Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері



бет13/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
Нәтижесі: бейіналды дайындық іске асырылады

Бірінші ұстаным бойынша бейіналды дайындықты психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін, психологтың оқушымен ғана жұмыс істеуімен тынбай, оқу-тәрбиелеу үрдісіне мұғалімдер мен ата-аналарды қатыстыра отырып, жұмысты ұйымдастыру талабы туындайды.

Екінші ұстанымда бейіналды оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздеріне сүйенудің қажеттігі көрсетіледі. Бұл мәселеге орай, бүгінгі күні оқушыларды бейіналды даярлау және жоғарғы сыныптағыларды бейіндеп оқыту тұжырымдамасы жасалып отыр.

Үшінші ұстанымда бейіналды дайындықты ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету көзделеді. Оған мұғалімнің әдістемелік даярлығын жетілдіру (тақырыптық семинарларға қатысу, тәжірибе алмасу), өзіндік білім алуы; бейіналды даярлықты тиімді іске асыру үшін оқушылардың танымдық қызығушылықтарына негізделген элективті курстарды іріктеп алу немесе оларды оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен икемдерін, аймақ ерекшеліктерін ескере отырып, модификациялау; өздігінен курс бағдарламаларын жасау кіреді.

Төртінші ұстаным бойынша бейіналды дайындықтың құқықтық-нормативтік жағынан қамтамасыз етілуі бірқатар құжаттармен белгіленеді.

Жалпы орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысы қазіргі білім беруде негізгі орын ала отырып, көбіне кәсіби білім беру жүйелерінің мүмкіншіліктеріне және жас адамдардың кәсіби әрекетінің сапасына үлкен әсерін тигізеді. Жоғарғы деңгей ерекше білім беру кеңістігін құрайды, себебі оның шеңберінде жеке тұлғаның әлеуметтік, кәсіби және азаматтық тұрғыдан қалыптасу сатысы өтеді. Қоғамның қандай білікті кәсіби маман алуы жас адамның қандай азаматтық және адамгершілік позициялар тұрғысынан білім алуды және кәсіп таңдауды жүзеге асыруына тәуелді.

Бейіндік білім беру жүйесі - жоғарғы сынып оқушыларына арналған мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге, жеке тұлғаның мүддесіне, жасөспірімнің жас ерекшеліктеріне және білім беру саласындағы әлемдік ағымдарға сай келетін оқыту үдерісін ұйымдастырудың анағұрлым тиімді формасы.

Әлемдік білім беру тәжірибесінде бейіндік білім беру орта білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы бағыттар және бейіндер бойынша оқушыларды арнайы дайындау жүйесі ретінде қарастырылады.

Тұтас жүйе ретінде бейіндік білім беру мыналарды қамтамасыз етеді:

- оқушыларды бейіналды және бейіндік дайындау мазмұнының кәсіби біліммен сабақтастығы;

- бейіндік пәндер бойынша дайындықтың терендігі.

Көптеген дамыған елдерде сол елдердің мәдени және тарихи дәстүр-леріне тән ерекшеліктері, сондай-ақ жалпыға ортақ қасиеттері бар жалпы орта білім беру аясындағы бейіндік білім беру жүйелерінің қалыптасқанына көп болған, әрі табысты түрде жұмыс істеуде.

Бейіндік оқыту жүйесі әлемнің жетекші елдерінің білім беру саясаты-ның негізін құрайтын бөлшектеп саралау және даралау идеяларына құрылған.

Бөлшектеп саралаудың негізгі типтері мыналар болып табылады:



  • оқу орындарын әртүрлі типтер бойынша бөлу;

  • бір оқу орнының ішінде бейіндерге және ағымдарға бөлу;

- сыныптарды бейіндік топтарға бөлу.

Көбіне бейіндік «аға» мектеп білім беру мекемесінің дербес түрі ретінде ерекшеленеді: мысалы Францияда-лицей, Германияда - гимназия, АҚШ-та - «жоғарғы» мектеп.

Оқу орнының ішінде оқытуды бөлшектеп саралау Еуропаның көптеген елдерінде таралған, онда негізгі орта білім беру мектебінің 1-сыныбынан бастап 6-сыныбы бойынша барлық оқушылар жалпы түрде бірдей дайындық алады, 7-сыныптан бастап оқушы өзінің ары қарайғы жолын таңдайды. Әрбір оқушыға негізгі мектепте білім алуды жалғас-тырудың екі нұсқасы ұсынылады: жоғарғы білімге жол ашатын академия-лық және көбіне қолданбалы және бейіндік пәндерден тұратын жеңілдетілген оқу жоспары бойынша оқыту жүргізілетін кәсіби.

Бөлшектеп саралау және әр тараптандыру идеялары топтық оқытуды ұйымдастыруда көрініс тауып отыр. Топтар әртүрлі принциптер бойын-ша ұйымдастырылады: жылдам, орта және баяу (АҚШ); оқушыларды қабілеттері, мүмкіндіктері бойынша бөлу (Ұлыбритания), оқу бағдарламаларының деңгейлері бойынша бөлу (Германия) және т.б.

Бейіндік дайындықты ұйымдастыру білім алушының жеке оқу жоспарын қалыптастыру тәсілі бойынша ерекшеленеді: міндетті оқу курстарының қатаң тізімінен бастап (Франция, Германия) бүкіл оқу кезеңінде ұсынылатын көптеген курстарды жинақтау мүмкіншілігіне дейін (Англия, Шотландия, АҚШ және т.б.). Әдетте, мектеп оқушылары (кредиттердің) ұзақтығы бір семестрге дейінгі оқу курстарының белгілі бір санын таңдап алуы тиіс. Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің (курстарының) саны негізгі мектеппен салыстырғанда айтарлықтай аз. Оқу пәні әртүрлі деңгейлерде оқытылуы мүмкін. АҚШ-та, Жапонияда «аға» мектепте оқу бағдарламаларының екі типі қолданыста: жалпы және арнайы білім беру. Германияда ПРОА жүйесі қолданыста, оның шеңберінде оқу пәндері П – кәсіби курс, Р - кеңейтілген курс, О - негізгі курс, А - бейімделген курс түрінде ұсынылған. Бұл ретте міндетті және таңдап алынған бейіндік пәндердің көбісі жоғары деңгейде оқытылады.

Жоғары бейіндік мектепті аяқтағаны туралы дипломдар (куәліктер), әдетте, жоғары оқу орындарына (медициналық және әскериден басқа) емтихансыз түсу үшін негіз болып табылады және оқушылар игерген бағдарламаларға және олардың академиялық нәтижелеріне байланысты әр түрлі деңгейлік болып табылады.

Бейіндік оқытудың шетелдік жүйелеріне жүргізілген талдау бейіндік оқытудан өткен , мектеп оқушыларының үлесі жылдан - жылға өсіп келе жатқанын көрсетіп отыр (қазіргі уақытта кемінде 70%), ал ол өз кезегінде бұл жүйенің қажеттілігін және оның оқушылардың сұраныстарына сай келетінін көрсетіп отыр [5].

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы жағдайында орта білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігімен интеграциялауға бағытталған жүйені кұрудың орасан зор мәні бар.



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (1991 ж.) мемлекеттік саясаттын бірқатар ең негізгі принциптерін белгіледі, оның ішінде: жалпы орта білім берудің вариативтілігі, оқытылушылардың; кәсіби бағыт алуы, оқытудың вариативтік бағдарламаларын, оның ішінде тереңдетілген және кәсіби алдындағы бейіндік дайындықты кең түрде жүзеге асыратын орта білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлерін (лицейлер, гимназиялар, колледждер) құру.

1992 жылдан бастап Қазақстанда мектептік білім беруді реформалау басталды, оның жетекші идеясы оқушыларды вариативтік жалпы орта білім беруге дайындау үшін бірегей білім беру кеңістігін сақтай отырып, жағдайлар жасау арқылы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.

Кеңестік мектептің біркелкілігінен алшақтай отырып, білім берудің мазмұнын жаңарту жолдарын іздеу Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережеде, Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мектебін дамыту тұжырымдамасында және жалпы орта білім беру мазмұнының тұжырымдамасында (1996 ж.) көрініс тапты.

Бұл құжаттарда мектепті гуманитарлық және жеке даралық білім беруге бұру, оқушылардың ынталарын ескере отырып, оқытуды жаратылыстану-математика, гуманитарлық-эстетикалық, кәсіби-техника-лық бағыттар бойынша бөлшектей отырып ұйымдастыру жарияланған, бұл барлық міндетті пәндер бойынша білім беру стандарттарының және оқу бағдарламаларының бірінші варианттарында (1996, 1998, 2000 ж.) жүзеге асырылды.

Жалпы орта білім берудің Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (ҚР 2.003-2002 МЖБС) жалпы білім беру мектебінің жоғарғы сатысындағы білім беруді ұйымдастырудың принциптері ары қарай дамуда. Қазақстандағы мектептік білім беру реформасын жүзеге асыру аясында ҚР МЖБС - 2002 ережелеріне сәйкес 2006/2007 оқу жылынан бастап 10-11 сыныптарда қоғамтану – гуманитар-лық, жаратылыстану - математика бағыттары бойынша оқушыларды бейіндік оқыту енгізілді. Стандарт негізінде оқытудың екі бағыты бойынша пәндік бағдарламалар әзірленген. Стандартты енгізу тәжірибелік сынақтан өткен әрі жалпы білім беру мектептерінің 10-сыныптарында пайдаланылған алғашқы отандық бейіндік оқулықтарды және УМК-ны жасаумен нығайтылған.

Мектептік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру жылдарында республикада әртүрлі инновациялық оқу орындары құрылды әрі мектептің жоғарғы сатысында оқушыларды бейіндік және жеке оқытуды ұйымдас-тыру бойынша белгілі бір тәжірибе жинақталды.

Сонымен бірге оқытудың жаңа ұйымдастырушылық формаларын енгізу белгілі проблемалардың пайда болуымен қоса жүруде.

Мектептердің басым бөлігінде бейіндік пәндердің икемді емес жиынтығынан құралған бейіндік оқу жоспарларының қатаң варианттары бекітілген. Кішігірім ауыл мектептерінде бейіндік сыныптардың құрылуына байланысты да проблемалар пайда болуда. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты бірқатар мектептер тиімділігі аз ішінара бейіндікті енгізуде (мысалы, бір пәнді тереңдетіп оқыту). Бейіндік оқыту принциптерін іс жүзінде жүзеге асыра алатын мұғалімдерді дайындау және қайта даярлау мәселесі өте өткір тұр.

Сонымен Қазақстан Республикасындағы мектептік білім беруді реформалаудың бейіндік оқытуды енгізу дайындығының қазіргі сатысында бағыттар және бейіндіктер бойынша оқытуды ұйымдастыруда жеткілікті іс-тәжірибе жинақталды.

5 Лекция





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет