Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер


Қандағы холестерин мөлшерін анықтау



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,83 Kb.
#93300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бауырды зерттеу

Қандағы холестерин мөлшерін анықтау. ӨҚТПА-нда қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш 3-7,8 ммоль/л тең.
Қанда белок мөлшерін анықтау. Ұзақ мерзімге созылған ӨҚТПА-нда немесе оның механикалық сарғаюмен асқынған түрінде қандағы белок мөлшері төмендеуі мүмкін (диспротеинемия). Қандағы белоктың қалыпты мөлшері 65-85 г/л тең.
3.2.2 БТЖӨЖ-н аспаптық зерттеу әдістері.
Рентген сәулесімен зерттеу (холецистография, холангиография). БТЖӨЖ-н рентгенологиялық әдіспен зерттеу олар орналасқан аймақты жалпы шолып, көруден басталады. Бүл тәсіл кейбір пациенттерде рентгенконтрасты тастарды (құрамында кальцийі басым тастар) анықтауға мүмкіншілік тудырады (Линденбратен Д.Л., 1980, Милонов О.Б., Грязнов С.Н., 1986, Arianoff A., 1978 т.б.). Дегенмен бұл тәсілдің ақпараттылығы өте төмен (2-3%) болып келеді және қүрамы өзге (холестеринді, пигментті) тастарды анықтамайды. Сондықтан өт қуығы мен өт жолдарын рентгенологиялық жолмен зерттеу, басым көпшілік жағдайларда, адам организміне дәрі-дәрмектер (контрасты заттар) енгізіп, өт жолдарын контрастау арқылы жүргізіледі (инвазивті тәсіл). Өт қуығын рентгенконтрастау тәсілімен зерттеу холецистография, ал өт жолдарын зерттеу холангиография деп аталады. Егер зерттеу барысында өт қуығы өт жолдарымен бірге (түтіктерін) контрастау көзделсе оны холецистохолангиография деп атайды. Контрасты заттарды (билитраст, билиграфин, билигност т.б.) организмге енгізу жолдарының бірнеше түрлерін ажыратады: а) ас қорыту жолдары арқылы енгізу (пероральді жол), б) көк тамырға (венаға) жіберу арқылы және в) инфузионды-тамшылы жолмен жіберу. Осы аталған жолдармен жіберілген контрасты заттар қан ағымымен бауырға жетеді де гепатоциттер арқылы бауыр ішіндегі өт жолдарына, одан соң бауырдан тыс жатқан өт жолдарына жетіп, оларды контрастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет