Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№3 орта мектебі» мм



бет6/60
Дата26.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#129846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
782cf7a434bf915abf79e4508bfe6537b64d59de
Та ырып Философия, оны п ні ж не функциялары. «Философия» п ні, Д ріс Ойлау м дениетіні алыптасуы ойлауды философиялы т рі
Математикалық жұмбақтар.

  1. Егіз қайың,

Бой – бастары тең өскен.

Іске дайын, Бұтақтары бес – бестен. Бұл не? (Қос қол)




  1. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп.

Бұл не? (П әрпі)


  1. Жоқ өзінде бас та, Қас та,

Мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. Бұл не? (Сызғыш)


  1. Алпыс төрт тең бөлмеде Отыз екі тұрғын бар:

Ақ, қара қып бөлгенде

Бірін – бірі қуғындар. Ханы үшін де, жаны үшін де Бермейді олар намысын. Бұл не? (Шахмат)




  1. Жиырма төрт батыр, Бірін – бірі жеп жатыр. Бұл не? (Дойбы)




  1. Екі аяқты бір ізді, Үстіне адам мінгізді. Бұл не? (Велосипед)

  2. Тышқаннан басқа батпаған, Бір шланг, төрт баған. Бұл не? (Піл)




  1. Мың найзалы жалғыз батыр Жауларына алғызбай жатыр. Бұл не? (Кірпі)



  1. Жүз төрт түйме, Он бір ине. Бұл не? (Есеп шот)




  1. Қатар жазып саусақты, Түйістір екі бармақты. Екі қолдың арасы, Қандай әріп қарашы? Бұл не? (М)



  1. Айқасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап. Бұл не? (Икс)



  1. Мұз айдында жеті бала.

Асыр сап жүр сырғанап.

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң жарадың! (Барлығы 9 бала)


  1. Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі?

Кәне, кім тез шешеді? (Қонбады 5 қаз)


  1. Жаңа ғана шалғында,

Алты бұзау жүр еді.

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып. (Жайылып жүр 5 бұзау)


  1. Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын.

Болады неше алма?

Бір алма атама,

Бір алма әжеме,

Бір алма апама,

Бір алма әкеме,

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады? (Барлығы 10, алады 4, қалады 6 алма.)




  1. Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналған – ды бес есек.

Үшеуі ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек?

(Ынталысы 2 есек)


  1. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (Қалғаны 6 үйрек)




  1. Алшаға кеп ,күнара

Қонушы еді бір ара.

Бүгін тоғыз туысын,

Ертіп келді бұл ара.

Сонда бүгін алшаға,

Келіп қонды қанша ара? (Қонды 10 ара)


  1. Біреуден қонса қарлығаш,

Жетпейді бір қарағай.

Жұппен қонса қарлығаш,

Артылар бір қарағай.

Қарлығаш пен қарағай,

Қанша айтшы балақай? (3 қарлығаш, 2 қарағай)


  1. Қанша қоян аулада

Сонша тауық аулада.

Аяқтары он екі,

Санап көрші кәнекей?

(2 қоян, 2 тауық)


  1. Үшеуі аз деп балапан,

Қосты тағы үш балапан.

Табыңдаршы ойланып,

Қанша болды балапан? (6 балапан)


  1. Ал балалар, балалар

Қағаз бенен қалам ал,

Екі ешкімнің мүйізі,

Кәне, кімдер табады?

Сонда қанша болады? (4 мүйіз)




  1. Мақан әкеп үш алма,

Аман әкеп үш алма,

Нұр, Бек, Сәтке тең бөлді.

Әркім алды неше алма? (Әрқайсысына 2 алма)


  1. Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің...

Нешеу болды кәне, бол,

Санап шығар кім бұрын? (Барлығы 6 болды)


  1. Тал басында,

Тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да,

Үзіліп,


Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның

Жұлынып,

Түсті тағы біреуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі? (8 жапырақ ілініп тұр)




  1. Ала шапан киініп,

Қарбыз жатыр үйіліп.

Қарбыздарды шетінен

Санап шықтым екіден,

Бесеу болды жұп саны,

Нешеу болды түп саны? (Барлығы 10 қарбыз)


  1. Мына алты ақ алма –

Нұрбибі мен Жанарға.

Үш сарысы - Анарға,

Қызыл алма – Манарға .

Қанша сонда бар алма? (10 алма)




  1. Он асықтың үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі?

Өз қолыңда қалады? (Қалады 7 асық)


  1. Су құйып ем астауға,

Үш қаз ұшты аспанға,

Үш қасқалдақ, бірқазан,

Екі үйрек, бір сазан,

Бір көксерке, бір қарға

Қосылды кеп бұларға.

Айт, неше құс ұшып жүр,

Неге екенін түсіндір. (Барлығы 10 құс, 3 қаз+3қасқалдақ+1қазан,+2үйрек+1қарға = 10 құс. Қалғандары балықтар)


  1. Портфелімде әуелі,

Он үш жаңғақ бар еді.

Науат пенен Сағатқа,

Самат пенен Маратқа,

Апасына Қанаттың,

Екі – екіден тараттым.

Қанша жаңғақ қалғанын

Айта қойшы, ал, жаным? (3 жаңғақ қалды)


  1. Бірім, бірім, бірім деп,

Үшеуі келеді біртіндеп.

Екім, екім, екім деп,

Үш жұп келеді екеулеп.

Қанша болады өзіңде?

Үлпілдеген балапан. (9 балапан болды)


  1. Бір – бірімен жарасқан,

Төрт аю, екі арыстан,

Екі қоян, бір түлкі.

Бәрі нешеу кім білді? (Барлығы 9 аң)


  1. Қос теректің басында, Қос – қос қарға қонып отыр. Қос жұп екен расында, Саны қанша болып тұр? (4 қарға)




  1. Ағай бізді жинады, Сегіз қолғап сыйлады. Қамқор болған ағамыз, Біздер қанша баламыз? (4 бала)




  1. Жайылып жүр сегіз лақ, Үшеуі оның егіз лақ. Есептеуге сен шебер. Бала болғың келсе егер, Сегіз лақтың енесін Тез есептеп бересің? (Енесі 5 ешкі)




  1. Себет іші толы алша, Ірі – ірі көп алша. Бірін бердім атама, Бірін бердім апама, Бірін бердім анама, Бірін бердім ағама, Бірін бердім Жанарға, Бірін бердім Маралға, Бірін бердім Ерланға, Бірін бердім Нұрланға. Сенсең менің сөзіме Алша көп қой десек те, Жетпей қалды өзіме. Бәрі қанша алша алды? Есептей қой ерінбей. (8 алша алды )




  1. Асан, Айша екеуі – Қос қуыршақ, екі құлыншақ, Екі ойыншық, бір күшік. Құстай ұшып, Үйден шықтық. Бәріміз біз нешеуміз? (Бәрі 9)




  1. Үстімдегі жейдеме Көз саламын кей – кейде. Түймелерге қараймын, Қайта – қайта санаймын: Бес түйме бар өңірде, Екі түйме жеңімде. Төс қалтаны түймелер Қос оған бір түймені. Жапсырылған қиықша – Екі пагон иықта Апам бұған жаңадан Екі түйме қадаған: Қанша болды түймелер, Жауабын тез кім берер? (10 түйме)




  1. Буынғаным - Бір белдік, Мұны, қане, Бір делік, Екі қолғап, Бір шалбар. Және үстімде бір тон бар. Барлық бала кимей ме: Екі шұлық, Бір жейде. Оған енді тосылмай, Екі етікті қосыңдар. Қанша болды киімім? (Киімі 10 болды)

  2. Әсел шұлық тоқып отыр, Ләйла сабақ оқып отыр, Сара сырмақ сырып отыр, Нұрлан өрмек құрып отыр, Бекен отын тасып жатыр, Дария қазан асып жатыр. Қуыршағын жуындырып, Ләззат отыр киіндіріп. Алданбайды Мұрат бірақ, Апасынан кәмпит сұрап. «Жоқ» десе де қоймай жатыр, Бірер талға тоймай жатыр. Қанша бала ойнап отыр? Қанша бала тоймай жатыр?

(7 бала ойнап отыр, 1 бала тоймай отыр)


  1. Біз үлкен жан ұя, Ең кішіміз Әлия. Қалғанымыз мыналар: Раушан, Болат, Дариға, Айтжан, Ержан, Даналар, Гүлжанымыз тағы бар, Қане, есептеп алыңдар. (Барлығы 8 бала)




  1. Терезеден қарадым, Тары жеген шүпірлеп, Тауықтарды санадым: Бір, екі, үш, төрт, бес... Кептер ұшып барады, Оларға да қарадым. Келсе дағы санағым, Үлгіре алмай қаламын: Алты, жеті, сегіз, тоғыз...

(Тауықтар 5, кептерлер 4)

Математикалық өлең есептер.

  1. «Кім қаншада?»

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.



(2+7=9 – Сәулеттің жасы, 9 – 3 = 6 – Сағаттың жасы)


  1. «Санамақ»

Бақшаға

Жақсы аға

Көп – көп

Ойыншық


Келді алып:

Бір балық,

Екі есек,

Үш үйрек,

Төрт түлкі,

Бес бүркіт,

Алты арғымақ,

Жеті жарқанат.

Сегіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ.

Болма есепке сен шорқақ!

Ауызша,

Жазбаша


Қосып шық.

Бақшаға


Жақсы аға

Қаншама


Әкелді

Ойыншық?



(55 ойыншық)


  1. «Бәрі қанша құс болды?»

Мынау да бір санамақ,

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым – тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ – топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды?



(31 құс)


  1. «Бәрін бірге ойлап қой»

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең бамқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.



(17 бас мал)


  1. «Торғай нешеу?»

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзеліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу есепкер.



(бес торғай)


  1. «Қосу»

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі,

Қанша болды,

Қолда бары?



(Алты)

Математикалық тақпақтар.

  1. «Қуырмаш»

Қуыр – қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш. Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек, Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек.

Қуыр – қуыр ... , -

Бас бармақ, сен тұр, қойыңа бар,

Балаң үйрек, сен тұр, қозыңды бақ. Ортан терек, жылқыңа бар,

Шылдыр шүмек, сен, түйеңді айда. Кішкентай бөбек, кішкенем, сен үйде қазанның түбін қырып жеп, пеш түбінде жата ғой.


  1. «Саусақтар»

Балаларым тұрыңдар

Сөзге мойын бұрыңдар!

Бас бармақ!

Жатып алдың талайдан, Бұзауларды бақ айнам.

Кешке үйге келгенде,

Құйып берем ақ айран. Балаң үйрек!

Шөп жиналып бітпеген, Сен сонда бар жұртпенен. Кешке үйге келгенде Май беремін, құрпенен.

Ортаң терек! Сен ортаншы бөбегім, Қырда бүгін көп егін. Сен қырманнан келгенде Кәмпитті үйіп – төгемін.

Шылдыр шүмек! Еңбек еткен жақсы адам, Қарбыз жина бақшадан. Дастарқанға сен үшін, Тәтті нанды көп салам .

Кішкентай бөбек! Жатып бекер жеп – ішпе, Үй жұмысын сен істе. Кешке қарай өзіңді Тойдырамын жеміске.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет