Ламашәріп Қайрат Қайырбекұлы Алматы, 2010 جحلا كسانم


«Ешқашан оның суы таусылмайды



Pdf көрінісі
бет26/121
Дата01.02.2023
өлшемі3,72 Mb.
#167100
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   121
Байланысты:
Қайрат Лама-Шариф Қажылық
8 класс Волшебная, 3-сабак Қаз тілі, ПРЕЗ, Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3, Рабочая тетрадь Труд человека кормит. Составное глагольное сказуемое.
 
«Ешқашан оның суы таусылмайды,
 
ол қажы-
лардың шөлін қандырады. Ол ақ қауырсынды
 
қарғаның 
жанында, «құмырсқа илеуінің»
 
қасында», – дейді.
«Құмырсқа илеуі» - бұл жерде Мекке шаһарын 
меңзеп тұр. Шындығында,
 
Меккеге қажылар керуен 
толы жүктерімен түкпір-түкпірден келеді. Меккеде 


50
Қажылық
ештеңе өспейді, ештеңе де екпейді. Сондықтан Мекке 
қажылық кезінде құмырсқа илеуіне ұқсайды. 
Сонымен соңғы түсте дауыс Абдулмұтталібке 
көміліп қалған құдықтың
 
дәл жерін айтып береді. 
Абдулмұтталіб
 
баласы Харисті жанына ертіп, 
екі кетпенді алып, Қағбаға бет алады. Кенеттен 
Абдулмұтталіб ақ қауырсынды қарғаны
 
көреді. Қарға 
екі пұт арасындағы тасты шоқиды. Абдулмұтталіб пен 
баласы қарға шоқыған жерді қаза бастайды. Құдықты 
аршып жатқан кезде, олардың айналасына
 
адамдар жи-
налады. Олар екі пұттың арасын қазып жатқан әке мен 
балаға наразылықтарын білдіреді.
– Құдай маған Зәмзәм
 
құдығын аршуды әмір етті. 
Зәмзәм құдығы бізге және қасиетті үйге қажыға кел-
гендерге нәр береді, – деді Абдулмұтталіб.
Сөйтіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың (
с.а.с.
) ата-
сы Абдулмұтталіб Зәмзәм құдығын тазартып, сүбхана 
Алла тағаланың әмірімен Зәмзәм суын Мекке жұрты 
мен қажылардың ауыз
 
суына айналдырған екен.
Сонымен қажы Зәмзәм
суын
 
ішіп болғасын
Мәсжид Харамның ішінде қажылықтың тағы бір әдет-
ғұрпы сағиды орындайды.


51
جحلا كسانم
сАғИ
Сағи – арабтың «шапшаң жүру» деген сөзі. 
Сағи – Сафа мен Мәруа төбешіктерінің арасында 
жеті рет жүгіретін діни жора. Қажы сағиды сүбхана 
Алла тағалаға жалбарынып, су іздеген Ибраһим 
пайғамбардың әйелі Һажар мен баласы Исмайылдың 
(ғаләйһим әс-сәләм) құрметіне орындайды.
Бүгінгі таңда қажылар сағи әдет-ғұрпын төбесі 
жабық, кең, әрі зәулім дәліздің ішінде орындайды. 
Дәліздің оң жағымен Сафадан Мәруаға қарай жүрсе, 
сол жағымен Мәруадан Сафаға қарай жүреді. Дәліздің 
дәл ортасында мүгедектерге арналған арбамен жүруге 
лайықталған жол бар. 
Мұхаммед пайғамбарымыз (
с.а.с.
) сағи әдет-
ғұрпын орындағанда, екі төбешік арасындағы сайды 
жүгіріп өткен екен. Қазіргі уақытта осы сайды екі жа-
сыл түсті дәліздің маңдайшалары көрсетеді.


52
Қажылық
Сағи әдет-ғұрпы Сафадан басталып, Мәруадан 
аяқталады. Сафадан Мәруаға
 
дейін шапшаң жүруді бір 
рет деп, Мәруадан Сафаға дейін шапшаң жүруді екі 
рет деп, сөйтіп екі төбешік арасында жеті рет шапшаң 
жүреді. 
Алдымен, қажы Сафа төбешігіне шығып, біраз 
аялдайды. Сосын құбыла (Кағба) жаққа қарап, былай 
дейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   121




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет