Лекция 1 Трансформаторлар



бет66/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша
Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша, Техн қонд эл маши лекция казакша
1.5. Жүктемелік сипаттамасы – генератор қысқышындағы кернеудің жүктеме тоғы, қуат коэффициенті мен генератордың айналуы өзгеріссіз кезінде, қоздыру тоғына тәуелділігі, демек: U=ƒ(Іқ), мұнда Cosφ=Const және n =Const. Ол қандайда болмасын экплуатациялық тәртіппен байланысты емес және синхронды машиненің кейбір өлшемдерін мысалы статор орамасының индуктивті шашырандылық кедергісін х1, анықтауда көмекші ретінде пайдаланылады.
2. Генераторлардың параллель жұмысы. Тұтынушыларды энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету үшін, электр станцияларында бір емес, бірнеше синхронды генераторлар орнатылады, олар бір желіде паралель істейді. Тұтынушылар қабылдайтын қуаттың өзгеруіне қарай, түнгі немесе күндізгі кездерде, генераторлардың белгілі санының қосуға немесе ажыратуға тура келеді. Ондағы мақсат, олардың қалыпты жүктелуі мен ПӘК-нің жоғары болуына жету. Қатар реттейтін синхронды генераторларға және реактивті қуаттарды бөлу қоздыру тоғын өзгерту арқылы алғашқы қозғалтқыштың айналдыру моментін немесе ротор полюстерінің магнит ағындарын өзгерту. Параллель істеуге қосылған генераторлардың қалыпты кернеулері мен жиіліктері бірдей болуы тиіс. Желіге қосар алдында генераторлардың қысқыштарындағы кернеу мен генератор қосылатын желінің кернеулері бірдей болуына жетуі керек. Ол қосылатын генератордың орамасындағы тоқты өзгерту мен айналу жылдамдығын реттеу арқылы атқарылады. Бұл міндетті шарт болып табылады және генераторды желіге қосқанға дейін атқарылуы тиіс. Генераторды желіге қосқан сәтте, қосылған генератор мен желінің аттас фазалары арасындағы кернеу нөлге тең болуы тиіс, ол шамды синхроноскоп деп аталатын–3.13 және 3.14–суреттерде көрсетілген сұлба бойынша генератор мен желі қысқыштарына жалғанған үш қыздыру шамы арқылы белгіленеді. Генераторларды параллель істеуге қосудың бірнеше әдістері қолданылады. Солардың ішіндегі негізгілері үшеу:

  • өшіруге қосу;

  • жүгірме немесе айналатын сәулеге қосу;

  • өздігінен синхрондану әдісімен қосу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   72




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет