Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар»


А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы



бет7/11
Дата08.02.2022
өлшемі182 Kb.
#121000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-71552

2.2.А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу тәрбие жұмысын жетіліру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. «Әліпби», « Тіл құралы», « Әдебиет танытқыш», т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. А. Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А. Крыловтың туындыларын аударып, « Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды. Аудару кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық ой пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан «Айқап» журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол туған халқының ғылым –білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім сондай керек», - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты.
А. Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. « Бұлардың кемшілігі сол, -деді ол- бала оқыту ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік». Осылайша оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды.
Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын « Оқу құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі « Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3 бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс еді. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер ұсынды. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, бастауыш, т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы а. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы – қазақ грамматикасының басты салалары: Фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, « Тіл жұмсату» деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып, 1928ж. Қызылордада шығарған.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы болды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтырудың әдіс тәсілдерін терең қарастырады. Сауаттылықтың негізі – жазуға жаттықтыру деп қарады, сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес, жазу мұқтаждығы тудырған. Жаза білуге үйрету әдісі, оқи білуге де үйрету әдісі болады. Жазу дегеніміз - әріптердің суретін салу, ал оқу дегеніміз – суреті салынған әріптердің дыбысын айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы- қаріпті көрсету керек. Оны меңгергеннен кейін, оқу, жазу, жұмыстарының бәріне сол тіреу болады. Жазу да, оқу да бір істеліп қана қоятын іс емес, мектепке күнде керек болық, күнде іске асырылатын жұмыс. Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі барған сайын қайсысын болса да өнерге айналдырып, әдістемелеп жазуға, безендіріп оқуға төселіп алады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов 1927 жылы « Жаңа мектеп» журналының №11,12 сандарында «Жалқылау (индуксия) және жалпылау (дедуксия) әдістері» деген көлемді мақала жазды. Жәнеде Ахмет өзінің «Баяншы» деген атпен тілді оқытудың методикасына арналған әдістемелік құралында, мұғалімдерге «Әліппені» оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
Ол оқытудың білімдік – танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған «Әдебиет танытқыш» атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді негіздеді. Мысалы: көрнек өнері, сымбат өнері, айтыс, кескін өнері, саз өнері, т.б. тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу, оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді. « Қазақ байлары өркениетті елдердің байлары сияқты ұлт намысын қорғап, оқулық шығарушыларға бәйге жарияласын. Бәйге берілетін кітаптарды бі-екі рет ақы иесі бастырып шығарып, ақшасын өндіріп алатын болсын» деді.
Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары арқылы даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса пайдаланайық деген ұсыныс жасады. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды.
Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшы-көсемі А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін М.Әуезовше бағаласақ, көптеген қан жылаған еңбегі, өнер –білім, оқу ағарту, саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет