Курстық жұмысы


ІІ.2. 8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары



бет8/24
Дата30.11.2022
өлшемі99,47 Kb.
#160430
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
stud.kz-63123
Документ
ІІ.2. 8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары

Д.Исабеков шығармаларын ерекшелеп тұратын шығармаларының табиғатындағы 8-сыныпта драмалық шығарманы оқытудың өзіндік қиындықтары бар. Себебі осыған дейін оқушылар драмалық шығармаларды оқыған емес. Ендеше, сабақтың басында драмалық шығарманың табиғатын танытатын кіріспе әңгіме жүргізу керек.


Драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігін танытуда сахнада рөлмен оқу, сахналық қойылымның не екенін елестету, сонымен қатар драмалық шығарманың өзіне ғана тән түсініктерін акт, көрініс, ремарка, перде, т.т. білгізу аса маңызды. Көркем шығарма ретінде драмалық шығарманы оқыту рөлдік ойындармен ғана шектелмейді. Ең бірінші драмалық шығарма да басқа тектегі, жанрдағы шығармалар сияқты көркем мәтін болып есептеледі. Ендеше, драмалық шығармаларға да мәтін талдау жұмыстарының барлығы дерлік жүргізіледі. Шығарманың идеялық көркемдік етекшеліктері, көтерген басты тақырыбы, көркемдік әлемі, кейіпкерлер жүйесі, шығармадағы тартыстық өрбуі, сюжеттік, композициялық құрылымы, кейіпкерлер тілі т.т.
Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы Жазушылар одағы мен Мәдениет министрлігінің бәйгесінде бірінші сыйлыққа ие болған, сондай-ақ сахна сұранысына ие болған көркем дүние деуге болады. Пьеса автордың драматургия жанрындағы елеулі ізденісі. Онда жастардың өмірі суреттеліп, бейнелері жасалған. Пьеса кейіпкерлері болашақ өмір жолындағы күрестің үстінде шыңдалып, ой-өрісі, түйсік-түсінігі кеңейеді, азаматтық келбеті қалыптасады. Отан алдындағы борышын айқындайды, жас адамға тән парасат биігінен көрінуге ұмтылады. Драматургтік пайымдар ой- түйіні де осыған саяды.
Шығарма оқиғасы ағайынды төрт баланың төңірегінен өрбіп, олардың тағдыры, азаматтық тұрпатының, өмірлік көзқарасының қалыптасуы драмалық тартыс үстінде өтеді. Анасы қайтыс болып кеткенде артында қалған інілері мен сіңілісінің тағдырын өз қолына алып, оларды бағып-қағып, тәрбиелеу ауыртпалығы Қамажайдың мойнына түседі. Қамажай-пьесаның темірқазығы. Шығарманың «Әпке» аталуы да осындан. Және пьесаның көркем-идеялық деңгейі мен бағыт-бағдары Қамажайдың әрекетіне тікелей байланысты. Ол- жаны нәзік, үлкен сезімнің адамы. Інілері мен сіңілісін тәрбиелеп, адам қатарына қосу жолында талай қиындықтар басынан кешіреді. Автор бейнелеген Қамажай - жеке басының қамы емес, бауырларын көбірек ойлайтын, жар сүю мен махаббат сезімін аналық сезімге құрбан еткен, соларды жеткізу жолына мүлде берілген, адамгершілік парасаты биік, қоғам алдындағы азаматтық борышын ақтаған замандастарымыздың жанды бейнесі.
Пьесадағы екінші қыз — Нәзиләның бейнесі де сәтті өрнектелген. Ол —еркелеу, тілі удай, бір адамға жетер мінезі бар, өмірге өзіндік түйсік-түсінігі қалыптасып қалған студент жас. Оның әпкесіне болысуы, кейде «мамуля» деп еркелеуі, Темірді ызыландыруы, Омардың қызға икемсіздігіне ренжуі, т.б. көріністердегі әрекеті нанымды шыққан.
Әпкесін көбірек «әбігерге» түсіріп, кейде уайымға салып жүретін— Темір. Темір — өмірдің күрделі мәселелерін көңілімен танып бағалай бермейтін, болмыс-бітімі жағынан еркін қалыптаспаған жан бейнесінде көрінеді. Әке-шешесіз кешкен тірліктің қыспағын арқалап, жұмыс істеп, үйге кіретін азды-көпті тиын-тебенді табатын да сол. Темір қанша бұлқан-талқан болып жатса да кек тұтпайтын, борышына адал, сөзіне берік, досын сүйіндіретін, дұшпанын күйіндіретін кесек қимылдың адамы. Оның сүйген қызы Кәмиләмен өтетін көріністерде автор көркемдік Темірдің бойындағы әлі де толысып жетіле қоймаған қырлары барлығын көрсетуді мақсат етеді. Кәмиланың бейнесі арқылы бүгінгі өмірдің байыбына бара бермейтін, өмірдің барлық құбылыстарына атүсті қарайтын, жастық менмендігі мен өзімшілдігі басым түсіп жататын замандас жастардың бейнесін беруді мақсат етеді. Кәмиланың жұбайлық өмірге даярлығы жоқтығы, жұбайлық міндет, ата-аналық міндет дегендер төңірегінде ойлана бермейтіндігі баласын алдырып тастайтын әрекеттері арқылы танылады. Пьесада Кәмиланың бейнесі аяқталмаған, толық жетіліп піспеген сияқтанады. Темірдің еңбек істеу үшін басқа жерге кетуімен Кәмиланың бейнесі де сахнадан жоғалады. Оның ендігі өмірінде қай бағытты тандағаны шығармада танылмайды.
Өзінің болмыс-бітімімен ерекше шыққан кейіпкердің бірі — Омар. Омар үй-ішіндегі дау-шарына араласпай үнемі өзінің ғылыми жұмысын әлемінде жүреді. Оның ойы да, идеясы да бүгінгі әлеуметтік мәселелерден жоғары. Ол өзінің ғылыми идеясына біржола берілген, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, уақытын зая жібермейтін, кісіге жаманшылығы жоқ, ойланбай қимылға бармайтын, артық сөйлемейтін, өзімен-өзі жүрген тұйықтау жан.
«Әпке» — бүгінгі жас замандастарымыздың өмірін суреттейтін, жақындар арасында сырт көзге шалына бермейтін нәзік қарым-қатынас, бір-бірімен сыйластық, отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық борыш мәселелерін мезгілінде көтерген шығарма. «Әпке» драмасы арқылы оқушыларға адамдар арасындағы күрделі психологиялық мәселені, туысқандық қарым-қатынасты танытып, адамдық, отбасылық борыш, жеке бас мүддесі, өмірдің мәні сияқты күрделі мәселерді сөз етуге, проблема етіп көтеруге болады.
Драма негізінен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім бес№№ суреттен құралған.
Ең әуелі Қамажайдың ана орнына ана болып сіңілелері мен інілерінің қамқорлығын өз мойнына алып, үлкен міндетті атқаруға бел буғандығы байқалса, сонымен қатар Қамажайдың салмақтылығы, аңқаулығы байқалады. Інілерін оқытып, есейтіп адам қатарына қосуға бел буған мейірімді жан екені, Нәзиләның құрбысы Гауһар мен Темірбектің ең жақсы досы Сұлтан оның жанындағы екі құрбы қызы Сұлухан мен Кәмиләлардың (кейіннен Темірдің әйелі) осы үйге қонаққа келіп, сол сәттерде біраз мәдениетсіздік танытқан Кәмиләні көрсе де інісі үшін бәріне көз жұмып, тек қана қонақжайлылық танытқаны суреттеледі.
Драманы сынып оқушылары үйде оқып келеді. Сыныптағы сабақ мұғалімнің кіріспе әңгімесі мен кіріспе сұрақтарымен басталады. Мұндағы мақсат оқушылардың драмалық шығарманың өнердің бір түрі ретінде ерте туып қалыптасқандығы туралы ұғым-түсініктерін қалыптастыру. Қазақ драматургиясының тууы мен қалыптасуы туралы қысқаша түсінік беру. Д.Исабековтің драматургия саласындағы ізденістері туралы қысқаша түсінік бере отырып, драмалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін танытатын кіріспе сұрақтар қойылады:



  1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша осыған дейін оқыған шығармалардан бүгінгі оқып отырған шығарманың қандай айырмашалағын байқадыңдар?

  2. Сахна, акт, сурет, шымылдық деген ұғымдарды қалай түсіндіңдер?

  3. Ремарка деген ұғым нені білдіреді?

  4. “Әпке” драмасына қатысушы кейіпкерлерді атап көріңдер.

Сыныптық сабақта оқиға желісін еске түсіріп, шығырманың сюжеттік композициялық құрылымын тұтас елестету үшін төмендегідей талдау сұрақтары беріледі:

  1. Пьесаның оқиға желісі қандай кейіпкерлердің арасында өрбиді?

  2. Шығармада барлық оқиғаның негізгі желісі кімнің төңірегіне топтастырылған?

  3. Шығармаға қатысушы ағайындылар кімдер?

  4. Оқиғадағы сөжеттік элементтерді саралап, сюжеттік композициялық жоспар құрайық.

  5. Шығармаға қатысушы 5 қыз бір бөлек, бес жігіт бір бөлек топ құрып, өз топтарыңа атау, төсбелгі сайлаңдар.

  6. Әр топ өзі қатысатын оқиғаны сюжеттік желіге түсіріп

көріңдер (мәтінмен жұмыс).

  1. Әр кейіпкер драмада өзі қарам-қатынас пен пікір таласқа түсетін келесі топтағы кейіпкерге мініздеме берсін. Шығарманың сол тұсын диалог түрінде оқып сахналап көрсін.

Оқушылар әр кейіпкерге қысқаша мінездеме жасайды. Мәселен Қамажайға жасалған мінездеме:


мейірбан кішіге қамқор өз міндетіне жауапты

Қамажай




ақкөңіл адал



қонақжай ұстамды аңғал


Н ә з и л а: Әпке деймін, ательеге маркизет түсіпті. Гауһарда адын-аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едім. Жете алмадық. Жете алмағанымыз да дұрыс болды. әйтпесе, кейін қайдан тауып берер едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет