Курстық жұмысы



бет14/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ
Тоғызыншы суретте сарбазсыз қалған Кете елге жалғыз состиып баруға намыстанады. Ол өзінің әлі де батыр екенін танытқысы келеді. Жаңалықты жете түсінбейді, оны орыс бөркін кигізу деп ұғады. Онысын әккі Кенжеғара пайдаланады. Ол Кетені қарай түседі. Бану Терісаққандағы төңкеріске кеткен. Осыны пайдаланып, Кете қаланы өзі басқарады. Арыз жазғандарды қабылдайды. Өзінше осы малы жоқ кедейге жеріне керек» - деп түйеді. Әйел бостандығы дегенді де жете ұғынбайды. Арыз жазушыларды жаппай қуады.
Бұл істерді көрген Зілғара Кенжеғараға келіп қосылады. Өзінің бір қыр астында әскерімен сай тұрғанын айтады. Үрейленген әрелдік Аманкелдінің ағылшындарды шыңғыртып айдап келе жатқанын, өзі Хорслей тапсыруымен хабар жеткізгенін, артында қуғыншы барын айтып кетеді. Зілғара да, Кенжеғара да жөнеп береді. Оралған Аманкелді Кетенің қаруын алып, қолын байлатады, өзін әскер сотына береді. Қолға түскен ағылшындарды майдан командованиесіне жөнелтеді.
Аманкелді. Пластунов бір «бықсу» барын сезеді.
Асығыс келген Тәуке «Жеті көл» жатқан бір қол келе жатқанын хабарлайды. Аманкелді Жайнақ эскдронына «тез қалаға жетсін» деп Тәукені жұмсайды.
Жау әскері қалаға кіреді. Аманкелді қамалды бермеуге бел байлайды Аяқ астында Кенжеғарада жүр. Атыс басталды. Аманкелді елшімін деп алдаусыратқан Зілғараны атып құлатады. Қапаланған Кенжеғара Аманкелдіні ту сыртынан атып салады. Бану Кенжеғараны атып құлатады. Аманкелдінің басын сүйеді. Эскадрон жетіп, қала жаудан тазартылады. Аманкелді қаза болады.
Пьесаның жоғарыдағы қысқа сюжетін анықтаған соң, мұндағы тартыс не? Конфликт неге құрылған? Осыларға назар аударылады. Пьесадағы басты конфликттан тартысты -1916 жылғы екі жақты езгіге қазақ кедейлерінің наразы болуы.
Бір жағынан, ақ патшаның чиновниктері, екінші жағынан бай – мырзалары елді жаншыды. Үшінші жақтан Торғай өңірінде шетел капиталистері халықты сүліктей сорды. Осыдан келіп қазақ даласында таптық тартыс күшейе түсті. Россиядағы жұмысшы қозғалысы шалғай Қазақстан сияқты жартылай отар елге әсерін тигізбей қоймайды. Пьесада ол әсерден қайтқан көзі ашық офицер П.Логинов, айдауда жүрген М.Пластунов, Қарсақбай жұмысшылары, Петроградпен байланыс арқылы айқын көрінеді. Халық дүмпуі, Тәуке қарт, Мұңайтпас, Жайнақ сияқты кедейлер, Бану сияқты әйелдер арқылы беріледі. Осының басы-қасында Аманкелді сияқты әділетсіздікті түсіне білген, көз қарақты, ер жүрек батыл адам болады. Міне, бұлардың күресі – отарлау саясаты ендеп кіріп, тәуелділік құрығынмойнына түскен қазақ халқының бостандық күресі еді.
Пьесадағы жаңа мен ескінің күресі негізгі және басты конфликтен тұрады. Бірі – Аманкелді бастаған сарбаздардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі, екіншісі – Октябрь революциясы жеңісінен кейін Қазақстанда Совет үкіметін отарлау жолындағы күрес. Осы негізгі конфликтіден туындайтын екі конфликтіні пьесадан оқушыларға саралап көрсеткен тиімді. Оған қоса ірі конфликтілерді құрайтын толып жатқан ұсақ конфликтілердің кейбіреулерін текстен тауып, теріп оқыған дұрыс.
Пьеса – көркем шығарма. Мұнда форма мен мазмұн бірлігі сақталған. Конфликт: әр кейіпкердің іс-әрекетінен, оны қоршаған әлеуметтік жайдан, басқа кейіпкерлермен тікелей және жанама қарым-қатынасынан туындайды.
Мектеп тәжірибесінде мұғалімдер жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арасындағы қарама-қарсы әрекетті, тартысты, күресті – конфликт деп ұғындырады. Бірақ конфликт пьесаның идеялық мазмұнынан шығатынын үнемі алға ұстап отырған жөн.
Оқушы пьесадағы оқиғалардың даму процесін, оның тоқтаусыз өрбуін, нақты талдаулар арқылы дәлелдейді. Екі тап арасындағы тартысты кейіпкерлердің жеке-дара, екі-екіден топтай және тұтасымен алу арқылы талдау тиімді.
Пьесаның қысқаша мазмұнын, идеясын баяндаған соң, сынып оқушылары мына тақырыптар бойынша жұмыс істейді:

  1. 1916 жыл қарсыңындағы қазақ елінің жайы пьесада қалай берілген? Осы жайға ел разы ма еді?

  2. Елдің толқу алдындағы әрекеті пьесада қалай берілген?

  3. Петр Аманкелдіні не үшін іздеді және қалай ақыл берді? Әкімдер не әрекетте?

  4. Қарсақбай жұмыскерлері Аманкелдіге қандай сәлем жолдады? Ол қалай орындалды?

  5. Патша әкімдері, қазақтың бай-мырзалар июнь жарлығын орындауға қандай әрекеттер жасады? Аманкелділер бұған қарсы қандай әрекеттер жасады?

  6. Патша құлағаннан кейінгі міндеттер қандай еді, ол қалай жүзеге асыралады?

Енді осы сұрақтарды жеке-жеке талдау жұмыстары жүргізіледі.

  1. 1916 жыл қарсаңындағы қазақ елінің жайы пьесада қалай берілген? Осы жайға ел разы ма еді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет