Курстық жұмысы



бет13/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ
Алтыншы суретте Аманкелді штабында отырған кедей Мұңайтасты көреміз. Ол қазір штаб қызметіне қолы жеткен. Кешегі жалшы бүгінде көп нәрседен хабары бар сарбаз. Енді пулеметті игермек. Бұған келген Тымақбайды ол құлағынан сүйреп күлкі етеді. Тымақбай жүрісі де жай емес, сөз тарату, әскер жағдайын білу.
Аманкелділер жау әскері темір жол бойына жиналып жатқанын байқап, қаланы тез басып алу қамына кірісу жөнінде Петр Логиновпен, Михаил Пластуновтармен ақылдасады. Қаланы алған жағдайда әрі қарай не істеу қажеттігін сұрайды. Бұл жайлы олар Пластуновты Петрогрардқа жіберуге ұйғарады және осыған келіседі.
Аманкелді отрядына қосылған Алаш қол шоқпары Жапар қосағы бірте – бірте азая береді. Оның себебі оның қосағында тәртіп, белгілі нысана жоқ етеді. Жапар ел кегін қуып жүрген адам емес. Оның Шолақөзекте тыныш отырған орыс поселкесін шауып алуы осыған дәлел. Осы үшін Аманкелді оған үш есе айып тарттырады.
Жетінші суретте темір жол басындағы әскерді алдаусыратып иен далаға қарай бұрып әкету үшін Жайнақ бастаған құрамында 400 адам бар отряд 6 қол жылқымен жау алдын тосуға аттанады.
Аманкелді отряды осылай бел ала бастаса, қала ішінде үш күннен бері қоршауда қалған А.Логинов Зілғара, Кенжеғарлар әбігер үстінде. Олар көмекке тосқан патша әскері әлі жоқ.
Осы сәтте опсыз Тымақбай жетіп, Жапардың мың әскерімен қаладан шығып кеткенін хабар етеді. Бұған А.Логиновтар «Аманкелдінің бір қанаты қырқылды десейші» деп қуанады.
Аманкелді бұларға елші жіберіп, қарсылықты тоқтатуды талап етеді. Оған бұлар көнбейді. Сарбаздар шабуылға шығып, қаланы түгел қолдарына алады. Майданнан қашқан Жапар қолға түседі, оның әскері одан бас тартады.
Сегізінші суретте Аманкелді әскерін полк етіп қайта құрған. Өзгерістер де көп. Өзі комиссар, полктерін қолбасы Фрунзенің шақыруымен қызыл майданға аттандыруға даярлануда.
Бану – болыс. Ол Зілғара, Байтас, Байқара, Кенжеғара сияқты бай – мырзаларға майдан үшін жүздеп ат салығын салады. Оған олар разы емес. Шағынуға Аманкелдіге келеді. 14 мемлекет советке қарсы аттанады. Біздіңде жеңер күніміз туар деп сенеді олар. Бірақ дәнеңеде өндірмейді, беттері қайтады. Тек Кенжеғара ғана әріден ойлайды. Бұрын «Алаш» деп жаздым – жаңылдым деп зымиянданады. Сөйтіп, Аманкелді сеніміне кіреді.
Кете сияқты қазақ батыры жаңа әскер тәртібіне көндіге алмай, «мың сарбаз бермедің» деп өкпелейді. Осыдан өзі қателікке ұрынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет