Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Адамгершілік тәрбиесінің маңызы»



бет3/7
Дата31.05.2020
өлшемі52,49 Kb.
#71807
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Балжан пед
Балжан пед
Курстық жұмыстың мақсаты: Адамгершілік тәрбие және оның мазмұны, міндеттері, адамгершілік тәрбие жолдарын теориялық тұрғыдан нақтылау

Курстық жұмыстың міндеттері:

- адамгершілік тәрбиенің бала тәрбиесінде алатын орнын көрсету;

- адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен міндеттерін айқындау;

- оқушылардың адамгершілік тәжірибесін қалыптастыру жолдарын қарастыру;

- адамгершілік құндылықтарды белгілеу және оларды оқушыларды тәрбиелеуде қолдану аясын белгілеу;

Зерттеу жұмысының объектісі: Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы мен міндеттері.

Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспенден, бір тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Қазіргі қоғамдағы адамгершілік тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы

1.1. Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Балаларды мектепте оқытудың алғашқы күнінен-ақ бірінші сыныптықтардың қоршаған орта туралы әр түрлі түсінікпен келетіндігі, мораль туралы ұғымдары да, мінез-қырларымен әдеттері де әр басқа екендігі анықталады. Мектепке ілтипаттары да әр түрлі. Кейбір балалар құрбыларымен тату-тәтті ойнайды. Керек болса, ойыншықтарын беруге де даяр. Ал енді біреулері сырттап жүреді, өзімшіл болады.

Балалардың моральдық сапаларының, қоғамдық ұғымдарының, мінез-құлықтағы дағдылары мен әдеттерінің дамуындағы осы айырмашылықтарды адамгершілік тәрбиесі барысында мектеп түзетуі керек.

Мектеп білімі едәуір өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Адамгершілік тәрбиесі белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шындай түседі немесе түзейді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеңберлі болуы тиіс.

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып,қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.

Адам баласы қоғамға өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.

Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап,оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды.

Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарына ғана емес,болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты білімді болғанымен,оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса,оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болс амектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол- ұзақ жылдың жемісі. Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік, адалдық және т.б) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын сүюден ұлттық өнер мен мәдениетке,ана тіліне деген сүйіспеншіліктен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады. Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында тәрбиелеу –өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.

Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың іздемпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген жағдайда әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың адамгершілікке баулуға құрылған тәрбие міндетіне дұрыс жауап бергенімен,оның рухани-адамгершілік даму деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрыннан қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете алады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің 2 съезінде Елбасы Н.А.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:

- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;

- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті,ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғары адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты:

- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын мәселе-ол білім мен тәрбие беру саласындағы гылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми-теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап,бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи-философиялық,педагогикалық мәселелеріне аса зор мән берген жөн. Қазіргі таңда әсіресе, көп көңіл бөлінетін мәселе-адамгершілік тәрбиені күшейту.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері -оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушыларға жол бермеулі қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты.

Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, аспаптар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілкке тәрбиелеу баланың мектепке барған алғашқы күндерінен-ақ жүргізе бастауы тиіс. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындау кезінде игеріледі. Оқу барысында оқушлардың таным-білім әркеті мен еңбек әрекеті ұштасып жатады. Оқу бала үшін - қауырт еңбек. Дүниетану, кең көлемде жаңа білім алу процесінің өзі, сөз жоқ қиыншылықтарымен, табыстарымен және сәтсіздіктерімен алмасып келіп отырады.

Адамгершілік тәрбиесіне мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға , құндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі,-деген анықтама берілген. Мораль нормалары баланың оларды сезім арқылы меңгеруі арқасында ғана адамгершілік субьектісіне айналады. Л.Х.Салимованың айтуы бойынша: «адамгершілік тәрбие жеткіншектердің адамгершілік нормалар мен ережелерді меңгеруге, оларда адамгершілік сезімдерді дамытуға, адамгершілік сана мен сенімдерді қалыптастыруға, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, іскерліктерді шыңдауға бағытталған педагогикалық үрдіс. Бұл үрдістің негізгі мақсаты жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі жетілдіру деңгейіне өтуі».

Адамгершілікке тәрбиелеу жеткіншектер үшін маңызды және тартымды. Оның нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, іс-әрекеттер барысында мынандай шарттарды орындауына байланысты:

1. Оқушылардың жас ерекшеліктерін, өызығушылықтарын ескеру;

2. Іс-әрекеттің қоғамға пайдалы болуын ескеру, ұжымның бірлесіп әрекет етуіне мән беру;

3. Белгілі нәтижеге жету ұжымның көңіл күйіне байланысты екенін ескеру;

4. Оқушылардың бір-бірін түсінуіне қамқорлық жасау.

Н.И.Монахов, Н.И.Болдырев болса , оқушының адамгершілік тәрбиелілігін жеке тұлғаның белгілі бір адамгершілік сапаларының жиынтығы ретінде қарастырады. Өйткені, адамгершілік қасиеттердің құрылымдық түрлері: адамгершілік сана, сенім, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері болып табылады. Е.С.Богданова, Н.А.Каировтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сана, сезім және мінез-құлық деңгейі ретінде қарастыруды ұсынады.

1. Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі практикалық іс-әрекетінің барлығына енгізілуі керек.Сонымен қатар, олардың эмоциялық және интеллектуалдық жағын да қамтыған жөн.

2. Адамгершілік тәрбиесі-адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу.

3. Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру.

4. Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.

5. Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады.Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны, тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады. Жалпы әлеуметтік тәрбие үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық салада қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет