Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Адамгершілік тәрбиесінің маңызы»



бет6/7
Дата31.05.2020
өлшемі52,49 Kb.
#71807
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Балжан пед
Балжан пед
Қорытынды
Сонымен  адамгершілік тәрбиесі мектептегі, бастауыш сыныптардағы тәрбие жүйесінің басты бөлігі болып табылады.

Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі балалардың адамгершілік көзқарастары мен өзара қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Тәрбие жұмысының мазмұнының, әдістерінің, формаларының және оның тиісті нақты мақсаттарының қандай екендігіне қарамастан біздің алдымызда әрқашанда балалардың адамшылық көзқарастарын ұйымдастыру міндеті тұрғаны тиіс.

Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыс кезіндегі ойындар, әдептілік әңгімелері, тәрбие саптары адамгершілік тәрбие берудің зор мүмкіндіктері болып табылады.

Біздің елімізде адамгершілік тәрбие берудің басты міндеті Қазақстан Республикасының елдігін, егемендігін сақтап, нығайтатын, бойына ізгілік, қарапайымдылық, отансүйгіштік, имандылық қасиеттерді дарытқан ұлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу.

Осыдан адамгершілік тәрбие берудің маңызын арттыратын басты ұстанымдарға тоқталсақ:


  1. Адамгершілік тәрбие беру жүйесінің қалыптасуына ден қою. Бұл жолда әсіресе, ата-бабалар дәстүріне сүйенудің маңызы зор.

  2. Адамгершілікке тәрбиелеу жұмысын барлық тәрбие мекемелерінде өзара үйлесімділікпен жүргізу, (мектеп, мәдениет ошақтары, т.б.).

  3. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары азаматтық қатынастарын
    қалыптастыру. Мұғалім – оқушы  бойына адамгершілік ұрығын себуші.

Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Түрлі пәндерді оқу кезінде бастауыш сынып оқушыларының достық, жолдастық, өмірге белсенді көзқарасы, Отан туралы ұғымдары қалыптасады. Үлкенді сыйлауға , ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл күйін түсінуге дағдыланады.Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарды шешуге бағытталған сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар жиі өтіп тұруы қажет деп ойлаймын.Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы мен адамгершілік қарым-қатынасы байиды.

Тәрбиелік міндеттердің қойылымына байланысты адамгершілік қасиеттердің кейбіреулерін қалыптастыру бірінші орынға қойылуы мүмкін.

Мектеп жас ұрпаққа білім беретін, үлгі-өнеге үйрететін, адамгершілікке баулитын, өмірге алғашқы жолдама беретін алтын ұя. Сондықтан да сол ұядағы ұжымға жүктелетін міндеттің абзалдығына орай, ауырлығы да, қиындығы да бар. Оның қиындығы сол, шәкірттерді жан-жақты адамгершілік рухта тәрбиелеу- күрделі де үздіксіз еңбек етуді керек ететін жұмыс.

Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың іздемпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты.Көптеген жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылған тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрыннан қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы керек. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды.



Қорыта айтқанда, мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат да бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет