Лекция 1 Тақырыбы: «Математикадан есеп шығару практикумы»



бет8/16
Дата09.03.2023
өлшемі456,35 Kb.
#171633
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Лекция МЕШП 2022
Туғанбай Н. Ққзт, Жалы және жас ерекшелік емтихан сұрақтары 2022-2023, презентация 4
М. Бірінші суретті мұқият қараңдар,канша балапан болған?
О. 1 балапан.
М. Сол суреттің астында қандай цифр жазылған ?
О. І цифры.
Демек зат пен цифр сәйкестендіріледі, яғни балапандар қандай екені санмен өрнектеледі.
М. Екінші суретті қараңдар. Не өзгерді?
О. Бір ақ балапаның жанына тағы бір қоңыр балапан келді.
М. Балапандар–1 және тағы 1 болғанынын қалай жазып көрсетуге болады? Суретің астындағы жазуды қараңдар.
О. І-І
М. Үшінші суретті қараңдар. Енді қанша балапан болады?
О. Екі балапан болады.
М. Суреттің астында қандай цифр жазылған? Неге?
О. Екі цифры жазылған, өйткені 1 және тағы 1, яғни барлығы екі балапан болады.
Осыған ұқсас бір қоңыр балапаның кетіп бара жатқан суретті, қалған бір-ақ балапаның суретті берілсе және сәйкес жазулар келтірілсе, талқылаулар жүргізу барысында барлығы екі балапанның болғаның, оның біреуінін бөлініп кеткенін, сонда 1-сіз 2-нің қалғанын (2-1) яғни бір балапанның жем шоқып тұрғанын анықтауға болады.
Осындай суреттерді және әр алуан практикалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылар ненің болғанын, ненің өзгергенің сонда қанша шыққанын көрнекті түрде қабылдайды, сонымен бірге заттарға сандарды және өрнектерді сәйкес коюдың қажеттігін сезінеді. Бұл тексті арифметикалық есептерді шығарудағы басты мәселе.
Ілгеріде қосарланған үш сурет айқын берілмейді, яғни біздің мысалымыздағы жем шоқып тұрған және қоңыр балапаның суреті басқа бір түспен жабылады, бірақта суреттің астындағы 2 цифры жазылады. Сонда екінші суретті оқушылар пайдаланып, ненің өзгертілгенін анықтайды және сонда қанша шыққанын сол сурет бойынша санау арқылы таба ды да, үшінші суретте не болуы керектігін тағайындайды.
Осы кезде ілгеріде тексті арифметикалық жай есепке сәйкес амалды іріктеп алуда жәрдемі тиетін тәсілдермен де оқушыларды таныстыру жүзеге асырылады. Осыған орай қарастырылатын екі сурет ұсынады. Мысалы: «1-ақ балапанның суреті, яғни қосарланған екі сурет бойынша талқылаулар жүргізіледі».
М. Бірінші суретте не көріп отырсыздар?
О. Бір ақ балапан жем шоқып тұр.
М. Партаның үстіне сонша дөңгелек қойыңдар.
О. Әр біреуі бір дөңгелектен қояды.
Ы. Әрқайсысын неше дөңгелектен қойдындар, неге?
О. Бір балапан боған еді, сондықтан бір дөңгелек қойдық
Ы Екінші сүретті қараңдар.Не өзгерді?
О. Тағы бір қоңыр балапан келіп, ол да жем шоқып тұр.
М. Сендер партанын үстінде тағы 1 дөңгелек қойыңдар.
Сонда енді бір және тағы бір дөңгелек болғанын қалай жазып көрсетуге болады?
М. Осындай жазуды балапандар үшін де жазуға бола ма? Неге?
О. Болады, өйткені дөңгелектер қанша болса, балапандар да сонша.
Осыған ұсас «1-ақ және 1 қоңыр балапаның суреттін» ұсынып, алдымен партанын үстіне 2 дөңгелек қойып, өзгерісті байқап, біреусіз 2 дөңгелектің қалғанын (2-1) парта үстіндегі 2 дөңгелектің бірін алып кету арқылы көрсетіп беруге болады.
Міне, осы кезден бастап, алынатын тәсілдер ретінде түсті дөңгелектер салу (қосу) және дөңгелектердің берілген тобынан оның біреуін бастыра сызу (азайту) қолданыла бастайды.
Санау материалдармен, дидактикалық кеспе, геометриялық фигуралармен және т.б. осы сияқты практикалық жұмыс жасау және әр алуан қарапайым есептерде берілетін сандық деректерге және өзгеріске сәйкес машықтана бастайды, сондай-ақ қарастырып отырған тәсілдердің мән-мазмұнын игереді.
Ендігі кезекте бір ғана сурет ұсынылады. Цифрларды, амалдардың, теңдік таңбаларымен көмегімен бір ғана суреттің мазмұнына сәйкес жазуды орындайды, сондай-ақ сол сурет бойынша әртүрлі пайымдауларға негіздей отырып әртүрлі екі жазуды (бірі-қосу, екіншісі-азайту) орындайды.
Бұл–есеп текстің мазмұнын оқушылардың тұтас қабылдауды және оны шығаруда қандай да бір амалдың неліктен қолданылатын жетік түсінуінің қамтамасыз ететін мәселенің қатарына жатады.
Тексті есепті шығарғанда арифметикалық амалдар орындайды. Демек, нәтижені есептеп шығарудың тәсілдерімен оқушылардың күн ілгері таныстыру қажет. Осыған орай 1-ді және 2-ні қосумен 1-ді және 2-ні азайту тәсілдерін оқып үйрену де, тексті есептерді еңгізудің дайындық кезеңінде қарастырылалы.
Сонымен, қатар жоғарыда келтірілген шолудың өзі-ақ осы кезеңде оқытудың белгілі бір нәтижелеріне жетудің қажеттігін көрсетеді. Соған жеткенде ғана тексті есептерді еңгізудің берік негізгі қаланды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Есеппен жұмыс әдістемесі кезеңдерін ата.

  2. Есеп шығаруға үйрету дегеніміз не?

  3. Есеп шығаруға дайындық жұмысы нені анықтайды?

  4. Есеп шығаруға дайындық жұмысына мысалдар келтір.



1.Негізгі әдебиеттер
1.Кененбаева М.А. Математиканы оқыту теориясы және технологиясы. Оқу құралы.- Павлодар: ПМПИ, 2012.- 156б.
2.Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.-368б
3.Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016.- 304б. 
4.С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010.- 160 б. 
5.Алиева. К.С., Байдыбекова Е. И., Есназар А. Ж. Математика оқыту әдістемесі пәнінен лекциялар кешені.- Шымкент: ОҚМПИ, 2013.- 84б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі). 
6.Оспанов Т. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі [Мәтін]: оқулық / Т. Оспанов [ж.б.].- 2-ші бас.- Астана: Фолиант, 2010.- 468 б. 
7.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Мәтін]: оқу құралы / К.С. Алиева.- Шымкент, 2014.- 80б.- (Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі). 
8.Алиева К.С. Бастауышта математиканы оқыту әдістемесі [Электрондық ресурс]: лекция жинағы / К.С. Алиева [ж.б.].- 757 Кб.- Шымкент, 2013.- 1 эл. опт. диск (CD-ROM). 
3.www.cpm.kz – Педагогикалық шеберлік орталығы

Лекция 7
Тақырыбы: Есептің шешуін іздестіру

Жоспар
1. Есеп мазмұнымен таныстыру


2. Есептің шешуін іздестіру


1. Алдын ала дайындық жұмысы жүргізген соң балаларды есептердің қарастырылған түрімен таныстыруға көшуге болады .
Есеппен жұмыс әдісімен мына кезеңдерден тұрады.
1 кезең – есептің мазмұнымен таныстыру.
2 кезең – есептің шешуін іздеу.
3 кезең – есепті шешу .
4 кезең – есептің шешуін тексеру.
Әр кезеңді жеке-жеке қарастырайық..
Есептің мазмұнымен таныстыру дегеніміз – оны оқып шығып, онда келтірілген жайттарды көз алдына келтіру. Есепті балалар оқиды. Мұғалім есепті балаларда тексі жоқ жағдайда немесе олар оқи алмайтын кезде ғана оқиды. Есепті дұрыс оқудың маңызы зор.Мысалы «бар еді» «кетіп қалды », «қалды», «бірдей болды »т.сс.сөздерді баса айту , есепке қойылатын сұрақты дауыс көтере айту.
2. Есептің шешуін іздестіру және жоспарын құруда, яғни бұл кезеңде оқушыларға шамаларды, деректер мен ізделіндіні бөліп көрсетуге, олардың арасындағы байланысты анықтауға көмектесетін тәсілдер қолданылады, сөйтіп осылардың негізінде арифметикалық амалдарды алулары тиіс.Балалар шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлуге көмектесетін, олардың арасындағы байланыстарды тағайындайтын арнай әдістер пайдаланылады. Мұндай әдістерге :а) Есепті иллюстрациялап көрсету.ә) Есепті талдау.б) Шешу жоспарын құру.
3.Есепті иллюстрациялау- есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандардымүшелерге бөлу олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін , көрнекілік құралын пайдалану иллюстрация нәрсе немесе схема түрінде болады. Нәрсені иллюстрациялаумен қатар 1 сыныптан бастап схема түрінде түсіндіру пайдаланылады, ол – есепті қысқаша жазу.
Иллюстрацияны орындау процесі кезінде кейбір балалар есептің шешуін табады, яғни олар есепті шығару үшін қандай амалды қолдану керектігін алдын ала біледі. Алайда бір қатар балалар берілген мәлімет пен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауды және сәйкес арифметикалық амалды таңдап алуды тек мұғалімнің көмегімен ғана орындай алады. Бұл жағдайда мұғалім есепті талдау деп аталатын арнайы әңгіме деп жүргізеді.
1. Заттық иллюстрация – есепте сипатталған өмірлік жағыдаятты анық түсінуге көмектеседі және амал таңдап алуға ықпал етеді. 1 – сыныпта жиі қолданылады, өйткені балаларда көрнекі – образдық ойлау басым.
а) Балалардың өздері: “Оқушылар таудан сырғанап жүр. Үйлеріне 5 қыз және 2 ұл бала кетті. Үйлеріне барлығы неше бала кетті?”
ә) Заттар “Корзинадан алында 5 саңырауқұлақ, одан кейін тағы 2 саңырауқұлақ алынды. Барлығы неше саңырау құлақ алынды?”
б) Заттың суретін немесе модельдері: “Бір қоянда 5 сәбіз, ал екіншісінде 2 сәбіз бар. Барлық сәбіз нешеу?”



1) – Олардың модельдері, суреттер.
2) – Геометриялық фигуралар (үшбұрыштар).
Мұндайда оқушылардың құралдармен жұмысты өздері орындаған жөн, Сондықтан таратып беруге арналған материалдар қолдану қажет.
2. Схемалық иллюстрация – шамалар сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы. Бастауыш мектептің барлық сыныптарында қолданылады, өйткені оқушыларда көрнекі – схемалық ойлау қалыптаса бастайды.
а) Сөздер, сандар, белгілер көмегімен:
І – 15 сөз Болғаны – 20 м
ІІ - ?, 5-еуі артық Кеткені - ?, 5 м және 8 м
Қалғаны - ? м
ә) Кесте түрінде: пропорционал және кері пропорционал шамаларға арналған есептер үшін.



Жылдам-
дық

Уақыт

Қашық-
тық

20 км/сағ
30 км/сағ

3 сағ
3сағ

? км
? км




Бағасы

Саны

Құны

? тг
бірдей

5 т
10 т

35 т
? т
б) Сызба түрінде көбінесе қозғалысқа арналған


20 км/сағ 3 сағ 30 км/сағ



в) График түрінде: ұзындықты табуға және шамалар арасындағы байланысқа (артық, кем, сонша) берілген есептер үшін


І 50 м


ІІ ? 3 есе артық

г) Схема түрінде:







Мұнда иллюстрация оқушылардың көздерінше орындалады, тіпті олардың өздері мұғалімнің басшылығымен кейінірек өз бетімен орындаса, жақсы болады. Ол деректер мен ізделінді арасындағы байланысты анықтауға, амал таңдауға және еспті шешуге көмектеседі.
Мәтін боиынша есепті талдау – екі әдістен тұратын логикалық тұжырымдар тізбегі.
І әдіс – аналитикалық – шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы:
ІІ әдіс синтетикалық – деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет