Лекция: 0 Семинар: СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60



бет14/75
Дата24.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#140636
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75
Байланысты:
Abenova.KazAd
Биосфераның құрылымы мен қабаттары, 539458, ы негіздері 1 сынып, аптасына са ат, жылына 34 са ат (1)
Лекция мақсаты: Бастауыш сыныптардағы білім мазмұны жайлы мәліметтер беру. Базалық сыныптарда берілетін әдеби білім көлемін (V-IX сыныптарда) қарастыру. Жоғары сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың (X-XI сыныптар) өтілу жайы.


Лекция мәтіні:
1. Қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына аса қажетті білімдік, тәрбиелік, әр жақты қызметтер атқаратын негізгі эстетикалық пән. Көркем шығармаларда халықтың өмір белестері, елдік, ерлік дәстүрлері, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, психологиясы, адамгершілік-эстетикалық даналық ұғым түсінігі, арман мұраты көрініс тапқан, қазақтың шешен бай тілі жинақталған.
Сол қазақ әдебиетін жүйелі оқыту үшін арнайы мемлекеттік базалық оқу жоспарына сай жалпы білім беретін мектептің V-XI сыныптарына арналған қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасы жасалады.
Орта мектептегі әдеби білім үш сатыдан тұрады. Олар: бастауыш – I-IV сыныптар; V-IX сыныптар; жоғары X-XI сыныптар.
Бастауыш – I-IV сынып әдеби білім берудің біртұтас жүйесінің ажырамас өзекті буыны, алғашқы басқышы, дайындық сатысы. Шәкірттерді көркем шығармаға қызықтырудың, ертегі, өлең оқуға сүйсіндірудің, көркем туынды арқылы адамгершілік, халықтық тәрбиенің негізін қалайтын, тіл ұстартудың іргетасы осы буыннан басталады.
Бастауыш сыныптарда ана тілі үш бөлімнен жүйелі түрде оқытылады. Олар: сауат ашу, оқу, жазу.

  • Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазуға үйрету міндеті тұрады. Оларды оқу қызметіне бейімдеу, тануға құштарлығын ояту, дұрыс сөйлеуге, өзін бағалай білуге үйрету;

  • Оқудың мақсаты – оқу дағдысын қалыптастыру; халықтық шығармалардың алтын қорымен таныстыру; оқыған көркем шығармаға өз көзқарасын білдіру; өз ойын еркін де түсінікті, саналы баяндауға, өз болжамы мен ой қорытындысын айта білуге үйрету;

  • Жазудың мақсаты – оқығанын мазмұндап жаза білу; шығармашылық жұмыс жасауға үйрету; сол арқылы ойлау қабілетін жетілдіру. Бұл міндеттерді шығармашылықпен жүйелі орындау барысында дамыта оқыту жүзеге асады, ана тіліне деген құштарлық сезімін оятады.

2. Базалық білім V-IX сыныптарда әдебиетті дербес пән ретінде оқу осы буыннан басталады. V-VII сыныптар көркем поэзия, көркем шығармаларды оқып үйренуге негізделген әдеби оқу. Онда әдеби шығарманың мәтінін оқып үйрену, талдау, жинақтау арқылы жүргізіледі. Көркем шығарманы оқып үйренудің әдісі оның жанрлық сипаты мен көркемдік ерекшеліктеріне, көлеміне сәйкес болады.
Шығарманың құрылысы, тілі, шығармадағы табиғат бейнелері көркем туындының идеялық мазмұнын ашатын құралдары ретінде қаралуы тиіс.
V-VII сыныптардағы білім мазмұнында басты орын – қазақтың ауыз әдебиетіне, шешендік сөздерге, классикалық әдебиетімізге, қазіргі кезең әдебиетіне беріледі. Әлем әдебиетінің классикалық үлгілері білім мазмұнына компонент ретінде енеді.
VIII - IX сыныптардағы бағдарлама мен оқулыққа әр дәуір әдебиеті сұрыпталып алынады. Шығарманың авторы мен материалдар жайлы әдеби-тарихи мәліметтермен байланыстырыла қарастырылады.
Оқулықтағы әдеби білімнің негізі:

  • көне дәуір әдебиеті үлгілері;

  • XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы;

  • XIX-XX ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті;

  • шетел әдебиеті үлгілері;

  • қазіргі әдебиетіміздің балаларға лайық таңдаулы үлгілері.

3. Бастауышта білім берудің жүйесіне қарағанда курстың құрылымы, мазмұны, мақсаты өзгереді. Міндеті күрделеніп, оқушының білім көлемі кеңейіп, эстетикалық қабылдау мүмкіндігі артады. Шығарманы талдауға, бағалауға қажетті білім, білік, икем-дағдылары қалыптастырылады. Көркем шығарманы оқуға деген ынта-ықыласы артады. Ауызекі сөйлеу, жазу тілі дамиды. Әдеби шығармадағы негізгі тақырып, ой қазығы, кейіпкерлердің сөйлеу тілі, жан дүниесі, әр бейненің мінезін танитын болады. Әдеби шығарманың сюжеті, құрылысы, жанрлық сипаты, кейіпкерлері, халықтық педагогика, халықтық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының көрінісі, шығармадағы адамгершілік тәрбие, табиғат, сөз қолданыстар зерделеніп, әдеби пікір алмасуға жол ашылады. Әрбір оқушы шығармашылықпен ойлауға, өз ойын қорғауға, шығарманы талдауға, шығармашылық өзіндік ізденіске жаңа, тың жол салынады.
IX сынып базалық білімді аяқтап, орталау мектепті бітіріп, V-VIII сыныптарда алған білімдерін қорытындылайды.
X-XI сыныптарда тарихи әдеби курс өтіледі. Тарихи-әдеби курстан оқушылар қазақ әдебиетінің ең таңдаулы классикалық үлгілерімен танысады. Елеулі орын ақын-жазушылардың шығармашылығына беріледі. Жазушының бір немесе шығармасына, кейде толық шығармашылығын оқып үйренуге негізделеді. Жазушының туындыларындағы идеялық, көркемдік ерекшеліктерді таныту:
- шығарманың жанры мен стилін, идеясын, тақырыптарын;
- характер сомдауын, сюжет таңдауын, композиция құруын;
- тіл көркемдігін анықтау белгілі дәуірдің әдеби процесіндегі оның алатын орнын танытуға жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   75




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет