Курстық жұмысы


Орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту жолдары



бет6/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ
2. Орта буын сыныптарда драмалық шығармаларды оқыту жолдары
Әдебиетті оқыту әдістемесі тұрғысанан келгенде орта буын сыныптар бастауыш сыныптардан ерекшеленеді. Бастауыш сыныптарда көркем шығарма өміртану құралы ретінде жұмсалады. Жас бүлдіршінге өмір құбылыстарын көркем өнер тілі арқылы таныту мақсат етеледі. Ал орта буын сыныптарда көркем шығарма өнердің бір саласы ретінде, сөз өнері ретінде танылады. Шығарма тілі, көркем образдар, авторлық ұстыным, шығарманың түйінді ойы, кейіркерлер жүйесі, шығарманың поэтикалық, көркемдік ерекшеліктері тұрғысында талдап, тьанылады. Драмалық шығармаларды оқытқанда осы мақсат-міндеттерге аталған шығарманың өнер саласының екі бірдей түрін қамтитындығын түсіндіру аса маңызды. Олардың бірі — сөз өнері, екіншісі сахна өнері. Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшелігі білім берудің жаңа талаптарына сай өзгермелі, уақыт талабына жауап беретін, оқушының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатын көздейтін оқыту жүйесі бола алады.
Драмалық шығармаларды мектепте оқытуда теориялық және практикалық білімді тығыз байланыста ұштастыру маңызды.
Драмалық шығармаларды мектепте эксперименттен өткізу кезінде оқушы бойында қалыптасатын білім мен практикалық дағдылар анықталып, оның тиімділігі 8-11 -сынып оқушыларында білімді шығармашылықпен ала білу, зерттеу, іздену әдістерін меңгеру арқылы тұтас әлемдік драма жайлы түсінігіне, классикалық үлгідегі туындыларды оқу мәдениетіне, сауатты, мәдениетті көрерменге ұласады.
Драмалық шығармаларды оқытуда 8-11-сынып оқушыларының әдеби талдау негізінде алған көркем туындының тәрбиелік мәні өмірлік қажеттілігіне айналады.
Орта буынның 8-сыныбында Д.Исабековтің «Әпке» драмасы оқытылып келеді. Жоғары сыныптарда, яғни 11- сыныптарда драматургияны оқытуға сағаттар біршама көбірек бөлінеді. Бірақ оның өзі жекелеген жазушылардың өмірі мен шығармашылығына берілген жалпы сағат санының құрамына енгізеді.
Мұның себебі жалпы бағдарламада әңгіме, повесть, роман, поэма, лириканы оқып, талдауға көп сағат бөлініп, драмалық шығармаларды оқытуға аз мөлшерде орын берілуімен байланысты.
Қазақ әдебиеті сабақтарында лдрамалық шығармалардың үлесін талдай отырып, олардың әрбір сыныптарда оқылылу жайын кесте түрінде сипаттап көрсеттік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет