Курстық жұмыс Бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру



бет4/4
Дата09.06.2022
өлшемі407,9 Kb.
#146310
1   2   3   4
Байланысты:
1-ЖЕЛТОҚСАН

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: - Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қою. - Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру. - Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. - Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу. - Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. - Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. - Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. - Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.


Түрлері;
Лексикалық
Фонетикалық
Морфологиялық
Синтаксис

Лексикалық ойындар. «Кім білгір» ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі? Морфологиялық ойын. «Ойлан тап» ойыны. - Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен - Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған «Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны. Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық. Фонетикалық ойын. «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады. - Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай. - Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық; І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.

ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтқанда, оқушы тілінде кемшілік болмай, оның дұрыс сөйлеуі, жүйелі сөйлеудің оқушыда қалыптасуы мұғалім жұмысына тікелей байланысты. Сондықтан оқушы тілінің дұрыс дамуын мұғалім қалыптастырады. Мұғалім оқушының қалай сөйлегенін үнемі қадағалап, оған дұрыс сөйлеудің үлгісін көрсетіп, қатесін уақытында түзетіп отырса, оқушыны дұрыс сөйлеуге үйрете аламыз.


«Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс». Ыбырай Алтынсарин

Өткізілген тәрбие сағаты сапасының білім көрсеткіші.



Сыныптар

Сұрақ қою

Сұраққа жауап

Сұбаттасу

Әңгімелеу

1

55%

58%

54%

69%

Жалпы бақылау экспериментінің көрсеткіші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет