Лабораториялық сабақтар тізімі


Алкоголяттардың түзілуі және ыдырауы (гидролиз)



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
Алкоголяттардың түзілуі және ыдырауы (гидролиз). 
Реактивтер: 
Этил спирті - 96% және металл натрий. 
1-ші тәжірбиеден алынған судан тазартылған спиртке металл натрийдің кішкентай түйірін 
салады. Реакцияның нәтижесінде бөлінетін жылудың әсерінен қоспаның қызып, спирттің қайнап 
кетпеуі үшін пробирканы салқын су құйылған стаканға батырып қояды. Газ бірқалыпты бөліне 
бастағанда пробирканың аузын спиртовка жалынына жақындатқанда, сутекпен ауаның қоспасы 
өзіне тән дыбыс шығарып лап етіп жанады. Сұйық біртіндеп қоюлана бастайды. Егер сутек 
бөлінбей қалса, онда қоспаны азырақ қыздырып қалған натрийді сымның көмегімен алып натрий 
қалдығы салынатын банкаға салады. Алынған алкоголяттың концентрациялы ерітіндісі 
салқындатқанда кристалданады. Байқалған құбылыстарды, реакция теңдеулерін жазыңыздар. 
Этил спиртінің калий перманганатымен тотығуы. 
Реактивтер: 
Этил спирті - 96%, калий перманганаты (кристалды), күкірт қышқылы және лакмус қағазы.
 
Пробиркаға 0,5 г калий перманганатын салып, оған 5 мл су және 0,8 мл этил спиртін қосып 
ақырын қыздырады. Егер қоспа қатты қызып кетсе, пробирканы салқын суы бар стаканға салып 
салқындатады. Содан кейін қоспаны абайлап қайнағанша қыздырады, 1-2 минут қайнағаннан 
кейін 3 мл сұйытылған күкірт қышқылын қосады. Сұйық бір қалыпты қайнауы үшін пробиркаға 1-
2 түйір фарфор шынысының сынықтарын салады. Пробирканы иілген шыны түтікшесі бар 
тығынмен мықтап жауып, қайнатып, 0,5 мл сұйықты екінші пробиркаға айдап алады. Лакмуспен 
реакциясын тексереді. Реакция теңдеуін жазыңыздар. 
 
Этилнитритті алу. 
Реактивтер: 
Этил спирті - 96%, натрий нитриті және концентрлі тұз қышқылы.
 
Пробиркада 1 г натрий нитритін 2 мл суға ерітіп, оған 1-1,5 мл этил спиртін қосады да, мұз 


бен судың қоспасында 0°-қа дейін салқындатады. Екінші пробиркада 2 мл концентрациялы тұз 
қышқылы мен 1 мл суды араластырып, оны да 0°-қа дейін салқындатады. 
Ақырын, абайлап
тамшылатып салқындаған тұз қышқылын натрий нитратының сулы спирт ерітіндісіне қосады.
Барлық уақытта қоспаны араластырып, салқындатып тұру керек. Сулы ерітіндінің бетіне жеміс 
иісті сары түсті этилнитрат қабаты бөлініп шығады. Сулы ерітіндінің бетінде қандай қосылыс 
түзіледі? Алынған затты иісі бойынша анықта. Реакция теңдеуін жазыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет