Лабораториялық сабақтар жоспары


Жұмыстың орындалу әдістемесі



бет7/39
Дата07.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#83306
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыстар
Жұмыстың орындалу әдістемесі

Кедергілерді өлшеу үшін соған сәйкес схема құрылады. Реохордтың Dжылжығышын оның қақ ортасына қояды. Кедергілер магазинінен кез келген кедергіні қосады да, К2 кілтті тұйықтап, гальванометрдің стрелкасы қай бағытқа ауытқығанын белгілейді. Содан кейін кедергінің шамасын өзгертіп, К2 кілтті қосып, стрелканың әуелгіге қарама-қарсы бағытқа ауытқуын қамтамасыз етеді. Әрі қарай қосылған кедергілердің шегін бір-біріне жақындата келіп, стрелка шамамен нөлге жуықтайтын кедергіні табады. Соңында, Dжылжығыштың орнын ауыстыру арқылы стрелканы дәл нөлге келтіреді. Осыдан кейін реохордтың иіндерінің ұзындығын өлшейді де, Roмәнін кедергілер магазинінен алып, (7) формула бойынша белгісіз кедергіні есептейді.


Томсон көпірімен жұмыс жасағанда гальванометр АСиініне косылады, сондықтан ондағы ток еш уақытта нөл болмайды. Сол себепті, К1 кілтті қосып және Ro = O етіп, потенциометрдің m жылжығышын а нүктесінен bнүктесіне дейін орын ауыстырып, гальванометр стрелкасы шкаланың ортасына дейін ауытқуын қамтамасыз етеді. Тек осыдан кейін ғана Dжылжығышты реохордтың ортасына қойып, кедергілер магазинінен Roкедергінің мәнін өзгерту арқылы С мен Dнүктелерінің потенциалдарын теңгереді. С мен Dнүктелерінің потенциалдары теңелгенде гальванометрден өтетін ток нөлге тең болмайды, бірақ К2кілтті қосып-ажыратқанда оның мәні өзгермейді (гальванометрдің стрелкасы тербелмейді). Дәл теңдікті Dжылжығышты қозғау арқылы қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет