Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар»


II. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар



бет6/11
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#121000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-71552

II. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
2.1. Ахмет Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ әліпбиі
Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына бейімдей отырып, тұңғыш әліпбиін жасады. Себебі, әркімнің тіліне еріп, адасып жүрген жұртына «Қазақ әліпбиін» тайға таңба басқандай жасап берді. Қазақ елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған. Араб графикасына бейімделіп, бар болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік оқулығымен бірге 1912-жылы елдің қолына тиіп, ауылда балалардың сауатын ашу үшін сол жылдан бастап қолданыла бастады. Аталмыш оқулықта оқыту әдісі көрсетілгендіктен бір жағынан оқытушыларғада жеңіл болды, екінші жағынан оқушы балалар бір жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқулық 1912-1925 жылдар аралығында жеті рет басылып, оқу-ағартушылық салада біраз уақыт қолданылады. Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың «жеңілден қиынға қарай» қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да, кейін қысқа-қысқа мәтіндер алынады. Ал жеке сөздер алынғанда, екі дыбыстан тұратын қысқа, жеңіл сөздерден басталып, бірте-бірте күрделенеді. Мысалы, бал, бала, балалар, ас, аса, асар т.б. Бұл қағида оқушының оқуды, жазуды, сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету, оқыту үрдісін жеңілдету жолдарын іздеуден шыққан.
Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп, оларды түрлендіріп, тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған. Олар күрделене келе мәтіндерге айналған. Ол өте кіші мәтінен басталып, ары қарай күрделене береді. А.Байтұрсынұлы әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау, жаттығуды аз сөйлемнен, мәтінді өте шағын түрінен бастау, оларды біртіндеп қана кеңейту, күрделендіру тәсілі айрықша орын алады.
А.Байтұрсынұлы «Оқу құралының» алғашқы бетін балаларға арналған өлең жолдарынан бастайды.
Балалар! Бұл жол басы даналықа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Осы өлең жолдарын оқи отырып А.Байтұрсынұлы сауат ашуға шақыратындығы көрінеп тұр. Жасаған істерінің барлығы болашақ жас ұрпақтарға қалдырған үлкен ерең еңбегі десек қателеспейміз. Ол сонымен бірге – қазақ тілі грамматикасын яғни, фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін және терминологиясын жүйелі түрде ғылыми түзеген. Қазақтың дыбыс жүйесін, сөз жүйесін, сөйлем жүйесін, терминологиясын толық зерттеп, қазақ тілі грамматикасының негізін салды. Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия, бүкіл түрік әлемі мойындап, қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің грамматикасында пайдаланды. Сондай-ақ қазақ тілінің шамын жағып, тіл заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» атты үлкен оқулығында ал­ғаш рет фонетика, морфология, синтаксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы. М.Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы - қазақ баласын ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның танымдық талғамын қазақша қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы оқыған, сауатты жандардың басым көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен өз тілін араластырып, «қойыртпақ тіл» жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін ұстанды.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту мәселесі арнайы сөз барысында, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды.
Ә.Садуақасовтың: «Адамды бір – бірімен қоғамдастыратын басты құрал – тіл болып табылады», - деген.
Бастауыш сыныптарда балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері, грамматикалық заңдылықтары үйретіледі. Мұнда мұғалімдердің алдында екі міндет тұрады. Бірі – оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуын үйрету. Екіншісі – сөз қорын молайту, оларды дұрыс қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет