Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер


Қандағы билирубин мөлшерін анықтау



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,83 Kb.
#93300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бауырды зерттеу

Қандағы билирубин мөлшерін анықтау. Қандағы билирубиннің қалыпты мөлшері 1,7—20,5 мкмоль/л аралықтарында жатады. Бауыр мен өт жолдарының сырқаттарында егер олар өт сұйығының қалыпты ағу жолдарында бөгет туғызса, яғни механикалық сарғаю пайда болса, бұл көрсеткіш жоғарылайды.
Зәрде өт пигменттерін анықтау. Қалыпты жағдайда зәрде өт пигменттері болмайды. Егер зәрді зерттеу барысында өт пигменттері анықталатын болса, ол механикалық сарғаюдың бір дәлелі ретінде саналады.
Нәжісте стеркобилинді анықтау. БТЖӨЖ-ның сырқаттарының салдарынан өт сұйығы жеткілікті мөлшерде бауырдан он екі елі ішекке дейін жетпеуінен нәжісте, қалыпты жағдайда болатын, стеркобилин анықталмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет