Лабораториялық сабақтар тізімі


Моносахаридтердін мыс гидроксидімен (II) сілтілердің қатысумен тотығуы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата18.02.2023
өлшемі291,94 Kb.
#169223
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Лабораториялық жұмыстар ЖОТ (2)
Зертханалық жұмыс №1
Моносахаридтердін мыс гидроксидімен (II) сілтілердің қатысумен тотығуы. 
Реактивтер: 
1%-тік глюкоза ерітіндісі, натрий гидроксидінің 10%-тік ерітіндісі және мыс сульфатының 
5%-тік ерітіндісі. 
Пробиркаға 2 мл 1%-тік глюкоза ерітіндісін және натрий гидроксидінің 10%-тік ерітіндісін 
араластырады. Алынған қоспаны сілки отырып мыс сульфатының 5%-тік ерітіндісін тамшылатады 
(сілкігенде ерімейтін тұнба пайда болғанша). Пробиркадағы коспаны қайнауға дейін қыздырады. 
Ерітіндінің қыздырылған бөлігінде мыс гидроксидінің (I) сары тұнба түседі, кейінірек ол мыс 
оксидінің (II) қызыл тұнбасына ауысады. Тәжірибені қайталайды, тек глюкоза ерітіндісінің 
орнына фруктозаны 1%-тік ерітіндісін алады. Глюкозаның мыс гидроксидімен тотығу 
реакциясының теңдеуін жазыңдар. 


Фелинг ерітіндісімен глюкозаның тотығуы. 
Реактивтер: 
1%-тік глюкоза ерітіндісі және фелинг реактиві. 
Пробиркаға 1%-тік глюкоза ерітіндісін құйып оған 1 фелинг реактивін қосады. 
Пробиркадағы қоспаны аралстырып жоғарғы бөлігін қайнағанға дейін қыздырады. Ерітіндінің 
қыздырылған бөлігінде мыс гидроксидінің (І) сары тұнбасы түсуі, кеінірек ол мыс оксидінің (II) 
қызыл тұнбасына ауысады. Моносахаридтің фелинг реактивімен тотығуы өте жылдам жүреді. 
Фелинг сұйығы глюкозаға сапалық реакция үшін қолданылады. Фелинг реактивін тотығу 
реакциясының теңдеуін жазыңдар. 
 
Моносахаридтердің бром суымен тотығуы. 
Реактивтер: 
Бром суы, глюкоза ерітіндісі және 2%-тік фруктоза ерітіндісі. 
Екі пробиркаға 1 мл-ден бром суын құяды. Бірінші пробиркаға 0,5 мл 2%-тік глюкоза 
ерітіндісін, екіншісіне 0,5 мл 2%-тік фруктоза ерітіндісін қосады. Пробиркадағы қоспаларды 
қайнап тұрған су моншасында 15-минут қыздырады. Осы уақыт ішінде бромның қоңыр түсі 
жойылмаса онда пробиркаларды горелканың жалынына реакциялық қоспаньщ түссіздігінше 
қыздырады. Пробиркалардағы қоспа салқындаған соң оларға бірнеше тамшы темір хлоридінің (3) 
1%-тік ерітіндісін қосады (күлгін түске фенолмен боялған). Екі пробиркадағы қоспа ерітін. Бояу 
түстерін салыстырыңдар. Осы тэжірибеде қай моносахарид оңай тотығады? Глюкозаның бром 
суымен тотығуының схемасын жазыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет