Л. Г. Матвеенкова Е. Н. Ивлева, А. К. Мубаракова



бет9/11
Дата26.08.2017
өлшемі17,71 Mb.
#29326
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Н.К. Цой,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Өнеркәсіптік экология және химия

кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к

mail: zoinat@mail.ru



ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі.

Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру қажеттігі білім беру мекемелерінің соның ішінде орта мектептің алдында тұрған педагогикалық проблемалардың бірі. Еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді [1,56 б.]. Тәрбие –қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады [1, 72 б.]. Оқушылардың саналы тәртібі мен байыпты мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.

Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол жас ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең , білімі сапалы, адамгершілігі мол, бойын «зиянды әдеттерден» аулақ ұстайтын, саналы ұрпақтарымызды тәрбиелеу.

Оқулықтағы оқу материалын толықтырып, алған білімінің нәтижесінде оқушыларымыз өздерін-өзі бақылай, тежей алатындай, оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыруда гумандық көзқарас қалыптасатындай халге жеткізу керек.

Лұқман Хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол: «Байлықта, даңқта адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», - деген екен.

Қалай болғанда да ел, ұлт қамы үшін әр адамның саулығын жақсартуға, салауатты өмір орнатуға бәрімізде атсалысуымыз керек.

Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуге әбден байланысты.

Орыс ғалымы И.П. Павлов «Адам-жер шары табиғатының ең жоғарғы жемісі. Адам – аса күрделі және өте нәзік жүйе. Бірақ табиғат қазынасын пайдалану және осы қазыналардан лаззат алу үшін адамның дені сау, күшті және саналы болуы керек» - деген.

Зиянды әдеттерге алкоголь ішімдіктеріне үйір болу, темекі тарту, есірткілерді қолдану жатады.

Біздің әрқайсысымызда зиянды әдеттер бар, кейде оларды байқамаймыз. Біреулері тырнағын тістелегенді, ал біреулері шашын саусағына орағанды жақсы көреді, бірақ басқа да темекі шегу, есірткеге үйір болу, алкоголизм, ойынқұмарлық, бейпілауыздық сияқты анағұрлым айтарлықтай зиянды әдеттер бар. Айтарлықтай құмарлықтан құтылу, егер адам осыған тәуелді болса, соншалық күрделі, бірақ құтылуға болады. ең бастысы – құтылғысы келу. Зиянды әдеттердің басты кемшілігі өзіне ғана емес, сондай-ақ басқа адамдарға зиян келтіру. Әдеттердің көпшілігінің біздің түсінігіміз бойынша «жаман» деген эпитеті болады. «Үйреніп кету» деген ұғымның өзі психологияда жағымсыз үйрену ретінде түсіндіріледі, оның әсері стимулға реакцияның жоқтығымен түсіндіріледі. Осы түсініктерді толығырақ талқылауға тырысамыз. Алдымен ересектердің әдеттерін аламыз.



Шылым шегу – ең кең таралған зиянды әдеттердің бірі. Дамыған елдерде шылым 20 % астам мезгілсіз өлімдердің болу себебі.

Қазіргі таңда дамыған елдерде шылым шегудің салдарынан өлген еркектердің саны бірқалыпты деңгейде тұрады немесе төмендейді, ал шылым шегу тәуелсіздіктің және қазіргі заманға сай болудың символы болған әйелдер арасында өлім осының салдарынан өсуде. Болжам бойынша алдағы онжылдықта АҚШ пен Англияда шылым шегуден әйелдер арасында өлім еркектерге қарағанда көп болады. Мұндай тенденция Канадада байқалады. Зерттеулер, едәуір қамтамасыз етілген әлеуметтік топтар арасында шылым шегуден өлгендердің саны көп екенін көрсетті. Шылым шегумен қауіп-қатердің бірде-бір факторы салыстыруға келмейді. Статистикалық деректердің негізінде құрастырылған болжам 18 жастағы 100 мың жас балалардың ішінде 35 мыңы 70 жасқа дейін өмір сүрмейтінін, 300 өлтірілетінін, 600 өздеріне өзі қол жұмсап өлтіретінін, 750 СПИД-тың құрбаны болатынын, 770 автокөлік астына түсіп өлетінін, 2200 маскүнемдік әкетеді, 12 мыңның өлімінде шылым кінәлі болады [2, 48 б.].

Қазақстан Ұлттық Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Орталығының деректері бойынша Қазақстанда 20-59 жастағы шылым шегетін еркектердің саны 60 %, ал 12-15 жас жасөспірімдер арасында - 30 % астам, оның үстіне басым бөлігі - қыздар.

Зерттеулер, сондай-ақ, шылым шегетіндердің 60-70 проценті жаман әдеттен құтылуды тілейтінін көрсетеді, бірақ көп жылдық сынау көрсететіндей, бұны жасау оңай емес. Сондықтан, әрбір жас адам, шылымды ақымақтықтан ішке тартқан адам, екінші рет тартады, содан кейін үшінші рет және қалған өмірінде құмарпаз «темекі тартқышқа» айналатынын ұғынғаны дұрыс.

Қазіргі таңда шылым түтінінде бестен астам улы заттар анықталған. Әсіресе жүйке жүйесін құртатын никотин және дегтео тәрізді заттар (фильтрлерде көрінетін) қауіпті болып табылады. Оның құрамында қорғасын, висмут, калий, полоний, радон изотоптары элементтерінің болуымен қатерлі ісікке әкеледі. Айтпақшы, шылым тартатындарда несеп қуығының қатерлі ісігі пайда болады, себебі олардың несебінде жоғарыда аталғандардың басым бөлігі бар. Бір күннің ішінде құмарпаз шылым шегуші радиоактивті сәулелену мөлшерін алады, ал ол 7 есе ықтимал шекті мөлшерге артады.

Медициналық статистика деректері бойынша, әлемде шылымнан жыл сайын екі жарым миллион адам өледі. Темекі тартатын адамның жасы орташа 10-12 жылға қысқарады. Шылым шегуден жиі өкпе, жүрек, асқазан, бүйрек зақымданады. Егер адам 15 жасында шылым шеге бастаса, онда қатерлі ісікпен ауыру қаупі 15 есе, 25 жаста 3 есе артады, ал шылым шегу өтілін үш есе көбейту қатерлі ісікпен ауыру қаупін 100 есе көбейтеді. Жүрек тамырлары ауруларынан өліп қалу қаупі темекі тартатындарда тартпайтындарға қарағанда екі есе. Темекі тарту әйел организміне және болашақ ұрпаққа өте зиян, бала анасының құрсағында бола тұра зақымданады. Шылым шегетін әйелдер тез қартаяды, олар бет реңін жоғалтады, тері күңгірттеніп, саршыл-сұр колоритке ие болады, дауыстары жуандай бастайды, оларда кеуде қысымы жиі болады, үнемі азартты жөтел, қақырық пайда болады және нәтижесінде созылмалы бронхит және өкпе эмфемизмі дамуы мүмкін. Айтпақшы, бұл сырқаттар әрбір шылым шегушіге тән. Сонымен қатар, шылым шегетіндердің шашынан үнемі темекінің иісі шығып тұрады, олардың «тістері сарғайып кеткен», саусақтарында сары дақтар бар, аузынан шылымның иісі шығып тұрады, терілері ақшыл немесе қоңыр түсті дақтарымен құрғақ болады. Мұндай іздер адамның ішкі органдарында (өкпе, кеңірдек тамыры, жүрек және т.б.) да байқалады.

Шылым шегетіндерде мерзімнен бұрын әжімдер пайда бола бастайды. Көбісінде никотиннің әсерінен көру қабілеті төмендейді (темекі соқырлығы). Айтпақшы, тіпті темекі тартатын ер адамға шылым шегетін әйелдің иісі жағымсыз екені белгілі. Темекі тартпайтындар туралы не айтуға болады, ал олардың саны, қуанышқа орай, артуда.

Шылым шегетіндерде жиі созылмалы бронхит, туберкулез және басқа да өкпе аурулары пайда болады. Шылым шегу атеросклероздың, инфаркттың және инсульттің дамуы мен онкологиялық аурулардың (ең бастысы өкпенің) қаупінің негізгі факторларының бірі болып табылады: темекі тартатындардың тамырлары 10-15 жылға ерте тозады, терінің қартаюы 20 жылға ерте басталады, ал өмірлері 10-15 жылға қысқарады.

Ата-аналардың шылым шегуі баланың денсаулығына әсер етеді, туа біткен дене кемістігіне, генетикалық ауруларға және балалардың қатерлі ісіктеріне, соның ішінде лейкемияға – қан ауруына әкеледі.

Өзіңе немесе жақын адамыңа никотин тәуелділігі кезінде қалай көмектесуге болады:

- көз алдынан шылымды еске түсіретін заттардың барлығын алып тастау керек. Үйде және жұмыс орнында шылымға, оттыққа, күл сауытқа орын болмауы керек;

- шылымнан бас тартатын нақты күнді белгілеу керек;

- өзіне бір күнге ғана мақсат қою керек. Шылымды бір жолға тастаймын деп серт етпеу;

- назарды басқаға аудара білуге үйрену. Қатты шылым шеккісі келгенде тез тұрып басқа бір істерді жасай бастау керек;

- досыңды немесе отбасының бір мүшесін сізбен бірге шылым шегуді тастауға үгіттеу керек.

Шылым шегуге ұмтылысты азайту үшін бірінші жарты жылда құрамында никотин бар препараттарды, мысалы, «Никоретто», «Коррида +R», «Табакул» сағыздарын немесе осыларға ұқсас заттарды қолдану керек.

Сонымен қатар, құрамында никотимед бар азық-түліктерді, мысалы, баклажан, қартоп, гүлді капустаны пайдалану ұсынылады. 1 мкг никотимед 240 г қызыл қызанақта, 140 г қартопта, 10 г баклажанда бар. 1 кг гүлді капустаның құрамында 4 бастап 16 мкг дейін никотимед бар.

Егер сіз шылым шегуді жалғастыра берсеңіз, онда тамақтану рационына С витамині бар азық-түліктерді: орамжапырақты, көк шөпті, томатты, тәтті бұрышты, қара қарақатты, ақжелекті, бүлдіргенді, лимонды және т.б. қосу қажет, себебі бір тартылған темекі витаминнің тәуліктік нормасының жартысына дейінгі мөлшерін «тартып алады».



Қазақстанда 2009 ж. 9 қазанынан бастап қоғамдық жерлерде шылым шегуге, ішімдікті 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға және қолдануға тыйым салу туралы Заң енгізілді. Заңға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, мұражайларда, қоғамдық тамақтану орындарында, кинотеатрларда, көрме және спорт залдарында, бұқаралық демалу орындары бар басқа да жабық ғимараттарда, соның ішінде түнгі клубтар мен дискотекаларда шылым шегуге тыйым салынған. Сонымен қатар, үйдің кіре берісінде және жұмыс орны болып табылатын бөлмелерде шылым шегуге болмайды. Әуежайлар мен вокзалдар ғимараттарында арнайы белгіленген орындарда ғана шегуге болады. Сондай-ақ, Заң 18 жасқа толмаған жастарға шылым бұйымдарын сатуға тыйым салуды да алдын ала қарастырған. Шылым бұйымының сипаттамасы туралы жалған ақпарат үшін жауапқа тарту енгізілген.

Нашақорлық – организм қызметінің бұзылуына әкелетін есірткілерге еңсерілмейтін құмарлықпен сипатталатын ауру.

Жастарды есірткіге үйрету ХХІ ғасырдың өзекті және ауыр шешілетін мәселесі болып табылады. 2000 жылы әлемде шығарылған апиынның жалпы көлемі 6600 тоннаны құрады. «Алтын жарты ай» елдері - Ауғанстан, Пәкістан, Иран – жер бетінде апиынды көкнәрдың ең ірі ошақтары. Егер 1988 жылы Ауғанстанда 2100 тонна шығарылса, онда 1998 жылы 2000-4600 тонна болды. Интерпол деректері бойынша, осы есірткілердің 65 % астамы Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан транзитпен тасымалданады. Есірткі заттарының белгілі бір бөлігі осы елдердің ішінде қолдану үшін қалады.

Трафик жолында Қазақстан да тұр. Біздің елімізде нашақор балаларды есепке алу жиі жүргізіледі. Мамандар нашақорлардың саны туралы кез келген ақпаратты нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін 10-ға көбейту керек деп белгілейді. Бұл - XXI ғасырдың нағыз жұқпалы дерті.

БДҰ деректері бойынша, әлемде 500 миллионнан астам адам есірткі қолданады. Қазақстанда ҚР ӘМ нашақорлыққа және нашақорлық бизнесіне қарсы күресу бойынша Комитетінің бастамасымен ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің Республикалық нашақорлықтың медицина-әлеуметтік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу орталығының сарапшыларымен жүргізілген көп деңгейлі зерттеулерінің деректері бойынша 254 мыңға жуық адам есірткіге тәуелді. Әрбір оныншы қылмыс есірткіні пайдаланумен байланысты. Қарағанды облысы бойынша нашақорлық дертімен есепке алынғандардың саны 25 мыңға жуық, соның ішінде 5 мыңға жуығы – нашақорлықпен, 200 жуығы уланумен және 18 мыңға жуығы маскүнемдік дертіне шалдыққандар.

Нашақорлардың құрамында еркектер көп (85 %). Нашақорлық дертіне шалдыққан әйелдердің саны 4 мыңға жуық, соның ішінде 700 адам есірткі пайдаланады. Сонымен қатар, әйелдер арасында кейінгі жылдарда нашақорлық қарқынды дамып келе жатыр.

Толық көлемде седативті ұйқы дәрісін және басқа ынталандырғыштарды, кофеинді, галлюциногендерді және ұшқын ерітінділерді пайдаланатын аурулар анықталмайды.

Есірткі заттарын қолдануға еліктеушілік жасөспірімдердің және тіпті балалардың арасында жиі болады. Сонымен, жасөспірімдерден әлеуметтік сұрақ-жауап алу, жоғары мектеп оқушыларының 12 % есірткі қолданатынын, ал әрбір бесінші мектеп оқушысы ең болмағанда бір рет қолданып көргенін көрсетті.

Аймағымыздың негізгі мәселесі есірткіні іштей енгізумен байланысты ВИЧ-инфекцияларының өсуі.

Кейінгі жылдарда мемлекеттік емдеу-алдын алу мекемелеріне баратын тұлғалардың саны көбейді (жылына 800-ға адам жуық).

Облыстың Мемлекеттік нашақорлық қызметі келесі ірі нашақорлық диспансерлерімен ұсынылған: облыстық нашақорлық орталығы, облыстық балалар психоневрологиялық бірлестігі және қалалық наркодиспансерлер, олар Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында орналасқан. Сонымен қатар, күштеп емдеу үшін облыстың наркологиялық кабинеттермен және мекемелермен көмек көрсетіледі.

Нашақорлық – бұл қорқынышты зат. Ол өлтірілген жандармен және өлгендердің қанымен өтелген алтын, анасының құрсағында жарымжан болған және дүниеге келгеннен кейін шарасыз азап шегуге душар болған балалар. Миллиондаған әкелер мен аналардың, отбасылық жұптардың қайғы-қасыреті, құлдыраған отбасылар, талап етілмеген таланттар, берілген сезімдер, сынған тағдырлар. Шприц немесе таблетканы көргенде ғана жанатын мағынасыз көздер. Бұл жансызданған, сезімсіз және азғындық жандар, олардың тіршілік етуінің маңызы улы дәріні іздеуде. Бұл жанталаса қалшылдаған күйдегі «сүйек сарқырауы» - есірткілік аштықтың қиналған күйі, ми, жүрек, бауыр, барлық ішкі органдардың күрделі бұзылуы, инфекциялық және жұқпалы соз аурулары. Бұл СПИД, аурулардың ішіндегі ең қауіптісі, себебі ол басқа аурулардың алдында организмді қарусыздандырады. Бұл дене және жан қиналысын бір минуттік жеңілдету үшін жасалған ауыр қылмыстар, өзін-өзі өлтірудің жиі себебі.

Жақында ғана нашақорлық туралы хабар бізге басқа елдерден жеткен болатын. Енді ол бізге келді және эпидемия заңы бойынша таралуда, күннен күнге өзінің өлім қанатының астына қаншама жастардың жанын әкетуде.

Нашақорлық ежелгі грек сөзінен аударғанда «тоқтау», «әрекетсіздік», «керең болып қалу» дегенді білдіреді. Есірткілер жанға батарлық жаман аурумен (рак және т.б.) ауыратындарға дәрі ретінде ауырғанын басу үшін арналған. Бірақ, есірткілердің әсері зұлым: организм оларға тез үйренеді және жаңа мөлшерін талап етеді. Сонымен қатар, адам оларға тәуелді бола бастайды, бұл құмардан құтыла алмайды. Есірткіге үйренген организм қабылдауды қайталауды қатты қажет етеді, адам неше түрлі әрекетке барады - өтірік айтуға, ұрлыққа және тіпті адам өлтіруге дейін, бар болғаны есірткіге қол жеткізу. Есірткі, мейірімсіз жендет, жанға қонған шайтан сияқты, «Тона, өлтір, кезекті мөлшерін тап, оны қабылда, әйтпесе мен сені қорқынышты азапқа саламын» деп талап етеді. Нашақор укол жасаған немесе таблетка қабылдаған кезде, ол жеңілденген күйге бөленеді, бірақ осы қысқа уақыт жеңілдену ішінде «сүйек сарқырауы» пайда болады. Міне, нашақорды былай сипаттайды: «Кеуіп қалған адам аурухананың торланған терезелері бар бөлмесінің бірінде төсекте сенделіп жатыр. Оның денесі конвульсияда соқты және құрыса бастады, ірі тер тамшыларымен жабылды. Кейде азапты, қалшылдаған құсық құсу белгілері берілді. Науқас жылап, балағаттап, жалынды, жабайы дауыспен айқайлады: «Құтқарыңдар! Өліп барамын! Дәрігер укол! Қарғыс атсын! Құрт, ақ құрттар мені жеп барады! Құрттарды алып кетіңдер»!

Бұл нашақор. Сіз оның орнында болғыңыз келеді ме?

Есірткілерге және оны қолдануға қатысты бірнеше мифтер бар.

Бірінші миф: байқап көр — бәрі байқап көреді. Бұл олай емес, жасөспірімдердің 80 % ешқашан есірткінің дәмін татып көрген емес.

Екінші миф: байқап көрсейші, зиянды салдары болмайды. Бұл өтірік. Кейбір есірткілерге тәуелділік 1-2 рет қалыптасады. Сонымен қатар, жеке ерекшеліктермен байланысты алғашқы дәрі жіберу кезінде өлімнің пайда болуы мүмкін.

Үшінші миф: байқап көр, егер ұнамаса – қабылдауды тоқтатасың. Жоқ, есірткілерді қолдану кезінде адам бойындағы еріктілік зардап шегеді және тіпті дәрігерлердің көмегімен нашақорлық тәуелділіктен емделу өте қиын.

Төртінші миф: «зиянсыз» есірткілер бар. Ондай мүлдем жоқ. Есірткілердің барлық түрлері организм үшін улы.

Есірткілерді пайдалануға ғана емес, өзіңмен бірге ұстап жүруге де болмайды, өйткені біздің республикада есірткінің шамалы мөлшерін сақтау заңмен жазаланады.

Ақ бұлттан, есірткілерден сақтаныңыздар! Ешқандай сөзге ілеспей, әуестенбей, батылдық үшін де, жолдастық үшін, жалғыз, топта оларды қабылдамаңыздар, иіскемеңіздер, оған тақалмаңыздар! 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күресу күні.

Кейбір ақымақ ер балалар өздерін тұрмыстық химия уларымен уландыруға әуестеніп алған. Айналадағылар оларды ойнап «иіскегіштер» деп атайды, өйткені олар жиһаз ысып жылтырататын, жәндіктерді улайтын

заттарды қабылдайды және иіскейді. Бұл кішкентай токсикомандар – уға құмар адамдар. Улағыш заттар – улы деген сөз. Егер көріп қалсаңыздар, балалардың қолынан жұлып алып, олардың өзін ата-аналарына апарыңыздар. Сонымен сіздер олардың өмірін құтқарасыздар, себебі улардың улағыш әсерімен адам құлдырай бастайды және қысқа өмірінің аяғына дейін қатты емделмейтін ауруларға шалдыға береді.

Наркологиялық орталықтардың дәрігерлеріне үлкен ағыммен маскүнемдікпен және нашақорлықпен ауыратын адамдар барады. Олар бұл «дерттен» құтылу үшін көмек сұрайды, бірақ, өкінішке орай, медицина үнемі нашақорлық пен маскүнемдіктен науқастарды емдеуге қабілетті емес.



«Темекі тарт – сені сонда ит қаппайды, өйткені сенен жаман иіс шығып тұр. Темекі тарт – сонда сені тонамайды, өйткені сен ұрыларды жөтелмен шошытасың. Темекі тарт – сонда саған қарттық қорқынышты емес, өйткені сен жас өлесің» (араб мақалы).
Әдебиеттер тізімі
1. Смирнов А. Т., Мишин Б. И., Васнев В. А. Основы безопасности жизнедеятельности. - М.: Просвещение, 2004. - 160 с.

2. Соковня-Семенова И. И. Основы здорового образа жизни и первая медицинская помощь. – М.: Изд.центр «Академия», 2000. – 208 с.



3. Андреева Г.А. Влияние алкоголя на организм подростка: Методическое пособие для педагогов. – Петропавловск, 2009. – 14 с.



С. Арқалықова

«Сау Ұрпақ» АҚ жаттықтырушы-волонтері



АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ БОЛДЫРМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Үлкендердің көпшілігіне 14 жастан бастап, 25 жасқа дейінгі жастардың арасынан ерте жастан бастап жыныстық қарым-қатынастың жиі кездесетіні, неке қиюға дейінгі жыныстық қатынастарды бастап, бір адамға ғана адал болып, қорғаныс ретінде презерватив қолданбайтындары түсініксіз жағдай болып табылады. Жастар кейбір кезде есірткіні, сонымен қатар, иньекцияны татып көруге талпынады. Мұның барлығы жастардың жыныстық қатынастарға түсіп, иньекциялық есірткілерді қолданбастан бұрын, алдын алу бағдарламаларын жүзеге асырудың аса зор маңыздылығын көрсетеді, себебі, олардың көп бөлігі АИТВ салдарының қауіп-қатерін де білмейді.

«Білім» өздігінен «іс-әрекетті» білдіре бермейді. Жастардың көпшілігі өздерінің білімдерін, қауіп-қатер мен мінез-құлқын түйсінуді өзара байланыстыра алмайды. Көптеген жастардың әлсіздікке шалдықтыратын жағдайлары мәселені тек жартылай анықтайды. Бірдей дәрежеде жастарға қауіпсіз әрекетке көшуге, яғни, кәмелет жасына толмаған жастарға қарсы тұру стратегиясын дамытуға, өзін-өзі оң көзқараспен бағалауды жетілдіру мен қауіп-қатерлі іс-әрекеттің пайда болу мүмкіндігін төмендететін әлеуметтік қолдау жүйесін құруға көмек көрсете алатынын түсіну маңызды.

Алдын алу әрекеттерінің міндеттері – адамды АИТВ және ЖЖБИ жұқпалы ауруларынан арылтуға мүмкіндік туғызатын іс-әрекетке баулуға, яғни адамдарды ұзақ мерзімге іс-әрекетін қауіпсіз ете отырып, өзгертуге ықпал жасауға көмектесу болып табылады.

АИТВ және ЖИТС жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасында 2010 жылдың 1 қазанында 15 318 АИТВ-ға шалдыққандар, 1178 ЖИТС-ты жұқтырғандар саны тіркелді.

АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?

АИТВ – ЖИТС ауруын тудыратын адамның иммундық тапшылық вирусы.

АИТВ – қарапайым микроскоп арқылы көрінбейтін ең ұсақ вирус, оның бір микроскоптың көмегімен көру мүмкін емес. АИТВ-инфенің бірнеше сатысы болады.

Вирустың адам ағзасына енуі (АИТВ) жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйенің бұзылуына және әлсіреуіне әкеп соғады. АИТВ жұқпалы ауруына шалдығу үшін 3 жағдайдың болуы жеткілікті:

- вирустың өзінің болуы,

- жұқпалы ауруға шалдығу үшін АИТВ жеткілікті мөлшері

- АИТВ қанға сіңуі қажет

Ағзаның иммундық жүйесінің адамның иммундық тапшылық вирусын жұқтыруының нәтижесінде, оппортунистік деп аталатын және ЖИТС ауруын тудыратын инфекциялар тарайды.

ЖИТС – жұқпалы иммундық тапшылық синдромы.

СИНДРОМ – белгілі бір ауру мен жағдайдың болуын көрсететін белгілер мен нышандар қатары;

ЖҰҚПАЛЫ – туа біткен емес, адамнан адамға, соның ішінде, анадан балаға жұқтырылатын;

ИММУНДЫҚ – адамның ауру жұқтыратын микроорганизмдерден қорғауды қамтамасыз ететін иммундық жүйесіне қатысты;

ТАПШЫЛЫҒЫ – иммундық жүйенің ауру жұқтыратын микроорганизмдерге қарсы жауап бере алмауы;



Дүниежүзілік денсаулық сақтау (ДДС) терминологиясына сәйкес, ЖИТС – ағзаның инфекциялар мен қатерлі ісіктермен күрес жүргізуге кедергі келтіретін жұқпалы ауру. ЖИТС ауруынан қаза болғандарға осы АИТВ өзін емес, осы инфекцияларды жатқызады. Сонымен қатар, ЖИТС нәтижесінде жиі психикалық және неврологиялық ауруларды тудыратын орталық нерв жүйесі зақымданады.


АИТВ – ерекше вирус, себебі, адам көп жылдар бойы жұқпалы ауруға шалдыққанмен, дені сау болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, вирус ағзаның ішкі жағында ағзаның иммундық (қорғаныс) жүйесінің бір бөлігі болып табылатын қанның жасушаларын бұза отырып, біртіндеп өрши бастайды. Егер адам жұқпалы ауруға шалдықса, онда ЖИТС тез таралмайды. Вирус адам ағзасында аурудың қандай да болмасын белгілері білінбегенше, он жыл және одан да көп жылдар бойы болуы мүмкін.

АИТВ – індет ұзақ уақыт (2 жылдан 15 жылға дейін) бойы ешбір белгілерсіз тарайды (1-сурет). Ағзада АИТВ-инфекциясының таралуын келесі сұлба бойынша анықтауға болады:

1. Жыныстық жолмен:

• Ешқандай қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсу. Қажалу кезінде шырышты қабық пен теріде әрқашанда пайда болатын микрозақымдануларға қанның, сперма және қынап сұйықтықтарының түсуі мүмкін;

• ЖЖТИ – жыныстық жолдар арқылы таралатын инфекциялармен қоздырылған жыныстық мүшелерінің қабыну аурулары (мерез, соз ауруы, генетикалық герпес, трихомониаз және т.б.) АИТВ таралуының зор мүмкіндігін тудырады.

2. Адамда қаншалықты сексуалды жұбы көп болса, соншалықты АИТВ таратушысын анықтау қиынға соғады. Дегенмен, АИТВ жұқтыру үшін тек бір рет вирус таратушымен жыныстық қатынасқа түсу (еш қорғанусыз) жеткілікті.

3. Қан арқылы (ағзаға инфекция жұқтырылған қан арқылы):

• Қазақстанда АИТВ таралуының жетекші факторы ретінде есірткіні ине арқылы пайдалану жатады. АИТВ қанға ортақ ине арқылы есірткіні жіберу кезінде таралады: біреудің шприцы мен инесі арқылы, сонымен қатар, басқа біреудің қолданған инесі арқылы (есірткі дайындау ерітінділеріне арналған ыдыс).

• Егер АИТВ жұқтырылған бір адамнан кейін екінші адам оның қолданған инесі арқылы есірткіні пайдаланса, онда АИТВ таралу қаупі аса жоғары. АИТВ сыртқы ортада тұрақсыз болады, алайда, ұзақ уақыт бойы шприцтің ішінде, сұйық қанда сақталады. Ине мен басқа да иньекциялық қажеттіліктердегі қанның қалдықтарының көрінуі міндетті емес. Ал инені сумен шаю АИТВ жұқтырылған қаннан әдетте толық тазартпайды. Сондықтан да, егер жұқтырылған АИТВ инеде қалып қойып, келесі адам сол инені пайдаланса, АИТВ өзінің қан тамырларына жібереді. Бірнеше адамның жұқтырылған қаны бар инені пайдаланған жағдайда, олардың әрқайсысына инфекция жұқтыру қаупі төнеді;

• АИТВ жұқтырылған донорлардан қан құю, мүшелер мен оның жасушаларын ауыстыру кезінде АИТВ жұқтыруға болады;

• Қандай да бір медициналық қолданыстағы стерильденбеген, өңделмеген құралдарды және медициналық емес тағайындалудағы, құлақ тесу, татуировка, пирсинг жасау кезінде жұқтырылады.

Қан тапсыру арқылы АИТВ жұқтырылмайды, алайда, жұқтырылған донорлық қан алғанда АИТВ жұғады.

АИТВ жұқтырған анадан балаға берілу («тікелей» жолмен):

• жүктілік кезінде

• босану кезінде

• емізген кезде

АИТВ жұқтырған әйел бала туғысы келген жағдайда, ол біліктілігі бар мамандардан АИТВ жұқтырған баланы туудың қаншалықты қауіпті екені жөнінде мәлімет алуы қажет.

АИТВ қандай жағдайда жұқтырылмайды?

АИТВ сыртқы ортада тұрақсыз және адам организмінен тыс жылдам жойылады, сондықтан да, ол ауа, топырақ, айналадағы заттар арқылы беріле алмайды. Адамдар күнделікті өмірдегі қарым-қатынаста АИТВ жұқтырудан үрейленеді. Алайда, олардың қорқыныштары орынсыз.

АИТВ мына жағдайларда жұқтырылмайды:

• достық қол алысу кезінде;

• сүйісу, құшақтасу кезінде;

• ортақ кітаптарды, қалам мен басқа да тұрмыстық заттарды қолдану кезінде;

• ортақ дәретхана, бассейнды қолдану кезінде, себебі, сілекей, зәр арқылы берілмейді;

• ортақ автокөлікті пайдалану кезінде;

• маса, кене, тарақандар мен басқа да жәндіктердің шағуы кезінде;

• жөтелу, түшкіру кезінде (ауа арқылы)

Жұқтыруға жеткіліксіз мөлшердегі құрамында АИТВ бар сұйықтықтар: сілекей, көз жасы, тер, зәр.

1. АИТВ білу үшін қай кезде тексерілуден өту қажет?

АИТВ-дан тексерілу – инфекцияны ағзаның жеткілікті мөлшерде антителоларды шығару кезінде тест-жүйенің оны анықтауы үшін жүргізу қажет. Яғни, «қауіпті» жағдайдан кейін немесе қорғанбаған жыныстық қатынастардан кейін шамамен 1-3 айдан соң тексерілу қажет.

Қауіп-қатер тудыратын белгілердің білінуі кезінде дәрігерлік тексерістен өту қажет.

• 1 ай бойы үнемі жөтел қысу;

• аз уақыттың ішінде 10% және одан да көп мөлшерде салмақ түсіру;

• 1 айдан артық уақытта температураның көтерілуі;

• 1 айдан артық іш өту.

2. АИТВ анықтау үшін тест жүргізу

АИТВ бейімді антиденелердің болуын анықтайтын тесттер бар. Оларды анықтау үшін ЖИТС алдын алу және күресу орталығына, немесе басқа да осындай тексерулерді өткізетін медициналық мекемелерге қан тапсыру қажет. Сараптама үшін тамырдан аз мөлшерде қан алынады. Сараптаманың қорытындысы әдетте келесі күні белгілі болады. Тексеріс емделушінің қалауынша анонимдік түрде жүргізілуі мүмкін.

Қазіргі таңда ИФА-ға жылдам тестілеуді жіберу мүмкіндіктері бар (жылдам тестілеудің қорытындысы 10-15 минутта шығарылады.)

Бүгінгі таңда аурудың бастапқы сатысында (алғашқы 2-3 апта) қазіргі заманғы диагностика әдістері қол жетімді іске айналды.

Осыған орай, сараптама вирустың өзін емес, сол вирусқа қатысты антиденелерді анықтайды, онда зерттеуді ағзаның жеткілікті мөлшерде антиденелерді шығарған кезде тест-жүйе нақты анықтау үшін жүргізу қажет. Антиденелерді өңдеу жұқтырудан кейін 3-4 аптадан соң жүзеге асады, бұл мерзім 3-6 айға дейін созылуы мүмкін. Вирустардың ағзада болуы кезінде, ал антиденелердің жеткілікті мөлшерде өңделмей, тест анықталмаған жағдайда жүйе деп «терезе кезеңі» аталады.

Егер тест теріс нәтиже беріп, АИТВ байланысты антиденелер табылса, онда адам АИТВ жұқтырғаны белгілі болады. Бірақ диагнозды қою үшін басқа да тәсілдермен тексерілу қажет.

Егер тест оң нәтиже беріп, АИТВ табылмаса, онда адам ауруды жұқтырмаған немесе жұқтырса да, ағза жеткілікті мөлшерде антиденелерді шығарып үлгермеген.

Тесттің оң нәтижесіне көз жеткізу үшін қайтадан тексеріс жүргізу қажет.

Күдік тудыратын нәтиже – алынған нәтижені нақты талдауға мүмкіншіліктің болмауы. Бұл жағдайда зерттеуді бір айдан соң қайталау қажет.

3. Оппортунистік инфекциялар

Егер адам АИТВ жұқтырса, вирус ағзаны аурулардан қорғайтын иммундық жүйені бұза бастайды.

Зақымданбаған иммундық жүйе кезіндегі инфекциялар ағзаға зиянын келтірмей, алайда, иммундық тапшылық жағдайында ауру тудыртса, ол оппортунистік деп аталады.

Оппортунистік инфекциялар: туберкулез, қайталанатын өкпе қабынуы, кененің түсуі, Капоша саркомасы, таз аурулары және т.б.

АИТВ қорғану жолдары

• Ең тиімді тәсіл – анағұрлым ересек жасқа толмағанша, жыныстық қатынастардан бас тарту;

• Бір ғана жұқтырылмаған және сенімді адаммен жыныстық қатынаста болу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет;

• Презервативті үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал;

• Жауапты іс-әрекет [1].

ЖҚБИ (жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялар).

ДДҰ бағалауы бойынша жыл сайын дүниежүзінде 300 миллионнан астам ЖҚБИ жаңа оқиғалары тіркеледі. 111 миллионы – жасөспірімдер арасында кездеседі.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша ЖҚБИ-дан емделмегендер АИТВ инфекцияларын жұқтыру қаупін 5-10 есеге дейін арттырады. Оның неге байланысты екенін кейінірек қарастырамыз.

Жиі кездесетін инфекциялардың тізімі: мерез, В және С гепатиттері,

АИТВ (жыныстық қатынас және қан арқылы берілетін инфекциялар), соз ауруы, папиллом – жұқпалы ауру, трихомониаз, герпес, хламидиоз (тек қана жыныстық қатынастар арқылы берілетін инфекциялар). ЖҚБИ 20 астамы белгілі.

1. ЖҚБИ белгілері:

• Жыныстық жолдарынан шығатын ерекше көпірік іріңдер (сарғыш немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иісі болатын іріңді, шырышты-іріңді);

• Жыныстық мүшелердің сыртқы жақтарының қышуы, ісуі немесе ауыруы;

• Зәр шығару жолдарының бұзылуы (жиі, ауру тудыратын немесе күйдіру);

• Жыныстық мүшелерде жараның пайда болуы;

• Жыныстық мүшелерде көпірік тәрізді бөртпелердің болуы;

• Жыныстық мүшелерде артық заттың болуы (кондиломалар);

• Шап айналасындағы лимфа бездерінің ұлғаюы (дөңгелек немесе овал тәрізді);

• Жыныстық қатынас кезінде қан кету;

• Дене температурасының жоғарылауы.

Нәтижесінде, ЖҚБИ әр түрлі белгілері бойынша ұқсас келеді, алайда, әр түрлі тәсілмен емделеді. Сондықтан да, осы белгілердің біреуі анықталған жағдайда, дәрігерге қаралу қажет.

Белгілердің көбісі ЖҚБИ таралуы кезінде адам ағзасындағы өзгерістерге байланысты болады және бұл өзгерістер АИТВ жұқтыру қаупін арттырады. Олар:

• Мерез және герпес аурулары кезінде пайда болатын жаралар;



Басқа да ЖҚБИ кезіндегі шырышты қабықтардың ісіп қызару процесі.

2. ЖҚБИ зардаптары:

• Әйел мен еркектің бедеулігі;

• Қатерлі ісіктің туындауы;

• Белсіздік;

• Нерв жүйелерінің бұзылуы;

• АИТВ жұқтыру қаупі;

• «В», «С» гепатиттері кезінде бауыр циррозы пайда болады;

• Етеккір кезіндегі қан кетулер;

• ЖИТС кезінде аурулардан қаза болу

3. ЖҚБИ қорғанудың жолдары [2].

Қауіпсіз жыныстық қатынастар:

Ең тиімді тәсіл – анағұрлым ересек жасқа толмағанша жыныстық қатынастардан бас тарту.

(A – Abstinence – ұстамдылық)

Егер сіз жыныстық қатынаста белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз тәсіл – жалғыз ғана сенімді, жұқтырылмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу. Өткен өмірінде жыныстық қатынасқа түсер алдында қорғанбаса, оған тексерілуден өту қажет

(B – be faithful – сенімді бол)

Презервативті үнемі және дұрыс, яғни, әрбір жыныстық қатынасқа түсер алдында қолдану қажет, сонымен қатар, ережелерді сақтап, тек сенімді адаммен ғана жыныстық қатынасқа түсу абзал

(С – condom use –презервативті қолдан).

Есірткіні қолданбау. Егер адам есірткі қолданудан бас тартса, ЖҚБИ/АИТВ жұқтыру қаупін төмендетеді. Иньекцияларды енгізу үшін жаңа инелер немесе шприцтарды (қапталған қораптағы) пайдаланбаса, адамдарға АИТВ жұқтыру, «В», «С» гепатиті мен мерезді жұқтыру қаупі төнеді [3].
Әдебиеттер тізімі
1. Руководство по подготовке тренеров - волонтеров ОО «Сау Ұрпақ».- Караганда, 2009 г.

2. Медицинские консультации // http://www.rcaids.kz/ru/aids/page359/



3. Факты о ВИЧ // http://www.stopspid.ru/info/about_aids/




Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет