Лабораториялық жануарларды биосынамаға дайындау және биосынама алу талаптары



бет3/4
Дата20.06.2022
өлшемі13,25 Mb.
#146873
1   2   3   4
Байланысты:
14 қанөндіру
daris 2, бик жарақат
Коагуляция фазасы Ретракция фазасы
Лимфоциттер — қанның ақ торшаларының кішірек
(6— 10 мкм), дөңгелек түрі.
Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі
аралас өсінділері де болады:
1) жетілген лимфоциттер— болашақ реципиенттің сенсибильденген эритроциттерін қолданып алынады;
2) жетілмеген лимфоциттер — антигенмен кездесіп иммунокомпетенттік алған кіші лимфоциттер, иммунологиялық жетілмеген лимфоциттерден шығады.
3) кіші лимфоциттер — иммунологиялық күші жоқ лимфоциттер
Жасушалық иммунитет жүйесіне (Т-жүйесіне) ізашар Т-лимфоциттердің негізгі дамитын орны – тимус, иммундық жүйенің шеткі мүшелерінде басымырақ түрде Т-лимфоциттер орналасатын аймақтар (Т-тәуелді ай-лимфоциттердің әртүрлі функционалды субпопуляциялары (Т-хелперлер, киллерлер, мақтар), Тсупрессорлар), сонымен қатар осы жасушалармен өндірілетін цитокиндер (лимфокиндер) кіреді.
Тимуста Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляцияларының клондары түзіледі. Шеткі мүшелерде Т-лимфоциттер антигендермен кездеседі және басқа иммунды хабарлы жасушалармен кооперация кезінде иммунды жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және оның жүзеге асуына қатысады.
Т-лимфоциттер рециркуляция үрдісінде белсене қатысады, осы үрдістің арқасында иммунды бақылау қызметі нәтижесінде иммундық жүйесінің біртұтас қызметі жүзеге асады.
В-лимфоциттер (В-лимфоциты); (грек, bursa — қапшық, яғни қапшық лимфоциттері) - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.
В-лимфоциттер — сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы) плазмоциттерге айналады.
Плазмоциттер организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет