Лекция «12 жылдық білім беру жүйесі» Жоспар: 12 жылдық білім беру жүйесіне өту қажеттілігі 12 жылдық білім беру жүйесіне өту мәселелері


жылдық білім беруде – оқуды бағалаудың стандарты туралы



бет22/43
Дата13.12.2021
өлшемі0,9 Mb.
#125051
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
12 жыл ҚН негіздері лекция
~$зеркепсихологизм22, 12 жыл ҚН негіздері лекция
12 жылдық білім беруде – оқуды бағалаудың стандарты туралы

Лекцияның жоспары:

1) Осы заманғы білім беру жүйесіндегі бағалау жүйесі

2) Әлемдегі әр елдің оқуды бағалаудағы негізгі ерекшеліктері:

3) Оқушыға көзқарас.

4) Оқушыны бағалау, бағалаудың мақсаты мен мазмұны. Бағалау құралы және бағалау әдісі.

5) 12 жылдық білім беру үрдісіндегі өзара қарым-қатынас


1) Осы заманғы білім беру жүйесіндегі бағалау жүйесі

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында: "Білім беру реформасы — Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" — деп атап көрсетті. Президент атап көрсеткен осы заманғы білім беру жүйесі — болашақ үрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені сөзсіз. Бүндай сапалы білім беру жүйесін құру тек біздің елімізде ғана емес, дүние жүзінің көп еліндегі ортақ мәселе. Дегенмен, дамыған елдер өздерінің заманға сай оқыту жүйелерін қүрып та үлгірген және оны осы заманғы білім берудің ең озық үлгісі санайды. Бүгінгі күні көптеген елдің білім беру саласы ортақ мойындап отырған сапалы білім беру жүйесі — оқушыны жан-жақты дамытуға арналған оқыту жүйесі болып табылады. Біз өзіміздің төл оқыту жүйемізді қүру қарсаңында, әрине озық үлгілерді үйлесімді пайдалана отырып, өз мүдеміз бен мақ-сатымызға сай келетін оқыту жүйесін құруымыз қажет деп ойлаймын.

Осы заманғы білім беру жүйесі оқушының үйренуде өзін-өзі басқару, өзара селбесіп үйрену және зерттеп үйрену сынды жақтарын қамтитыны белгілі. Сыныптық оқыту формасы зерттеп үйренуді негіз етіп, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен селбесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие. Демек, осы заманғы білім беру жүйесі оқушының сапалық жақтан жетілуіне баса назар аударады. Ал сапалық оқытуға сапалық бағалаудың қажет екені өзінен-өзі белгілі нәрсе.

Оқытуды бағалау — осы заман оқытуын басқарудың маңызды шараларының бірі болуымей бірге оқыту қимылын басқарудың да маңызды мазмұны болып табылады әрі ол оқыту реформасы мен сапалы оқытуды жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ғылыми басқару жүйесі ғылыми бағалаудан ешқашан қол үзе алмайды. Ендеше, ғылыми бағалау жүйесін қалыптастырып, сапалы оқытуға ыңғайлы жол қарастыру қажет. Сондықтан бағалау нысанасы мен көрсеткіш жүйесі арқылы, мектептерге оқытуды басқару бағытын айқын көрсетіп, жоғары мектепке түсуді ғана көздейтін бәсекені сапаны жан-жақты көтеретін бәсекеге өзгерту қажет. Бағалау барысында ақпаратқа назар аударып, оқытуды басқару жүйесін дұрыстап отыру керек. Басқаруға ыңғайлы, ғылыми, сондай-ақ мектепке дұрыс жетекшілік ететін бағалау стандарты болмай, сапалы оқытуды жузеге асыру мүмкін емес. Сондықтан практикалык, басқару барысында мектептің тиімді бағыттаушы механизмін, пәрменді тежеу механизмін және ғылыми бағалау механизмін мүқият зерттеп, сапалы оқытуды сәтті жүзеге асыруға жол нұсқау қажет. Осы орайда біз оқуды бағалаудың қазіргі кезде дүние жүзінін, көптеген елдерінде қолданылып отырған стандарты туралы ой-пікірімізді талқыға ұсынуды жөн көрдік.

Бүгінгі күні әлемдік білім беруде оқушының жан-жақты дамып алға басуын, мүғалімнің кәсіби өресінің жоғарылауын және оқулықтың үздіксіз даму жағдайын бағалаудың стандартты жүйесін орнатып, жалпылық бағалау негізінде жекенің алға басуы мен көп жақтан дамудағы жасырын қабілетін ашуға баса назар аудару дәріптеледі. Бул пікір бойынша портфолио, оқу күнделігі, емтихан сынақ жағдайы қатарлы сапалық бағалау әдісін жандандырып, тулғаның қатысуымен көп негізді бағалау тізімін орнатып, бағалаудың шабыттандыру рөлі мен кемелдендіру рөліне мән берілуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет