Лекция №1,2 Тақырыбы: Кіріспе



бет17/41
Дата15.09.2023
өлшемі203,47 Kb.
#181149
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Лекция жинағы,Өсім анат-морф
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы, EnglishPhoneticsEssays
Әдебиеттер
1. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.Б., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы,1994ж.
2. Лотова Л.И. Морфология и анатомия высших растении. -Москва, 2000 г.
3. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. Москва, 1988 г.
4. Курсанов Л.И. и др.Ботаника, том 1, Москва,1966 г.
5. Агелеуов Е.А және т.б. Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы, Алматы, 1998ж.
Лекция № 11, 12


Тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі


Лекция мақсаты: Студенттерді тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысымен, жанама және қосалқы тамырлар жүйесімен, қоректік заттардың сіңуі және ұлпалардың бөлшектену аймағымен таныстыру.
Жоспары:
1. Тамыр, оның шығу тегі, қызметі (сіңіруші, синтез жасаушы, бөліп шығарушы және т.б.). Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысынындағы негізгі ерекшеліктер.
2.Тамыр жүйесі және оларды зерттеу әдістері.
3. Тамырдың түрлене өзгеруі

Лекция мәтіні: Қазіргі кезде жоғары сатыдағы өсімдіктер жер шарына кең таралып, өскен ортасының тіршілік жағдайларына қарай бейімделген. Құрлықта тіршілік ететін өсімдіктердің денесі жер астындағы және жер үстіндегі бөлігі деп екіге бөлінеді. Өсімдіктің екі бөлігінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Сабақ ауа ортасында, тамыр топырақ ортасында орналасады және ол екеуі әр түрлі қызмет атқарады. Сөйтіп, жоғары сатыдағы өсімдіктерде атқаратын қызметі және морфологиялық құрылысы әр түрлі мүшелер қалыптасқан.


Жоғары сатыдағы өсімдіктерде мүшелердің екі тобы бар. Олар: вегетативтік (латынша vegetatio - өсу, даму) және генеративтік (латынша generare – жасап шығару). Вегетативтік мүшелерге тамыр және сабақ пен жапырақтан тұратын өркен, генеративтік мүшелерге көбею қызметін атқаратын мүшелер жатады. Жабық тұқымдыларда бұл мүшелер – гүл, жеміс және тұқым.
Өсімдіктерде өсуі және вегетативтік мүшелерінің қалыптасуы барысында әр түрлі заңдылықтар тән. Солардың ішінен полярлылық және симметрия құбылысын айту керек.
Полярлылық дегеніміз – кез келген жоғары сатыдағы, сол сияқты көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктер денесінің физиологиялық қасиеттері жағынан айырмашылыған айтамыз. Өсімдік денесінің морфологиялық жоғарғы және морфологиялық төменгі бөлігі болады. Өсімдіктің морфалогиялық жоғарғы және морфологиялық төменгі бөлігі болады. Өсімдіктің морфологиялық жоғарғы бөлігі – апикальды деп, ал төменгісі базальды деп аталады.
Өсімдіктердің апикальды және базальды бөліктерінің физиологиялық айырмашылықтарын сүректі өсімдіктерді қалемшелері арқылы өсіру барысында айқын байқауға болады. Егер қалемшені топыраққа апикалтды жағымен отырғызсақ, онда жер бетіндегі бөлігінен қосалқы тамырлар, жер астындағы бөлігінен өскіндер өсіп шығады.
Өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде белгілі бір симметрия құбылысы байқалады. Осыған байланысты өсімдік мүшелерінің симметриясыз, моносимметриялы, бисимметриялы және полисимметриялы топары ажыратылады. Симметриясыз немесе асимметриялы құрылымды мүшелерінің бетімен бойлата бір сызық жүргізіп, тең екі бөлікке бөлуге болмайды. Мысалы, қарағаштың жапырағы.
Моносимметриялы құрылымды мүше арқылы бір ғана сызық түсіріп, тең екі бөлікке бөлуге болады. Мысалы, шынардың жапырағы және көптеген гүлді өсімдіктердің, асбұршақтың, үрме бұршақтың және т.б. гүлдері осындай.
Бисиммертиялы құрылымды мүше арқылы өзара перпендикуляр екі сызық түсіріп, тең бөліктерге бөлуге болады. Мысалы, грек жаңғағы, қырыққабат, серігүлдің гүлдері т.б.
Полисимметриялы немесе радиальды симметриялы мүшелер арқылы бір және одан артық сызық жүргізіп бірнеше тең бөлуге болады. Мысалы, лимонның жемісі, жемтамырлар, көптеген гүлдер полисимметриялы.
Тамыр -өсімдіктің негізгі мүшесі. Өсімдіктер тамыры арқылы бекініп, топырақтан қорек заттарын алады. Тамыр - өсімдікті топыраққа бекітіп тұратын және қоректендіру қызметін атқаратын негізгі вегетативтік мүше. Тамыр ұшындағы оймақшамен қапталған меристема қызметі нәтижесінде ұзындыққа өсе алады.
Тамыр өсу нүктесі клеткаларының бөлінуі арқылы тамыр ұшынан өседі. Өсімдік тамырларының негізгі 3 аймақ орналасқан: түзуші аймақ, жіктелгіш аймақ, өсуші аймақ.

  1. Түзуші аймақ-меристема бөлімі, оның ұзындығы 2-3 мм –ден аспайды. Түзуші аймақ тамырдың бой конусына орналасқан. Тамыр аймақтарының клеткаларының өсуі арқасында өсімдік тамыры ұзарып өседі.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер тамырының морфологиялық құрылысына қарай 3 түрлі болады: негізгі, жанама және қосалқы тамыр.
Негізгі тамыр –ұрықтан өсіп шыққан түрі. Өсімдік сабағы негізгі тамыр аралығындағы бөлім- тамыр мойыны д.а.
Тамыр мойыны-сабақпен топырақа кіре берісіндегі жіңішкерген бөлігі.
Кейбір өсімдік түрлерінің негізгі тамырларында қректік заттар жиналып, жуандап түрлерін өзгертеді (мысалы, қызылша, сәбіз, шалқан, георгин-нарғыз гүл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет