Өте үлкен және өте кіші сандарды жазу. Есеп шығару



Дата20.04.2022
өлшемі298,32 Kb.
#140214
Байланысты:
7 9-10 sabak (1)

Өте үлкен және өте кіші сандарды жазу. Есеп шығару

Пән мұғалімі: Оңғарбай Ж.

Өткен тақырыптың өзектісі

  • Өлшемнің метрлік жүйесі не үшін қабылданған? Қашан қабылданды?
  • Физикалық шамаларды өлшеу қажеттілігі қанша?
  • Өлшеу қателігі қалай анықталады?
  • Үлкен және кіші сандарды ықшамдап қалай жазуға болады?
  • Сандарды стандарт түрге келтіру деген не?

Еске сақта-Remember!

  • Ұзындық 1м=10дм=100см=1000мм=103мм
  • Аудан 1м2=100дм2=10000см2=1000000мм2=106мм2
  • Көлем 1м3=1000дм3=1000000см3=1000000000мм3=109мм3

Еске сақта-Remember!

Еске сақта-Remember!


Base quantity

Name

Symbol

SI base unit

length

meter

m

mass

kilogram

kg

time

second

s

electric current

ampere

A

thermodynamic temperature

kelvin

K

amount of substance

mole

mol

luminous intensity

candela

c

Халықаралық бірліктер жүйесі

Халықаралық бірліктер жүйесіндегі негізгі бірліктер

  • Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ), 1875 жылы қабылданған негізгі жеті (метр, килограмм, секунд, ампер, кельвин, моль, кандела) және екі қосымша (радиан және стерадиан) бірліктерден құралады.
  • Метр (м) — жарықтың вакуумде 1/299 792 458 с уақытта жүріп өтетін жолы.
  • Килограмм (кг) — халықаралық масса прототипінің массасына тең шама. (платино-ириди цилиндрі, Севре қаласында, Париж маңында халықаралық бюрода сақтаулы).
  • Секунда (с)— цезии 133 атомының негізгі күйдегі өте жұқа деңгейлеріндегі сәуле шығарудың 9 192 631 770 периодына тең уақыт.
  • Ампер (А) —вакуумдағы параллель орналасқан, ара қашықтығы 1м шексіз ұзындықтағы, өте жіңішке түзу өткізгіштен жүретін ток мөлшері. Кельвин (К) —судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі.
  • Моль (моль) —12С нуклидінің 0,012 кг массасындағы зат мөлшеріне тең шама.
  • Кандела (кд) — Жиілігі 540.1012 Гц монохромат жарықтың белгілі бағыттағы түсіретін күші. Жарық күшінің энергетикалық шамасы 1/683 Вт/орт болады.

Тақырыпты пысықтауға арналған есептер:

  • Бактерияның бір түрінің ұзындығы 0,5мкм. 1 см ұзындықта олардың қаншасын тізіп орналастыруға болады?
  • Атомның диаметрі 0,1нм. Ұзындығы 1мм кесіндіге қанша атом орналасады?
  • Әрқайсысының көлемі 1мм3 кубтар өз қабырғаларының қырымен қатарынан тығыз жатқызылған. 1м3 көлемге сиятын кубтар қандай ұзындықта болар еді?
  • 1м3 –ге әрқайсысының көлемі 1мм3 кубтарды бір қатарға тығыз орналастыру үшін қанша уақыт қажет? Әр кубқа 1 с уақыт жұмсалады.

Есептер

  • Ғалымдардың санауынша бидайдың сабағында өсімдіктің коректену процесіне қатысатын 10 000 000 тамыр түкшусі бар. Егер оның орташа ұзындығы 2мм, ал жалпы көлемі 1,5см3 болса, түкшелердің барлығының ұзындығы және көлденең қимасының ауданы қандай?
  • Бір шарғыдағы жіптің ұзындығы 200м, сонда Астана мен Алматының қосатын ұзындығы 1100 км км темір жолдың миллионнан бір бөлігін жабу үшін бір орaма жіп жете ме?
  • Мөлшері мен түрлері бірдей 8 шар берілген. Олардың біреуіне кінкентай қуыс жасалған. Таразыны 2 мәрте пайдаланып, қуысы бар шарды табыңыз. Егер 9 шар берілсе, қуыс шарды табуға бола ма?
  • Мәскеудегі Останкин мұнарасының биіктігі 540м, массасы 55 000 т. Осы мұнараның биіктігі 54см дәл көшірмесінің массасы қандай болады?

Есептер

  • Бала оқуға қажетті көрнекі құрал ретінде жердің диаметрінен 1млд есе кем глобус жасағысы келді. Жердің радиусы 6400 км, сонда баланың глобусы сынып бөлмесіне сия ма?
  • Қыздар қардан адам мүсінін тұрғызды, ұлдар тура содан екі есе биік көшірмесін жасады. Егер түпнұсқаның массасы 50 кг болса, көшірменің массасы қандай болмақ?
  • Мензурка мен миллиметр қағазды пайдаланып, шай стаканнан өлшеуіш құрал жасаңдар. Соны пайдаланып кішігірім картоптың, жұмыртқаның көлемін анықтаңдар.
  • Диаметрі цилиндр диаметрінен үлкен шардың көлемін анықтауға болады?
  • Қолымыздағы қабырғасы қалың шыны цилиндр, су, сызғыз, әтірдің бос сауытын пайдаланып, шыны сауыттың сыйымдылығын, көлемін қалай анықтауға болады?

Үй жұмысы:

  • Оқулықпен жұмыс, 12-13 тақырыпты қайталап мазмұндау. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
  • 4-жаттығу 9-10 есептер

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?
  • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?
  • Сабақта не ұнады? неге?
  • Сабақтың несі ұнамады.?

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет