Лабораториялық сабақтар жоспары



бет3/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#83306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстар


Лабораториялық жұмыс №1.


ТОК КҮШІН ӨЛШЕУ.
Құралдар мен жабдықтар: гальванометр, кедергілер магазині, ток көзі, микрометр, кілт, шунт (өткізгіш сым), дәлдік класы жоғары вольтметр мен амперметр.
Жұмыстың мақсаты:ток өлшеуіш құралдардан кез келген мәндегі токқа жарамды амперметр жасап үйрену.
Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. Құралдың өлшеу шегі, шунт деген не?
2. Шунт кедергісі қалай есептеледі?
3. (4) формуланы қорытып шығарыңдар.


Теориядан қысқаша мағлұматтар

1. Ток шамасын өлшеу үшін амперметрлер, миллиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Электр тізбегіндегі токты өлшегенде ток өлшеуіш құралдар тізбектей қосылады.


Сондықтан оларды тізбекке қосқанда тізбектің кедергісі артады да, ондағы ток өзгереді. Осыдан мынандай талап туады: токты өлшеуге арналған құралдардың ішкі кедергісі оларды тізбекке қосқанда тізбектегі ток күші өзгермейтіндей аз болуға тиіс. Егер ток өлшеуіштің шкаласы амперге, миллиамперге (1 mA=10-3 A), микроамперге (1 mA=10-6А) градуирленсе, онда олар ампер­метр, миллиамперметр, микроамперметр деп аталады. Өте аз токтарды, кернеулерді және электр мөлшерлерін (10-6А, В, Кл-нан аз) өлшеуге арналған сезгіш ток өлшеуіштер гальванометрлер деп аталады.
2. Әрбір ток өлшеуіштің өлшеу шегі болады. Өлшеу шегі деп құралдың, стрелканың шкаланы бойлай толық ауытқу қалпына сәйкес келетін көрсетуін атайды. Ток өлшеуіштердің өлшеу шегін арттыру үшін, оларға параллель шунт деп аталатын кедергі қосылады (17-сурет).


17-сурет.


Өлшеу шегі Igкедергісі Rgмиллиамперметрге кедергісі Rш шунт параллель қосылғанда, стрелка шкаланың түгел бойына ауытқыса, онда шунттан өтетін ток мынаған тең: Іш=І - Іg , мұндағы I- миллиамперметрдің немесе амперметрдің шунтпен коса алғандағы тоғының шектік мәні. Гальванометр мен шунттың UMN кернеуі бірдей, ол мынаған тең:


Осыдан
(1)
деп белгілесек, онда n- шунттың еселігідеп аталады. Еселік - миллиамперметрге шунт қосылғанда, оның әуелгі көрсетуін қандай шамаға көбейту керек екенін көрсететін сан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет