Күріш алқабы жағдайындағы топырақтың су және ауа динамикасы. Оңтүстік Қазақстан суармалы жерлерінің ауа райы мен топырақ ерекшеліктері



бет1/5
Дата03.12.2023
өлшемі44,52 Kb.
#194794
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Кенжебай А
КБТН ОБОЖ БОЖ, КБТН 13-лекция 2

Күріш алқабы жағдайындағы топырақтың су және ауа динамикасы.
Оңтүстік Қазақстан суармалы жерлерінің ауа райы мен топырақ ерекшеліктері
Қазақстанның Оңтүстік шығысындағы суармалы егіншілік аймағына Алматы, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарының территориясы кіреді. Бұл аймақтың табиғи жағдайлары әр қилы.Ақшыл сұр топырақты шөлейт жерлер, тақырлар көбірек ұшырасады.
Шөлейт аймаққа Балқаш-Алакөл ойпаты Балқаш жағалауы, Қараой өңірі, Іле өзенінің Алматы және Талдықорған облыстарын басып өтетін тұс-тары, Бетпақдала шөлі, Шу өзенінің Жамбыл облысын басып өтетін тұс-тары, Шымкент облысының Арыс-Түркістан, Шардара аудандары кіреді. Бұл аймақта ауа райы қуаң, ірі өте құбылмалы келеді. Жылдық жауын - шашын жиынтығы 130 - 220 миллиметрдей. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы 230 күннен 260 күнге дейін созылады; ал осы мерзім ішіндегі температура жиынтығы 4000, кейде 5000 градусқа жетеді. Топырағында қарашірінді аз (1,5 пайызға дейін). Сондай-ақ бұл қабаттың құнары төмен, құрылымы нашар. Әсіресе сұрғылт қоңыр топырақты, сортаң тартқан, тақыр жерлердің құнары өте мардымсыз. Бірақ суармалы егіншілікті өрістету арқылы дәнді дақылдар егісін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін жерлер мол.
Шөл аймаққа негізінен Іле және Жоңғар Алатауының, Қырғыз жотасы мен Қаратаудың, Іле-Шу таулары сілемдерінің етегіндегі жазық жерлер кі-реді. Бұл жерлер боз, қызыл-қоңыр, әдеттегідей сұр топырақты болып келе-ді. Климаты көбінесе шөл далаға ұқсас. Бірақ тау әсеріне байланысты онан гөрі біраз жайлырақ. Жыл бойына түсетін ылғал мөлшері 300-250 мл. Аяз-сыз кезең 180-235 күнге созылады. Қолайлы температура жиыны 4000 гра-дустан асады. Бұл аймақтағы қызыл-қоңыр және күңгірт сұр топырақты жерлер бозғылт сұр топырақты жерлерге қарағанда, қоректік заттарға өте бай. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 2-2,8 процентке жетеді. Өзен аңғарларындағы шалғын топырақты, шалғынды - батпақты жер-лердің қарашірігі 3 -4 процентке дейін барады.
Орманды далалы аймақта суармалы егіншілік жақсы дамыған. Дәнді да-қылдар егісінің көпшілігі осындағы қызыл-қоңыр және сұр топырақты жер-лерге шоғырландырылған.
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы егіншілік аймақтардың бәрінде де жаздың ыстық әрі құрғақ болатынына, жауын-шашынның дені күзгі-қысқы кезеңде түсетініне қарамастан, егінді қолдан суарған кезде ауыл ша-руашылығы дақылдарынан тұрақты мол өнім алуға қолайлы жағғдай туады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет