Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Жалпы географиялық шолу карталарда әлеуметтік-экономикалық объектілерін бейнелеу ерекшеліктері



бет22/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы
Новый документ (1) (1), дифференциалдық теңдеулер 3 апта, Лекция-1641983136155, ҚМЖ Жазира, Презентация, шпор нов, IMG20221016203649, картагр срс парт 2 (копия)
8.3 Жалпы географиялық шолу карталарда әлеуметтік-экономикалық объектілерін бейнелеу ерекшеліктері.
Елді мекендерді бейнелеу. Елді мекендерді бейнелеу жалпы географиялық карталар мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады. Ұсақ масштабты шолу карталарда қалаларды жоғары жалпыластырылған түрінде бейнелейді. Мұндай карталарда қаланың ерекшеліктерін, яғни қала планировкасының ерекшеліктерін немесе территория бойынша қала бөліктерінің айырмашлықтарын көрсету мүмкін емес. Мысалы, масштабы 1:5 000 000 Қазақстан Республикасының картасында Алматы қаласы карта бетінде диаметрі 0,5 – 0,6 см құрайтын шеңбер түрінде бейнеленеді. Шолу картада елді мекеннің шеңбер түріндегі шартты белгісі пунсон деп аталады (от французского термина poincon – стальной стержень. Этим стержнем при гравировании на медных досках, использовавшихся при издании карт, выбивались круглые условные знаки населенных пунктов). Пунсонның көлемі мен суреті елді мекеннің типін, немесе тұрғындар санын, немесе әкімшілік мәнін көрсетеді.
Елді мекендер атаулардың жазылуы көптеген функцияларын атқарады. Жазу елді мекеннің атын көрсетеді, оның типі туралы және оның тұрғындар санын көрсетеді.
Жолдарды бейнелеу. Жалпы географиялық шолу карталарда негізінен – теңіз, өзен және құрғақтағы жолдарды бейнелейді. Шолу карталарда жолдардың барлық түрлерін көрсетуге тырысады. Бірақ темір жолдар экономикалық қатыста басымдау болады, сондықтан экономикалық дамыған территорияда темір жолдараның барлық түрлері көрсетеді, ал автомобиль жолдары жоғары жалпыластурыдан өтеді.
Төменгі кластағы жолдар – қарапайым қара жолдар шолу карталарда көрсетілмейді. Ұсақ масштабты географиялық карталардың легендасында құрғақтағы жолдарды топтастырады. Мысалы, 1983 жылы жарық көрген ҚСРО Атласында жалпы географиялық карталарында жолдарды мынадай топтастырған:

  • магистарльдық және маңызды темір жолдар;

  • басқа да темір жолдар (железные дороги прочие);

  • магистральдық автомобиль жолдары;

  • басты автомобиль жолдары;

  • басқа да автомобиль жолдары.

Кейбір атластарда барлық автомобиль жолдарын бір шартты белгісімен көрсетеді. Таулы аумақта асуларды және тоннельдерді бейнелейді.
Шолу ұсақ масштабты карталарда көлік жүретін өзендерді ерекше шартты белгісімен көрсетеді. Әдетте, бұл шартты белгісі өзендердің жұк және жолаушы тасмалданатын учаскелерінде ғана көрсетіледі.
Шолу ұсақ масштабты карталарда аса маңызды теңіз порттары және маңызды теңіз рейсттері немесе маршруттары бейнеленеді. Теңіз порттарын порттық қаланың пунсонының жанында якорьмен көрсетеді, ал маршруттар сызықтық белгісімен – пунктирмен көрсетеді, кейбір карталарда осы машруттарды көрсеткенде екі портты арасындағы ара қашықтық санмен көрсетіледі.
Саяси және территорияның саяи-әкімшілік бөлінуін бейнелеу. Жалпы географиялық карталардың маңызды мақсатының бірі мемлекеттің территориясын көрсету. Бұл мәселе мемлекеттік шекараны көрсетіп территорияда мемлекеттің атын жазып шешіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет