Лекция : 30 сағат Практика (семинар) : 15 сағат обсөЖ : 45 сағат Барлық сағат саны : 135 сағат


Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы



бет3/7
Дата11.11.2016
өлшемі2,24 Mb.
#1487
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы


Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы


Лекцияның мақсаты: Студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы тарихымен таныстыру.


Лекция мәтіні:
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.

Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы


2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып қалыптасуы
4 - лекция

Тақырыбы: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы


Жоспар:

1. Қазақ тілін окыту әдістемесіне үлес косқан ғылымдар.

2. Әдістеме пәнінің обьектісі мен салалары.

3. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалык негіздері.


Лекцияның мақсаты: Студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихымен таныстыру.


Лекция мәтіні:

Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі дәуірден басталады. Қазакстаңда педагогика тарихы,сондай-ак казак тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты.Ы.Алтынсарин үлы орыс халкы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындайды.Ол мектептегі оку процесінің ғылыми негізіндс күрылуын,халыктың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.

1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды.Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі" деген атпен жинақ шыкты.

1936 жылы орта мектептін У-УІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың "Грамматика талдауыш",1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941 жылы "Қазак тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", - 1944_жылы "Жаттығу емле мен тіл дамыту", 1946 жылы "Қазактілі методикасы".

Қазак тілін,әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым Басымов болды.1938 жылы "Грамматика' окыту жөнінде" деген макаласында окыту әдістеріне токталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте казак тілінің методткасы",онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте казак тілі методикасының мәселелері" деген кітабы жарык керді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазак тілі методикасының кейбір мәселелері"

( 1 бөлім,фонетика мен морфология) деген кітабы шыкты. Осы жылдан бастап казак тілін окыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазак ССР Оку министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалык ғалымдар ғылыми-зерттеу иниститутының қазақ тілі жаңа әдебиеті бөлімі казак тілі методикасынын жүйелі курсын жасауға кірісті.

Қазак тілі окулыктары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалык еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу,озат мкүғалімдердің тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дүрыс жолға койып, қазак тілін оқытуды жақсарту жонінде көп еңбек сіңірген ғалым ~(сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқаков болды.Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жүмысын дүрыс жолға кою міндеттелінеді. Озат мүгалімдерді,методистерді,галымдарды казак тілін оқыту мәселесі мен айналысуға жүмылдырды,оларға ғылыми басшылык жасап,жөн сілтеді.Сондай жүмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде ак казақ тілін окытудың кейбір мәселелері зерттеліп,бірсыпыра енбектер жарық көрді.

Бүл салады Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мүғалім Иманбек Ұйыкбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы,алғашкы зерттеушілердің бірі ретінде танылды.И.Үйықбаевтың 1957 жылы "Орта мектепте қазақ тілін оқыту міселелері", "Қазак тілінде соз таптарын окытушыға кемекші материалдар",ал, 1962 жылы "Қазак тілі методикасынын очерктері"деген еңбектері басылып шықты.

1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес қосушылардың бірі - Бибігүл Кәтенбаева.Б.Кәтенбаеваның "соз күрамын оқыту" (1968), "4 -сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалык нүскау" (1982-84), "Еліктеуіш создер (1975)", "ГУ-ІХ сыныптарды тіл үстарту" (1978), "Қазақ тілінен IV-V сыныптарға үлестірмелі карточкалар"(1978), "Қазак тілінен 5- сыныпқа арналған дидактикалық материал" (1976,1980,1983), "Қазақ тілі окулығы" (5-класқа арналған,1982 1983,1986), "Грамматикалык таблицалар" (1972,74,77,79 83) (4,5,6-сыныптарға арналған) "Москва -бакыт астанасы"(1982), "Қаскырды женген бала" (1983) оку диафильмдері мүғалімдер кітапханасынан берік орын алды. 1978 жылдан бастап казак тілі методикасынын лексика бөлімі де бірсыпыра зерттеліне бастады.Бүл салада Айтбай Айғабыловтың "Лексиканы окытудың кейбір мәселелері" (1980), 6-класқа арналған "Қазак тілі" оқулығы (1982,1984), "6-класс қазак тілі оқулығының методикалык нүскауы" (1983), "Морфологияға байданысты грамматикалык таблица" (1984), "Қазақ тілінің программасы" (1983, 1984), М.Әуезовтың "Қараш-қараш" әнгімесіне байланысты жасалған оку диафильмі (1984) сияқты еңбектері жарық керді.

Қазак тіліндегі күрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Қүрмалас сөйлем синтаксисін теориялык жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның "Жай сөйлем синтаксисін оқытудын методикасы" (1957), "Қазақ тілі методикасының негіздері" (1969), "Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы" (1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (ұсөйлемдер таблицасы" (1985) тағы да баска еңбектерін атауға болады.

Қазақ тілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелінді. Бүл салада Мүлипа Дүйсебаеваныц "Қазак әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері" (1973), "Орфоэпиялык сөздік" (1982), А.Исабаевтің " Фонетиканы оқыту" (1965), "Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері" (1973) деген еңбектерін мүғалімдер кеңінен пайдалануда.

Сондай-ак казак тілін окыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері дс бар.(Эмперикалык және теориялык).Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауға қолданылады. Зерттеу әдістері тексеру объктісіне карай мынадай түрлерге бөлінеді:

Аныктау экспеременді.

Бакылау экспеременді.

Оқыту эксперементі.

Әдістемелік күралдарды үйрету әдісі.

Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі.

Анкета жүргізу әдісі.

Интервью жүргізу әдісі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін окыту әдістемесіне үлес косқан ғылымдар.

2. Әдістеме пәнінің обьектісі мен салалары.

3. Қазақ тілін оқытудың әдіснамалык негіздері.


5 - лекция

Тақырып: Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттері.

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты.

2. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі міндеттері.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - университеттің бастауыш оқыту және филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
2. Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі мақсаты.

2. Қазақ тілін оқыту жүйесінің негізгі міндеттері.
6 - лекция

Тақырып: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары.

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері



Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы теориялық мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:
1. Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ.Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф.Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К.Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә.Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р.Әміровтың К.Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші - берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші - сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет.
Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл — көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж.Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен [4]. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау - қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады. Біріншісі - тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі — оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта «Буын туралы түсінікті» оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы түсінікке практикалық дағдылар көрсету. Буын туралы жалпы түсінікті меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға қызмет ету — ардақты іс (газеттен). Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады.
Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері

2. Қазақ тілін оқытудың негізгі бастаулары.

7-лекция

Тақырып: Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі

Жоспары:

1. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары

2. Қазақстанда білімді өнеркәсіптік тұрғыдан игеру кезеңдері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі туралы теориялық мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейіннен олар Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуір шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бірқатар әскери пәндерді оқып үйренуге жіберілмеді. Омбы кадет корпусын белгілі қазақ ғалымы, зерттеуші әрі ағартушы Шоқан Уәлиханов бітіріп шықты.


1841 жылы Бөкей хандығында Жәңгір ханның бастамасы бойынша алғашқы қазақ мектебі ашылды. Ол мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерін, сондай-ақ ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының сабақ үйренуін Жәңгір ханның өзі тікелей бақылауға алып, тексеріп жүрді. Неғұрлым қабілетті деген балаларды ол Қазанға, Ресейдің басқа да қалаларына оқуға жіберіп отырды. Казак станицаларында, бекініс-қамалдарда діни шіркеулер және казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқыту деңгейі тым төмен еді. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.

2. Қазақстанды өнеркәсіптік тұрғыдан игерудің басталуына байланысты сауатты да білімді адамдарға деген сұраныс арта түсті. Сондықтан да 1850 жылы Орынборда оқу мерзімі жетіжылдық жаңа үлгідегі мектеп ашылды. Онда негізінен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, математика, география, геометрия, сондай-ақ исламның негіздері оқытылды. Ал 1857 жылы осындай мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкіде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептері ашылды. 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалары енгізілгеннен кейін және қоныс аударып келуші шаруалар қатарының арта түсуіне байланысты зайырлы мектептердің қатары көбейді. Олардағы оқу бағдарламаларын генерал-губернатордың өзі белгілеп, Халық ағарту министрлігімен келісіп алып отырды. Қазақтардың балалары орыс поселкелері мен казак станицалары жанындағы мектептерде тегін немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға құқықты болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары

2. Қазақстанда білімді өнеркәсіптік тұрғыдан игеру кезеңдері

8 - лекция

Такырып: Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Жоспар:

1. Қазақ зиялылары



2. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер туралы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Бірінші орыс революциясының ықпалымен қазақтардың Ұлттық сана-сезімі елеулі түрде өсті. Неғұрлым алыстан болжап, көре білетін қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберетін болды. Олар білім алуды өздерінің тапталып, аяққа басылып келген құқықтарын бұдан былайғы жерде сеніммен қорғаудың кепілі деп білді. Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін тандауы тіпті де тегін емес болатын. XIX—XX ғасырлар тоғысында тек Қазан қаласының өзінде ғана (императорлық Қазан университетінде, Қазан мал-дәрігерлік институтында, Қазан мұғалімдер семинариясында) 100-ге жуық қазақ жастары оқыды. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов, Киев, Тарту, Каир, Бомбей, Стамбұл және Варшава университеттерінде оқыды. Мәселен, Санкт-Петербург университетінің заң факультетін М. Шоқай мен A. Тұрлыбаев алтын медальмен бітіріп шықты. Ал Ә. Бөкейханов Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров Санкт-Петербург әскери медицина академиясын, А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін, Ж. Досмұхамедов Тарту университетінің заң факультетін, М. Ғабдолғазизов Каир университетін, 0. Тұрмағанбетов Бомбей университетін, X. Нұржанов Киев университетінің заң факультетін бітірді. Басқа да көптеген қазақ студенттері болды.
Қарқаралыдан түлеп ұшқан Дінмухамед Сұлтанғазин (1867—1918) өте сирек кездесетін талантты студент болды. Ол 1890 жылы Томск университетінің медицина факультетін, ал 1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін, 1897 жылы заң факультетін бітіріп шықты. 1908 жылы Петербург әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880— 1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887—1937) бітірді. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді.

2. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды. 1879 жылы Торғай облысында алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі түңғыш рет ашылды. Ол мектептің ашылуына Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауыл шаруашылық мектептері ашылды. Олар қазақ өлкесінде білім және қолөнер түрлерін дамытуға бағыт ұстады. 1887 жылы барлық жерде бірдей болыстық орыс мектептері пайда бола бастады. Ал 1891 жылы Торғай, Ақтөбе, Қостанай және басқа қалаларда қыз балаларға арналған бастауыш мектептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары үшін ауылдық көшпелі мектептер ұйымдастырылды.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
Ресей империясы қазақтардың орта және жоғары білім алуына жол бермеуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың Ұлттық сана-сезімі тезірек оянады деп қауіптенді. Мәселен, 1885 жылы Қазақстанда орыс мектептерін ашудың басты идеологта- рының бірі Ильминский былай деп ашықтан-ашық жазған болатын: «Бізге тиімді болатын бір жағдай бар. Ол — бұратана халықтың әрбір өкілінің орысша сөйлегенде шатасып, қысыла қызарып тұратын болуы. Ол — орысша жазғанда да аяқ алып жүргізгісіз қыруар қате жіберіп, өз ойын дұрыс жеткізе алмауы. Олар губернаторлардың алдында ғана емес, сонымен қатар кез келген бастықтардың алдында да қалтырап-дірілдеп тұруы керек». XIX ғасырда ауыл шаруашылық және фельдшерлік мектептері ашыла бастады. Олар орта білімді дәрігер мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бірде-бір жоғары оқу орны ашылған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ зиялылары

2. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер
9 - лекция.

Тақырып: Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері

Жоспар:

1. Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері.


2. Жазуға үйретудің маңызы.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері жайлы теориялық мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:
1. Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы, не жеке сөзді, не буынды, не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу – адамның ой – пікірін, сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, тағы да басқаларын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір – бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ауызша сөйлеу есіту – кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады.
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай, да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді . Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады . Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады.
Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген.
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу . Бұл кейінірек шыққан.
Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография (еміле) енеді. Алфавит – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика дыбыстың , буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы . Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавитпен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.
2. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым – қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді , жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен , бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып , неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте – бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап , азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай – ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады . Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде – ақ дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір , тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді.
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип , яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан, бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері.


2. Жазуға үйретудің маңызы.
10 - лекция

Тақырып: Жазудың түрлері

Жоспар:

1. Жазудың түрлері.


2. Әріптік немесе дыбыстық.

3. Коллиграфиялық жазуға үйретудегі методикалық тәсілдер.



Лекцияның мақсаты: Студенттерді жазудың түрлерімен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Осыларға тақтаның пиктографиялық жазу . Бұл жазудың ең алғашқы түрі, суретке негізделген жазу . Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды . Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған . Әрбір сурет бүтіндей бір материалды білдіре алады . Мысалы : мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне қарайластырып тоғайдың және аңның суретін салған.
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады.
Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды . Идеографиялық жазудың үлгілері өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады . Қытай жазуының идеологиялық жүйесі осыдан 4000 – жыл бұрын жасалған болатын . Египед , шумер , қытай жазулары логографиялық жазу болды . Логографиялық жазу жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер осылардың бейнесімен берілсе, қала, су, дегендер бейнелі схемамен берілген . Ертедегі шумер жазуында ағаш, тау, сабақ деген сөздер , қытай жазуында күн , тау , ат деген сөздер де осы бейнелеу түрінде берілген . Жыл деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген , өйткені египедтік пальманың бұтағының саны -12 болады деп түсінген. Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Мұның бірінші түріне ассировавилон, элам , урар, сына жазулары дыбыстық корей жазуы жатады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез – келген буынды, атап айтқанда , ызыңның мынандай түрлерін белгілейтін болған : дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А , С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген. Буын жазуының екінші түріне кипр , эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді.
2. Әріп жазуы. Таза күйінде дыбыстық жазу - 2000 жылдықтың екінші жартысында пайда балса, вокалданған дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің 1000 жылдығының басында пайда болған. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу . Әр түрлі тілдерде буын санымен сөздің санынан дыбыстық саны әлдеқайда аз . Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін , әдетте 20 - дан 40 – қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады . Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері меңгеруді , сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді . Ертедегі әріп жазуы ( финский , ежелгі , еврей т/б ) дыбыстық жазу болды . Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған . Зерттеушілер ең алғашқы дыбыстық жазу мен финский жазуын атайды . Мамандардың пікірі бойынша финский жазуының ескерткіштері (Абибаал , Асдрубаал жазба ескерткіштері ) б . з . д . 10 – 11 ғасырларда пайда болған . Финский жазуында 22 – таңба бар . Олардың әрқайсысы
жеке дыбысты таңбалаған.
Әріп жазылуының таралуы б. з. д. 1000 – жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталды. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралған . Шығыста финский жазуының негізінде пайда болған аралий жазуынан Европа халықтарының әріп жазу жүйелері жасалып таралады. Жазулар таңбалардың орналасу бағытына қарай бір – біріне ажыратылады . Қытай жазуындағы идеограммалар жоғарыдан төмен қарай орналасады. Орыс, грузин, армян, өзбек, қазақ жазулары солдан оңға қарай бағытталса, араб жазуы керісінше, оңнан солға қарай бағытталған.

3. Коллиграфиялық жазуға үйретудегі методикалық тәсілдер.

  1. Жазғанда үлгімен салыстыра білу .

  2. Дыбысты жазбаша әріппе және басқа әріпті жазбаша әріпке айналдыру .

  3. Әріпті жазу тәсілдерін білу .

  4. Әріптерді жалғастыру тәсілдері ( үзбей жазу )

  5. Әріптердің биіктігін салыстыра білу жолдағы әріптердің бірдей биіктігін сақтау .

  6. Әріптерді жол сызықтарының ортасына және жолға жаза білу .

  7. Жазуды бастау , жазуды толтыру .

  8. Дұрыс көлбеу жазу тәсілі.

Бақылау сұрақтары:

1. Пиктографиялық.


2. Идеографиялық.
3. Буын.
4. Әріптік немесе дыбыстық.
11 - лекция

Такырып: Қазақ алфавитінің шығу тарихы.

Жоспар:

1. Қазақ алфавитінің шығу тарихы.

2. Қазақ алфавитінде жазылған оқулықтар.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ алфавитінің шығу тарихымен таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Қазақ балаларына ана тілінде сауат аштыру ниетімен үш жылдық білім беру жүйесі бойынша жоспарланып, 1914, 1915, 1925 жылдары үш бөлімнен тұратын А. Байтұрсынұлының «Тіл-құрал» атты оқулығы жарық көрді. Мұнда автор қазақ тілінің грамматикасын әр жылғы оқу біліміне лайықтандырып белгілі бір жүйемен оқуды мақсат еткендігі төмендегідей оқулықтарынан аңғарылады.

Оқулық алғаш 1914 жылы Орынбор қаласынан «Тіл-құрал. Қазақ тілінің сарфы. 1-ші жылдық» деген атпен жарық көреді. Мұнда А.Байтұрсынұлы балаларға сауат аштыруды дыбыс жүйесі мен түрлерінен бастайды. Яғни, әріптердің таңбалануы, олпрдың дыбысталуы, сөйлеу һәм сөйлем, сөйлем һәм сөз, сөз һәм буындар, буын һәм дыбыс, жазу қағидалары, сөз тұоғалары, жұрнақтар туралы қысқаша мағлұмат берді.

1914 жылғы «Тіл-құрал» - 1922 жылы Ташкент қаласынан «Тіл-құрал (қазақ тілінің сарфы)» деген атпен қайта басылып шығады. Бірақ, мұнда «III. Сан есім» деген тараудан кейінгі беттері түпнұсқада сақталынбаған. Ал біздің қолымызға тигені бұл оқулықтың тек 1925 жылы «Тіл-құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-ші тіл тыныштық кітап» деген атпен бесінші рет толықтырылып, қайта басылған нұсқасы. (Бұл – 1925 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атпен жарық көрген үшінші жылдық оқулықтан басқа).

Екінші жылдық оқулық «Тіл-құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші жылдық» деген атпен 1915 жылы Орынбор қаласынан басылып шықты. Мұнда автор өз жүйесі мен түрлерін оқытуды қолға алды. Бұл – кейннен 1922 жылы Ташкент қаласынан қайта жарық көрген.

Үшінші жылдық оқулық 1925 жылы Қызылорда қаласынын «Тіл-құрал» «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атаумен жарық көреді.

1925 жылғы «Тіл-құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. III-ші тіл танытқыш кітап» атты оқулығы 1927 жылы Қызылорда қаласынан осы атпен толықтырылып, қайта басылып шықты.

2. А.Байтұрсынұлының арап әрпінде (төте жазу) әр жылдары толықтырылып, өзгертіліп, қайтадан жарық көріп отырған осы - «Тіл-құрал» оқулығы 1992 жылғы «Ана тілі» баспасынын «Тіл тағлымы» (құрастырушылар – Ғарифолла Әнесов, Аманқос Мектепов) деген атпен жарық көрді. Жинақта А.Байтұрсынұлының тек 1914, 1925, 1915, 1925 (бұл басқа оқулық!) жылдары жарық көрген. «Тіл-құрал» оқулығының нұсқалары берілген. Бұл туралы жинақтың алғыс сөзінде: «А.Байтұрсынов оқулықтарының бірнеше басылымы (кейбір 6 – 7 реттен) болғаны мәлім. Мұнда бұлардың бір басылымы ғана ұсынылды. «Тіл-құрал» мен « Тіл-жұмсардың» «Баяншы» мен «Сауат ашқыштың» барлық жылдардағы басылымдары қолымызға түспегендіктен, олардың арасындағы айырмашылықтар көрсетілген жоқ. Бұл – арнайы жүргізілетін келешектің ісі» деп, келер істің ауқымын көрсеткен екен. Сондықтан қолымызға түскен «Тіл-құрал» оқулығы түпнұсқаларымен салыстырып, ұсынылып отыр.

«Тіл тағылымы» жинағында берілген «Тіл-құрал» (1914, 1915, 1925, 1925) оқулықтарымен, осы жинаққа енбеген, 1922, 1922, 1927 жылғы оқулықтардың түпнұсқасы қарастырылып, салыстырылды.

Аталған жылдардағы оқулықтарды салыстыру барысында 1922 жылы Ташкент қаласынын бірінші және екінші жылдық оқу құралдары алдыңғы жарық көрген 1914 және 1915 жылғы басылымдардың қайталанған нұсқасы екендігі айқындалды.

Тағы бір айта кететін жайыт – 1915 жылғы «Тіл – құралының» түпнұсқасы қолымызға түспегендіктен, «Тіл тағылымындағы» нұсқасы 1922 жылы жарық көрген оқулықтың түпнұсқасымен салыстырылды.

Сондай-ақ, 1927 – жылғы оқулық - 1925 жылы жарық көрген «үшінші тіл танытқыш» кітаптың толықтырылған басылымы.

А.Байтұрсынұлының әр жылдары қайта-қайта жарық көріп отырған «Тіл-құрал» оқулығының алдыңғы жарық көрген нұсқаларын түпнұсқасымен, ал қайта жарық көрмеген нұсқаларының түпнұсқалары (қолда барларының) қарастырылып, алдыңғы оқулықтардан айырмашылықтары салыстырылып анықталды.

Төменде осы оқулықтардың түпнұсқасымен және қайта басылып шыққан жылдардағы басылымдарымен салыстыруларды ұсынамыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ алфавитінің шығу тарихы.

2. Қазақ алфавитінде жазылған оқулықтар.
12 - лекция

Такырып: Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихы. Жоспар:

1. Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихы.

2. Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихымен таныстыру.

Лекция мәтіні

1. Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек . Өйткені ұзақ уақыт бір – екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе , бала шаршайды да , сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан 3 – 5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды. Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген . Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.

Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы оқушылардың ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.


Дыбыс жүйесінен теориялық білім пен практикалық дағды беруде, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын анықтайтын, бірде мұғалімнің өзі түсіндіріп, бірде оқушының өзін іздендіретін әдістің бірі—әңгіме әдісі. Бұл теориялық материалдарды практикалық жұмыстармен үштастыру негізінде жүзеге асырылады. Мұны кейде мұғалімнің түсіндіруі мен оқушының жауап сөзіне қарап, сұрақ-жауап әдісі деп те атайды. Дыбыс жүйесінен өткізілетін сабақты әңгіме әдісімен жүргізгенде, оқушылардың мына сияқты дағдылары қалыптасады: олардың білім алу талабына сай, белсенділігі артады; тілдің өзіндік белгілерін дәлелдеп айтуға қызығады; тілін ширату негізінде өз сөйлемін стилистикалық жақтан дұрыс құруға бейімделеді; өз пікірінен қорытынды шығаруға үйренеді.

Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес), сөз шекарасында да ( боз құнан , бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де ( Үмбетбай , Үмбетпай) емес сақталып жазылады.


Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград , клуб , педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады : Ленинградқа, педагогке, клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
2. Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады :
а ) әріпті дұрыс жазу , дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау ;
ә ) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды – қысқалы етпей , тегіс , бірдей жазу .
б ) әріптердің бірін оңға , бірін солға қисайтпай , барлық әріпті бірдей , оңға қарай, сәл көлбете ( 45 ) жазу ;
в ) әріптердің , сондай – ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап (сөздер бір – бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру .
г ) бірте – бірте жазу қарқынын тездете түсу .
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс .
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар :
а ) дәптер партаның үстіне , баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле ( оңға 65 ) қойылады ;
ә ) бала басын оңға не солға , иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай , аяқтарын қатар қойып , алдына түзу қарап отырады .Бұл олардың омыртқалары , көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет ;
б ) балалар табандарын еденге ( партаның табан тақтайына ) еркін басып отырады . Тізені қатты бүкпей , бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей отырғаны дұрыс ;
в ) партаға көкіректі тіремеу керек . Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады ;
г ) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см –дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн ;
д ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25 – 30 см сақталуға тиіс.
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай , әр түрлі дәрежеде өтеді:
фонетикалық жазу дыбыстық - әріптік талдауды шебер жүргізуді , дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді ;
морфологиялық жазуда сөздің грамматикалық мағыналарын түсініп, ережелерді үйрену басым болады.
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:
1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн .
2. Сөздің айтылуына және жазылуына , грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал , тыңда, зейін аудар, т / б . Жіберілген қателермен жұмыс жасау:
Жазғаныңды тексер, түзет , қайта жаз , осыған ұқсас мысал ойлан, т / б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
3 . Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, “ неге ? “ сұрағын көбірек қою.
4 . Сөйлеу әрекетінің бірде – бір жағын естен шығармау керек : дыбыстық әріптік талдау , сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
5 . Грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен кезектестіру. Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар . Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
Бақылау сұрақтары:


1. Сауат ашу кезеңіндегі дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің зерттелу тарихы.

2. Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар.




13-лекция.

Такырып: Бастауыш сынып оқулықтарының жазылу тарихы.

Жоспар:

1. Бастауыш сынып оқулықтарының жазылу тарихы.

2. Қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған методикалық еңбектер.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге бастауыш сынып оқулықтарының жазылу тарихымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Қазақ тілі методикасының өзіндік тарихы бар. Бұл методиканы тәртіпке келтіруде талай ғалымдар зерттеп еңбек сіңірді. Көптеген тәдірибелердің, зерттеулердің нәтижесінде қазақ тілін оқыту методикасы жасалды.

Қазақ тілін оқыту методикасының зерттеулерінде құнды пікірлер айтып,ғылыим мақалалар және методикалық тұрғыдан сапалы оқулықтар жазған адамдар аз емес. Солардың ішінен Ы. Алтынсарин, Қ. Басымов, Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, III. X. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, А. Ысқақов, Ә. Садуақасовтврды атауға болады

Қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар өте көп. Бірақ ол осы күнгедейін тәртіпке келтіріліп, жинақталып берілмей жүр.

Методикалық тақырыптарға жазылған кітапшалар мен көлемді еңбектер де аз емес. 1935 жылға дейін жеке мақалалар болмаса, кңтапша болып немесе жеке тақырыпқа арналып жазылған еңбектер жоқтың қасы болды. Тек 1935 мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінен алып «Бастауыш мектепте қазақ тілінің әдісі» деген жинақ шықты. 1936 жылы С. Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш» атты орта мектептің V – VI кластарына арналған кітапшасы басылды. 1937 жылы мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерін жинақтаған «Әліппеге әдіс жөнінен жетекші» деген кітапша, 1938 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілінің әдісі» деген кітапша басылып шықты.Онымен бірге 1938 жылы С. Жиенбаевтың «Үлкендерге хат танытудың методикасы», ал 1939 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы» кітапшалары жарыққа шықты. 1940 жыл одан бұрынғы жылдарға қарағанда, методикасыныңметодикасының қазақ тілін оқыту методикасы туралы еңбектер шығру жағынан біраз табысты жыл болды. Өйткені бұл жылы (1940 жылы) Ғ.Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы» деген көлемді еңбегі, С.Жиенбаевтың «Сөйлемнің тыныс белгілері» атты еңбегі, Ә.Садуақасовтың «Сауат ашу методикасы» деген кітапшасы жарыққа шықты. 1941 жылы С.Жиенбаев өзінің «Қазақ тілі методикасы» атты көлемді еңбегін шығарып, қазақ тілі методикасын ғылыми тұрғыда зерттеуге үлкен үлес қосты. 1942 жылы С.Жиенбаевтың «Грамматикалық таблицалар», 1944 жылы «Жаттығу емле тіл дамыту» атты методикалық еңбектері баспадан шықты. 1950 жылы Ғ.Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарияланды.

Бұдан соң 1955 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасынан жеке тақырыптарға арналып жазылған еңбектер болмады. Дегенмен 1955 жыл, басқа жылдарға қарағанда, қазақ тілін оқыту методикасын зерттеу жағынан біраз өрлеу жылы болды. Бұл жылы Ш.Х.Сарыбаевтың «Үшінші кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқаулар» атты еңбегі, Ғ.Бегалиевтің «Үшінші класс «Ана тілі» кітабына методикалық нұсқаулар», Ә.Сыдықов, Ж.Жолаев, Ә.Ермековтардың «Әліппені оқытуға көмекші», А.Айдарбековтың «Төртінші класта қазақ тілі сабақтары» атты еңбектері баспадан шықты, 1956 жылы Ш.Х.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту методикасын зерттеудегі көп жылдық тәжірибесіненқорытып жазған «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері (1 – бөлім, фонетика және морфология) атты еңбегі жарыққа шықты.

Қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуде ерекше табысты және көп үлес қосқан жыл – ол 1957 жыл болды. Бұл жылы Қазақстан Орталық партия комитетінің басшылығымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін жақсартуға арналған республикалық кеңес өткізілді. Кеңес алдында Педагогикалық ғылымдар институты мен республика мұғалімдері көп дайындықтар жасап, өздерінің көп жылдық тәжірибелерінің қорытындыларын осы кеңеске ұсынды. Кеңесте қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқыту сапасын жақсарту туралы 67 баяндама таңдалды. Осының тәжірибесінде Педагогикалық ғылымдар институты мектеп мұғалімдерінің тәрбиелерін қорытып, кітаптар етіп шығарды.

2. Мұнымен бірге қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған мынадай методикалық еңбектер жарыққа шықты:

1. Ә.Шәріпов «Қазақ мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту жайлы және оны КПСС ХХ съезінің қарарлары негізінде жақсарту шаралары туралы», 1957 ж.

2. А.Ысқақов «Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту жөніндегі ғылыми – зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері туралы», 1957 ж.

3. Р.Әміров «Бастауыш класс оқушыларының тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар», 1957.

4. И.Ұйықбаев «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», 1957 ж. 5. И.Ұйықбаев «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», 1957 жыл.

6. Ә.Хасенов «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», 1957 ж.

7. Ә.Хасенов «Пунктуацияны оқыту жолдары», 1957 ж.

8. Ф.Мұсабекова «Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін жазба жұмыстары», 1957 жыл.

9. Қ.Барманқұлов, Ғ.Бегалиев «Екінші класта қазақ тілін оқыту жөнінде методикалық нұсқау», 1957 ж.

10. Ж.Жолаев «Бірінші класта қазақ тілін оқытуға методикалық нұсқаулар», 1957 жыл.

11. Ә.Қасымбеков «5 класта сөз құрамын оқыту» 1957 жыл.

Бақылау сұрақтар:

1. Бастауыш сынып оқулықтарының жазылу тарихы.

2. Қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған методикалық еңбектер.
14 - лекция.

Такырып: Техникалық құралдардың шығу тарихы.

Жоспар:

1. Техникалық құралдардың шығу тарихы.

2. Техникалық құралдары оқу ісінде пайдалану

Лекцияның мақсаты: Студенттерге техникалық құралдардың шығу тарихымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Балаға сапалы әрі тиянақты білім берудің ең тиімді деген әдіс – тәсәлдерін педагогтар казіргі педагогика, психология ғылымдарынан соңғы табыстарынан, оның бер жағында алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс – тәжрибелерінен, кибернетикалық, социологиялық, зерттеулердің нәтижесінен көптеп іздестіруде. Сондай-ақ, кһрнекі психолог ғалымдар оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды, атап айтқанда, проекциялық дыбысты қайыра естіртуші, жазып алатын апараттарды, дияфильм, кинофильм, телевизияны пайдалану сабақ процесін жандандыратынын, оқушылардығ сол пәнге қызығушылығын арттыратынын, өздігінен ізденуі мен шығармашылық бағытта ізденістер жасауына мүмкүншіліктер жасайтынын дәлелдеп отыр.

Соңғы жылдардағы психологиялық – педагогикалық зерттеу жұмыстарының нірижелеріне шолу жасағанымызда техникалық құралдарды пайдаланып откізілген сабақтарда оқушылардың жалықпайтыны, жаңа оқу материалын қабылдау процесінеолардың әр түрлі сезім мүшелерін (көру, есту, т.б.) қатысатыны, соның нәтижесінде оқушылардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалдарды олардың берік қабылдауына мүмкіндік туатыны дәлелденді.

Техникалық құралдардың еш уақытта да мұғалімнің ролін атқара алмайтыны түсінікті. Ол мұғалімге көмекші құрал ғана бола алады. Өйткені « мұғалім оқушылар үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, еліктейтін үлгісі де. Олай болса, мұғалімді техникалық құралмен ауыстыру педагогикалық істегі маңызды нірсе – мұғалімнің жеке басы өнегесінің оқушыға тигәзетін тәрбиелік ықпалын жойған болар еді. Мұғалім сабақ үстінде жаңа материалдарды түсіндіру барысында оқушылардың коз алдында өзінің ойлану – толғануы арқылы оларды қажетті дағдыларға үйретумен қатар, логикалық ойлауға, ғылым мен техника мәселелерін шығармашылықпен зерттеу әдісімен шешіп үйренуге баулиды. Егер сабақ жүйесінен мұғалімді алып тастасақ, бүкіл оқу процесі бұзылады да, оқытуда ешкандай тәрбиелік әсер қалмайды. Сондықтан, педагогикалық процесте басты орын алатын мұғалім әліде негізгі тұлға болып саналады. Барлық техникалық кұралдар, оның ішінде «оқытатын машина да» мұғалімнің ролін атқара алмайды, олар мұғалімнің қолындағы балаға әсер ету мүмкіндіктерін көбейтетін құрал ғана болып саналады» .Сөйтіп, мектептегі оқу – тәрбие жұмысында техникалық құралдарды пайдалану бағдарламалық материалды оқыту дәрісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің басқа да жақтарының жақсаруына жәрдемін тигізеді.

Ресей Педагогика ғылым академиясының оқу, кино, радио және телевизия лабороториясының ұжымы көптеген жылдар бойы техникалық құралдарды процесінде пайдаланудағы тимділікпен қандай проблемаларды шешу керектігі жөнінде бірсыпыра ғылыми –зерттеу жұмыстарының қорытындысын жинақтап, тимді деген проблемаларды атап көрсетті. Атап айтқанда, «техникалық құралдардың көмегінсіз сабақты түсіндіру қиын. Физиканың кәзіргі сан алуан табыстарын бұрынғыдай ауызекі түсіндіру мүмкүн емес. Казіргі сабақта телевидениенің көмегімен қиын физикалық тәжрибелерді 1-2 сабақ көлемінде менгеріп жүр. Түсіндірілетін тақырып жөнінде оқулықтан тыс көптеген материалдарды да, сондай-ақ ғылыми жаңалықтармен толтырып, сабақтың сапасын артыруға болады. Мысалы, мұғалім физикалық географианы оқытуға картаны ғана пайдаланатын. Казір сабақта географиалық оқу фильімдерін оқушылар леледидар арқылы көріп, жан-жақты хабардар болады. Белгілі бір жүйеде, қалыпты оқытудың сапасын, тиімділігін арттыруға көңіл бөлінеді. Мысалы, шет тілін үйренуге көп уақыт кететін де, оның нәтижесі айтарлықтай болмайтын. Кәзіргі фоножинақтар, дыбыстық апараттар «тілдік орта» құрып, шет тілінің ең тамаша деген дикторының орындауындағы дыбысталуын магнитофоннан тыңдап, өзінің қатесін түзейді немесе жақсы сөйлеуге жатығып жағдыланады. Оқушылардың ой-өрісі, талғамын, қабілетін арттыруда техникалық құралдардың тиімділігі ерекше. Мысалы, деректі филімдерді көру арқылы шет елдердің, Отанымыздың ауыл шаруашылығындағы, ғылымындағы, техникасындағы, спорттағы жаңалықтарды күнбе-күн көріп, естумен қатар, көптеген деректі материалдармен танысады.

2. Техникалық құрал мұғалімді бірқатар жұмыстардан босатып, өзінің шығармашылық ісіне көңіл бөлуге мүмкүндіктер жасайды. Мысалы, оқушы білімін машина арқылы тексеру іске асырылуда. Мұғалім әнгімелесу, сұрақ-жауап әдістерін пайдаланып, үнемі сөйлейтін болса, казыр ара-арасында техникалық құралдард пайдаланып, біраз жеңілдіктер алып отыр. Мысалы, Әдебиет оқу сабақтарында мамандардың орындауындағы фоножазуларды қолданып, мәтінді мәнерлеп оқу могнитофон арқылы жүргізіледі.

Техникалық құралдарды оқу процесінде жүйелі пайдалану мұғалімнің түсіндіру әдісі мен оқушылар өздігінен орындайтын жқмысына да әсерін тигізді. Оқушылар теледидардан, оқу фильімдеріне көптеген мағлұматтар алады. Сондықтан мұғалім үйге берілетін мателиалдарды жаңадан белгілеуіне тура келеді.

Техникалық құралдарды үнемі пайдалану жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие ісіне өзгерістер енгізуге жағдай туғызуы ықтимал. Сабақ оқу процесінің бірден - бір негізгі формасы болып есептелмеуі де мүмкін. Келешекте оқушыларды топтарға бөліп, үлкен аудиторияларда оқытуға болады. Казіргі педпгогика ғылымының алдыңғы тұрған негізгі міндет, проблема семинарлық жұмыстар үйымдастыру, - дейді көптеген ғалымдар.

Техникалық құралдарды оқу-тәрбие ісінде пайдаланудағы осындай негізгі проблемалық мәселелерді басшылыққа ала отырып, әр мұғалімнің практикалық жұмысында казіргі кездегі сабақтың негізгі компоненттерін сұрыптап, оқытудың жаңа талаптарына жауап беретін тиімді тәсілдерді енгізу басты мәселелердің бірі болып отыр.

Казіргі техникада, ғылымды үш түрлі дыбыс жазу қолданылады. Бірі – механикалық дыбыс, бұл өндірісте граммофондық пластикалар үшін пайдаланылады. Екіншісі –оптикалық дыбыс, кинода ғана қолданылады. Үшіншісі – магнитті дыбыс, радиоторабы, дыбыстық кино, т.б. мақсаттарда қолданылады.

Дыбыстық аппараттарға магнитофон, радиолар, грамжазулар, пластика ойнатқыштар жатады, ал фонограф, граммофондар XX ғасырдың басында оқу-ағарту жұмыстарында пайдаланыла бастаған, Мысалы, ең бірінші фонографты оқу құралы ретінде пайдалану керектігін ұсынған орыстың ұлы жазушысы Л. Толстои болған.

Орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау ретінде фонохрестоматия жасалды. Оған орыстың көрнекі ақын-жазушылардың таңдаулы шығармалары енді.

1972-1973 оқу жылында грампластикалар қазақ тілінде шығарылды. Онда Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми – зерттеу ғылыми қызыметкері А. Асқарбаеванвң мәнерлеп оқуындағы мәтін грампластикага бірінші рет жазылған болатын. Казір оны мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие ісіне пайдаланып жүр.

Соңғы жылдары өндіріс орындары оқу ісінде пайдаланылатын дыбыстық апараттарды көптеп шығаруды қолға алды. Ресей педагогикалық ғылым академиясының ғылыми қызыметкерлері З. С. Харьковски, Л. Ц. Цесарский, Д. П. Василевский және Ф. Р. Шлейснер оқу ісінде колданылатын магнитофондардың құрылысын өзгертуде көп еңбек етті. Олар магнитофонды пайдалану талаптарын белгілеп, бұл жөнінде ғылыми жұмыс жүргізді. Осы бойынша жаңадан ұсынылған магнитофондар мұғалімнің немесе оқушының сөзін сапалы жаза алатын болды. Радиоторабынан дыбысты бұрыс қабылдап, қайта жазуға мүмкүндік ашылды. Ал дыбыстық апараттардың құрылысы техникалық жағына барған сайын жетілдіре келіп, оқу – тәрбие ісінде қолданылатын магнитофондар осындай талаптар негізінде жұмыс істейтін болды.

Дыбыстық апараттар сияқты, киноның да тарихы ертеден басталады. Ең алғашқы проекциялық апарат XYI ғасырда жасалған, оның жұмыс істеу принципін алғаш рет дәлелдеген Италианың атақты ғалымы Леонардо да Винчи болды.

Қазақстанда да киноматографияның дамуына зор көңіл бөлініп, көптеген шаралар белгіленді. 1923 жылы Алматыда «Восток» кино тресі құрылды.

1929 жылы «Бүліншілік» , 1923 жылы «Түрксіп» 1931 жылы «Жүт» 1932 жылы «Қаратаудың сырлары» 1938 жылы «Аманкелді» киноленталары жарыққа шығып, көрермендер ықыласына бөленді.

Қазақстанның кейбір мектептері мен жоғары оқу орындарында 1954-56 жылдары оқу киносы колданыла басталды.Мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында 1960 жылдан бастап штатты оқу киносының әдіскерлері жұмысқа кірісті.

Алматы қаласында 1965 жылы Республикалық ғылыми – практикалық конференция шақырылды. Онда Республика мектептеріндегі педагогикалық еңбек шеберлерінің іс –тәжрибесі кеңінен талқыланды. Оқу – тәрбиесі ісінде техникалық құралдарды пайдалану жолдары сөз болды. Конференция материалдары екі тілде (орысшы, қазақша) жинақ болып жариаланды.

Техникалық құралдары оқу ісінде пайдалануға ғалымдар едәуір үлес қосты.Бұл салада техника ғылымының докторы М.Құдайқұловтың «Оқу киносы», «Оқу киносының практикумы» деген еңбектері мұғалімдердің күнделікті дидактикалық оқу құралдарына айналды.

Қазақ тілінде оқу диафильімдерін жасау 70-жылдардан былай қолға алына бастады. Бұл салада қазақ тілінде шыққан 15-тен астам оқу диафильімдерінің тәрбиелік мәні зор болды.



Бақылау сұрақтары:

1. Техникалық құралдардың шығу тарихы

2. Техникалық құралдары оқу ісінде пайдалану
15 - лекция

Такырып: Қазан революциясынан кейінгі оқу-ағарту ісі.

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына озат тәжірибенің әсері.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Қазан революциясынан кейінгі оқу-ағарту ісі жөнінде мәліметтер беру.

Лекция мәтіні

1. Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми негізгі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты. Ол ұлы орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идияларынан сусындады, мектептегі оқу процесінің ғылыми негізде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениеттің ілгері дамуын аңсады.

«Мектеп - қазақтарға білім берудің басты қүралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» деген болатын.

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашу жұмысын түңғыш ретдыбыстықәдіс бойынша үйымдастырды. Ол оқулыққа жазған алғы созінде: «8 бөлімге бөлініп берілген зат аттарын оқушылар жаттап алғаннан кейін, әрбір бөлімнің соңында берілген грамматикалық ережелерге «Қүралда» берілгениен де молырақ токталу қажет және келтірілген үзінділерге сәйкес оқушыларға жаңа сурақтар қойып, род (тек), септік т.б. бойынша сөздердің өзгеруін олар игеріп алғаннан кейін, соған ұқсас мысалдарды корсстіл беру керек,» — деді,.сондай-ақ жаттығу жұмысына, ауызша жөне жазбаша ойын дұрыс айтып, жаза білуге, еркін соіілсуге үлкенмән берді.

«Тіл мамандарының кеңес түсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керскті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30-жыддардатіл мамандарытекалфавит, орфография, пунктуация, анатілі оқулықтары (грамматикалық сөздіктер) жөне басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.»

1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Онан кейін осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін окыту әдісі» деген жинақ шықты.

1936 жылы орта мектептің V—VII сыныптарына арналған ("ейіл Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1938 жьілы « Үлкеңдерге хат танытудын методикасы», 1939 жылы «Бастауыш мсктепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы», 1942 жылы «Грамматикалық таблицалар», 1944 жылы «Жаттығу емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылымы) деген еңбектер жарық көрді.

Бүл еңбектердің қазақтілін окыту әдістемесінде алатьш орны ерекше. Ондақазақтілі әдістемесінің педагогикалық негіздері, жазу жүмыстары, талдау үлгілері, грамматикаңы оқыту, кітап оқу әдістемесі сияқты мәселелерге тоқталумен бірге, «мүғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше .түрлі өдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба,» - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазірде де мәнін жойған жоқ.

Қазақтілін, әсіресе, грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» деген макаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Гали Бегалиевтің «Бастауьш мектепте қазақ тіяінің методикасы», онан кейін 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтьщ «Қазақтілі методикасыньщ кейбір мөселелері» (I бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.

1957 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің басшылығымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін жақсартуға арналған республикалық кеңес өткізілді. Кеңесте қазақтілі мен әдебиетін жақсарту туралы мәселе қаралды. Осы жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазақ ҚСР Оқу министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми-эерттеу институтының қазақ тілі жөне әдебиеті бөлімі қазақ тілі әдістемесінің жүйелі курсын жасауға кірісті.

Қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламаларын жақсарту еңбек сіңірген ғалым (сол кездегі институт директоры) професеор Ахмеди ЬІскақов болды. Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмысын дүрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, әдісксрлерді, ғалымдарды қазақтілін оқыту мәселесімен айналысуға жүмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жүмыстардыи, нәтижесінде осы жылдың оііиде-ак. казақ тілін окытудыц кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық корді.

Бүл салада Қазақ КСР-іне енбсгі сіңгеп мүгалім Иманбек Үйықбаен Сейіл Жиенбаевтан, Шамгали Сарыбаевтан кейінгі қазақтілі әдістемесін дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И.Үйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқытумәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуга көмекші материалдар»; ал 1962 жылы «Қаздқ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері басылып шықты. Бұл еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жакты талдау жасады, оны қазір үстаздар ездерінің іс-тәжірбиесінде кеңінен пайдалаиып жүр.

Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тіліиің бағдарламалары мен оқулыктарын жетілдіру, жақсарту жекінде кеп еңбек сіңірді, 1957 жылы «Жай сөйлем. синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуаідияны окыту жолдары» деген әдістемелік еңбектері жарық керді.

2. Бұдан кейін әдістеменің басқа да мөселелері зерттеле бастады. Әсіресе, қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі әдістемелік жағьшан терең зерттелді. Бұл салада кеп еңбек еткен, орфография женінде күрделі әдістемелік еңбек жазған Кәшен Жолымбетов болды. Оньщ 1958 жылы «V—VI сыньш оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары», «V—VII сынып оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар» (1961), «Қазақ орфографиясын оқытудың негізі» (1962) атты әдістемелік еңбектерінде казақ орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен әдіс-тәсілдер сараланып берілді.

Қазак ті ліндегі тыныс белгілерін оқытудың әдістемесін жагг жақты зертгеген — Шәріп Әуелбаев. Оның «Қазақтілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған қүрылымдық схемалар» (1971), «Пунктуацияның қиын мөселелері»(1977), «Қазақ тілі сабақтарының мазмүны мен жоспарлау үлгілері» деген моиографиялық еңбектерін мұғалІмдер жұртшылығы жаксы кабылдады. Әсіресе, тыныс белгілері женінде жасаған қүрыл ы мді,і к, кестелерін жоғары оқу орындарының студенттері, жас мүгалімдер кеңінен пайдалануда.

Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы «Қазақ тілін оқыту методиісасы» атты еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндетт.ері, төрбиелік мәні, оның ғылыми исгіздері, баска пәндермен байланысы, білім берудің әдістері мен жолдары деген мөселелерге токталды. Бұл еңбек күні бүгінге дейін өзінін практикалық құнын жойган жоқ.

Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім келемі де ұлғайды. Осыған орай оқу пәндерінің гылыми-теориялық дәрежесін кетеру, оқьггу тәсілдерін жетілдіру, оқугаыларға кең көлемде білім беру жолдарьш қарастыру, оқу-тербие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқыгудыңтиімді әдісімен қаруландыру, оқытудын кабинеттік жүйесіне кешіп,техникалық қүралдарды кеңірек қолдануды ұйымдастыру, сабакты мазмұнды орі тартымды жүргізу талап етілді.

Бұл игі істерді ұйымдастыруда, оны дүрыс жолға қоюда Ы.Алтынсарин-атындағы Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының қазак тілі әдістемесі бөлімі біраз еңбек атқарды.

Осы сөз болып отырған такырып авторларының бірі Балғаным Кұлмағамбетова 1956 жылдан бастап қазақ тілі әдістемесінің кептеген мөселелеріне ғылыми әрі практикалыкжағьшан зертгеу жұмыстарын жүргізіп: «Қазақ тіліндегі етістік категориясьш оқыту» ( 1957), «Құрмалас сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері» (монофафия) (1963), «6-кластақазақтілі сабақтарьшабайланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5- класта қазақ тілі сабақтарына байланыщы тіл дамыту жұмыстарьш ұйымдастыру» (1966),. «5-класта қазақ тілі және әдебиеті сабағында техникалық құралдарды пайдалану» (1968), - «Қазақ тілі сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану» (1973), «Аз комплектілі мектептерде сабақты үйымдастырудың жоддары» (1974), «Қазақ тілінен 6-класқа арналған дидактикалық материалдар»(1975, 1979, 1983), «Қазак тілінен 4-5-кластарға арналған үлестірме карточкалар» (1978),» 4—9-кластарға арналған тіл үстарту» (1978), «Кабинеттік жүйе және қазіргі сабақ» (1982), 7-класс қазақ тілі оқулығына «Методикалық нұсқау» (1983), «Жай сейлемдер синтаксйсінің таблицасы» (1984), «Қазақтілі» оқулығы (шет елдерде тұратын отаидастарға арналған, 1984), «Қазақтілі сабағында техникалық кұралдарды пайдалану» (1984), «Кешегі және бүгінгі Алматы» (1984) оку диафильмі» еңбектерін жазды.Бұл енбектер қазір мектеп . практикасында пайдаланылуда.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту өдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі — Бибігүл Кәтенбаева. Б.Кәтенбаеваның «Сөз құрамын оқыту»(1968), «4-кластың қазак тілі оқулығына методикалык, нұсқау» (1984), «5-кластьщ қазак тілі оқулығьша методикалық нұсқау» (1982-84), «Еліктеуіга сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудын методикасы» (1975), «ІУ-ІХ кластарда тіл ұстарту» (1978), «Қазақ тілінен IV-V кластарға үлестірмелі карточкалар» (1978) «Қазақ тілінен 5-класқа арналған дидактикалық материал» (1976,1980,1983), «Қазақ тілі оқулығы» (5-класка арналган, 1982, 1983, 1986), «Грамматикалык таблицалар» (1972, 74, 77, 79, 83) ( 4, 5, 6-кластарга арналган); «Москва - бақыт астанасы» (1982), «Қаскырды жешен бала» (1983) оқу диафильмдері мүғалімдер_ кітапханасынан берік орын алды.

1978 жылдан бастап казақ тілі әдістемесінін лсксика белімі де бірсыпыра зерттеле бастады. Бұл салада Айтбай Айғабыловтың «Лексиканы оқытудық кейбір мәселелері» (1980), 6-класқа арналған «Қазақтілі» оқулығы (1982,1984), «6-класс казақтілі оқулығыньщ методикалык нұсқауы»(1983), «Морфол-ь/ияға байланысты грамматикалық таблица» (1984), «Қазақ тілінің программасы» (1983, 1984), М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңгімесіне байланысты жасалған оку диафильмі (1984) сиякты еңбектері жарық көрді.

Қазақ тіліндегі құрмалас сейлемдер синтаксисі де біршама зерттелді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Х.Арғыновтың «Жай сейлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957), «Қазақ тілі» методикасының негіздері (1969), «Құрмалас сөңлем синтаксисінің методикасы» (1964), «Қазақтілі методикасы» (1974), «Құрмалас сөйлемдер таблицасы» (1985) тағы да басқа еңбектерін атауға^ болады.

Қазақтілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелді. Бұл салада Мұлипа Дүйсебаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері»(1973), «Орфоэпиялық сөздік» (1982), А.Исабаевтьщ «Фонетиканы оқыту»(1965), «Қазақ тілі дыбыс методикасыиың негіздері» (1973) деген еңбектерін мұғалімдер кеңінен пайдалануда.

Міне, оқулық авторлары, әдіскерлер, ғалымдар қазақ тіліи окыту мәселелерін казіргі өмір талабына сай қойып отырған игі істср тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізіп, келешекте оку-торбие, ісін кешенді ұйымдастыруға мүмқіндіктер жасады. і; Қазақ тілі әдістемесініқ ғылыми-теориялык мәселелері тіл білімімен қатар, мектеп тәжірибесіне де сүйенеді. Мектеп тәжірибесі, онын ішінде озат төжірибе арқылы әдістеме теориялык жағынан жетіліп, толығып, жаңа факті, идеялармен байып, мүгалімдер тәжірибесі өдістемені дамытьщ отырады. Сондыктан озат тежірибені мектеп төжірибесіне ендіру - аса қажетті меселелердін бірі. Өйткені озат тәжірибе арқылы сабактын вдістемесін жетілдіру, оқушылардың ақыл-ой цербестігін, ганымдык кабілеті мен қоғамдық белсенділігін дамыту, білімге ынтасын арттыру, педагдгикалықокулар өткізу сияқты проблемалар іске асырылады. Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі әдістемесі бөлімі 1954 жылдан 1987 жылға дейін 15-тен астам қазақ тілі мен әдебиеті муғалімдерінің іс-тәжірибелерін жинақтап, кітапша етіп шығарды.

1978-1980 жылдардан бастап алдыңғы қатарлы озат мұғалімдеріміз Мәскеу қаласы мен Волгоград облысы мұғалімдерінің бастамаларына әр уақытта үн қосьш отырды. «Творчестволықпен жұмыс істейтін мұғалімнең тиорчестволықпен жұмыс істейтін коллективке жетейік» аттьі Мәскеу облысы Краснояр елкесі мұғалімдерінің бастамасы, «Әр сабаққа - үздік әзірлік, қазіргі заманғы тәсілдер, жоғары сапа» атты волгоградтықтардың үндеуі республикамыздың сан мыңдаған мұғалімдерін жігерлендірді.

Қоғамнық дамуы өскелең ұрпаққа тәрбие беруде, оны Отан игілігі үшін еңбекке даярлауда жалпы білім беретін мектептің жауапкершілігін көтеруді талап етті.

СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан өрі жетілдіру туралы» жене СОКП Орталық Қомитетінің «Идеология.шқ-саяси тәрбие жұмысын одан әрі жақсарту туралы» қаулыларында мектептіңтәрбиелеушілік міндеттерін сапалы Шешуде мектептегі пәндік кабинеттерді дұрыс ұйымдастырып, оны оку-тәрбие ісінде орынды пайдаланудың мәні зор.

Атап айтқанда, оқушыларға берілетін білім қорын кұнделікті емір тәжірибесімен, әрбір .сабақта мұғалімнің сезімен ұштастыратын кернекілікпен байланыстыра отырып, оның тиімділігін арттыру тек жақсы жабдықталған, дұрыс ұйымдастырылған пәндік кабинеттер арқылы іске асырылады.

Оқытудың кабинеттік жүйесіне көшу - мектептердің экономикалық, педагогикалықжәне ұйымдықтұрғыдан кұрделі проблемаларыньщ бірі.

Республикамыздың көптеген мектептерінде озат мұғалімдер сабақты кабинеттік жүйе бойынша шығармашылыкдён еткізіп, сыныптан тыс жұмыстар жүргізудіқ алуан тұрлі тәсілдерін жетілдіруде, сондай-ақоку кабинеттерін қазіргі заман талабына сай қалай жабдықтауды, сол аркылы тәжірңбе мен оқыту процесін кешенді ұйымдастырып, қажымай-талмай еңбек етуде.

Алдыңғы катарлы мұғалімдер мектептегі бүкіл оку процесі аркылы оқушылардың білім алуға деген ынта-талабын оятып, олардың таным белсенділігін -арттыруда көптеген жүмыстар атқарып отыр.

Оқушылардын, саналы көзкарасының негізі мектепте қаланады. Мүның өзі бүкіл оқу-тәрбие жүмысы арқылы іске асырылады. СоТідықтан мүіалімдсрдін. гылыми-теориялық білімдерін үнемі көтерім, модепи жөне идеялык. саяси өресін кеңейтіп, үстаздык шеберлігін әрқашан жетілдіріп отыру қажет. Мұғалім оқыту үшін ең алдымен өзі оқуға тиісті. Ол сонда ғана мектептің алдында тұрған көп міндеттерді ойдағыдай шеше алады. Демек, ғылыми әдістеме әр уақытта да мұгалімдердің озат іс-тәжірибесімен байып, толысып отырмақ.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін салушылар кімдер, олардың қандай еңбектерін білесіз?

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі қалай дамыди, оның даму сатысына талдау жасаңыз.

3. Қазак тілін оқыту әдістемесіне орыс тілін оқыту әдістемесінің қандай әсері болды?

4. 1957-1970 жылдар арасында қазақ тілін оқыту әдістемесіне еңбек сіңірген қандай әдіскер-ғалымдарды білесіз, олардың кандай енбектері бар? -

5. 1970-1985 жылдарарасындақазактіліноқытуөдістемесінде қандай өзгерістер, жаңалықтар болды?

6. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына озат тәжірибенің қандай әсері болды?


16 - лекция.

Такырып: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жоспар:

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы



2. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ тілі мен әдебиетке қосқан үлесі

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы мәлімет беру.

Лекция мәтіні:

1. «Алмас қылыш жатпайды қыл түбінде» демекші қара күш қанша құлыптап ұстаса да, қара құлыпты қақ жарып, өнер нұры жарқ етті. Иә, өнерді қаптаса ұстауға немесе мүлде жойып жіберуге болмайды деген осы. Шын көркем туынды мәңгі өмір сүреді. Ол өзінің иесіне - халқына қайта оралады екен. Кезінде жасампаз жақсы жырлармен елге әйгілі болған жазықсыз ақын ақталады. Атақты ақының Шәкәрімнің асқақ үні ұзақ жылдар бойы өзін аңсап күткен қазақ даласын қайта жаңғыртты. Жақсылықтың жаршысы, ақыл-парасаттың кемел иесі, адамгершіл ақынның жарқын жырлары хақының игілігіне қайта қайтарылды. Қазақстан коммунистік партиясының орталық комитеті «Шәкәрімнің творчестволық мұрасы туралы» (1988 жыл, cәуір айы) қаулысында ақынның мұрасы туралы жақсы айтты. Партияға мың алғыс ... «Ақынның атын ақымақ сөндіруге тиіс емес еді».
Шәкәрім – суреткер, жазушы, атақты ақын. Бай да маңызды мұра қалдырған, өзіндік творчестволық жолы сайрап жатқан сирек кездесер таланттың бірі.
Шәкәрім XIX ғасырдың екінші жартысы, XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүріп, шығармашылықпен шұғылданады. Оның өнеге көрген ортасы – Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың талант сүйгіш төңірегі. Шәкәрім жасаған дәуір еліміз қоғамдық жаңғыру жолына түсіп, Россия қарамағында соның бір өлкесі есепті тарихи қадамдар жасап, өзінің экономикасын да, саяси-әлеуметтік жағдайын да түзетуге бет бұрып жатқан кезең.
Шәкәрім осы тарихи кезеңнің талантты перзенті. Бұл жағынан ол халқымыздың зиялы қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Омар Қарашев тағы басқалармен тағдырлас күрескер болды. Олардың бәрі де өздерінің революциялық өсу кезеңдерін бастан кешті. Туған халқының мәдениеті, азат ел болып, еркін еңбек еттіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты.
Шәкәрімнің туып өскен ата-баба шаңырағына да қазіргі біраз жұрт қанық. Қанық болғанда Құнанбайдв, Абайды, оның ұрпақтарын білу арқылы таныс. Құнанбайдың бір әйелінен - Құдайберді, екінші әйелінен абай туған, Шәкәрім Құдайбердінің кенже ұлы. Шешесі – Дәметкен. Яғни, Шәкәрім – Абайдың жақын інісі. Абайдан 13 жас кіші Абайдың ақын балалары Ақылбай мен Мағауиядан үлкен. Жас шақтарында бұлар бірге тәрбиеленген. Әсіресе, олар Абай тәлімін қатар меңгерген. Болашақ ақындардың балалық бесігі, ұшқан ұясы – Абай мектебі. Сонымен қатар ол ауыл мектебінде оқып білім алады. Әкесі жас шағында қайты болғанымен, жетімдік көрмей емін-еркін өседі. Құнанбай шаңырағының болашақ иесі есепті бетқақпай көрмейді. Оның үстіне, Шәкәрім жас шағынан пысық, кітап оқу мүмкіншілігі жетілген кезден бастап, кемеңгер Абай оны терең білім алуға бағыттап отырады. Өз тарапынан Шәкәрім де білім салаларының ілкі басқыштарына тез жетіліп, ерекше үлгеріп, ынта-жігер көрсетеді. Бойына туа біткен талантын да ерте танытады. Есіткенін ескергіштік, айтқанды тез ұғып алғыштық, ерекше ынта-жігерлік байқалмай, есті адамдардың назарына ілінбей қалмайды. Әсіресе, оқығанын тез жаттап алғыштығы, Абай ағасының шығармаларын оқып, жадында ұстағыштығы ерекше көңіл аудартқан. Бұл кезді Шәкәрімнің « Семьялық мектептен» өткен шәкірт шағы деуге де болады. Асылы, мұндай «Семьялық мектеп» өз бетімен оқып, жетілу үлгісі Құнанбай семьясында қалыптасқан дәстүрлі үрдіс. Абайдың өзі қалай өз бетімен оқып жетілсе, Шәкәрім де сол жолмен тәрбиеленген.
«Шәкәрім - өз өмірін өзі жазып кеткен адам», - деп көрсетеді жазушы өміріне жетік ғалым Қайып Мұқаметханов. Жазушының шежіре кітабында жазғандарынан ол мысалдар да келтіреді. Мысалы: «... Ер жеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарды оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім», - деген екен Шәкәрім.
Жастық, махаббат тақырыптарына жазған шығармалары Абай өлеңдеріне көбірек ұқсайды. Рас ара-тұра гауһар, лағыл, пейіш, хор қызы, ай, жұлдыз сияқты халықтық теңеулерді қолданады. Ғашық жарға деген жүрек сырын, ақ адал ниетін, бойын билеген шын сезімдерін ұстазынша жырлайды:
Гауһардай көзі,
Бұлбұлдай сөзі, жаннан асқан бір пері.
Жүзі бар айдай,
Мінезі бар майдай, өзгеден артық сол жері.
Келтірілген жолдар тартымды, сұлудың сипаты, ғашықтар сезімі жетіледі. Сөйтсе де, ақын қолданған көркемдеу тәсілдері – қарапайым, ауыз әдебиетінің образдары.
Қырық жасқа дейін Шәкәрім ел жұмысымен айналысып, дала, қала жайларын өз көзімен көріп, ондағы түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мәдениетін білуге ғылым жетістіктерін тануға талап қояды. Білім мен мәдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады.
Қазақ ауылындағы қараңғылық ошағы дүние молдалар мен дін иелерінің іс-әрекеттеріне байланысты. Шәкәрім қажыны олардың санатына жатқызуға болмайды. Сондай-ақ қаршадайынан әке семьясында құдайға құлшылық ету рәсімі бойынша тәрбие алып, кейін Меккеге барып, қажы атанған оны діни түсініктен арылтам деудің қажеті жоқ. Ол тек дінді, құранды жеке басы мақсатына пайдаланатындарға, дін қасиетін түсінбеушілерге дүмшелерге назары. Ғылым, білімге сенім артып, соған сүйенеді.
Адасып дінші азғанын,
Пәншілер ғылым қазғанын,
Философ ойшыл жазғанын,
Сынауға енді бұрдым бас.
Шәкәрім өзінің қажыға бару сапарын басқа елдерді аралап, Араб елдері, Батыс Еуропа шаһарларында болып, өзге жұртты өз көзімен көру ниетімен әдемі ұштастырады. Бұрын қазақ даласынан көп ұзап шыға алмаған, бірді-екілі орыс қалаларын ғана көріп білген ол енді талай заманнан елге ертегі болған Таяу Шығыс, Батыс елдерімен танысуға құлшынады. Мәдениеті ілнері, ғылым-білім, өнері биік өлкелерді аралайды. Түркия, Иран сияқты шығыс цивилизациясы жоғары халықтармен де жете танысады. Бұрын Орта Азия түркілерінің көне жазбаларын, Қадім кітаптарын оқыған ақын, енді одан мүлде өзгеше еуропалық тұрмыс-салтқа, білім, өнерге жолы түскеніне әбден риза болады.
Басқа елдерге саяхат шегу ілімге, білімге зеру, өнерге сусап барған ойшыл дарынға үлкен әсер етеді. Шығыс, орыс, Батыс классик әдебиетін шұқшия зерттей оқиды. Оқыған шығармаларының халқына үлгі болар дегендерін қазақ тіліне аударады.
«Еңлік-Кебек», «Қалқаман –Мамыр» лирико-эпикалық дастандарын жазады. Қазақ жастарының туындылар өзінің реалистігімен де, тарихи деректілігімен де ерекшеленеді.
Шығыс классикасының Шәкәрім творчествосына әсеріне келсек, бұл салада да ақын қалдырған іздері айқын. Көне түркіні де, оның ішінде, Қашғария сөздігін, Жүсіртің «Құдадғу білігін», Иссауи мен Бақырғани шығармаларын жақсы білген. Қазақ ақын, жыраулары олардың сюжетін өлңге айналдырып, талай хисса-дастандар жасады. Кезінде кең тараған осы «Аударма» үлгісін Шәкәрім де қолданады. Ол Фзулидің «Ләйлі-Мәжнүнін» қазақша жырлады.
Орыс, Батыс әдебиеті, оның XIX ғасырлық тамаша туындылары ақынның ақыл тақтатқан кезде бас алмай оқыған дүниелері рухани қорегі болды. Абай сияқты Шәкәрім де: Гоголь, Пушкин, Лермонтов т. б. алыптарды оқып, көзі ашылып, көкжиегі кеңіген. Өзін ұлы Лев Толстойдың шәкірті, досы санаған. Онымен хат жазысып, ақыл-кеңес сұрап отырған. А. С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» повестерін өлеңмен аударып, өзіндік бір жақсы поэмалар жасаған. Шәкәрімнің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына, сөз өнері тарихына өзіндік ою-өрнекпен зор үлес қосуына көптеген факторлармен қатар оның алдында қазақ халқының бай ауыз әдебиеті фольклордан бірте-бірте бөлініп, жазба әдебиет белгілерін ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ақын-жыраулар мұрасы дамуы, жазба әдебиетінің саф алтын үлгілері Махамбет Өтемісов ұлы ақын Абай қазынасы болуы. Шығыс және Батыс әдебиеті алтын қорынан сусындау, меңгеру дәстүрі жетіле түсуі себеп болды.
2. Шәкәрім творчествосының басым көпшілігі-поэзиялық шығармалары. Сөз өнерінің осы байырғы түрі поэзияда ең алдымен адам өмірінің қат-қабат қыры мен сыры, Қуат берер қуанышы мен қартайтар қайғысы, алға тартар арманы жетелер үміті сәулелі серпін тұғызар мұрат-мақсаттары – баршасы көркем боялармен, сан қилы ою-өрнегімен көрініс табатыны хақ. Поэзиясында азаматтық, философиялық, махаббат, табиғат лирикалары бар, сонет, тарихи баллада, халық өлеңдері түрінде жазылған шығармалар да кездеседі.
«Қалқаман-Мамыр» поэмасын Шәкәрім «Қазақ тілінде жазылған тарихи хикая» деп атап, «Мұтылған» деген бүркеніш атпен жариялаған. Шығарма Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасында 1912 жылы басылып шыққан. 1722 жылы болған тарихи оқиғаға байланысты шығарылған «Қалқаман-Мамыр» дастаны әр түрлі нұсқада ел есінде сақталған, «Дала уалаяты» газетінде 1892 жылы жарияланған.
Қазақ әдебиеті тарихында, Шәкәрім творчествосында өзіндік ерекше орны бар шығармаларының бірі – «Еңлік-Кебек» поэмасы. Поэма 1912 жылы Семейде «Жәрдем» баспасында «Жалсыз жаза болған іс», «Еңлік-Кебек» деген атпен жарияланғанда Шәкәрім мәнді өлеңдер жазған.
Шәкәрім Құдайбердиевтің мұрасын зерттеуде Қазақ ССР Ғылым академиясы Президиумының жанындағы «Қазақ әдебиетінің даму заңдылықтарын зерттейтін» ғылыми үйлестіру совет пен М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми советі бірігіп, 1969 жылы желтоқсанның 3-де өткізген мәжілістің зор маңызы болып, зерттеу туралы пікір алысты.
С. Мұқанов былай деген еді: «Шәкәрім бір қазаққа хат жазған жоқ, маған ғана бір хат жазған еді, сол хаты менде бар, сонда барлық пікірін жазған. Қандай принціп ұстаған, не істеп жатыр, шығармасы қащан жазылған, осылары бар. Осы хатта бірақ мән бар. Хат жазушылық жолының есебі сияқты.
Шәкәрім Құдайбердиев мол мұраның идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанрлық молдығы, көркемдік бірлігі, стильдік өзгешеліктері, тілдік шеберлігі т. б. толы.
Ақынның қалдырған мұра идеялық-көркемдік мазмұнының байлығымен ерекшеленеді, ол 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихынан үлкен орын алады. Бүгінде халық қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларын, мақсат-мұраттарын орнықтыруға қызмет ететіні хақ.
Жазған шығармалары: «Насихат», «Тойымсыз нәсіп», «Өлген көңіл, нысапсыз өмір», «Талап пен ақыл», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Қанішер мен бөдене» ар-ұждан, жақсылық, әділдік, кісілік жолын Шәкәрім өзінің өлеңдер жинағының алғашқы басылымына «Қазақ айнасы» деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл-сөз өнері - өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биік те терең философиялық әрі эстетикалық түсінік-ұғымы мағынасының көрінісі еді. Көпшілік назарына ұсынып отырған өз туындыларын ақын «Қазақ айнасы» деп жинақы да мағыналы, бейнелі де орамды ат қойып, өзі өмір сүрген кездегі қазақ қоғамының хал-жайының кейбір көріністерін көрсетуі арқылы халықтың ақыл-ой, сана-сезіміне әсер етуді көздеген.
«Қазақ айнасы» жинағына Шәкәрімнің мына өлеңдері енген: «Өзім», «Жуандар», «Бай мен кедей», «Қулар», «Өмір», «Насихат» т. б.
Сөйтіп, өзі айтқанындай, «Жолдасым – қағаз, қарындаш», «Қажымайтын көрілік жеңгенінше» болып, бар шаруаны өзі істеп, оңаша жүрген Шәкәрім туралы қаныпезерлер «ол бандиттермен сыбайлас», «есі ауған» деген сияқты өтірік-өсек, қауесет-лақап таратып, оны түрмеге де жаптырған. Алайда оның бәрі жала екені анықталып Бақанас түрмесінен босатылады. Өмірінің соңғы жылдарын тауда жалғыз өткізген Шәкәрім 1931 жылы қазанның 2-де асыра сілтеушілердің қолынан қаза табады. Олар ақынның сүйегін құдыққа тастайды. Туыстары кейін сүйегін тауып алып жерлеген. Қартты өлтірген жауыздар қылмыстарын бүркеу үшін оның соңынан неше түрлі жала жауып, қара қағаздар жазып «шегелеп», Шәкәрім атын тарихтан өшіруге бар күштерін жұмсаған. Қанішерді жазалаудың орнына, оны қолдаушылар табылған. Адамзат тарихында ақ пенен қара, әділдік пен зұлымдық алысып келсе, сол зұлымдықтың бір құрбаны Шәкәрім болды. Оның аты да, бай мұрасы да зұлымдық, қаскөйлік шырмауынан көпке дейін арыла алмады. Оған ұзақ жылдар бойы ұлтшыл, Совет үкіметіне қарсы, бай-кулактарға жақтас деген жөнсіз, жалған кінә тағылып, аты аталмай келді. Шәкәрім Құдайбердиев 1953 жылы толық ақталып, халық оны ешқашан ұмытқан жоқ. Шындыққа, халыққа, тарихқа, мәдениет пен әдебиетке жаны ашитын адамдар Шәкәрімді, оның жазғандарын, ақыл-өсиеттерін, адал қызметін, асыл мұрасын жадында сақтап, қадірлеген, осы күнге дейін оның шығармаларын жатқа айтатын адамдарды жиі кездестіруге болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

2. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ тілі мен әдебиетке қосқан үлесі
17 - лекция

Такырып: Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер әдіскер.

Жоспар:

1. Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер әдіскер.

2. Ыбырай Алтынсарин – қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Ыбырай Алтынсарин жайлы мәліметтерге беру.

Лекция мәтіні:

1. 19 ғасырдың 60 жылдарында өмір кешкен қазақ халқының адал, презенті, ұлттық мақтанышы, қазақ педагогіка ғылымының негізін салушы, сөз зергері, аудармашы, қоғам және мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсариннің есімі қоғамдық ой-пікірдің, төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан алкен орын алады.

Ыбырай қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды.

Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесінің негізін қалаған тұңғыш әдіскер-ғалым, кіші жастағы балалар психологиясына жетік педагог-маман, бастауыш мектеп оқулықтарының, әдістемелік құралдарының авторы. Қыздарға араналған мектеп интернаттарын ашып, кітапхана ісін ұйымдастыруда, қазақ мұғалімдерін дайындап, кәсіби білігін арттыруда да Ыбырай көшбасшылық қызмет атқарған.

Сондай-ақ, Ыбырайдың: «Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс», «педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе — ең жақсы окыту әдістерін таба білуде», ңеадесе «оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай, ғылыми білім беру жуйесі сақталу керек» деген тұжырымдары, сабакта баланың ой-лау кабілетін арттыратын жаттығуларды көбірек пайдалануды талап етуі, баланы шокындыруға карсылығы, тіл тазалығы үшін күресі,т.б. іс-әрекеттері жаңа ғасыр оқырмандарын өміршендігімен таңдандырады.

Ыбырай Алтынсарин бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесінің негізін калаған тұңғыш әдіскер-ғалым, кіші жас-тағы балалар психологиясына жетік педагог-маман, бастауыш мектеп оқулыктарының, әдістемелік кұралдардың авторы. Қыз-дарға арналған мектеп интернаттарын ашып, кітапхана ісін ұйым-дастыруда, казак мұғалімдерін дайындап, кәсіби білігін арттыру-да да Ыбырай көшбасшылык кызмет атқарған. Қазақ жеріндегі кәсіптік мектептер Ыбырайдын белсенділігімен ресми сипат алып, еуразиялық үлгіде өрісін кеңейтті.

Сөздің реті келгенде айта кету керек, бастауыш кәсіптік білім саласының қайсыбір зерттеуші-мамандары «Ы.Алтынсарин қазак жеріндегі кәсіптік мектептердің негізін салды» деген жаңсак пікірде жүр. Тарихи деректерге сүйеніп айтар болсак, казақ кәсіп-тік мектептерінің іргетасы Алтынсарин өмір сүрген дәуірден бірнеше ғасыр бүрын қаланған. Өкінішке орай, кәсіптік педаго-гикатарихынаоныңЫ.Алтынсарингедейінгідәуіріенбеген. Әри-не, казақ халкының арғы-бергі тарихи тамырларын біле бер-мейтін, орыстану саясаты тұсынан бастап кәсіптік мектептердің құлағын ұстап жүргендердің көзкарасы мен деңгейін түсінуге болады.

Алайда, бұл «Кеңес дәуіріне шейін қазақ халкының бір пайы-зы ғана сауатты болған», «көшпелі қазақ халқында мәдениетбол-маған» деп кемсітумен барабар пікір болғандықтан, онымен келісу киын. Казак қоғамы жастарға кәсіп игертетін кәсіптік мектептер-ден мүлде жүрдай болмаған. Л.Н.Гумилев айткандай, темір өндіру ісімен данкы шыққан, түркілер дәуірінен бастау алған, кешпелі түркі тілдес тайпалар іргетасын қалап берген халык кәсіпшілігі бүкіл Орта Азия халықтарынын, қазак қоғамынын мәдени-эко-номикалықтұрғыда ілгерілеп отыруына үлес косты.

2. Ол адам мен еңбек ресурстарын дайындайтын алғашкы бас-кыш болды. Мал бағу мен егіншілік, темір өндеу және әскери іс, ағаш ұқсату, қолданбалы кол өнер, сәулетшілік пен кұрылыс салу, бапкерлік, құсбегілік, бақсылык, балгерлік, есепшілік, жырау-лык, сазгерлік, саудагерлік, хатшылык, тілмәштык, асгшздык, киіз басу, кілем тоқу, т.б. әрі кәсіп, әрі өнерге негізделген казақ кә-сіптік мектсбі отбасындағы еңбек тәрбиесінен бастау алып, өз шеңберін біртіндеп кенейткен. Отбасындағы кәсіби еңбек, жеке. шеберхана, халык шеберлерінің жеке мектебі дәрежесіне дейін көтеріліп, қоғамдық сипат алды. Қазак кәсіптік мектебіндегі білім мазмұны халық кәсіпшілігінің тәжірибесіне, ұлттықдүниетаным мен еңбек дәстүрлерінен туындаған мәдениет үлгілеріне сүйенді. Қазақ кәсіптік мектебі тәрбиеленуші жастардың кәсіби білігі мен дағдыларын, іскерлігі мен ісмерлігін, шеберлігін үздіксіздамыта білді. Шебер ұстаздардың шәкірттерге кәсіп үйрету тәжірибесі дидактикалык ұстанымдарға негізделді, үйренушінің экономи-калық, кәсіби деңгейі әсіп отырды.

Қазақ кәсіптік мектебі ұлан-ғайыр даламызда туған мәдениет бесігі болды. Көп ғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен казак кәсіптік мектебінің тәжірибесі ХІХғасырдынекінші жартысында Ы.Алтынсарин ашкан алғашкы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды. Ыбырай ол мектептерді Ресей кәсіптік-техникалык мектептерінің үлгілері бойынша жаңа, техникалық кәсіптсрмен толықтырып, дамыта түсті. Оларды бүгіп суразиялык үлгідегі кәсіптік мектептер деп атауға да болар еді. Ресми мектептерде казак балалары жалпы білім алумен қатар, бұрыннан казактарға белгілі былғары мен теріні илеуге, ат әбзелдерін жасауға, ағаш ендеу жәнетемір ұсталығына, сабын қайнатып, етік тігуге үйре-тілді. Сонымен қатар, орыс жұртынан кәрген байпак басу, түбіт орамал току, майшам жасау, кітап түптеу сияқты заман талабына сай өнерлері мен техникасына да бет бұра бастады.



Бақылау сұрақтары:

1. Ыбырай Алтынсарин – кемеңгер әдіскер.

2. Ыбырай Алтынсарин – қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері
18 - лекция

Такырып: А.Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі

Жоспар:

1. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі


2. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге А.Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі жайлы теориялық мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. А. Байтұрсынов - – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: «қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін» т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл «Әліпбидің» 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: «Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпбидің» мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан».

А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мәселелері басты назарда ұсталынған. Оқытудың түпкі нәтижесі оның танымдық, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталғандықтан, синтаксисті оқытуда маңызды рөл атқарады.
2. 1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі «Тіл құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
«Тіл құралы» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш» деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары -– фонетика -– дыбыс туралы ғылым, морфология –- сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені» пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп «Оқу құралды» жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы «Тіл құралын» ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп «Тіл жұмсарын», төртінші -– сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.

Мемлекеттік білім стандартында тілді үйретуге байланысты А.Байтұрсыновтың [19] мынадай қағадилары басшылыққа алынып отыр:



  • тілдік материалдарды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту.

  • тілді оқытуда халық ауыз әдебиетінің материалдары мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең-жыр, қызық әңгімелердің маңызды орын алуы.

  • оқушыларға арналған материалдар аса түсінікті болуы.

  • мәтіндер, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтың ұғымына таныс, жақсы болуы.

  • тілді оқытуда тул ұстартуға, көркемдеуге ден қою.

  • оқушылардың жазба тілін, сөйлесу тілін дамытуға баса назар аудару.

Қорыта айтқанда, А.Байтұрсынов еңбектерінің қазақ тілі әдістемесін дамытуда зор маңызы болды.

Бақылау сұрақтары:

1. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі


2. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік тұрғыдағы еңбектері
19 - лекция

Такырып: М.Жұмабаев – танымал педагог

Жоспар:

1. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері.


2. Мағжан Жұмабаев – танымал педагог

Лекцияның мақсаты: Студенттерге М.Жұмабаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі жайлы теориялық мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясында адам бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тәрбиелей отырып, білім алушының бойына тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тәрбиесі арқылы қалыптастыру өзек етіп алғандықтан, ол оқыту үдерісінде студенттің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

Мағжан Жүмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, ақынның еиді өз атымен аталатын аудаида, аймақтағы мыңнан астам шағын айдынның бірі - Сасықкөл жағасыида 1893 жылы маусымның 25-сі күні туді. Бүл өлке бүрын Ақмола облысы, Петропавл уезі, Сарыайғыр болысы, кейіндер Полуденовский болысы, бертін Бейнетқор, тағы бірде Булаев ауданы деп аталған.

Мағжан - текті атадан. Әкесі Бөкен дәулетті, болыс болған кісі. Оның әкесі Жүмабай сауда - саттықпен айналысып, байыған. Меккеге барып қажы атанғян ел сөзін үстаған беделді адам болған. Көп иемерелерінің ішінен Мағжанды бөліп атап: Менің атымды осы балам шығарады, - деп отырады екен, жарықтық. Жүмабай 1899 жылы коз жүмады. Бүл кезде Мағжан алты жасар жеткіншек.

Бүдан әрі Мағжан оқуды жалғаса береді. 1902жылдан 1906жылғадейін торт жыл шамалас А. Ақанов деген мүғалімнен оқиды. Сәбеннің, С. Мүқановтың айтуында, Ақия мүғалім жас Мағжанға арабша тілді білдіреді. Жадит жолымен жазылған тәпсірмен таныстырады. 1906-1910 жылдары Мағжан Қызылжарда Қ. Панамарүлы деген жадит молдасының медресесінде мүсылмандық білімін шыңдай түседі. 1911, 1912 жылдары Уфа қаласындағы атақты медресе Ғалияда оқиды.

Жас кезінде қай адам өз жанынан олең шығаруға қүмарт-пайды. Желбастыққа салынбаса да, жел созбен әуестенушілік жағынан Мағжан қүрбы-қүрдастарынан қалыспағанға үқсайды. Дегенмен, олең-жыр есігінің босағасын шындап аттап тәуекел етуі - 1910 жыл. Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында үш жыл шамасында мүғалімдк қүрып, сол жақтан атақты "Оян қазақ!" атты өлеңдер жинағын бастыруға дайындап ала келген М: Дулатовпен танысуы, жас үстазынан орыс тіліне жаттығып, үлы орыс классикасымен ауыздануы, Абай елеңдері уызынан күнде Ахаңа біздің айтатын сөзіміз. Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Әлде болса, өмірінің үзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды", - деп жазды М. Әуезов.

А. Байтүрсынов туралы Смағүл Садуақасов, Ғаббас Тоғжа-нов мақалалар жариялады. А. Байтүрсыновтың 1929-1934 жыл-дары жер аударылғаны жоғарыда айтылды. Сол бір қиын кездердің өзінде ол туралы лебіздер айтқан адамның бірі жазугды және ғалым Сәбит Мүқанов еді. Ол 1932 жылы шыкқан XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті деген көлемді еңбегінде бірсыпыра ірі түлғалар қатарында А. Байтүрсыновты атады. Оның еңбектеріне талдау жасады. М. Баталов пен М. Сильченко "Очерки по казахскому фольклору и казахской литературе" деп аталып, 1933 жылы шыққан кіташиасының көптеген бегін А Байтүрсьшовқа арнады. Бүл екі еңбектің де А. Байтүрсыновтың қоғамдық, ғалымдық, өдебиешілік қызметінің негізгі бағыты мен көркемдік қүндылығын мойындамай өте алмағаны байқалады. Соңғы кітапта: Байтүрсынов - Орынбордағы қырғыз мүғалімдер семи-нариясында білім алған педагог. Қоғамдық- революциялық қызметін ол 1905 жыддан, қазақтың үлтшылдық буржуазиялық-демократиялық интеллигенциясы революциялық үйірмелерде, әсіресе реакция жылдары астыртын жүмыс жүргізген кезде бастады. Байтүрсынов 1913 жылы Қазақ газетін бастырды, оның негізгі бағыты - қазақ халқының қоғамдық-мәдени. оянуына ықпал ету болды. Газет 1918 жылға дейін шығып түрды, жас ақын-жасушыларды біріктірді Байтүрсыновтың сүйікті жанры - мысал. Грек мысалшысы Эзоп, француздық Лафонтен, орыс Крыловтың өткен замандардың қалдықтары мен керітарпалық-тарын, өз табы ішіндегі басқа да топтардың кемшіліктерін сынау үшін мысалды қүрал еткені сияқты, Байтүреынов та бүйі, маса, тағы сол сияқты бейнелерде орыс патшасы чиновниктерінің зорлықтарына және феодализімнің қалдықтарына өз табы түрғысынан қарсы шығады.

Байтүрсынов XX ғасырдың алғашқы жартысындағы оқу-ағартуісінің төлбасы.

сындағы өзгерістерді халық арасында насихаттау жүмысымен шүғылданатын комиссия қүрып, оның қүрамына Мағжан да енеді. Бүл кездерде атағы елге кең жайылган ақын "Бостандық туы" газетінің редакторы қызметіне тағайындалады. Бүл газет Омбыдан Петропавл қаласына көшірілгенде де - редактор болды. 1922 жылдың аяқ шенінде екінші әйелі Зылихамен түрмыс қүрады. 1923 жылы Ташкент қаласына қызметке ауысады. С. Қожановтың көмегімен Қазинпростың оқытушысы болып істейді. Сонымен бірге гылыми комиссияның мүшесі болады. Мүнда шығатын "Шолпан" журналына, т. б. баспа орындарына белсене қатысады.



2. Екінші кезең Мағжан творчествосындағы айрықша бір жемісті, өнімді жылдар болды. Бүл жылдары екі олеңцер жинағы жарық көрді. Біріншісі - ақын Б. Күлеевтің "Бастырушыдан" атты алғы сөзімен 1922 жылы Қазан қаласындағы Татарстан матбағасы жарияланды. Екіншісі - арасына жыл салып, 1923 жылы Ташкент шаһарында "Магжан Жүмабайүлының өлеңдері" деген атиен басылып шықты. Бүл жинақтан тыс "Шолпан" журналында қазақ өдебиетінің асыл қазыналары - "Батыр Баян" атты поэмасы және "Шолпанның күнәсі" деген үзақ әңгімесі дүниеге келді. Орынбор мен Ташкент баспаханаларында "Педагогика" атты 1922, 1923 оқулығы басылып шықты.

Жиырмасыншы жылдардың екіншісі жартысында өрістеген мәдени революция нәтижесінде едце жаппай сауатсыздықты жою науқаны басталды. Мағжан сол науқанға белсене қатысты. "Сауатты бол!" оқулығын жазды. Оқулықтың жүртқа үнағаны сонша, қатарынан тәрт рст басылды. "Сауатты болдың!" соңғы төртінші түзетіліп басылуы Мәскеу қаласында қазақ елінде бүган дейін қүлақ естіп, коз көрмеген таралыммен - 50 мың данамен басылып шықты. (Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасы. -М., 1929 жыл). Түзетіліп басылды дейтіні-оқулықтың соңғы нүсқасына Қазақстаида енгізіле бастаған латын әліппесі берілді.

Пегас атты щабыт түлпарын ерттеп мініп, тізіінін берік үсгаған ақын бүл жылдары әсіресе поэтикалық шабысын барынша үдетті.

Басты тақырыбы - үлттық тақырып жан-жақта орістетіліп, қүлашын жаза түсті ("Жаралы жан", "Қазақ тілі", М. Дулатов патша түтқынына түскенде жазылған өлеңдер шоғыры: "Жауға түскен жанға", "Түтқын", "Үлт мүддесін ту етіп үстаған" тағы бір тарау өлсіщері ' Откеп күн , Айға тілегім", "Мен жастарға сенемін" деп аталады.

- Поэма жанрына қол арчты. Үлт-азачтық тақырыбын осы үлкеи жапрда көбірск орістетті ("Қорқыт", "Ертсгі", "Оқжстпсстің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", жоғарыда аталған "Батыр Баян" иоэмалары).

- Махаббат лирикасының, сүйіспсішіілік жырларының асын тогілуі де осы екінші кезең үлссіпдс. Тырпақалды жииа-ғында қапы соққан олқылықты (гашықшқ тақырынта "Шолиаи" жинағынан "Сүйгенім" өлеңіи ғана кезіктіремі і) ақын артығымен толтырады. Түрлаулы істің сапалы атқары.и .иіьі сопдай, Мағжан-ның Мағжан атын шығарған осы олецдсрі дсгеи де соз бар. Жүмабаев өлеңдері оиың есімін атау ауыр күпо саналатып уақытта да ел аузында жүрді. Соның ең бір үздіктері — Гүлсім Камаловаға арналған ғашықтық олеңдер. Ол 1921 жылы ақын басыиан өткен бір биік мәнді махаббат хикаясы еді.

Осының алдында екі жыл бүрын ақыгшың қүдай қосқан жары Зейнеп баладан қайтыс болған. Азамат соғысы кезінде туғандықтаи, есімін Граждан деп атаған түңғыштары шешесіиің олімінен соң көп үзамай, бір жасында ажал кармағьша ілікті. Баланыц қабір тасына елеңі осы кезде туған. Тағдырға тәбділ жоқ. Омір заңы солай. Тірі тірлігін істемек. Уақыттың шаңы астында көміліп қалатын дүние көп. Қайғыны да үмьптыратыи сол уақыт Жаңа ой, жаңа тілек билеп сілкінгенде, жан шіркіи түлеп сала береді ғой. Мағжан мен татар әйелі Гүлсім арасында ғашықтық оты сол бір кездерде түтанады. Әттеген-ай, Гүлсімніц басы бос емес-ті. Ақыры тағдырлары екеуін айырып тынады. Мінс, осы махаббат хикаясы әдебиетіміздің көркіне корік қосатыи ғаламат сүлу жырлар туғызды. ("Гүлсім ханымға", "Гүлсімгс", "Сүй, жан сөулем", "Г...ге", "Айрылғанда", "Болса гүлсіз", "Тірілдім").

Осы қатарда аталатын екінші ксзең олжасына альбом ескерткіші түрінде, жастардың сүйіспеншілігіпе арналғаи өзге де лирикасы қосылмақ ("Сен сүлу", "Коңілде қалдырмас", "Сүйгенім анық", "Жәмила, Махаббапіе", "3-ға, Сүйгеніме", "Жас сүлуі^а", "Біраз Фетше", "Ы-ға" "К-ға", "Хор синатты қарынд^с", тт).

- Мағжанның қазақ поэзиясында ашқан жаңа беттерінсн және де айрықша атайтынымыз - ақынның Батыс, күллі әлем поэзиясындағы ауыз түшитьні жан,алықтарға ден қоюы. Осыған байланысты символистік ізденістері (От, Пайғамбар, Күншығыс,

Мені де, өлім, әлдиле, Бостандық, Жаралы жан, Берниязға, т. т.) Символизм - романтизмнің бір бүтағы болғанда, осы тарапты өлең үлгілері ақын творчествосын қазақ поэзиясының және бір жемісті ағашы етіп бөлекшелеп түратыныи айту керек. Бүлар —Жазғы жолда Қысқа жолда, Жиіленді қара орман, Қараңғылық қоюланып келеді дейтін, т. б. өлеңдер. Символистік туындыларынан "Шолпы" өлеңі реализм рендес.

- Тақырыптық жағынан Мағжанның әдебиетімізге, қала берді әлем поэзиясына енгізген жаңалығы - экология тақырыбы. Бүны өмір жыры етіп алғаш жырлағандардың бірі осы өзіміздің қазақ ақыны ("Жазды күні қалада", "Айда атыңды", "Сәрсембай", "Шойын жол") - Мағжанның поэзиялық бағынан философиялық лириканың шоң шынарын да кезіктіреміз. Ақын біткен болмаса, ^ да, даналары өз тағдырын алдын ала сезініп, өлең жолдарына түсіретіні әдебиет тарихында айтылып, жазылып жатады. Мағ-жаиның өз аяулы тағдырының қандай трагедиямен аяқталаты-нын күні бүрын болжап білгендей 1920 жьшы жазған. "Жан сөзі" өлеңі атына қарағанда, осы сай-сүйегін сырқыратады. "Ой" деген өлеңі атына қарағанда, осы психологиялық қүбылыстың сырын ашатын толғаныс сияқты. Шын мөнісінде өлең ойдың сезімге әсерін суреттеген. Ойы улағанДа ақын шетсіз, түпсіз түңғиыққа батады, көзіне жас оралады, жүрегі көмір болады. Сондай тебіреніп күңіренген кенеулі ой толқындары "Ауру", "Жүлдыздарға", "Сағат", "Шылым", "Александр Блок", т б бір-қатар өлендеріне төн. 1905 жылғы орыс революциясы Ресейде таптық күрес саяси қозғалыстың күшейе түскенін айғақтады. Патшалық үкімет Ресейдің шет аймақтарындағы соның іщінде Қазақстандағы демократиялық қозғалысқа, әсіресе, азаттық аңсау идеясының өріс алуына жол бермеуге тырысты. 1905 жылдың өзінде-ақ қазақтың үлттық интеллигенциясыныц өкілдері үйымдасқан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халық мүддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек-талаптарды патша үкіметінің алдына ашық қоюға шейін барған.

1905 жылдан бері біздің қазақ жүрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп үлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылар көзге көрікті іс қылып, жүртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды. Абақтыға жабылып арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды, - деп жазды Міржақьш Дулатов кейінірек Қазақ газетінде.



Бақылау сұрақтары:

1. Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері.


2. Мағжан Жұмабаев – танымал педагог
20 - лекция

Такырып: Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-кординатор (1889-1931)

Жоспар:

1) Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-психолог.


2) Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлерін таныыстыру.

Лекция мәтіні:
1. Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы ,драмматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті , дәулетті атақ-абырой біткен, ел арасында білікті кісілер. Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстінде, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Өзінің 15, 16 жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныптық мектепке түседі. Бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі мұғалімдер семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Оны бітіргеннен кейін Жүсіпбек Аймауытов қоғамдық қызметтерге араласады, кейін 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі болып қызметке ауысады. 1926-1929 жылы Шымкент педагогоаклық техникумының директоры болады. Оқытушылық қызметке араласып, оның ішкі қиындықтары мен кезек күттірмейтін қажеттіліктерін толық біледі. Сондықтан да мектептегі тәрбие ісі, оқу, оқыту мәселелеріне арнап көптеген мақалар жазады. Әдістемелік еңбектеріндегі негізгі бағыт – оқыту мен тәрбие ісінің тұтастығын, рухани тәрбие мен тәрбиесінің бірлігін, адамның өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен оның жолдарын анықтап беру болған сыңайлы. Қазақстандағы оқу-тәрбие жұмысымен байсалды тұғылдану барысында, тек мұғалімдік іс-тәжірибені жинақтаушы ғана емес, әдістемелік ғылымның теориялық деңгейін көтеретін ғалым-педагог дәрежесіне жетті.
Автордың 1918 жылы «Абай» журналына жарияланған «Тәрбие» атты мақаласынан бастап, баланың тәрбиесіне үлкен мән береді. Адам баласының өзге жан иелерінен басты айырмасы оның рухани саналы тәрбие алуынан деген ойды киелі етіп ұстай отырып, мақалада баланың кей ұнамсыз қылықтарының болуы тәрбиенің кемшілігінен деген түйін жасайды. Жүсіпбек Аймауытов адам табиғатқа ғана тәуелді емес, тәрбиеге тәуелді деген ой айтады. Әр заманда өмір сүрген ұлы тұлғалардың жасаған іс-әрекеттерін еске ала отырып, олардың жақсы –жаман қылықтары өздері алған тәрбиенің жемісінен болған деген пікірі қай кезде де ескермесі анық.
Білікті ағылшын философы, әрі педагог Дж. Локктың «Баланың ақылы да, жаны да туғанда таза тақтадай болып туады. Таза тақтаға қандай жазу жазса да жазушының еркінде» деген сөзін талдай отырып, ондағы негізгі көзқарақа байланысты өз ойын өзгеше сабақтайды. Адамда жаратылысынан әртүрлі мінез қалыптасып туатынын тілге тиек етеді. Мұның өзі ғалым-педагогтың генетика заңын адам бойындағы негізгі қасиеттің ата-бабадан даритындығын еске салғаны болуы керек. Сондықтан да тәрбие жеке адамның ерекшелігін ескере отырып орындауы керек деген тұжырымымен келіспеуге болмайды. Қазіргі кездегі дамыған тәрбие ғылымының да басты қағидаларының бірі осындай. Яғни, мектептегі тәрбие ісі де, оқыту ісі де жеке адамның ерекшеліктерін ескере отырып орындалады.
Жүсіпбек Аймауытовтың тағы бір өзгеше ерекшелігін қазақ халқының ғасырлар бойы жасап келе жатқан ақыл ойына, даналығына сүйенетіндігі. Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің, сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді деген мақалдарды еске алып, баланың жеке адам болып қалыптасуындағы ата-ананың маңызды ролін көрсетеді.
Тәрбиешіге Отанның келешегін тапсыруға болады. Өйткені ақылды адам, көбінесе, Отанның күзетшісі, қорғаны деген ойды оқу арқылы да ойларын танимыз. Тәрбие ісі – мемлекеттік іс. Өйткені бүгінгі дұрыс тәрбие – болашақтағы жақсы елдікті танытар азаматтардың өсиетінің белгісі деген салмақты тұжырымды танимыз.
2. Ж. Аймауытов жас ұрпақты тәрбиелеудің бір негізі ретінде әдет заңдарын айтады. «Әдет заңы» атты мақаласында әдеттің, дәстүрдің қазақ халқының күнделікті тіршілігінде алатын орнын, маңызын айқындайды. «Әдет – бір сақтаулы қазына дей отырып, халық жасаған әдеттердің тәрбиелік мәніне тоқталады.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектерінің бірі – «Жан жүйесі және өнер талдау» деп аталатын зерттеуі. Бұл қазақ психологиясының қырын саралап, жақсы әдепті қалыптастырудағы психологиясының маңызын анықтауға арналған терең мәнді ғылыми еңбек. Өз кезіндегі жан дүниесіне арналған тұңғыш еңбек болуымен де аса құнды. «Жан дүниесі» пәнінің негізін қалап, оның алғашқы терім сөздерін (термин сөздерін) қалыптастырған.

Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ғалымның пайымдаулары жеке тұлғаға бағдарлап оқыту, интеграциялық байланысты қолдану, білім алушының ынтасын тудыра оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Бұл синтаксисті оқытуда білім сапасын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Ж. Аймауытов қазақ тілінің оқыту әдістемесіне арнап ана тілін оқытуға оның әдістемесіне арнап оған жазу мәселесі мен емле жүйесіне байланысты біршама ғылыми мақалалар жариялаған. Ұлттық жазу тілін жетілдіру, жалпы халықтың сауатын көтеру мәселелерін қозғайды. Қазақ баласына хат танытудың өрелі жолы ретінде ғалым-жазушы буын әдісін қолдайды. Балаға әуелі 3-4 дауысты дыбысты үйретіп, содан кейін оағн дауыссыз дауыссыз дыбысты қосып, буын не бір-екі буыннан тұратын сөздерді құрап, жаздырып, оқыту әдісін ұстану қажеттігін дәлелдейді.
1925 жылы жазылған «Ана тілін қалай оқыту керек» атты көлемді мақаласы әдістемелік жағынан құнды. Мұнда зерттеуші ұлт мектептеріндегі ана тілін оқытудың жүйеленген әдісі жоғын тілге тиек ете отырып, әркім өз білгенімен тіл үйретіп, сабақ беріп жүргенін әділ сынға алады. Орыс мектептерінде қолданып жүрген оқыту әдістері жайында мәлімет бере отырып, солардың қазақ мектептеріне қазақ психологиясына қолайлы келетін әдістерін жүйелі қолдану қажеттілігін айтады.
Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына жанрдың шарттарына жазып беретін күрделі шығармалардың бірі – «Қартқожа». 1926 жылы Қызылорда да басылып шықты. Автор қоршаған ортаны, тіршілік тынысын, барлық іс-әрекетті осы басты кейіпкердің ой-пікірі, сана-саңылауы арқылы бейнеленді. Кедей-кепшік, жалғыз-жарым ортадан шыққан бала ес білгеннен мазақ, қорлық, тепкі көріп өседі. Қартқожа хат танысам, оқысам, білсем деп ұмтылады. Талабы кесіліп, қанаты қырқылады. Әкесі Жұмағалиға суық тиіп, ақыры қайтыс болады.
1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Ж. Аймауытов 1931 жылы атылған. Астан-кестен ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Ж. Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби ғылыми мұра қалдырып үлгереді.
Ол В. Шекспир, В. Гоголь, Л. Н. Толстой, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Шекспир шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды.. Әдебиет, эстетика, сын саласына араласты сан қилы проблемалық мақалалар жазды.

Бақылау сұрақтары:

1) Жүсіпбек Аймауытов әдіскер-психолог.


2) Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері
21 - лекция

Такырып: С.Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты

Жоспар:

1. Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты


2. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге С.Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұнымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1.5.1896, Батыс Қазақстан облысы Бөрте ауданы Жайық ауылы — 5.5.1945, Алматы) [1]қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1942). Бөрте 2 сыныптық училищесін (1912), Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын (1916), ҚазПИ-ді (1928) бітірген. 1917 — 21 жылдары Ақбұлақ уезі Талды болысы Сазды ауылында мұғалім. Орынбор қаласындағы мектепте, оқытушылар инситутында (1921), әскери мектепте (1925), Шымкент қаласындағы педтехникумда (1926) оқытушы болды. 1929 ж. Қазақстан Оқу комиссариатында, Ауыл шаруашылық институтында, Ұлт мәдениеті инстиутында (1931 — 39), Оқу комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтында және ҚазПИ-де (1939 — 42) қызмет істейді. 1942 жылдан өмірінің соңына дейін Тіл, әдебиет, тарих инстиутында сектор меңгерушісі болған. Жиенбаевтың “Қазақ тілі” (1930), “Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі” (1935), “Үлкендерге хат таныту методикасы” (1935), “Грамматика талдауыш” (1936), “Сөйлемнің тыныс белгілері” (1941), “Синтаксис мәселелері. Құрмалас сөйлемнің топтастырылуы” (1941), “Сөздіктің жасалу мақсаты мен принципі” (1945), т.б. еңбектері жарық көрген.

Тілідің өзге салалары сияқты, құрмалас сөйлем синтаксисі шын мәнінде, советтік заманда зерттеле басталынды, оның зерттелеліп толысуына көптеген совет ғалым



Бақылау сұрақтары:

1. Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты


2. Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері
22 - лекция

Такырып: Ш.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі.

Жоспар:

1. Шамғали Сарыбаевтың өмірінен қысқаша деректер.



2. Ш.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Ш.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:
1. Шамғали Сарыбаев – XX ғасырдың 20 жылдарында А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
Ш. Х. Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын Құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бал оқытумен айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі «Жаңа мектеп», «Еңбекші қазақ», «Еңбек» т. б. сияқты баспасөз бетерінде жариялап отырады. Оның «Сауатсыздықпен күресу жолдары», «Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы» тәрізді мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Шамғали Сарыбаев 1923-24 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтып оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937-жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оны оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалар жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы ҚазПИ-де қызмет істейді.
2. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Г. Қожантаевпен Е. Табынбаевпен бірігіп жазған «Үлкендер үшін әліппе» 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. XX ғасырдың 20-жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге «Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітады», 1932 жылы Қ. Оспанұлымен бірге «Екпінді күш. 1-класс үшін әліппе кітабы», 1933 жылы А. Әлібайұлы, М. Долайұлымен бірге жазған «Ана тілі /бастауыш политехника мектептерінің 3-кластары үшін/» атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп, ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелерімен де айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы» т. б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды. А. Байтұрсынұлының «Тіл танытқышынан» сусындап өскен бұл кездегі ғылымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан «Грамматикалық мағына деген не?», «Төрт етістік ( отыр, тұр, жатыр, жүр)», «Қосылып жазылмайтын сөздер» атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.
1920-1940 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдар болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болады. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық, оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принціптерін белгілеу сияқты күрделі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. «Емле жүйелері», «Ы,І-нің жазылуы туралы», «Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық» т. б. сияқты мақалаларын ғалым осы мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы «Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен «Жоғары мектептер программаларын» ( Т. Қордабаевпен бірге), «Қазақ тілі методикасының программасын» жазады.

1956 жылы белгілі әдіскер-ғалым Шамғали Сарыбаевтың “Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері” (1 бөлім фонетика мен морфология) деген кітабы шықты. Бұл оқулық методикаға қосылған үлкен бір оқу құралы болды.

Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындыларын жазады. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбегі соның куәсі.

Бақылау сұрақтары:

1. Шамғали Сарыбаевтың өмірінен қысқаша деректер.

2. Ш.Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі
23 - лекция

Такырып: Ғали Бегалиевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі.

Жоспар:

1. Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі


2. Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Ғали Бегалиевтің қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі туралы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Бегалиев Ғали (1888, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы - 1966, Алматы) – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының кандидаты (1943), доцент. Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902), Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918), Мәскеу педагогикалық ғылыми инмтитутының аспирантурасын (1933) бітірген. Ауыл мектебінде (1910 - 12), Орал қаласындағы педагогикалық курста (1918 - 22), Ордадағы педагогикалық техникумда (1922 - 24) оқытушы, облыстық, республикалық газеттерде тілші, Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, Қазақстан Оқу министрлігінденде нұсқаушы, Тіл және Әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1946 - 62) болды. Бегалиев - 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты.

2. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі - Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты.
Бұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.

Бақылау сұрақтары:

1. Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі


2. Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық
24 - лекция

Такырып: Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі.

Жоспар:

1. Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі



2. Иманбек Ұйықбаев қазақ тіліне қосқан үлесі

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Иманбек Қабышұлы Ұйықбаев – 1922 жылдың 7 ақпанында Максим-Горький (қазіргі Качир) ауданының Теңдік колхозына қарасты Жайлауағаш елді мекенінде дүниеге келген. Осындағы мектепте білім алып, 1940 жылы жоғары білім алу үшін Алматыға келеді. Осында, қазіргі Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық оқу орнының филология факультетіне оқуға түседі. «Бірақ оқуды соғыстан кейін оқуға тура келді»,- деп еске алады ақсақал. Біз кеңес заманының адамдары болдық. 1941 жылы сұрапыл соғыс басталып кетті. Барлық ер-азаматтар сұранып майдан даласына кетіп жатты. Мен 1942 жылы Рязань қаласындағы атқыштар даярлайтын училищеде екі ай арнайы дайындықтан өттім. Бұл кезде жоғары білімі бар адамдарға соғыс уақыты жағдайына байланысты кіші офицерлік атақ берілетін. Содан екінші Украин майданында артиллерия лейтенанты болып соғысқа кірдік.
Ол соғыстың қалай болғанын, кімдердің ерлік жасағандығы тарих беттерінде жазылды ғой, барлығын қайталап не қыламын» -деп өткен қанды күндерді еске алғысы келмеді. Ақсақалдың қолындағы кіші қызы Мерекенің осы жылдың 17 мамырында «Комсомольская правда» газетінде өз әкесі туралы жазған естелігінде Румыния елінің астанасы Будапешт қаласы үшін болған ұрыс туралы айтылады. Тарихи деректерде осы қала үшін болған шайқас алты ай бойы жүрген. Кеңес елі әскерлерінің шығыны 400 мың адам болған. Неміс жағынан 350 мың адам, сонымен бірге Гитлердің соңғы тағайындаған генерал-фельдмаршал Пикко иелігіндегі 6-шы армия, 3 элиталық танк дивизиясының «Великая Германия», «Мертвая голова», «Галиция» бөлімдері болған. Осы сұрапыл соғыста атамыз ауыр жараланып, Будапешт қаласында емделеді. Соғыс аяқталған соң 1946 жылдың жазына дейін Польша мен КСРО-ның өзара келісіміне сәйкес Буковина қаласында жұмыс істедік. Содан елге келіп, оқуымды аяқтадым-деп еске алады қарт майдангер жерлесіміз. Оқуды 1948 жылы аяқтап, 1952 жылға дейін аспирантурада істедім, одан кейін 1952-54 жылдары өзі оқыған оқу орнында оқытушы болған. 1954-70 жылдары Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтында аға қызметкер болып еңбек еткен. 1954 жылы тіл білімі саласында қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1970 жылдан 1985 жылға дейін Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясында аға ғылыми қызметкері болған. 150 астам тіл білімінің лексикография, грамматика, оқыту әдістемесі, тіл мәдениеті саласындағы еңбектердің авторы. 1961 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі атағын алған. «Құрмет» белгісі, «Қызыл жұлдыз», І дәрежелі Отан соғысы ордендері мен медальдарымен марапатталған.
2. 1958 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері», 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері», 1969 жылы «Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері», 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің (1974 — 86) 5 -10 томды құрастырған, 1976 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттылық проблемасы», 1997 жылы 8-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторлар алқасына кірген. «Сәрсен Аманжоловпен бірге бірнеше кітаптарға автор болдым, ол кісінің шәкірті болдым. Тіл білімі өте нәзік әрі қиын. Онымен айналысқан адам талмай еңбек ете білу керек. Біздің тіліміз өте бай әрі көп зерттелген» -деп өткен күндерін еске алады атамыз.
«Иманбек Қабышұлы мектеп оқушыларына арнап бірнеше «Қазақ тілі» оқулығын жазған. Тілді оқыту әдіскер маманы болған адам. 8, 9 сыныптарға арнап Әбілқаев, Аманжолов және Ұйықбаев, кейіннен Аманжоловтың баласы қосылып, бірнеше кітаптардың авторы атанған. Бір қыз баласы өсімдіктер атауы туралы орысша кандидаттық қорғап, қазіргі күні Канадада тұрады.
Иманбек аға кішіпейіл және өте қарапайым адам болған. Жиылыстарда өзімен-өзі үнсіздеу жүретін. Өн бойынан іздемпаздығы, білімділігі көрініп тұратын. Жуас адам болды. Сөздерінен байқағанымыз ол кісі Сәрсен Аманжоловтың көмекшісі болғандығын білдік. Өз білімділігін мақтан тұтып, көп алдында мақтана бермейтін. Өмірден көрген түйгені бар, ақылы асқан адам болатын»- деп еске алады ол кісінің алдын көрген, бүгінгі күні Семей мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессоры Қинаят Шаяхметұлы Шаяхметов.

Жұбайы- Мұсабекова Фатима Машанбекқызы да тіл білімінің маманы, филология ғылымының профессоры. Атақты тіл маманы болған адам. Осыдан бірнеше жыл бұрын қайтпас сапарға аттанған екен.


Балалары да әке жолын қуып тіл білім саласында еңбек етіп жүр. Үлкен қызы Гүлшат қазіргі күні Канадада еңбек етсе, кіші қызы Мереке Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетте орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында сабақ беріп жүр. Төрт жиені бар, алды қазіргі күні жоғары білімді мамандар.

«Тереңкөл» деген атауды естіген сәтте, ақсақал сенер сенбесін білмей қайта-қайта сұрады. Менің елім ғой, сұрау салып жатқандарыңа рахмет, мені де іздейтін жерлестерім бар екен ғой тәубә, 90-ға келген жасым бар, екінші топтағы мүгедекпін, мен туралы қызым айтсын, газет беттеріне шыққан материалдар бар, содан аларсыңдар, газеттерің өркендей берсін, аудан басшысына мың алғыс айт мені іздетіп отырған» деп сәлемін газет беті арқылы жерлестеріне жеткізуді өтінді.

Жерлес атамыз туралы деректер сұрастырып, аудандағы ардагерлерге, қарт адамдарға хабарласқан уақытта Асайынұлы Құдайберген қажы, Қалиқайдар ақсақал Иманбек Қабышұлы жастай заманның қиын қыстау кезеңін басынан өткеріп, оқуға талпынып өз бетімен білім қуып, ғылым болғандығын жеткізді. Оқу қуып Алматыға барған жерлестерін өз туған бауырындай көріп, көмек қолын созып, ауданнан шыққан азаматтардың білім алуын, оқу оқуына жағдай жасаған. Ол кісінің алдын көрген, білімін алған талантты адамдар қаншама. Болашақта осы адамның елге сіңірген еңбегін бағалап, туған жері «Ауданның құрметті азаматы»- атағын берсе, жерлес ғалым әрі Ұлы Отан соғысы ардагеріне көрсеткен құрметіміз болмақ деп ниеттерін білдірді.

Қазақ тілін оқыту методикасын зерттеуде ерекше табысты және көп үлес қосқан жыл – ол 1957 жыл болды. Бұл жылы Қазақстан Орталық партия комитетінің басшылығымен қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелерін жақсартуға арналған республикалық кеңес өткізілді. Кеңес алдында Педагогикалық ғылымдар институты мен республика мұғалімдері көп дайындықтар жасап, өздерінің көп жылдық тәжірибелерінің қорытындыларын осы кеңеске ұсынды. Кеңесте қазақ тілі мен әдебиетін мектепте оқыту сапасын жақсарту туралы 67 баяндама таңдалды. Осының тәжірибесінде Педагогикалық ғылымдар институты мектеп мұғалімдерінің тәрбиелерін қорытып, кітаптар етіп шығарды.

Мұнымен бірге қазақ тілін оқыту мәселелеріне арналған мынадай методикалық еңбектер жарыққа шықты:

1. И.Ұйықбаев «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», 1957 ж.

2. И.Ұйықбаев «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», 1957 жылда жарыққа шықты.

3. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің көріністері, А., 1958;

4. Қазақ тілі методикасының очерктері, А., 1962;

5. Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері, А., 1969;

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (10 томдық), А., 1974 — 86 (5 — 10 томды құрастырған);

7. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз варианттылық проблемасы, А., 1976;

8. Қазақ тілі. 8-сыныпқа арналған оқулық, А., 1997 (телавт.);

9. Қазақ тілі. 9-сыныпқа арналған оқулық, А., 1997 (телавт.).


Бақылау сұрақтары:

1. Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі

2. Иманбек Ұйықбаев қазақ тіліне қосқан үлесі

25 - лекция

Такырып: Хасен Арғыновтың зерттеулері

Жоспар:

1. Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.


2. Хасен Арғыновтың қазақ тілін оқыту методикасына қосқан үлесі.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Хасен Арғыновтың зерттеулері жайлы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. Арғынов Хасен Қуандықұлы (15.6.1926 ж. т. , Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы.) – тіл білімі маманы, педагогика ғылым докторы (1971), профессор (1976). Семей педагогикалық институтын бітірген (1951).
1951-1958 жылдары Республика мектептерінде оқытушы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1958-1961 жылдары «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақстан мектебі» журналдарында қызметкер.
1961-1963 жылдары Абай атындағы ҚазПи-де аспирант.
1963 жылы Қазақстан Республикасының Білім министірінің жанында Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары ғылыми зерттеу институтында сектор меңгерушісі, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазМу-да педагогика кафедрасының меңгерушісі.
«Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі» тақырыбында кандидаттық (1963), «Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясы әдістемесінің негіздері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері мен республикады халық ағарту ісінің мәселелеріне арналған.
2. Шығармалары: Қазақ тілінің күрделі сөйлем синтаксисін оқытк методикасы. АКД.,А., 1974 жыл; Қазақ тілі (9-класс оқулығы А., 1971-1978 жыл;) Қазақ тілінің синтаксисі мен пунктуациясыәдістемесінің негіздері. ДДА., 1971 жыл; Дидактикалық материалдар. А., 1980 жыл.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Х.Арғынов «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957), «Қазақ тілі» методикасының негіздері (1969), «Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы» (1974), «Құрмалас сөйлемдер таблицасы» (1985) тағы да басқа еңбектерін атауға болады.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957 ), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба»,- дейді.

Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.

Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту-кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.

Бақылау сұрақтары:

1. Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.


2. Хасен Арғыновтың қазақ тілін оқыту методикасына қосқан үлесі.
26 - лекция

Такырып: С.Аманжоловтың тіл біліміне сіңірген еңбегі

Жоспар:

1. С.Аманжолов - әдіскер ғалым.


2. С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту методикасына қосқан үлесі.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге С.Аманжоловтың тіл біліміне сіңірген еңбегі жайлы мәліметтер беру.

Лекция мәтіні:

1. 1940 жылдан бастап осы уақытқа дейін құрмалас сөйлем қазақ тіл мамандарының назарын өзіне ерекше аударып келеді.

Соның нәтижесінде құрмалас сөйлем жайында бірнеше құн-ды-құнды ғылми еңбектер жазылды. Бұл еңбектердің әрқайсы-сына өз кезінде әділ баға берілді. Сондықтан да біз олардың бас-басына талдау жасап жатпаймыз. Тек солардың ішінде бір-лі-жарым еңбектердегі кейбір мәселелерге назар аудармақпыз»

Тіліміздегі құрмалас сөйлемді көп зерттегендердің бірі — С. А. Аманжолов, ол— 1939 жылдан күні бүгінге дейін мектепг оқулығының авторы. Мектеп оқулығын жетілдіру арқылы құрған.

С. А. Аманжоловтың 1940 жылы жарияланған «Қазақ тілі гылми синтаксисінің қысқа курсында» алғаш рет қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисі ғылми тұрғыдан толығы-рақ зерттелінді. Алайда ол еңбектің кемшілігі болмай қалған жоқ. Ол жайында С. А. Аманжолов өзі де айтқан болатын,



2. С. А. Аманжоловтың құрмалас сөйлем синтаксисінің шешілген мәселелерін шешісу жолындағы ең соңғы құнды пікірі 1956 жылы Алматы каласында өтілген түрік тілдеріндегі етістік түрі мен сабақтас сөйлем проблемалары туралы болған коорди-илциялық кеңесте сөйлеген сөзі болып есептелінеді. Мұнда С. А. Аманжолов сабақтас құрмалас сөйлемнің езіндік белгілері мсн оның түрлері жайындағы көп жылғы зерттеу жұмысының. нәтижесін баяндады. Өзінің бұрын-соңды шыққан еңбектеріне шолу жасай отырып, сабақтас құрмалас жайындағы соңғы пікі-рін, кезқарасын ортаға салды.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекше белгілері деп мыналарды атап көрсетті:

«Основные критерии в определении придаточного предложе-ния, ...это наличие своеобразного сказуемого, предикативности м особой интонации».

С. А. Аманжолов үйірлі мүшелердің сабақтас құрмаластың компоненті бола алмайтынын, тек жай сөйлемнің күрделі бір мү-шесі болатынын жете дэлелдеді. Соның нәтижесінде Н. Т. Сауранбаев анықтауыш, толықтауыш бағыныңқылар жөніндегі көз-қарасын өзгертіп, оларды үйірлі мүшелі жай сөйлем деп тани-тынын мойындады.



Бақылау сұрақтары:

1. С.Аманжолов - әдіскер ғалым.


2. С.Аманжоловтың қазақ тілін оқыту методикасына қосқан үлесі.
27 - лекция

Такырып: Хажым Басымовтың ғылыми- әдістемелік ой- пікірлері.

Жоспар:

1. Қ.А.Басымовтың өмірі мен творчествосы.

2. Қ.Басымовтың ғылыми- әдістемелік ой- пікірлері

Лекцияның мақсаты: Студенттерге Хажым Басымовтың ғылыми- әдістемелік ой- пікірлерімен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. 1939 жылы Хажым Басымовтың Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір (,) белгілері» деген мақаласында құрмалас сөйлемнің үш түрлі салалас, сабақтас, аралас —арасына қо-йылатын тыныс белгілері және олардың өзіндік негізгі ерекше-діктері дұрыс баяндалды.

X. Басымов сабақтастың өзіндік белгілеріне мағына тұтастығы мен компоненттерінің жымдаса байланысуын және оның бағыныңқы, басыңқы сөйлемдері болатынын дұрыс көрсетті.

Салалас құрмаласта да жай сөйлемдер мағына жағынан тығыз байланысты болатыны, сейткенмен де олардььжеке-жеке алып «айтқанда, түсінікті сейлем болып шығатыгіьі»х автор назарынан тыс қалған жоқ.

Осы мақалада салаласты формасына қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас деп екіге беледі де, жалғаулықсыз са-.лаласты іргелес салалас деп атайды.

Сабақтас құрмаластың баяндауышы көсемше, шылаулы жә-не шылаусыз есімше, шартты райлы етістік,-ша,-ше жүрнақты ссімше болып келетінін қазақ тілі фактілерімен дәлелдеді.

2. X. Басымовтың бұл сияқты құнды пікірлері қазақ тіл ғылы-мына, оның ішінде құрмалас сейлем синтаксисін зерттеуге қо-сылған зор үлес болды. Алайда бүгінгі қазақ тіл ғылымының түрғысынан қарағанда, X. Басымовтың «Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір» деген мақаласында алшақ пікірлер жоқ емес. Солардың бастылары мыналар:

X. Басымов та С. Жиенбаев сияқты үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөй-лемдер деп қарады; Ол атса болды, оғы, босқа кетпейді* тәрізді салалас сөйлемдерді сабақтас құрмаластар деп таныды.



Бақылау сұрақтары:

1. Қ.А.Басымовтың өмірі мен творчествосы.

2. Қ.Басымовтың ғылыми- әдістемелік ой- пікірлері
28 - лекция

Тақырып: ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылықтары.

Жоспар:

1. Оқу процесінде жаңа техникалық құралдарды енгізу

2. Компьютерді қолдана білу



Лекцияның мақсаты: Студенттерге ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылықтарымен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Қоғамның дамуының әр кезеңіне орай оқытудың білім беру саласында өзіндік мақсаттары болады. Мектептің білім беру жүйесін қайта құрумен қатар қазақстан Республикасының алдында тұрған мақсат – ақпараттық қоғам құрудағы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың енуі болып отыр. Яғни мектеп білімінің жүйесінде әртүрлі ақпараттарға: әдебиет пен шығармашылық, ғылми пәнде, экология, пәнаралық сабақтар, оқытудың бағдарламалық жүйесі (мультимедиа, гипермәтін, электронды, ғылыми зерттеулер және т.б.) ашық қатынас жасай білу. Осыған орай барлық мектептер жаңа компьютерлермен қамтамасыз етіліп, мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативтік құжат пен стандартты жетілдіруде.

Көптеген педаогогтардың айтуынша, комьютерлік телекоммуникация қоршаған ортаны білудегі ең негізгі оқыту құралы болып табылады. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, сонымен бірге мектеп басқа мектептерден оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Телекоммуникация желісін пайдалану үшін, информатика кабиетінде не болу қажет? Қазіргі теледидар жарнамаларға байланысты айтсақ: сізге компьютер модем қажет. Қазіргі телекоммуникацияның дамуына байланысты оның білім беру жүйесіне, әсіресе мектептегі Информатика пәнін оқыту жосапарына енуі үлкен мәселенің бірі болып отыр.

Білімнің қайнар көзі оқулықта екені даусыз. Өкінішке жаңа қазақ тіліндегі оқулықтардың асығыс дайындалып, олардың мазмұндық және техникалық сапаларының төмен екендігін білеміз. Көбісінің тілі ауыр, жаттығулары аз, ұстазға да, оқушыға да түсініксіз жерлері көп кітап дүкендерінде сатылатын кітаптың құны 500 теңгеден кем емес. Оның өзі орыс тілінде болмаса, қазақ тілінде таппайсыз. Ол кітапты сатып алу қаржы мәселесіне келіп тоқталады.

Мұғалімнің алдын – ала дайындау жне ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз ету болмаса оқушылардың білімдері жоғарыламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруміз үшін алдымен оқытушының біліктілігін көтеруміз қажет.

Жаңа компьютерлік технологиялар.

Білім беру саласында компьютерлік технологиялардың қолданылуын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Презентациялар технологиясы

2 Мультимедиялық технологиялар

Дәрістің тезисі: Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

2. Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады.

Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады[7].

Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді.

Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.

Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.

Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.

Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді.

Қорыта келе айтарым – оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мүғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет.



Бақылау сұрақтары:

1. Оқу процесінде жаңа техникалық құралдарды енгізу

2. Компьютерді қолдана білу
29 - лекция

Такырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының көзқарастары.

Жоспар:


        1. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне ХІХ ғасырдағы әдіскер-ғалымдардың қосқан үлесі.

        2. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының көзқарастары.

Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы

ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының көзқарастары жайлы мәліметтер беру.



Лекция мәтіні:

1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы бұратаналықтарға арналған мектеп ұйымдастыру мәселесіне орыстың озық ойлы қайраткерлері назар аударған. К.Д.Ушинский, Н.А.Корф сияқты ғалым-педагогтар әр халықтың ұлттық тілі мен діліне, дініне берік Ыбырай да қазақ балаларының ана тілін жетік білуіне, ұлттық рухта тәрбие алуына, жаңа заман талабына сай орыс тілін де игеруіне қамқорлық жасап отырды. Ғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі ХІХ ғасырдың жартысында Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды. Ыбырай ол мектептерді Ресей кәсіптік – техникалық мектептерінің үлгілері бойынша жаңа, техникалық кәсіптерімен толықтырып, дамыта түсті. Оларды бүгін еуразиялық үлгідегі кәсіптік мектептер деп атауға да болар еді. Ресми мектептерде қазақ балалары жалпы білім алумен қатар, бұрыннан қазақтарға белгілі былғары мен теріні илеуге, ат әбзелдерін жасауға, ағаш өңдеу және темір ұсталығына, сабын қайнатып, етік тігуге үйретілді.

2. Қазақ кәсіптік мектебі ұлан-ғайыр даламызда туған мәдениет бесігі болды. Көпғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды.

1920 жылғы 8 қарашада Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі Халық Ағарту Комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар жасау мәселесін жүктеді.

1939 жылы белгілі тіл маманы С.Жиенбаевтың редакциясымен қазақ тілі бағдарламасы басылып шықты. Онан кейін 1940 жылы Ғ.Бегаливтің редакциясымен басылды.

1960-1970 жылдар арасында қазақ тілін оқыту мәселесі жаңа кезеңге аяқ басты.

Қазақ тілін, грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

Бұл салада Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім Иманбек Ұйықбаев, Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі әдістемесін дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі ретінде танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға жан-жақта талдау жасады, оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.

Синтакситі оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілінің бағдарламалары мен оқулықтарын жетілдіру, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді.

1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген әдістемелік еңбектері жарық көрді.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі – Бибігүл Кәтенбаева. Б.Кәтенбаеваның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-84), Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «IV – IX кластарда тіл ұстарту» (1978), «Қазақ тілінен 5 – класқа арналған дидактикалық материал» (1976, 1980, 1983) оқу диафильмдері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне ХІХ ғасырдағы әдіскер-ғалымдардың қосқан үлесі.

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесіне ХІХ ғасыр әдіскер-ғалымдарының көзқарастары.
30-лекция

Такырып: Қазіргі методикалық әдебиеттерге шолу.

Жоспар:

1. Қазіргі методикалық әдебиеттерге шолу.



Лекцияның мақсаты: Студенттерге қазіргі методикалық әдебиеттермен таныстыру.

Лекция мәтіні:

1. Сауат ашу кезеңіне байланысты көрсетілген әдебиеттер методикалық тұрғыда жазылғандықтан (оқулықтардан басқалары) барлық тарауларға да қатысты. Методиканың әрбір тарауы жеке өз алдына зерттеу обьектісіне айналып, (әсіресе қазақ мектептерінде) арнайы шығарылған еңбектердің саны мардымсыз болғандықтан, олардың барлығын топтап, осы тақырыпқа беруді жөн көрдік. Сондықтан осында көрсетілген кітаптар да методиканың барлық бөлімдеріне қатысты мәселелерді қамтитын еңбектер болып табылады. Алдымен «Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру» (М.Жазыбаев, А.Асқарбаева, С.Рахметова, Алматы, 1975) кітабын атауға тура келеді. Мұнда азды-көпті, мақала деңгейінде, салат ашу, оқудың әдіс-тәсілдері жөнінде, сондай-ақ грамматика: жазу, тіл дамыту мәселелері сөз болады. Жалпы «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» туралы мәлімет беретін алғашқы еңбектердің бірі, белгілі методист Ш.Сарыбаевтың еңбегі (Алматы 1959), сондай-ақ методист-ғалымдар Ы.Маманов, Д.Әлімжановтардың «Қазақ тілін оқыту методикасының» (Алматы 1965) атауға болады. Сонымен қатар бастауыш кластағы ана тілін үйрету мәселелеріне арналып шығарылған мына сияқты әдебиеттерді көрсетеміз: И.Қ.Ұйықбаев. Қазақ тілі методикасының очерктері, Алматы 1962. Х.Арғынов, Құрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы, Алматы 1964. Х.Арғынов, Ғ.Сүлейменов, ана тілін оқыту жөнінде 2 класс мұғалімдеріне аранлған көмекші құрал, Алматы 1962. С.Рахметова, Ана тілін оқыту жөнінде 3 класс мұғалімдеріне араналған көмекші құрал, Алматы 1970. Р.Әміров, Бірінші класста оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар, Алматы, 1957. С.Рахметова, Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту, Алматы, 1978. Бірнеше жинақтар бар: 1 кластағы оқыту, Алматы, 1977,

2 кластағы оқыту, Алматы, 1979. Бастауыш мектеб методикасы, Алматы 1987. Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі шыққан әдебиеттердің жалпы жинағын, Ш.Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» 1,2,3 кітаптарынан қарауға болады.

Қазіргі кезде мектеп мұғалімдері мен педагогикалық коллеждердің оқушыларына араналып жазылған Ғ.Абухановтың оқулықтары жарыққа шықты. Бұл оқулық педколлеждің студенттері үшін ғана емес, мектеб мұғалімдерінің де білімін толықтыруда пайдасы мол оқулық болды.

Біздің бұл оқу құралдарымыз қазіргі кезде мектептерімізде мыңдаған оқушыларға білім, тәрбие беру жолдарында қолданылып жүрген және көпшілігі ондаған жыл бойы бірнеше рет байта басылып, талай талқылардан өтіп, өңделген, толықтырылған тұрақты оқу құралдары болып есептеледі.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытудың педагогикалық институттарға арналған жаңа мазмұндағы программасы жасалып, оның оқыту методикасы да жаңа бағытта зерттеле бастады. Басқаша айтқанда ана тілі пәнін өмірмен және сол өмір шындығын танытатын басқа пәндермен тығыз байланыстыра оқыту талаптары қойылып отыр.

Енді біз бадан былай да қазақ тілін оқытуға арналған методикалық еңбектер мен оқулықтарды осы жаңа принциптерге сай ғылыми жүйеге келтіріп, методиканың өнімді тәсілдерімен жетілдіре бермекпіз.



Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі методикалық әдебиеттерге шолу.



«Сырдария » университеті


«Гуманитарлық білім» факулътеті
«Педагогика және психология» кафедрасы

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығының студенттері үшін

«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы»

пәні бойынша


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Жетісай, 2012 ж




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет