Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Карта боиынша жергілікті жерде бағдарлану



бет24/33
Дата12.11.2022
өлшемі305 Kb.
#157846
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
Байланысты:
Далалык фортификациялық құрылымдар

Карта боиынша жергілікті жерде бағдарлану(Ориентирование на местности по карте) — жергілікті жерде бағдарланудың негізгі түрі. Карта бойынша бағдарлану картаны бағдарлаудан, ондағы нүктені анықтау мен жергілікті жермен картаны беттестіруден тұрады.
Карта масштабы.(Масштаб карты). Карталардың масштабы 1:10000, 1:25000, 1:50000 1:100000, 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 болып шығарылады. Кіші бөлімдердің командирлері өз міндеттерін орындау үшін ұрыста көбінесе 1:50000 және 1:100000 масштабы карталарды қолданады. Ал масштабы 1:200000, 1:500000 және 1:1000000 карталар ірі штабтардын жұмысында, сонымен қатар арнаулы міндеттерді орындау үшін қолданылады. Картаға нүктені түсіру. (Нанесение точки на карту) — координаттары бойынша нүкте орналасуы тиіс шаршыны анықтап, оған нүктені түсіру. Табылған шаршының оңтүстік сызығынан оның бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол шаршының төменгі жағы мен Х нүктесінің айырымына сәйкес келу керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы сызыққа шаршының батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол шаршы сол жағымен У нүктесінің айырымына сәйкес келуі тиіс. Бұл ізделіп отырған нүкте болып табылады.
Картада пункттін орналасу орнын жуықтап көрсету.(Приближенное указание местоположения пункта на карте). Картадағы нүктенің орнын жуықтап көрсету үшін ол орналасқан координаттық тор шаршыны атау жеткілікті. Бірінші абсцисса х шаршының оңтүстік жағы, ордината у оның батыс жағы деп аталады. Жеке парақты картамен жұмыс істегенде абсцисса мен ордината әдетте екі санмен көрсетіледі (ондық және бірлік километрлері картаның ішкі жақтауының сыртында үлкен санмен берілген). Картадағы өзі тұрған жер нүктесі. (Точка своего стояния на карте) — жергілікті заттар, бедерге тән пішін мен бөлшектердің картада бейнеленуі бойынша, көз мөлшерімен жүріп өткен қашықтық пен бағдар бойынша белгілеулермен анықтау тәсілі. Карталар масштабы.(Масштаб карты) — картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтын ұзындығына қатынасы. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр тұрлі болуына орай масштабтары әр түрлі карталар қажет болады: 1:10000 — он мыңдық, 1:25000 — жиырма бес мындық, 1:50000 — елу мыңдық, 1:100000 жүз мындық, 1:200000 екі жүз мындық, 1:500000 — бес жүз мындық, 1:1000000 — миллиондық. Жергілікті жердің картографиялық бейнелену мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масштабына байланысты болады. Карта масштабы кішірейтудің төменгі дәрежесінде аса ірі болады. Ол жергілікті жерді толықтай бейнелеуге мүмкіндік жасайды. Карта масштабының кішірейтілуімен бірге оған салынатын жергілікті жер бөлшектерінің саны да кішірейтіледі. Аумақтың картада бейнеленген кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғырлым ұсақ деп атайды. Карта жақтауының оңтүстік (төменгі) жағында сандык және сызықтық масштабы, масштаб көлемі корсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет