Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Координаттық жазық тік бұрыш жүйесі



бет21/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Координаттық жазық тік бұрыш жүйесі.
Жазық тікбұрышты координат (плоский прямоугольный координат) – координат білік осьтері деп аталатын екі өзара перпендикуляр сызықтардың қиылысу нүктесі (тік білік – икс, көлденең білік –игрек). Топографияда жазық тікбұрышты координат қолданудың кейбір ерекшеліктері бар. Бүкіл жер беті меридианмен шектелген 2 тең бөлікке бөлінген. Оның бойлығының айырмасы 6 градус, ал аймақтың координаты деп аталады. Оның есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай 1-ші нөмірден 60-қа дейін жүргізіледі. Әрбір мұндай аймақта координаттың тік білігі (ось Х) ретінде меридиан білігі алынады, ал көлденең білік (ось У) ретінде барлық аймақта экватор сызығы алынады. Меридиан білігінің экватормен қиылысы әрбір аймақ координатының басы болып есептеледі. Х координатының мәні (солтүстікке), У сызығынан (экватордан) жоғары қарай оң болып, ал одан төмен болса, теріс болып есептеледі. У координатының мәні (шығысқа), Х сызығынан (меридиан білігінен) оңға қарай оң, ал солға (батысқа қарай) теріс болып есептеледі. Координаттарды анықтау оны жазыққа (картаға), шаршы торға түсіргенде айтарлықтай оңайланады, оның сызықтары координат біліктеріне параллель болады. Осындай торды координаттық (километрлік) тор деп атайды(5).
Жазық тікбұрышты координатор жүйесі (плоская прямоугольная система координат) – жазықтықта нүктенің орнын анықтайтын координаттар осіне қатысты сызықтық шама. Топографияда жазық тікбұрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады: жер шарының беті алты градустық аймақтар бойынша жазықтыққа жазылады. Олардың есебі Гринвич меридианынан шығысқа қарай бірден алысқа дейін жүргізіледі. Абсцисс осі Х (тік осі) - әрбір аймақта остік меридианның бейнесі, ал ордината осі (көлденең осі) –экватор бейнесі ретінде қабылданады. Олардың қиылысу координатының басы О. 1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік жарты шарда барлық Х абсциссалары оң шама, ал У ординатасы оң және теріс шама, әрбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен 500 км-ге тең деп қабылданады. Әрбір аймақта вертикаль және горизонталь сызықтарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашқысы Х осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбұрышты координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін көрсетеді. Оны, сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның жеке парақтарын көрсетеді. Картаның әрбір парағы барлық аймақ үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау сыртындағы шетке километрлік тор сызықтарында абсцисс және ордината шамалары жазылады. Жақтау бұрыштарында таяу координат сызықтары толығымен, ал қалғандары қысқартылып (соңғы екі саны) жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердің координатын анықтауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді салуға, дирекциялық бұрыштарды өлшеуге, сондай-ақ объектілерді көрсету немесе табу үшін қолданылады. Сонымен бірге көз мөлшерімен қашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет