Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар Президент мақұлдаған латын графикасына негізделген әліпби жобасының алдыңғы акутты жобадан басты айырмашылықтары неде?


Әліпби бекітілген соң, оның каллиграфиясы қалай болады?



бет15/24
Дата23.01.2022
өлшемі37,31 Kb.
#113512
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
Латын сұрақ жауап (1) (2)
Баяндама Латын, латын баяндама орыс тілінде, 04.05, 1634707827 (1)
23. Әліпби бекітілген соң, оның каллиграфиясы қалай болады?

Жаңа әліпби бекітілген соң, оның хатқа түскендегі графикалық бейнесі қалай болмақ, әріптерді жазғанда оларды қалай таңбалаймыз деген сұрақтың болуы орынды деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі қоғамның басым көпшілігі латынның Rr, Jj, Kk сияқты кейбір әріптерінің бас немесе кіші әріптерін жазу барысында бірізділік сақтамайтындықтарын байқап жатамыз. Осындай қоғам арасында ала-құлалық болмау үшін, көркем жазу мәдениетін қалыптастыру үшін бүгінде Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің каллиграфиясын дайындады. Ол тек әліпбидің нақты бір нұсқасы бекітілген соң ғана жұртшылыққа ұсынылатын болады.



24. Бүгінде интернет желісінде әртүрлі конвертер жүйелері бар. Закон.кз, яндекс сайттының қайсысын қолданған тиімді?

ІТ технологиялардың заманға сай дамуының көрсеткіші ретінде конвертер жүйесін атауымызға болады. Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылы алғаш рет «Qazlatyn.kz» порталында латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің конвертер жүйесін ұсынды. Осы мәтіндік конвертерді кирилл – латын – төте жазуларында пайдалануға болады. Бұл конвертердің басқа конвертерлерден басты айырмашылығы – кез келген мәтінді жаңа әліпбидің емле ережелеріне сай латын қаріптеріне грамматикалық қатесіз көшіріп бере алуында. Сіз атаған конвертер жүйелері тек таңбаны таңба күйінде ғана ауыстыра салады. Яғни онда қазақ тілінің грамматикалық заңдылықтары толық сақталмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет