болып келеді, бірақ олар негізінде үлкен екі топқа бөлінеді: егіншілік алқаптағы ылғалды бұрыннан пайдаланып келе жатқан ескі суару жүйелерінің ізі бар (субарэаль-ды) топырақтар. Гидроморфты топырақтар Сырдария өзенінің бойына орна-ласқан және негізінде аллювийлі шалғынды (қазіргі немесе ескі тоғай орны), шалғынды–батпақты, (оның ішінде суармалы жерлер топырағы да кіреді). Ал, кеуіп құлазып жатқан жерлер топырағына тақыр тақылеттес және тақыр-лар жатады.
Топырақ шөгінділері бірқалыпты қалыңдыққа орналаспауы мен ылғал-дылық жағдайы, табиғи аудандарды шаруашылқ тұрғысынан пайдалану ба-ғыты сан алуан топырақтың пайда болуына әкеп соқтырды.
Соның салдарынан Сыр бойының топырағының құрамы біркелкі емес.Өзен арнасына жақын жатқан жерлердің аллювийлі шөгінділерінің ме-ханикалық құрамы жеңіл, ал одан қашық жатқан арна аралық ойпаң жерлер-дің механикалық құрамы ауыр, батпақты топырақты болып келеді.
Қазіргі суармалы егіншілік негізінен шалғынды-батпақты және батпақты топыраққа орналасқан, кейінгі жылдары мелиорациялық жұмыстардың кең өріс алуына байланысты тақыр жерлер мен аллювийлі-шалғынды тіпті кә-дімгі сор топырақтар игерілуде.
Күріш ауыспалы егісіне сор топырақты игеру өте зиянды. Өйткені бұл топырақтың екі метр қабатындағы тұздың қоры (325-552 т/га) батпақты жер-ге (54-88 т/га) қарағанда алты есе көп. Тұздың ең көбі топырақ бетінде (ты-ғыз қалдықтың 40 процентіне дейін) жатады, профиль (топырақтың үстіңгі қабаты ) бойынша 10,4 процентке дейін тұзданған. Ал батпақты топырақта 0,2-0,8 пайыз болады немесе 13 есе кем. Кәдімгі сортаң топырақта күріш өсірілгенде алғашқы бір–екі жыл әр гектардан 30-35 центнер өнім алынған-мен астындағы тұз көтерілген соң күріш өнімі тіптен төмендеп кетеді және қатар жатқан тұзы аз учаскелерді сортаңдандырып жібереді.
Сортаң, тақыр топырақты жерді күріш ауыспалы егісіне игергенде аса құыптылық қажет. Мұнда шірінді аз (0,8-1,0 процент) тұзы беткі қабатында кем болғанмен , 25-100 сантиметрде 3 процентке дейін тұз болады. Тұздың 2м қалыңдықтағы қоры гектарына 138 тонна. Коллекторлы-дренаж салынып, мелиорациялық жұмыс жүргізілмесе бұл тұздар топырақ бетіне көтеріледі де жерді сортаңдатып жібереді. Мұндай жерге егілген мал азығындық дақыл-дардың шығымдылығы төмен және өнім аз алынады. Ескі жоңышқадан 20-25 центнер пішін жиналады. Топырақ құнарсыз болғандықтан күріштің де өнімі жыл сайын тұрақты болмай гектарына 25-40 центнер аралығында ғана болады.
Сондықтан тақыр топырақты жерге күріш орналастырғанда ең алды-мен ауыспалы егіс толық игеріліп, күрделі тегістеу кезінде құнарлығы жой-ылған учаскелерді 20-40 тонна көң төгіп, жердің құнарлығын қалпына кел-тірген соң күріш егу қажет. Сонда күріштен тұрақты мол өнім (40-50 цент-нер ) алынады және бұл жерде жемшөп қорын жасауға болады.
Аллювийлі–шалғынды (тоғайлы) топырақ Сырдария арнасының маңын-дағы төмпешіктер және олардың ескі тарамдары мен магистралды канал-дардың бойында орналасқан. Мұнда жиде, жабайы тал, қызыл жиде, шеңгел, бидайық, ажырық өседі.
Топырақтың беті теңбіл-теңбіл сортаңданған жердің жоғарғы қаба-тында (0-50 см) тұздың мөлшері 3-8 процентке жетеді, бірақ топырақта орга-никалық заттар көп, 50 см-ге дейінгі тереңдіктегі шірінді 6 пайызға жетеді. Жер асты суы 2,0-3,0 метр тереңдікте жатады. Өсімдіктің тамыры жететін ылғал қоры мол (20-35 процент) . Бұл жерлерде жеміс алқаптары мен орман алқабын жасау тиімді.
Аллювийлі-шалғынды (ескі тоғайлар орны) топырағы өзен тарамының төменгі ойлау және ылдилы жерлерінде пайда болады. Егіс өзеннен суары-луға қолайлы. Жері құнарлы топырақтағы шірінді 1,6-3,5 процент. Тұз қоры (0-2 метр) гектарына 82-118 тонна. Жер асты суы 3,0-5,0 метр. Бау-бақша жә-не жемшөп ауыспалы егісіне пайдаланған тиімді.
Аллювийлі-шалғынды (кеуіп, тақыр далаға айналып келе жатқан топы-рақ) топырақ жоғарыдағы екі топырақтың түріне қарағанда құнарлылығы төмен, шіріндісі 0,6=1,6 пайыз ғана. Жер асты суы төменде (5-8 м) жатады. Екі метр тереңдегі тұз қоры 65-110 тонна. Су тоқтатқыш қасиеті төмен. Мұндай топырақтар қауын, мал азығындық дақылдар өсіруге қолайлы.
Шалғынды-батпақты топырақ қамыс өскен, жазық әрі төмендеу бұрын тасқын су басқан жерлерде және қазіргі күріш егістіктерінің орнында кез-деседі. Олар көбіне сазды және ауыр сазды болады, 3-6 метр тереңдікте май-да атырау құмы кездеседі. Топырақтың беткі қабатындығы гумус мөлшері 2,5-3 пайыз, ал жарты метрлік тереңдіктегі гумустың орташа қоры гектары-на 65-123 тонна болады. Жер бетіндегі тұз мөлшері 1,5-2,5 пайыз, ал 10-15 см-ден төмендеген сайын ол 0,1-0,3 пайыз аспайды. Жер асты суы тұщылау немесе сәл кермектеу және 1-2,5 м-ден 3-5 м тереңдікте жатады.
Шалғынды-батпақты топырақ күріштік жерлердің негізгі қоры болып есептеледі. Ауыспалы егісте күріш және жоңышқа болғаны жөн. Бұл топы-рақтарда күріш егуден бастап, ауыспалы егісті тез игеру қажет.
Батпақты топырақтың құрамына торфты-батпақты, ылайлы-батпақты және суармалы (күріш) жерлердің топырағы жатады. Батпақты топырақтың аталған алдыңғы екі түрі Көксу-Қараөзек ойпатында кең таралған, бірақ ол жерлер қазір кеуіп кеткен. Бұл топырақтың ылайлы-батпақты түрі Сырда-рияның сол жағалауында, көлшіктердің шетінде кездеседі. Шірінді мөлшері 2-3 пайыз. Топырақ құрғап кеуіп далаға айналғанда, оның жоғарғы қабаты тереңдеген сайын (1,5 м-ге дейін) шірінді 3-5 пайыз дейін сортаңданып ме-ханикалық құрамы ауыр, сазды келеді. Бұл жерлерді күріш егуге пайдала-нады және ондай жағдайда суармалы (күріш) батпақты топыраққа айнала-ды. Мұндай жер терең жыртуды, көңді көбірек төгуді (40-50 т), жиі коллек-торлы дренаж жүйесін жасауды, ауыспалы егісті толығынан игеруді қажет етеді.
Тұзды, сортаң топырақтар өз алдына ерекше құбылыс. Беті кебірленіп, аппақ сор басқан, жоғарғы қабаттағы тұздардың мөлшері 40 пайыз дейін же-теді, екі метрлік қабаттағы тұздар қоры гектарына 832 т, топырақтағы шірін-ді мөлшері 1,5-4,5 пайыз. Жер асты суы 3-7 м тереңдікте жатады, ыза суы көп минералданған. Бір метр судың құрамында 130 грамға дейін тұз жата-ды. Мұндай жерлер кәдімгі сор деп аталады.
Бұл жерлерді күрделі коллекторлы-дренаж жүйесін жасап, 6-12 мың текше метр сумен бірнеше қайтара шаю арқылы тұзын егістіктен алыстатып әкету керек. Ең алдымен шабындыққа, тұзы шайылған соң екпе шөпке (түйежоңышқа) еккен дұрыс.
Сортаңданбаған тақыр топырақ Жаңадария өңірінің бас жағындағы Бесарық атырабында және Шиелі ауданының сол жақ бөлігінің оңтүстігін-де кездеседі. Топырағы борпылдақ аллювийлі шөгінділерден құралған, ші-рінді 1,5 пайыз, тұзы аз (0,2 пайыз) болады. Кез-келген дақыл егуге жарай бе-реді.
Тақыр және тақыр тақілеттес жерлердің топырағы үлкен кеңістікті алып жатыр. Олар Сырдарияның баяғы замандағы атыраулары: Жаңадария, Қуаңдария, Дариялық-Тақыр жазықтары, Жусан және Бикесары даласының кеуіп құлазып жатқан жерлерінде кездесетін топырақтар және осы жазықтар мен далалар жерінің негізгі қорын құрайды. Сексеуіл мен бүйірген өскен тақыр типтес жерлердің топырағы биіктеу жазыққа орналасқан, механика-лық құрамы ауыр немесе құм-балшық, топырақтың орталық қабаты (10-20 см) сортаң, жоғарғы қабатында тұздар аз. Сексеуіл мен бүйірген өскен то-пырақ бетінде сілті молырақ, жер асты суы өте терең (10 м-ден төмен), то-пырақтың су өткізгіштік қасиеті нашар және шірінді мөлшері аз (0,5-1,0 пайыз).
Сортаң-сортаңдау тақыр топырақты жер Сырдарияның сол жақ жаға-лауының негізгі бөлігін алып жатады. Мұнда бүйірген мен күйреуік өседі. Топырақтың құрамы ауыр, онан су өтпейді десе де болады, сілтілі сортаң-данған. Топырақтың беткі қабатында (25-100 см) 3 пайыз дейін тұз болады, оның екі метрдегі қоры гектарына 138 тонна. Жер асты суы 8-20 метр терең-дікте, ыза суы хлорлы тұздармен минералданған, 1 литр суда 50 грамға дейін тұз болады. Шірінді 1 пайыздан аспайды. Мұндай жерлерді игергенде күр-делі мелиорациялау жұмыстарын, дренажды-коллектор жүйесін жүргізіп, тұзды сумен сапалы шайғаннан кейін ауыл шарушылығы дақылдарын егуге болады. Ең алдымен жемшөп ауыспалы егісін игеру арқылы жердің құнар-лылығын арттырып, кейін күріш ауыспалы егісіне айналдырған дұрыс.
Ауыл шаруашылығын игеру жөнінде бұл аталған топырақтардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен олардың бәріне бірдей ортақ қасиеттері бар. Олар А.И.Волковтың сипаттамасы бойынша мыналар:
1. Топырақтың жоғарғы қабатында (10-нан 20 пайызға дейін) көмір қышқыл әгі бар. Бұл топырақ құраушы жыныстарға тән қасиет. Сортаңдан-ған топырақтарды сумен шайған кезде кебірлену процестерінің пайда бо-луына карбонаттылық біршама кедергі жасайды. Бірақ, карбонаттардың көп болуы топырақтағы фосфор тыңайтқышын оның ерімейтін және өсімдіктер бойына сіңіре алмайтын түріне айналдыру процесін көбейтеді. Сондықтан да фосфор тыңайтқышын аммоний сульфатымен немесе органикалық ты-ңайтқыштармен араластырып пайдаланған тиімді. Осыған байланысты фос-фор тыңайтқышын жоңышқа егісіне енгізудің тиімділігін зерттеген жөн.
2. Өзен жағасындағы (аллювийлі) шөгінді жыныстар топырақта қабат-қа-бат болып жатады, оның құрамында шаң тәрізді бөлшектер көбірек (40-70 пайыз), 1-0,24 мм өлшеміндегі бөлшектердің тым аз, ал көлемі 1 мл-ден үл-кенірек түйіршіктер (фракицялар) тіптен болмайды.
Облыстың барлық топырақтарының түрлеріне тән тағы бір заңдылы-ғы- жер бедеріне қарай олардың құрамы сәйкес келеді. Әдетте, төмен орна-ласқан жерлерде ауыр механикалық құрамды (саз, ауыр және орташа құм-балшық), ал биік жерлерде механикалық құрамы жеңіл (жеңіл құмбалшық, құмайт топырақ, құм) топырақтар кездеседі.
3. Агрономиялық тұрғыдан бағалы көлемі 1,0 мм-ден асатын үлкен түйіршіктердің болмауы және микро түйіршіктердің аздығы топырақтың шаң тәріздес карбонаттылығын көрсетеді.
Сирек кездесетін үлкен түйіршікті құрылымды топырақта негізінде сазды және орта құмбалшықтардың құрамында 60-80 пайызға дейін суға бе-рік микроагрегаттар бар.
4. Гидроморфты топырақтардың жоғарғы (0-15 см) қабаты, тақыр тә-різдес құлазып кеуіп жатқан шөл дала топырақтарының (20-150 см) орта қа-баты өте сортаң келеді. Олар негізінен хлорлы сульфатпен сортаңданған.
5. Қызылорда облысының топырағында шірінді аз, көп жерінде ол 0,5-1, пайыздан аспайды.
Бұл топырақтың бәрінде де микробиологиялық процестер күшті жү-реді. Мұндай биогенді процестердің жоғары дәрежеде болуы және шірінді-нің аз кездесуі, әсіресе күріш пен мақта өсіргенде тамыр топырақтағы та-мыр қалдықтары мен шіріндінің тезірек ыдырауына қолайлы жағдай жа-сайды. Ондағы азот пен фосфор мөлшерінің тіптен кеміп кетуіне әсерін ти-гізеді. Алғашқы жылы күріштің өсіп-өнуі кезінде, мысалы, бір гектар то-пырақтан 12-15 т ғана органикалық қалдықтар ыдырап жойылады, ал екі жыл қатарынан күріш егілген учаскеде суға берік топырақ түйіршіктері-нің саны 40-50 пайызға кемиді.
Қорыта келгенде суармалы жерлерде кездесетін топырақтардың сортаң-данып кетпеуі үшін, олардың табиғи құнарлылығын жыл сайын органи-калық (көң), жасыл (сидерат) тыңайтқыштар және көп жылдық шөптерді (жоңышқа, түйежоңышқа) ауыспалы егіс айналымына тезірек әрі көбірек еңгізу арқылы сақтауға болатындығын озат шаруашылықтардың тәжіри-белері көрсетіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет