Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер


Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ)



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,83 Kb.
#93300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бауырды зерттеу

Ультрадыбысты зерттеу (УДЗ). Бұл тәсіл белгілі бір жаққа қарай бағытталған ультрадыбыстың жолында консистенциясы қатты, тығыз, яғни эхопозитивті құралымдар (структуралар) кездескенде, оның сол құрамалардан кері шағылуына, яғни жаңғырықтануына негізделген. Кері шағылу, немесе жаңғырық ізі әдебиет көздерінде «акустикалық көлеңке» деп аталады. УДЗ суретінде ол эхопозитивті құралымнан төмен қарай бағытталған жол сияқты болып көрінеді. Сонымен ӨҚТПА — ның УД — тық белгілері өт қуығы ішінде орналасатын эхопозитивті құралым және одан төмен тарайтын акустикалық көлеңкемен сипатталады (13-ші сурет). Эхопозитивтік құралымдардың көлемі мен акустикалық көлеңкенің еніне қарай өт қуығындағы тастардың аумағы мен санын болжауға болады.
Купить Apple iPhone на Kaspi.kzВеликолепный дизайн. Безупречная камера 4K. Мощный процессор.Узнать большеkaspi.kzЯндекс.Директ
УДЗ-дің, рентгенологиялық зерттеумен салыстырғанда, бірнеше ұтымды және пайдалы жақтары бар екеніне көңіл аудару керек. Біріншіден, ол инвазиялық емес зерттеулер қатарына жатады, яғни зерттеу жүргізу үшін ауру адамның организміне қосымша заттарды (мыс. контрасты заттар) жіберу қажеттілігі жоқ. Екіншіден, УДЗ өт қуыгындағы тастарды анықтаудағы ақпараттылылығы өте жоғары. М.И.Кузин және басқ. (1982), Т.Я. Стручкова (1984), Л.В.Поташов, АЖ.Нұрмақов (1993) т.б. бүл көрсеткіш 97-100% — ды құрайды. Үшіншіден, ультрадыбыстың, рентген сәулесіндей, адам организміне тигізетін анық зиянды әсері жоқ (Милонов О.Б. және басқ., 1984, Heman L. 1970), сондықтан оны, қажетті жағдайларда, бірнеше рет кайталай қолдануға болады (Нестеренко Ю.А. және басқ., 1986, По-гашов Л.В., Нүрмақов А.Ж., 1993).
Келесі ретте баяндалатын бір топ зерттеу тәсілдері, негізінен, ӨҚТПА-шың асқынулары пайда болғанда оларды анықтау үшін немесе ӨҚТПА-н. басқа сырқаттармен ажырату үшін (ажыратпа немесе дифференциалдық диагноз) қолданылады, өйткені кейбір жағдайларда (мыс. механикалық сарғаюда) жоғарыда сипатталған зерттеу тәсілдерінің (рентгенологиялық, УДЗ) ақпараттылылығы күрт төмендеп кетеді. Осы себептен диагностикалық мүмкіншіліктерді жоғарылату үшін XX ғ. 70- 80 жылдарында тәжірибелік хирургия салаларына жаңа тәсілдер енгізілді. Солардың сипаттамаларына қысқаша тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет