Кудьярова гульнара базарбаевна


Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет4/20
Дата28.01.2022
өлшемі229,68 Kb.
#115287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
дипломный Гульнар нов

Зерттеу жұмысының өзектілігі Метафора адамзат баласын көне заманнан бері қызықтырып келе жатыр. Метафораның тілдегі және ойлаудағы маңызына батыстың ғалымдары көбірек тоқталған, ал метафораның аталымдық – когнитивтік маңызына Н.Д. Арутюнова, В.Н.Телия, В.Г.Гак сияқты ғалымдар ерекше көңіл аударғанымен, екі тілді салғастыра танымдық тұрғыдан талдап, зерттеген арнайы ғылыми еңбектер жетерлік деп айта алмаймыз. Ағылшын тілі мәтіндеріндегі метафораларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері мен әдістерін анықтау, оларды танымдық тұрғыда саралау бұрын-соңды қарастырылмаған. Сондықтан метафораны танымдық тұрғыдан талдау және оны ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуды жеке зерттеу нысаны етіп ала отырып, халықтың таным-түсінігі мен психологиялық көзқарасын анықтау, халықтың соларға берген сипаттамасын, теңеуін, өзге дүниені танытуда салыстыра қолдануын, адамның мінез-құлқы мен қимыл-қозғалысын әсірелеп таныту зерттеу тіл біліміндегі өзекті мәселе болып саналады. Метафораларды аудару аудармашының асқан шеберлігін, танымдық биік деңгейін қажет етіп қана қоймай, аударма әдістерін дұрыс қолдауын да талап етеді. Тіл бірліктерінің жасалуындағы осы үрдістің қатысын зерттеу тіл мен ойлау арақатысын жаңа қырынан тануға жетелейді. Осы орайда, метафоралардың тілден-тілге берілуін қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдерді танымдық тұрғыдан қарастыру, анықтау зерттеу жұмысымыздың өзектілігін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет