Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны : 90 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 1 семестр



бет7/21
Дата08.12.2016
өлшемі2,87 Mb.
#3458
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Міфологія сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997

12 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Жоспары :
1. Жануарлар жайындағы ертегілердің шығу мен дамуы.

2. Жануарлар жайындағы ертегілер.


Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарасытырғын. Және де әрбір хайуанат туралы оның қасиеті туралды түрлі мифтік ұғым – түсініктер ойлап шығарған. Табиғат – сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған ертедегі адамдар әрбір хайуанаттың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған.

Ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы әртүрлі мифке байланысты туған ескі ұғым – түсініктері, бертін келе, экономикалық дамудың, қоғамдық сана – сезім, өсуінің нәтижесінде жоғала бастайды. Адамдар хауйанаттарды өзі бағындырып алған кезде, ерте заманда мифтік ұғымдарға қиялға негізделіп туған және ертегі - әңгімелеріне қосылған ұғым – түсініктері, көзқарастары өзгере бастайды. Олар өздерінің ертегілерінде хайуанаттарды реалистік түрде алып, адам баласына келтірген пайда – зиянын, атқаратын қызметін көрсетуге талпынады.

Бұл айтылғандарды хайуанаттар жайында шығарылған қазақ ертегілерінен де көруге болады. Аталған тақырыптағы ертегілердің ерте кездегі мифтік ұғымдарға байланысты туған үлгілерінде, кейбір хайуанаттарды жаратушы, жарылқаушы, керемет күш бейнесінде алғандығы, ертедегі адамдардың оларды ие тұтып табынғандығы байқалады. Мұны “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б. ертегілерден көреміз.

“Ақ қасқыр” ертегісінен ертедегі адамдардың қасқырды жарылқаушы ие деп түсінгендігі көрінеді. Бұл түсінігін дәлелдеу үшін ертегінің сюжеті түрлі – түрлі ғажайып халді бейнелеуге құрылады. Ертегінің оқиғасы мал өсіріп кәсіп еткен елдің тұрмысын, қыс кезінде қос шығарып жылқыны далада бағатын жайын суреттеуден басталады. Осыдан былайғы оқиға фантазия аралас дами береді.

Қызық ғажайып халге құрылған “Ақ қасқыр” ертегісі ертедегі адамдардың хайуанаттар жайындағы ескі наным - сезімдерін елестетеді. Бұларда да “Ақ қасқыр” ертегісіне ұқсас келетін ұғымдар, бұлдыр түсініктер беріледі.

Сөйтіп хайуанаттар жайында шығарылған ертегілердің алғашқы үлгілерінен ертедегі адамдардың, “жанды – жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерін байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады”. Ал бертін келе экономикалық, қоғамдық жағдайлардың және сана – сезімнің дамуына байланысты бұрынғы бұлдыр түсініктердің ыдырап, жойыла бастағанын көреміз.

Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуандары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы, кейде халықтық сатираға айналады және сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары мінеледі ; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке – күлкісі түрінде келеді ; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады.

Төрт түлік мал және үй хайуандары қазақ ертегілерінің көлеміне енгенде, ең алдымен, оларды адам баласына келтірер пайдасы, атқарар қызметі қандай екендігі суреттеледі. Өйткені бұлардың шаруашылық үшін мәні, адам өмірінде алатын орны аса зор еді. Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуандарының өзінің ертегісіне қосқанда, олардың қызметін даралап көрсетуге мән береді. Ертегі оқиғасын тартысы мол нақтылы сюжетке құрады; фантазия мен реалистік болмыс шындығын шебер араластыра отырып, жұрт қызығып тыңдайтын кесек шығармалар тудырады. Төрт түлік мал жайындағы қазақ ертегілерінде халықтың айырықша ардақтайтыны – жылқы мен түйе. Оның мәні осы екі түліктің халық тұрмысында ерекше қызмет атқарғандығында. Мұны біз “Алтын сақа”, “Тепең көк”, “Боз інген”, “Жақсылық пен жамандық” т. б. ертегілерден көреміз. “”



Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976


Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Міфологія сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997

13 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Қиял - ғажайып ертегілер.
Жоспары :
1. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен зерттелуі.

2.Ертегілердің шығу мен дамуы.

3.Ертегілердің халықтық сипаты.

4.Ертегілердің түрлері.


Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлеміз. Солардың ішінде бастылары :

1.Қиял – ғажайып ертегілер.

2.Хайуанаттар жайындағы ертегілер.

3.Тұрмыс – салт ертегілер және аңыздар.


Қиял - ғажайып ертегілер. Ертедегі адамдар табиғат және оның құбыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік – кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі - әғгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары жайында да, сол жауларды жеңу жолодары туралы да әр түрлі ертегілер шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын – пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті басты айдаһра, әбжылан т. б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына қастық жасаушылар, керемет күші, айла – амалы барлар деп түсінген. Ол түсініктері көкбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге ертедегі адамдардың өздері иланған көп құдайларға байланысты ьолады. Ертегілердің оқиғасы фантазиялық түрде айтылады. Мұндай ғажайып ертегілердің туу себебі : “бұрынғы кезде экономикалық дамудың төмен сатыда болғандығына байланысты”.

Демек, қиял – ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы сезімінен әр түрлі қауіп – қатерлерден құтылу, тіршілік еті, табиғат сырын танып білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман қиялынан туған. Сондықтан да бұл ертегілер де ертедегі адамдардың еңбек процесінде аңсаған арман – мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсең екен деп арман қылған, соны көксеген. Ал бұған олар өзінің қиялы арқылы ғана жеткен. Сол қиялдарын ертегі - әңгімеге айналдырған, Бұл жөнінде М. Горький былай дейді : “Тіпті атам заманғы уақытта – ақ адам баласы әуеде ұшу мүмкіншіліг жөнінде ойлаған, мұны... “Ұшқыш кілем” туралы ертегі бізге айқын көрсетеді. Жер бетіндегі жүрісті жылдамдату туралы да ойлаған, мұны “Жүрдек етік” туралы ертегіден көруге болады,... өзен үстінде оның ағысынан гөрі жылдам жүруге ұмтылғандықтың арқасында ескек пен желкенді ойлап шығарды ; жау мен хайуанды өлтіруге талпыну – пращты, садақты, садақ оғын ойлап шығаруға түрткі болды. Жіп иіру және бір түн ішінде бірталай кездеме тоқу мүмкіндігі туралы, бір түн ішінде жақсы үй салу туралы, тіпті “сарай” салу туралы, яғни жаудан қорғайтын пана салу туралы ойлап, жұрт осының арқасында еңбектің ең ерте заманғы құралдарының бірі болған ұршықты, тоқу үшін жабайы қол станогын ойлап шығарды”.

Әрине, ертедегі адамдар алдына қойған мақсатына, ойына алған, қиял еткен арман – мүддесіне бірден жеткен жоқ. Олар бұл жолда талай қиыншылықтарды басынан кешірген. Оны ертегілерінде де суреттпен көрсеткен. Бірақ олар адам баласының күшін, мәңгі жасайтынын білген, өзіне дұшпан күштердің бәрін де жеңіп шығатынына сенген. Бұл, сенім қиял- ғажайып ертегілерінен де мол орын алған.

Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақматынга жету үшін, табиғат сырын танып – білу, тіршілік ету жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ақырында, мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді.

Ертедегі адамдардың дүние тану, еңбек кәсіп ету, тіршілік жасау жайындағы сезім – түсініктерінен туған қиял – ғажайып ертегілері өзінің тақырыбы, оқиғасы жағынан әр түрлі болып келеді. Және ол қоғамдық экономикалық дамуға, адам ой – санасының өсуіне байланысты өзгеріп, ұлғайып отырады, оқиғалары күрделене, нақтылана түседі. Бұл аталғандарды қазақтың қиял – ғажайып ертегілерінен де байқауға болады.

Ертедегі қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері аңшы мергендер, мақташы – малшылар десек, олардың бәрі еңбек адамы болып суреттеледі. Бұларды халық ертегісі ақыл – айласы, асқан күші бар батыр етіп бейнелейді. Бірақ олардың өздері де, ерлік етсе де “батырлар жырының ” немесе аңыз – ертегілердің адамына ұқсамайды. Олардың жаратылысы да іс - әрекеті де басқаша, ғажайып жағдайда болады, Ең алдымен, олар жердің үстін ғана мекен етпейді, қиялдан туған дүниені кезіп жүреді ; кейде жеті қабат жер астына түсіп кетеді, кейде алып қара құс немесе самұрық пен тоғыз қабат көк үстін аралайды. Олар, кейде адамзат білмеген от дариясының ар жағында болмаса неше түрлі сырлы аралдар ішінде сайран салады. Қысқасы жердің асты үстін аралап шығады, талай – талай теңіз дүниемін кезеді. Соның бәрінде алуан – алуан күйге ұшырайды. Бірақ ол өзінің ақыл – айласы, өнері, ерлік істерімен барлық қиыншылықтарды жеңіп мақсатына ждеңіп отырады, Бұл айтылғандардың мысалы ретінде “Ер Төстік”, “Керқұла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнікей қыз” ертегілерін келтіруге болады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976


Оқулықтар

13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964

14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977



Қосымша

16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964

17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988

18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993


Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар

19.Әуезов М. Ертегілер // Қазақ әдебиеті тарихы. 1-т. –А., 1988

20.Пропп В. Я. Міфологія сказки. – М.,1969

21.Тұрсынов Е. Д. Генезис казакской бытовой сказки. –А.,1973

22.Каскабасов С. Азахская волшебная сказка. –А., 1972

23.Қондыбаев С. А. Қазақ мифологиясына кіріспе. –А.,1999

24.ТарақтыА. Күй шежіре. – А.,1992

25.Мифы народов мира. –М., 1997

14 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Тұрмыс – салт ертегілері.
Жоспары :
1. Тұрмыс – салт ертегілерінің шығу тарихы.

2.“Аяз би” ертегісінің сюжеттік желісі.

Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбының көптігі жағынан болсын, аса молы – тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер.

Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс – тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман – мүддесі суреттеледі. Және де ертегінің оқиағасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял – ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде фантастика басым келіп отырса, тұрмыс – салт ертегілерінде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялынан туған әңгімелерден гөрі, өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондай – ақ тұрмыс - салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде болмай, нақты адам бейнесінде болады ; сол қарапайым адамдар жайы айтылады.

Тұрмыс ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс – тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан, ертегіге басты кейіпкер болып алынған еңбек адам арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық-кедергілерді, ауыр халдерді, аңдыған, алысқан жау амалдарын жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болатын.

Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым – қатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары да бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта тудырғанәр түрлі көзқарастарды, алуандаған ұғым түсініктерді бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтар ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шындап жетілдіреп отырғаны, өткірлеп мәнерлегенін де байқаймыз.

Әрине, ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді тұрмыс – салт ертегілері де идеялық жағынан беркелкі емес. Таза халықтық, еңбек елінің идеясын білдіретін ертегілермен қатар, халыққа жат кертартпалық сипаты бар ертегілер де кездеседі. Мұндай ертегілер үстемдік еткен ортада туған, соның идеясын уағыздайды. Сондықтан да біз ондай ертегілерді емес, халықтық ертегілерді сөз етеміз.

Халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған ертегілерінде басты тақырып еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдарды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы “Аяз биден” көреміз.

Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оны қоғамдық мәні зор тартыстардың төңірегінде құрады. Қанаушы мен езілген еңбек адамдарының арасындағы таптық қарым – қатынастар, алыс – тартыс күрестер суреттеледі. Бұл күрестерге халық атынан белсене араласатын, халықтың сарқылмас ақыл – ой даналығын көрсететін Аяз би болады. Қанаушы таптың жәнет оның үстемдігін жүргізуші хандар мен уәзірлердің жауыздығын, елдің еңсесін түсіріп езгендігін халық ертегісі өзінің сүйікті кейіпкері Аяз би арқылы әшкере етеді. Халықтың ойынша, ел билеген әділетсіз, залым хандардың, билер мен уәзірлердің орнына еңбекші бұқараның өкілдері болса, елді осылар билесе, - заман түзелмек, әлеуметтік теңсіздік жойылмақ, халықтан шығып “хан болғандар” еңбек адамдарының мерейін үстем етпек ; әділ, турашыл болмақ. Бұл ретте халық ертегісі еңбекші бұқараға жиіркеніп қарайтын, тіпті оны адам санына қоспайтын хандар мен уәзірлердің топастығын әшкере ете отырып, оларға қарама – қарсы өз адамын қояды, бір – біріне салыстырулар жасайды. Барлық сыннан мүдірмей өткен, ақылы мен адамгершілігі ханна да, оның күншіл уәзірлерінен де асып түскен Аяз биді ардақтайды.

Ертегінің оқиағасы адал еңбегімен кәсіп кеткен шаруа адамын ардақтау идеясынан туған. Ертегіде айтылатын барлық әңгіме сол идеяға бағындырыла дамиды ; жағымды, жағымсыз кейіпкерлер арасындағы тартыстарды суреттеу арқылы ұлғая түседі және ол ертегінің шарықтау шегіне жеткенге дейін үзілмейді. Бұл идеяны халық ертегісі таптық тұрғыдан ашады, екі атаптың адамын салыстыра отырып, кімнің артық, кімнің кем екендегін көрсетеді.

Тұрмыс –салт ертегілерінің ішінде идеясы идеясы халықтық, мазмұны мол оқиғаға құрылғаны “Аяз би” десек, соған орай оның көркемдік дәрежесі сай екендігін байқаймыз. Басқа ертегілерге қарағанда, “Аяз бидің” өзіне тән ерекшелігі оқиғаны жұмбақ түрінде құруында деуге болады.

Қазақтың тұрмыс – салт ертегілері қарапайым шаруа адамын ардақтай отырып, еңбек – кәсіп ету жайына айырықша көңіл бөледі. “Жатып ішер жалқау болма, ерінбей еңбек ет, өжеттен де, өрге ұмтыл” деген сияқты халқы ойы ертегіге қосылады. Бұл ретте халық ертегісі ақыл-өсиет түрінде келеді және оларды өмір жолына енді түсе бастаған жастарға арнайды; оларды пайдалы еңбек арқылы тәрбиелеп, қоғамға керекті ер-азамат етіп шығару жайын қарасытырады. Мұндай ертегілерде халықтың ғасырлар бойына жиып-терген өмір тәжірибесі, тұрмыстан алған, шығарған қорытындысы да айтылады. Соның бәрін ертегіге айналдырып, жастарға үлгі боларлықтай түйіндер жасайды.

Тұрмыс-салтертегілерінің оқиғасы, құрылыс жағынан өзіндік ерекшелігі бар түрі-күлдіргі ертегілер. Бұл топтағы ертегілер,-дейді М. Әуезов,-үлкенге де, кішіге де бірдей ортақ, тапқыр күлкіге, қызықты жеңіл түйіндерге құрылған әңгімелер болады. Алдымен, мұндай ертегілердің аты, басты кейіпкерлерінің өзі ерекше күлкілі болып келеді. Ертегілердің “Қаңбақ шал”, “Ұр тоқпақ”, “Ши бұт, қағанақ бас, қыл тамақ”, “Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек” т. б. болып аталуының өзі-ақ күлкілі жағдайларды аңғартады. Бұлармен қатар, бұл топтағы ертегілер тазшаларға арналады, олардың иамаша, күлкілі істерін сүйсіне әңгіме етеді.

Күлдіргі ертегілердің өзіндік ерекшелігі-оқиғаны шындық өмірден ала отырып, тапқырлыққа құруында және оқиғаға қиынынан қиыстырып, өмірде болғандай етіп фантастикалық әңгімелерді шебер түрде қосуында. Сонда “Күлкі оқыстан туған, келте қайырылған тар жердің тәсілі, ұйқы-тұйқысы тәрізді болады,-дейді М. Әуезов,-оқиғалы, тартысы күлкі болғандай, ойда жоқ күлкі хал көп қимыл әрекеттер туғыза келіп, бірінің үстіне бірі қат-қабаттап үйіле, жұмырлана түссе, сонда күлкі әңгіме жетісе түсіп, күлкісі, қызығы үдей береді”.




Қолданылған әдебиеттер тізімі

Негізгі :
1. Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992

2. Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991

3. Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989

5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978

6.Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967

7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976

8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978

9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991

10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956

11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967

12.Садырбаев С. Фольклор және эстетика – А., 1976





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет