Курстық ЖҰмыс пәні:Қазіргі қазақ тілі және қазақ тілін оқыту әдістемесі,коллеграфия Тақырыбы: Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелері Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» Ғылыми жетекші: Умирбекова Б



бет4/13
Дата01.06.2020
өлшемі68,25 Kb.
#72007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақ тілі Орынбай.А.
Қазақ тілі Орынбай.А.
1.2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары

Сыныптан тыс тәрбие  жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.[1] Тәрбие жұмыстарының балаға

беретін тәрбиелік мәні, әлеуметтік ортаға пайдасын тигізетіндей ұйымдастырылған, жоспарланған болуы тиіс. Әр бала өткізіліп жатқан істен өзіне бір пайдасын тигізуі керек. Тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен пайдасы:

Біріншіден, баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың еңбекқорлыққа жетелеп, жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, тереңдетіп қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы баланың өз бетінше жұмыс жасауына, жауапкершілікке тәрбиелейді. Оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет