ОҚулық Қазақстан Республикасының Білім және әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата02.10.2019
өлшемі39,25 Mb.
#49167
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
b2087
Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер, 5. Лекциялар жинағы
49167

Жоғары  оқу орындарының қауымдастығы
Апушев,
Арыстанғұлов
Өрінов, Қ. М. Мүсынов 
спаев. Н. А. Шестакова,

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ
Қ.  К. Әрінов,  Қ. М.  Мусынов,
А.  Қ. Апушев,  Н. А.  Серікпаев,
Н. А.  Шестакова, С.  С. Арыстанғүлов
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ОҚУЛЫҚ
Қазақстан Республикасының Білім және 
әылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен
Алматы,  2011

ГіЗ  ( ^70 , 
о і
ӘОЖ 633/635(075) /  
К Б Ж 4 1 .2 я 7
Ө 73
Пікір жазгандар:
У.  М.  Сағалбеков  -  Шоқан  Уалиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік 
университетінің  «Өсімдік  шаруашылығы,  топырактану  және  агрохимия»  ка-
федрасының профессоры, а.-ш.ғ. докторы;
Т. А.  Атақулов -  Қазақ ұлттық аграрлык университетінің «Жалпы  егінші-
лік жэне өсімдік шаруашылығы»  кафедрасының меңгерушісі,  а.-ш.ғ. докторы,
профессор; 
I  

А. П. Науанова  -  Сәкен Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалык уни-
верситеті АҚ-ның «Топырақтану және агрохимия» кафедрасының менгерушісі,
б.ғ.докторы, профессор.
Жалпы редакциясын жасаған профессор 
Әрінов Қ.К.
Ө  73
Өсімдік  шаруашылығы./  Қ.  К.  Әрінов,  Қ.  М.  Мұсынов,
А. Қ. Апушев, т.б.  -  Алматы: ЖШС РПБК «Дэуір», 2011. - 632 б.
І8ВМ 978-601-217-166-2
«Өсімдік  шаруашылығы»  пәнінің  түртектік  бағдарламасына  сэйкес 
жазылған  оқулықта  танаптық  дақылдардың  тұқымтану  мэселелері,  өнім- 
дерді  бағдарламалаудың  ілімдік  негіздері  мен  іссаналық  тэсілдері  карас- 
тырылған. Астык, дәндібұршақ, майлы, эфирмайлы, талшыкты және есірт- 
кілі  дакылдар,  түйнек-тамыр  жемістердің  қоршаған  орта  факторларына 
талаптары мен осы заманғы өсіру технологиялары, сонымен бірге егістікті 
жинау технологиясы жазылған.
Қазақстанның эртүрлі аймақтарының топырақ-климат жағдайлары  мен 
дақылдардың  биологиялық  ерекшеліктерін  ескеріп,  олардың  өнімдерін 
одан әрі арттырудың негізгі жолдары көрсетілген.
Оқулық  ауыл  шаруашылығы  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне, 
магистранттарына,  сонымен  қатар  Қазақстанның  аграрлык  кешені  меке- 
мелері және фермерлер мен шаруа қожалықтары мамандарына арналған.
С.Торайғыров 
атындағы  ПМҮ-дің 
академик  С.Бөйсөмб5 
атыидағы  ғылыми
КІТА П Х А Н А С Ь
ӘОЖ 633/635(075) 
К Б Ж 41.2я7
I8ВN 978-601-217-166-2
К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов 
нет.б., 2011.
Жоғары оқу орындарының
іуымдастығы, 2011

«Сәкен Сейфуллин атындагы 
Қазақ агротехникалық университет/» А Қ  
Өсімдік шаруашылыгы кафедрасының
50-жылдыгына арналады
АЛҒЫСӨЗ
Соңғы  уақытта  нарықтық  экономикаға  көшуге  байланысты 
ауыл  шаруашылығы  өндірісінде  еліміздің  азық-түлік  қауіпсізді- 
гін қамтамасыз ету мақсатында айтарлықтай өзгерістер болды.
Өсімдік  шаруашылығын  эртараптандыру  бәсекеге  қабілетті 
өнім  өндіру,  аса  маңызды  ауылшаруашылық дақылдарының  за- 
мануи  технологияларын  жасау  жэне  өндіріске  енгізу  бағытын- 
да  ауыл  шаруашылығы  саласының  алдына  жаңа  міндеттер  қо- 
йылуда.  Оның  үстіне  таяу  болашақта  біздің  еліміз  барынша 
дамыған 50 елдің кұрамына енуге тиіс, бұл агроөнеркәсіптік ке- 
шенге  де  (АӨК)  қатысты,  өйткені  ауылға  осы  заманғы  жоғары 
білікті мамандар ауадай қажет.
Жоғары  оқу  орындарының  оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  да 
үлкен  өзгерістер  болды:  типтік  оқу  жоспарлары,  пәндердің  оқу 
бағдарламалары,  агроөнеркәсіптік  кешенге  қажетті  ЖОО-ның 
түлектеріне  берілетін  кэсіби  мамандықтар  да  өзгерді.  Қазақ- 
станның  ауыл  шаруашылығы  жоғары  оқу  орындарының  агро­
номия  мамандықтарының  студенттеріне  арнап  қазіргі  кездегі 
«С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті» 
АҚ-ның  өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  ұжымымен  да- 
йындалған  «Өсімдік  шаруашылығы»  оқулығы  мемлекеттік тіл- 
де  тұңғыш  рет  1993  жылы  (профессор  Қ.  К.  Әріновтің  редак- 
циясымен),  ал  орыс  тілінде  1996  жылы  (а.ш.ғ.д.,  профессор
Н.  И.  Можаевтың  редакциясымен)  баспадан  шығарылған,  міне 
екінші  онжылдыққа  аяқ  басты,  оқу  үдерісінде  пайдаланылуда, 
алайда ол моралді тұрғыда ескірді.
Жоғарыда  келтірілгендерге  байланысты,  қазіргі  қолданыс- 
тағы «5В080100-Агрономия» мамандығының типтік оқу бағдар- 
ламаларына сәйкес келтіріп «Өсімдік шаруашылығы» оқулығын 
дайындау қажеттігі туындады.
3

Мемлекеттік  тілде  дайындалған  «Өсімдік  шаруашылығы» 
окулығы  бұрын  баспадан  шыққан  осы  аттас  оқулық  нұсқасына 
(1993 ж.) толықтырулар енгізіліп, қайта өңделген жэне танаптық 
(екпе)  дақылдардың  тұкымтану  мэселелері,  ауылшаруашылы- 
ғы  дакылдарының  өнімдерін  бағдарламалаудың  теориялык  не- 
гіздері  мен  іссаналық  тәсілдері  қарастырылған,  дэнді  астық, 
дэнді  бұршақ,  майлы  және  эфирмайлы  дакылдардың,  түйнек 
және  тамыржемістер  мен  бақша  дақылдары,  талшықты  және 
есірткілі дақылдардың қоршаған орта фактошіарына қоятын  та- 
лаптары мен осы заманғы өсіру технологиялары, сонымен  қатар
егін жинау ерекшеліктері жазылған.
Қазақстанньщ  негізгі  егіншілікті  аймақтарының  топырақ- 
климат  жағдайлары  мен  әрбір  дақылдың  биологиялық  ерекше-
ліктерін ескере отырып, олардың өнімдері мен сапасын одан эрі 
арттырудың негізгі көздері мен жолдары көрсетілген.
Окулық «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық уни- 
верситеті»  АҚ өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  профессо- 
ры Қ. К. Әріновтің жалпы редакциясымен дайындалған.
Оқулықтың жекелеген бөлімдері мен тарауларын жазғандар:

«С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  универ­
ситет!»  АҚ-нан:  Қ.  К.  Әрінов  -  профессор,  ауыл  шаруашылығы 
ғылымдарының  кандидаты,  Қ.  М.  Мұсынов -  профессор,  ауыл 
шаруашылығы  ғылымдарының  докторы  жэне  Н.А.  Шестако­
ва  -  доцент,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  кандидаты
-  «Алғы  сөз»,  «Кіріспе»,  «Тұкымтану  негіздері»,  «Дэнді  астық 
дакылдарының  жалпы  сипаттамасы»,  «Жұмсақ  бидай»,  «Қатты 
бидай»,  «Арпа»,  «Сұлы»,  «Тары»,  «Қарақұмық»,  «Күздік  астык 
дақылдарының  жалпы  сипаттамасы»,  «Күздік  бидай»,  «Күз- 
дік  кара  бидай»,  «Дәнді  бұршақ  дақылдарының  жалпы  сипат­
тамасы»,  «Асбұршақ»,  «Ноқат»,  «Ноғатық»,  «Жасымық», 
«Атбас  бұршақ»,  «Майлы  дакылдардың  жалпы  сипаттама­
сы»,  «Күнбағыс»,  «Рапс»,  «Қыша»,  «Майлы  зығыр»,  «Арыш», 
«Түйнекжемістер.  Картоп»;  Н.  А.  Серікпаев  -  профессор,  ауыл 
шаруашылығы ғылымдарының докторы -  «Ауыл шаруашылығы 
дақылдарының өнімдерін бағдарламалау».
4


Қазақ  ұлттық  ағрарлық  университетінен:  А.  Қ.  Апушев  - 
профессор,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  докторы  жэне 
С. С. Арыстанғұлов -  а.-ш.ғ. кандидаты, доцент: «Күріш», «Дән- 
ді  жүгері»,  «Қонақ  жүгері»,  «Күздік  арпа»,  «Күздік  тритика­
ле»,  «Майбұршақ»,  «Үрмебұршақ»,  «Мақсары»,  «Майкене», 
«Күнжіт»,  «Жержаңғағы»,  «Эфир  майлы  дақылдар»,  «Тамыр- 
жемістер», «Бақша дақылдары», «Талшықты дақылдар», «Есірт- 
кілі дақылдар».
5

КІРІСПЕ
Өсімдік  шаруашылыгы  ауыл  шаруашылыгы  өндірісінің  бір 
саласы.  Еліміздің  2030  жылға дейінгі  дамытудың ұзақ мерзімді 
стратегиялық  бағдарламасында,  Қазақстан  Республикасы  Пре- 
зидентінің  «Жаңа  жүз  жылдықта  еліміздің  тұрактылыгы  мен 
қауіпсіздігі»  атты  халыққа  жолдауында  ауыл  шаруашылығы 
өндірісін  ғылыми  тұргыдан  қамтамасыз  ету  белгіленген.  Бағ- 
дарламаның  мақсаты  —  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдала- 
ну,  аграрлық-өндірістік  кешенде  жаңа  технологиялар  жасау 
мен  өндіріске  енгізу  жөніндегі  ғылыми  кепілдемелер  негізінде 
Қазақстан  халқын  қоректік  өнімдермен  жэне  еліміздің  азық- 
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Еліміздің  ауыл  шаруашылыгы  өндірісі  негізінен  екі  саланы
-   өсімдік  шаруашылыгы  мен  мал  шаруашылығын  біріктіреді. 
Бұл  салаларды  қарқынды  дамытып  қана  қоймай,  азық-түліктің 
өзіндік қүнын азайтып, аталған салаларда еңбек өнімділігін ана- 
ғүрлым  арттыра  отырып,  бәсекеге  қабілетті  өнімдер  өндіру  күн 
тэртібінде түрған мәселердің бірі.
Біздің  елімізде  өсімдік  шаруашылыгы  ауыл  шаруашылығы- 
ның бір саласы ретінде басымдыққа ие.  Өсімдік шаруашылығы- 
ның негізгі  қүралы -  жасыл  өсімдіктер,  оның  ішінде  ауыл  шар­
уашылыгы  дақылдары  қоректік  заттардың  негізгі  көзі  болып 
табылады.
Өсімдік  шаруашылыгының  өнеркәсіп  өндірісінен  айтарлық- 
тай айырмашылыгы бар:  басты айырмашылыгы -  маусымдылық 
(қалыпты  жагдайларда  өсімдіктер  аязсыз  кезеңде  гана  өнім  бе- 
руге  қабілетті);  өнім  мөлшері  мен  сапасының  топырақ-климат 
жагдайларынатэуелділігі; өсімдік тіршілігіне қолайлы жагдайлар 
жасауда  далалық  жүмыстардың  (топырақ  өңдеу,  тыңайтқыш 
жүйесін  қолдану,  себу  (отыргызу),  егістікті  күтіп-баптау,  егінді 
жинау т.б.) дер кезінде жэне сапалы іске асырылуы т.б.
6

Өсімдік  шаруашылығы  мал  шаруашылығымен  тығыз  байла- 
нысты:  оған  ол  ірі  сабақты,  шырынды,  құнарландырылган  жем 
азы к берсе, мал шаруашылығынан ол тұракты жэне мол өнім алу 
ушін,  әсіресе  құнарлығы төмен жерлерде, органикалық тыңайт- 
қыштар алады.
Қазіргі  кезеңде  өсімдік  шаруашылығы  өндірісінде  қоршаған 
ортаны  қорғау,  экологиялық  таза  есімдік  жэне  мал  өнімдерін 
өндіруді  қабыстыра  жүргізген  жөн.  Сондықтан  да  осы  заманғы 
ғылыми жетістіктерге сүйенген оңтайлы технологияны  қолдану, 
қоршаған  ортаны  қорғау  шараларына  кепілдік  береді.  Жалпы 
қоршаған орта,  оның ішінде топырақ,  неғұрлым  таза су  кәздері, 
мал,  өсімдік  гендік  қорлары,  жануарлар  әлемі  біздің  болашақ 
ұрпақтарымызға лайықты мұра болып қалуы керек.
Халықтың  өскелең  талабы,  әнеркәсіптің  өркендеуі  өсімдік 
шаруашылығы өнімдерінің үздіксіз ұлгаюын талап етеді.
Өсімдік  шаруашылығы  саласы  өзіне  егіншілікті,  көкөніс, 
жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғьшдық, орман шаруашылықтарын 
біріктіреді. Алайда ғылыми пэн ретінде тек қана танаптық (екпе) 
дақылдарды -  дэнді  астық, дәнді  бұршақ,  картоп,  мал азықтық, 
бақша, талшықты (тоқыма) дақылдары ж.б.  қарастырады.
Қазақстанда  соңғы  жылдардағы  өсімдік  шаруашылығынъщ 
маңызды танаптық дақылдарының егістік аумағы, жалпы түсімі 
мен өнімі төменде келтірілген (Кесте  1).
Кесте  1.
  Қазақстандағы  мацызды  ауыл  ш аруаш ы лы ғы   дақылда 
рының егістік аумағы, жалпы түсімі және енімі
Дақылдар
Орта есеппен бір жылда
1996-2000
2001 -2005
2006-2010
Егістік аумағы, мың га
Дэнді дақылдар
І4039,3
14025,4
16377,5
Майлы дақылдар
370,8
544,4
1053,0
Талшықты дақылдар 
(мақта өсімдігі)
120,1
196,5
172,3
Картоп
168,5
163,8
165,3
Қант қызылшасы 
(зауытхық)
21,0
16,2
13,9
7

Кесте 1. жалгасы
Өнімнің жалпы түсімі, мың тонна
Дэнді дақылдар
12073,8
15007,2
17263,9
Майлы дақылдар
133,5
353,9
553,6
Талшықты дақылдар 
(мақта өсімдігі)
209,0
428,4
340,9
Картоп
1636,1
2276,8
2488,2
Қант қызылшасы 
(зауыттық)
289,8
322,7
224,8
Орташа өнімі, ц/га
Дэнді дақылдар
8,6
10,7
10,5
Майлы дақылдар
3,6
6,5
5,3
Талшықты дақылдар 
(мақта өсімдігі)
17,4
21,8
19,8
Картоп
97,1
139,0
150,5
Қант кызылшасы 
(зауыттық)
138,0
199,2
161,7
Өсімдік  шаруашылығында  барынша  ауқымды  егістік  аумағы 
дэнді  дақылдардың  (бидай,  арпа,  сұлы,  тары,  жүгері,  күріш) 
үлесінде.  Елімізде  жыл  сайын  15  млн.  гектардан  астам  жерде 
дэнді  дақылдар  өсіріледі.  Дэнді  астық  дақылдарының  ішінде 
бұрынғысынша барынша жоғары егістік аумағын бидай алып жа- 
тыр.  Ол жыл сайын  12-14 млн.  га.  алқапта өсіріледі жэне негізгі 
бөлігі  Солтүстік  Қазақстанның  облыстарында  шоғырланған. 
Егістік аумағы жэне жалпы түсімі бойынша екінші орынды арпа 
иеленеді  — жыл  сайын  1,6-1,9  млн.  га.  өсіріліп,  жалпы  астық 
түсімі  1,8-2,1  млн тонна құрайды.
Астық  емес  дақылдардан  елімізде  майлы  дақылдар  кеңінен 
өсіріледі  (күнбағыс,  рапс,  қыша,  мақсары,  майбүршақ  ж.б.). 
Өсімдік  майы  тамақ  өнеркәсібінде,  медицинада,  техникалык 
жэне  басқа мақсаттарда кеңінен  пайдаланылады.  Соңғы  жылда- 
ры, өсімдік шаруашылығындағы диверсификацияға байланысты, 
майлы  дақылдардың  егістік  аумағы  күрт  өсті.  Атап  айтқанда, 
1996-2000  жылдары  майлы  дақылдар  жыл  сайын  371  мың  гек­
тар жерге өсірілсе, 2006-2007 жж ол көрсеткіш 715 мың гектарға
8

жетті, ал 2009 жылы -   1,0 млн.  гектардан асты.  Тиісінше майлы 
тұкымнын жалпы түсімі мен өнімі де аргты.
Майлы  дақылдардың  үлкен  егістік  аумағы  Шығыс  Қазақс- 
тан,  Павлодар,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының  еншісінде 
(негізінен  күнбагыс  дақылы)  жэне  соңғы  жылдары  майлы  да- 
қылдардан  рапс  егістігі  күрт  артып  келеді  (СҚО,  Қостанай, 
Ақмола ж.б. облыстарда).
Талшықты  (тоқыма)  дақылдарынан  Қазакстанда  мақта  өсім- 
дігі  өсіріледі  (Оңтүстік  Қазақстан  облысында).  Оның  егістік 
аумағы  орта  есеппен  жыл  сайын  шамамен  195  мың  га жетті,  ал 
мақта шитінің жалпы түсімі 415 мың тоннадан асты.
Негізгі қант беретін дақыл -  қант қызылшасы (зауыттық) елі- 
міздің  Алматы,  Жамбыл  облыстарында  өсіріледі,  алайда  бұл 
тэтті  түбірдің  егістік  аумағы  мен  өнімі  халықтың  өскелең тала- 
бын канағаттандырып отырған жоқ.
Картоп өсімдік шаруашылыгы саласының маңызды танаптық 
дақылының бірі.  Ол азық-түлікке, техникалық ж.  б.  максаттарға 
пайдаланылады жэне Қазақстанның дерлік барлык аймақтарын- 
да  өсіріледі,  оның  егістік  аумағы  жыл  сайын  орта  есеппен  160 
мың гектардан асады, жалпы түсімі 2389 мың тоннаны кұрайды 
(1 -кесте).
Бір  айта  кетерлік  жэйт,  елімізде  негізгі  ауыл  шаруашылыгы 
дақылдарының  өнімінің  соңгы  жылдары  біршама  артып  келе 
жатқаны  байқалады.  Оган  қолайлы  ауа-райы  жагдайлары  мен 
қатар  егіншілік  мэдениетінің  арта бастаганы, жаңа техника,  құ- 
рал-жабдықтардың  қолданыла  бастауы,  мемлекеттік  колдаулар 
да эсер  етуце.  Дегенмен,  астық,  мал  азыгын  жэне  баска  өсімдік 
өнімдерін  өндіру  мен  олардың  сапасын  арттыру  мәселесі  (про- 
блемасы)  баяу  шешілуде.  Қазақстан  Республикасының  2006- 
2010  жылдарга  арналган  «Аграрлық-өндірістік  кешенді  (АӨК) 
тұракты дамыту концепциясында»  көрсетілгендей, өсімдік шар­
уашылыгы  саласында АӨК-ді  одан  эрі  дамыту  кластерлік жүйе
есеоінен  іске асырылуга тиіс:  астық өндірісі  мен  оны тереңдете 
өңдеу  (Ақмола,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында) 
жэне  т.б.  (Қызылорда  облысында),  мақта  (Оңтүстік  Қазақстан 
облысында)  және  т.б.  кластерлерін  дамытудың  болашагы  зор.
9

Қазақстанның  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  ма- 
ңызды  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының  агротехнологияла- 
рын  жетілдіру  бірінші  кезектегі  маңызды  мәселе  болып  кала 
береді. 
•.  :
Қазақстанның  агроклиматтық  аймақтары  және  өсімдік- 
тердің негізгі факторлармен  қамтамасыз етілуі.
Кез келген ауьіл шаруашылығы дақылының өндірісі көптеген 
факторларға  байланысты,  оның  ішінде  аумақтың  географиялык
орналасуы  мен  топырақ-климат  жағдаилары  аитарлықтаи  эсер 
етеді. 
|   ■
  ■
  ,
Қазақстан  Республикасының  жер  аумағы  272  млн  гектардан 
асады, ол батыстан шығысқа қарай -  Еділ өзені мен Каспий теңізі 
жағалауларынан таулы  Алтайға дейін  3,0  мың шақырымға таяу, 
ал  солтүстіктен  оңтүстікке -  Батыс  Сібір  орманды  дала  аймағы 
мен Оралдың сыртынан Орта Азиялық шөл далаға дейін  1,5 мың 
шақырымнан астам аумақты алып жатыр.
Қазақстанда өсімдік  шаруашылығы өнімдері негізінен  12  об- 
лыста өндіріледі, олар бес өңірді (аймақты) біріктіреді: Солтүстік 
Қазақстан -  Ақмола,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан  жэне  Пав­
лодар  облыстары;  Оңтүстік  Қазақстан  -   Алматы,  Жамбыл, 
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары; Орталық Қазақстан
-  Қарағанды  облысы;  Батыс  Қазақстан -  Батыс-Қазақстан  жэне 
Ақтөбе  облыстары;  Шығыс  Қазақстан  -   Шығыс  Қазақстан  об­
лысы.
.  Бүл  өңірдің  климаты  күрт  континен- 
талды, ауаның орташа жылдық температурасы +1°С-дан +3°С-ға 
дейін, ең суық қаңтар айында орташа температура -20,  -18°С, ал 
ең жылы шілде айында+19, +24°С. Көктемде жылу тез көтеріледі. 
Аймақтың солтүстігінде сәуірдің соңында, ал оңтүстігінде оның 
ортасында  тэуліктік  орташа  температура  +5°С-дан  асады.  Же- 
келеген  жылдары  кенеттен  суытқанда  сәуірде  орташа  тэуліктік 
температура -10°С-ға дейін, ал мамырда 0°С-ға дейін төмендейді.
Аязсыз  (үсіксіз,  бозқыраусыз)  кезеңнің  үзақтығы  3,5  ай  ша- 
масында,  осы  кезеңде  белсенді  температура  (10°С-дан  жоғары) 
жиынтығы  1700-1800°С-дан  аспайды:  жалпы  Солтүстік  Казак- 
стан  аумағында  мәдени  өсімдіктер жылумен жақсы  қамтамасыз
10

I
етілген.  Белсенді  темрература  жиынтығы  бұл  аймақта  2000- 
нан  2550°С-ға  дейін  өзгереді.  Орташа  жылдық  атмосфералық 
жауын-шашын  мөлшері  200-350  мм.  аралығында  өзгереді,  ал
жылы  кезеңде  жаздың  ортасына  қараи  өсе  отырып  орта  есеп­
пен  180-230  мм.  ылғал  түседі.  Бұл  аймаққа  күшті  желдер  тэн: 
жазда  шаңды  дауылға,  қыста  қарлы  боранға  ұласады.  Қорыта 
айтқанда  Солтүстік  Қазақстанның  климаты  жиі  қайталанатын 
құрғақшылықпен  ерекшеленеді,  ал  мұның  өзі  танаптық  да- 
қылдарды  аудандастырғанда  олардың  құрғақшылыққа  төзім- 
ділігін,  жаздың  екінші  жартысында  түсетін  ылғалды,  сонымен 
бірге  күзгі,  қысқы  жэне  көктемгі  жауын-шашыиды  пайдалану 
мүмкіндігін ескеруді қажетсінеді.
Акмола облысы. Солтүстік Қазақстанның далалы аймағында
орналасқан  жэне  оның  жер  бедері  ұсақ-шоқылы  аумақты 
қамтиды.  Климаты  күрт-континенталды  үлкен  температура 
ауыткуы, ауаның қүрғақтығы мен жауын-шашынның аздығымен 
сипатталады.  Көктемгі  ауа-райы  тұрақсыз,  суық  пен  бозқырау 
жиі қайталанады, ең соңғы бозқырау (аяз) облыстың оңтүстігінде 
3-15,  ал  солтүстігінде  -   14-24  маусым  аралығында  байқалады. 
Жазда  ашық,  бұлыңғыр  күндер  ауысып  отырады,  ал  күзде  -  
бұлыңғыр күндер басым. Күзде, қыркүйектің екінші жартысында 
бозқырау түседі. Облыстың агроклиматтық жағдайлары біркелкі 
емес,  ал  ол  облыстың  үш  табиғи  аймақта  -   орманды-далалы, 
далалы  жэне  жартылай  шөлейтті  -   орналасуына  байланысты. 
Осыларға  сәйкес  облыс  аумағы  төмендегідей  агроклиматтық 
аудандарға бөлінген  (жылу және  ылғалмен  қамтамасыз  етілуіне 
карай):
1. 
Ортама  құргақш ылықт ы  жэне  орташа  жылы  аудан
гидротермиялық  коэффициенті  (ГТК)  -   1,0  жэне  одан  жоғары 
(Сандықтау,  Бүланды  аудандары ж.б.)  негізінен  қара топырақты 
белсенді температура жиынтығы (>10°С) — 2100°С-дан  аспайды. 
Жылдың жылы кезеңінде мұнда  190 мм-ге дейін жауын-шашын 
түседі,  вегетациялық  кезеңнің үзақтығы  135  тэулік  шамасында, 
аязсыз кезеңнің ұзақтығы орта есеппен -   105 тэулік, тұрақты қар 
қабаты  140 тэулікке дейін сақталады, оның орташа қалыңдығы -  
30-35  см-ге жетеді де  95  мм-ге дейін  ылғал  қорын  жинақтайды.
11

Температуралық  ережесі  бойынша  бұл  ауданда  жаздық  бидай, 
асбұршақ жэне т.б. дақылдарды ойдағыдай өсіруге болады.
1.  Орташа  қургақшылықты  жылы  аудан  (Атбасар,  Ар- 
шалы,  Целиноград  аудандарының  көп  бөлігі),  күңгірт  қара- 
қоңыр  топырақты  (темнокаштановая),  ГТК  -   0,7-1,0  болады.

Бірінші  агроклиматтық ауданмен салыстырғанда,  мұнда мәдени 
өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуі томен, жылы кезеңде 
түсетін  жауын-шашын  молшері  — 155-185  мм,  белсенді  темпе­
ратура  жиынтығы -  2100-2350°С,  вегетациялық  кезең ұзактығы
-   135-140  тэулік,  қар  қабатының  сақталуы  -   125-140  тэулік, 
орташа қалыңдығы  15-35 см. жэне ондағы ылғал қоры 40-95 мм. 
аралығында өзгереді. Мұнда көптеген а.ш. дақылдарын (жаздық 
бидай, тары, дэнді бұршақ дақылдары және т.б.) өсіруге болады.
2.  Құргақшылықты  аудан  (Егіндікол,  Ерейментау әкімшілік 
аудандары ж.б.).  ГТК -  0,5-0,7, белсенді температура жиынтығы
-  2350-2550°С.  Алғашқы  екі  өңірге қарағанда бұл ауданда қатал 
ылғалдану ережесі қалыптасқан жэне күңгірт қара қоңыр, ашық 
қара қоңыр  топырақтарды  біріктіреді.  Тұрақты  қар  қабаты  120- 
135 тэулік сақталады да орташа қалыңдығы 16-32 см. аралығында 
өзгереді  жэне  ондағы  ылғал  қоры  45-90  мм-ге  жетеді.  Жылы 
кезеңде 125-170 мм. жауын-шашын түседі. Жылумен қамтамасыз 
етілуіне  қарай  бұл  аудан  аумағында  жаздық  бидай,  күнбағыс, 
қарақүмық, дэнді бүршақ жэне т.б. дақылдарды өсіруге болады.
3.  Өте  құргақш ы.і ы қт ы  жылы  ауданда  (Қорғалжын  ау- 
данының  оңтүстік  бөлігі),  ГТК<0,5,  белсенді  температура 
жиынтығы  -   2550-2700°С,  жылы  кезеңде  125-140  мм.  жауын- 
шашын  түседі.  Бұл  өнірде  қатал  ылғалдану  жағдайларына  бай- 
ланысты егіншілік шектеулі деңгейде дамыған.
Костанай  облысынын  негізгі  табиғи  ерекшеліктері  оның 
ішкіматериктік орналасуымен анықталады: ол Орал, Батыс Сібір 
және  Орталық  Қазақстан  тоғысында  орналасқан,  облыс  клима­
ты  континенталды, жаз бен қыс,  күн мен түн температуралары- 
ның  күрт  ауытқуымен  сипатталады.  Оң  температуралы  жылы 
кезеңнің  үзақтығы  195-210  тэулік  (5-10  сәуірден  бастап  қазан 
айының 22-31  жүлдызы аралығы),  аязсыз кезеңнің үзақтығы 3,5 
айдан (облыстың солтүстігі) 6 айға дейін (оңтүстігінде). Жылдық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет