Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет1/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер

Лекция №1


Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Лекцияның мақсаты: Тілдің фонетика саласы, қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселелері жөнінде студенттерге жалпы түсінік беру.
Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері.
2. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы фонетикасының салалары.
3. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы пәнінің зерттелу жайы.
1. Фонетика - гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Фонетиканың зерттейтіндері – тілдің барлық жағдайларында және қызметінде көрінетін дыбыстық құрамдары мен тәсілдері және тілдің дыбысталу түрі мен жазба түрінің арасындағы байланыстар.
Адамның коғамдағы қатынасының ең маңыздысы — тілдік қатынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша жэне жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқылы орындалады. Сөйлеу — адамзат іс-әрекетінің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология, логопедия, тіл білімі, т.б. ғылымдардың карастыратын нысаны.
Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі — фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді кұрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Кез келген тіл өзінің қалыптасқан фонемалык жүйесі аркылы карым-қатынас кұралына айналады.
Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.
Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылықтарын меңгеру аркылы тілдің лексикалык және грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондыктан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.
Тіл уакыт өтуімен өзінің ішкі заңдылыктарымен және сырткы экстралингвистикалық факторлардың әсерімен дамып отырады. Кез келген тілдің калыптаскан дыбыстык жүйесі де тарихи даму кезеңдерін басынан өткереді. XXI гасыр қазақ тіл білімінің тарихи кезеңі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекет аясында қолданысының кеңеюі тіл мәдениетін жоғарылатуды талап етуде. Тіл мәдениеті фонетика саласын да қамтиды. Мәселен, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде калыптасқан зандылықтарды дұрыс қолданы білу, т.б.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық кызметін жетілдіріп, оның ары карай дамуына дұрыс бағдар беруге болады.
Тіл тарихы, этимология, тілдердің туыстастығын анықтауда, бүгінгі кезеңдегі тілдердің карым-катынасындағы мәселелерді шешуде фонетиканың атқаратын қызметі ерекше. Тілдегі дыбыстық ұксастыктар мен ортақтықтарды ғылыми тұрғыдан білмейінше, жекелеген сөздердің шығу тарихын, даму ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білу арқылы келесі бір тілді оңай меңгерге болады.
2. Фонетика ғылым ретінде жалпы фонетика және жеке фонетика (нақтылы тілдің фонетикасы) болып бөлінеді.
«Жалпы фонетика» тіл дыбыстарының тіл жүйесінде өмір сүру жағдайларын зерттеуден басқа, оларды сөйлеудің түйдегінде зерттейді, басқаша айтқанда, ол бірінші жағынан, фонетикалық құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын және екінші жағынан фонетикалық құбылыстар мен фонетикадан тыс құбылыстардың себепті байланыстарын қарастыра отырып, тіл дыбыстарының динамикасын зерттейді.
«Жеке фонетика» белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет