Курсты оқытудың



Дата22.08.2017
өлшемі91,15 Kb.
#24430
Түсінік хат
      «Абайтану» курсының бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42 - тармақтарына сәйкес әзірленді.

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
. Курсты оқытудың
мақсаты:
      1) ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
  Курсты оқытудың
міндеттері:
      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру.
      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;
     
Пәнді оқытуға аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат бөлінген.

"Абайтану" курсының күнтізбелік жоспары



11-сынып. (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)



Тақырыптар

Сағат

саны

Өткізу күні

Ескерту

І тоқсан-9 сағат

1.

«Абайтану» курсы туралы түсінік

1







2.

Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы.

1







3.

Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы

1







4.

Он бесінші және отыз бірінші қарасөздері.

1







5.

«Осы мен өзім – қазақпын» тоғызыншы қарасөзі.

1







6.

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

1







7.

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» , «Бөтен елде бар болса» өлеңдері

1







8.

«Сегіз аяқ» өлеңі

1







9.

«Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңі

1







ІІ тоқсан-7сағат

1.

«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі

1







2.

Жиырма екінші қарасөзіндегі ақынның қалыптасқан қоғамдық, саяси жүйеге сыни көзқарасы.

1







3.

«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері.

1







4.

«Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңі

1







5.

«Менсінбеуші ем наданды» өлеңіндегі надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері.

1







6.

«Бойы бұлғаң» сатирасында заман, тұрмыстағы зиянды дерттерді өткір тілмен сынауы. Қырық бірінші қарасөзі.

1







7.

Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы.

1







ІІІ тоқсан-10 сағат

1.

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңдері.

1







2.

«Сен мені не етесің», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері

1







3..

«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Қызарып, сұрланып» өлеңдері.

1







4.

Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары

1







5.

Жүсіп Баласағұнның «Жәуанмәртлік», Йасауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер

1







6.

Абайдың толық адам туралы ойы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алатындығы

1







7.

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы

1







8.

Жетінші, отыз сегізінші. Қырық үшінші қарасөздері.

1







9.

Абайдың қазақ қауымының рухани жағынан іштей тазарып, ұстанар жолының сенімді бағыт-бағдарын көрсету

1







10.

Ақынның ішкі нанымы, адамшылық жолындағы үгіт пен мораль философиясы жайлы танымы, Алланы сүю, адамзатты сүю, хақ жолын сүю «Иманигүл» философиясының негізі болатындығы туралы.

1







ІҮ тоқсан- 8 сағат

1.

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының абайтанудағы орны

1







2.

Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы.

1







3.

Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы

1







4.

Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі, әлеуметтік белсенділігі

1







5.

Абайдың ақындық дәстүрі туралы түрлі тұжырымдар мен байыптаулар

1







6.

Абайдың талантты ақын шәкірттері

1







7.

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар

1







8.

Қорытынды сабақ

1










БАРЛЫҒЫ

34 сағат







Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет