Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет9/16
Дата09.03.2023
өлшемі456,35 Kb.
#171633
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Лекция МЕШП 2022
Туғанбай Н. Ққзт, Жалы және жас ерекшелік емтихан сұрақтары 2022-2023, презентация 4
Бақылау сұрақтары:


1.Есептер шығаруға оқыту әдістемесінің кезеңдерін ата?
2. Есеп шығарумен таныстыру дегеніміз не?
3.Есептің шешуін іздестіру дегеніміз не?
4.Есепті иллюстрациялау дегеніміз не?
5. Есепті иллюстрациялаутүрлерін ата.
6.Есептің шешуін іздестіру дегеніміз не?
7.Есепті талдау түрлерін ата.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б. 
4.Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық.- 2-ші бас.- Астана: Фолиант, 2010.- 468 б. 
5.Бастауышта математика курсының есептер жинағы [Мәтін]: оқу құралы / Шымкент, 2011.- 80б.Байдыбекова, Е.И

Лекция 8


Тақырыбы: Есепті шығару және жазу формалары


Жоспар
1.Есепті шығару және жазу формалары
2.Есептің шешуін тексеру және оның түрлері


1.Есепті шығару- шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шығару ауызша және жазбаша орындалады. Бастауыш сыныптарда есептің шешуін жазудың мына түрлері пайдаланылады.
1.Есеп шешуін өрнек түрінде жазу.
а) түсіндірмесін жаза отырып, өрнекті біртіндеп құру.
б) түсіндірмесін жазбай, өрнекті біртіндеп жазу.
в) жеке амалдарды және түсіндірмесін жазбай өрнектерді жазу.
2.Есептің шешуін теңдеу түрінде жазу.
а ) түсіндірмесін жаза отырып, біртіндеп теңдеу құру .
б ) түсіндірмесін жазбай біртіндеп теңдеулерді жазып көрсету.
в ) жеке амалдарды және түсініктемесін жазбай теңдеуді жазу .
3.Есеп шешуін жеке амалдар түрінде жазу.
а ) түсініктемесін жаза отырып.
б ) түсініктемесін жазбай.
Есеп. «Жолаушы барлығы 900 километр жол жүрді. Ол бірінші күні 280 километр, ал екінші күні 120 километр, ал қалған жолды үшінші күні жүрді. Жолаушы үшінші күні қанша километр жол жүрді?»
I . Есептің шешуін өрнек түрінде жазу.
а) түсініктемесін жаза отырып, өрнекті біртіндеп жазу.
1) 280+120= 400 (км) 1- ші және 2 –ші күні жүрілген жол.
2) 900-40 0= 500 (км) 3-ші күні жүрілген жол.
900-(280+120)
Жауабы: 500 (км) жол жүрді.
б) түсініктемесін жазбай, өрнекті біртіндеп құру
280+120 (км) 900-(280+120) (км)
Жауабы: 500 (км) жол жүрді.
в) жеке амалдарды және түсініктемесін жазбай өрнекті жазу.
900-(280+120) = 500 (км)
Жауабы: 500 (км) жол жүрді
II Есептің шешуін теңдеу түрінде жазу
а) түсініктемесін жаза отырып, біртіндеп теңдеу құру.
х- үшінші күні жүрілген жол
280+120- бірінші және екінші күні жүрілген жол.
(280+120)+х = 900 400+х = 900
х = 900-400 х = 500
Жауабы: 500 (км) жол жүрді
б) түсініктемесін жазбай біртіндеп теңдеу құру.
х- үшінші күні жүрілген жол
280+120 (280+120)+х = 900
400+х= 900 х = 900-400 х = 500
Жауабы: 500 (км) жол жүрді.
в) жеке амалдарды және түсініктемесін жазбай теңдеуді жазу.
х- үшінші күні жүрілген жол
(280+120)+х = 900 400+х = 900
х = 900-400 х = 500
Жауабы: 500(км) жол жүрді.
III.Есептің шешуін жеке амалдар түрінде жазу.
а ) түсініктемесін жаза отырып.
1. 280+120- 1-ші және 2-ші күнгі жүрілген жол.
2.900-400- 3-ші күні жүрілген жол.
Жауабы: 500 (км) жол жүрді.
б ) амалдар түсініктемесін сұрақ түрінде тұжырымдауға болады.
1. Бірінші және екінші күні барлығы қанша километр жол жүрілген ?
280+120 =400 (к)
2.Жолаушы үшінші қанша километр жол жүрілген ?
900-400 = 500 (км)
Жауабы: 500 (км) жол жүрді.
Бірінші сыныпта есеп шешуін оқушылар көбінесе жеке амалдар және өрнек түрінде жазады . Оқушыларда есеп шығару дағдысы қалыптасқан кезде түсіндірмесін бере отырып шығаруға болады.
2.Есеп шешуі тексеру – оның дұрыс немесе қате екендігін тексеру. Бастауыш сыныпта тексерудің 4 тәсілі қолданылады:
1.Кері есеп құрастыру және шығару.
2.Есепті шығару нәтижесінде алынған сандар мен берілген сандар арасындағы сәйкестікті тағайындау.
3.Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
4.Ізделіп отырған санның шекарасын тағайындау.Әрқайсысын жеке –жеке қарастырайық.
1.Кері есеп құрастыр және шығар .
«Мектеп асханасында үш кезекші-90 стакан жуды. Біріншісі-33 стакан,екіншісі-27 стакан жуды.Үшінші кезекші неше стакан жуды ? » осыған кері есеп құрастырамыз.
«Мектеп асханасында бірінші кезекші-33 стакан, екіншісі-27 стакан,ал үшіншісі 30-стакан жуды. Үш кезекші барлығы неше стакан жуды?»
Бұл тәсіл 2-ші сыныптан бастап енгізіледі.Оны кез келген есепке қолдануға болады, тек кері есеп балалардың шама – шарқына (қарай)сәйкес болсын, сондықтан мұғалім кері есепте қандай санды ізделінді деп алуға болатын көрсетуі тиіс. Барлық есептің шешуін осы тәсілмен тексеру керек деп ойлаудың қажаті жоқ, өйткені мейлінше қиын және күрделі.
2. Есепті шығару нәтижесінде алынған сандар мен берілген сандар арасындағы сәйкестікті тағайындау.
Есеп шешуін осы тәсілмен тексергенде есептің сұрағына жауап беру нәтижесінде алынған сандарға арифметикалық амалдар қолданылады: егер мұнда есептің шартында берілген сандар шығатын болса, онда есеп дұрыс шығарылған деп есептеуге болады.
3. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.
Егер есепті әр түрлі тәсілмен шығаруға болатын болса, онда бірдей нәтиже алу есептің дұрыс шығарылғандығын көрсетеді.
«Қыз бала- 36 саңырауқұлақ, ал ер бала -28 саңырауқұлақ тапты.Осы саңырауқұлақтың 6-ы жеуге жарамайтын болып шықты. Балалар жеуге болатын қанша саңырауқұлақ тапты ?» Есепті әртүрлі тәсілмен шығар .
1) .(28+36)-6 2.) (28-6)+36 3) (36-6)+28.
4. Ізделіп отырған санның шекарасын дайында (жауабын шамалау).
«Арасы 357км екі пристаннан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы жылдам жүретін екі катер шықты. Олардың біреуінің жылдамдығы сағатына 61 км , ал екіншісі сағатына 58 км Катерлер кездескенге дейін әрқайсысы қанша жол жүрді?»
Есепті шығарғанға дейін әр катер 357 км –ден кем жол жүретіндігі, бірінші катер екіншіден артық жол жүретіні анықталады. Оқушы қателесіп 3570 км жол жүрді десе, онда есеп шығарылмайтындығын байқайды. Бұл тәсіл жаңа бағдарламаға сәйкес 2-ші сыныптан бастап енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет