Лекция: 15 Лаборатория: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралық бақылаулар саны:



бет2/5
Дата20.04.2017
өлшемі1,08 Mb.
#14170
түріЛекция
1   2   3   4   5

«Ландшафттану» пәні бойынша

5В011600 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Силлабус Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №26 23.01.2008 ж. бұйрығымен бекітілген. Қ.Р. мемлекеті, жалпыға міндетті білім стандарты негізінде және Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігінің 22.06.2006 ж. Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен бекітілген және пайдалануға рұқсат етілген типтік бағдарламасы негізінде жасалды.

Кафедраныњ мєжілісінде қаралған

Хаттама № __ « ____» _________ 20_ж.
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. доцент: ______________ Апашева С.Н.


Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 20_ж.

ОӘК төрайымы, аға оқытушы: ______________ Исламова


Университеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінде бекітілген

Хаттама № __ « ____» _________ 20_ж.


ОӘК төрағасы, т.ғ.к. доцент: ___________________Мамраимов С.Д.


МАЗМҰНЫ

  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………......................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары.................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі...................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б).............

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі..........


1.АЛҒЫ СӨЗ

Оқу- әдістемелік кешені «Ландшафттану» пәні бойынша 5В011600 География- мамандықтарының студенттері осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрлым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру мақсаты- көзделініп отыр. Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысының түрлері бойынша сағаттар көрсетілген. ЛБ.- лаборатория сабақтар. СӨЖ-студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы,семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге пәнге деген ықыласының артуына шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсын әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет. Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты үй тапсырмасын орындауға арналған. Тестік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтінгтік бақылауды тапсыруға сынақ, емтихан алуға арналған.




2. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР





Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Ш.Ж.Сариева

Уақыты __________

Ауд ___44




Уақыты _______

Ауд _44________



Тел:117___________

Каб:__50_________

Корпус:_2_______


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ

Студенттерді қазіргі ландшафттану негіздерімен таныстыру, оқу пәніндегі басты сабақтардың бірі, орта мектеп мұғалымын дайындау жүйесіндегі оның ролі туралы көзқарас қалыптастыру., студенттерге қазіргі әлемнің ғылыми негіздерін игерулеріне қол ұшын беру, студенттердің тұтас дүниетанымын қалыптастыру.

Міндеті:


  • Курстың пәні, мақсаттары, міндеттері мен ландшафттану білімінің дамуы басты кезеңдермен таныстыру.

  • Қазіргі ландшафттанудың негіздерінің принцптерін және зерттеу тәсілдерін үйрету, оқыту.

  • Тірі және өлі табиғат туралы жаратылыс ғылымдарының салаларымен таныстыру.

  • Ландшафттың құрылысы, оның компоненттері.

  • Планетарлық ойлау және оның ландшафттану ілімдерінің өзара байланысының қалыптасуымен суденттерді таныстыру.



4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні

1

Жалпы жер тану

Антропогендік ландшафт

Тарих және география

кафедрасы



№ Хаттамасы
---------- 2010 ж.

2

Геология

Қазақстанның физикалық географиясы



  1. ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ






Кредит саны

Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

Қорытынды бақылау

лекция

Лаборатория

СӨЖ

1

2

4

90

15

13

62

емтихан



6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Лабораториялық сабақтарда – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.



Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САҒАТТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ





р\с

Лекция тақырыбы

Аудиториялық сабақтар


Аудиториядан

тыс сабақтар



Лекция

Лаб-ия

СӨЖ

1

Ландшафтану курсына кіріспе

1




4

2

Ландшафттану – территориялық табиғат кешені туралы ілім

1




4

3

Ландшафт территориялық кешенінің құрамы

1

1

4

4

Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастырушы факторлар

1

1

4

5

Ландшафт геохимиясы

1

1

4

6

Ландшафт геофизикасы

1

1

4

7

Ландшафт экологиясы

1

1

4

8

Ландшафт морфологиясы

1

1

4

9

Ландшафтанының дамуы

1

1

4

10

Ландшафтының қолданбалы мәселелері

1

1

4

11

Ландшафтының таксономиялық бірлік жүйесі

1

1

4

12

Ландшафтыны зерттеудің әдістері

1

1

4

13

Антропогенді ландшафт

1

1

4

14

Қоныстық ландшафт

1

1

5

15

Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтылары

1

1

5




Барлығы

15

13

62



9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ

Лекция №1

Тақырыбы: Ландшафттану курсына кіріспе
Жоспары:

1.Ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізу

2.Ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдау
Лекцияның мақсаты:

Ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізуін,ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдауды қарастыру




Лекцияның мәтіні:

1.Табиғатта шыңдарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтар мен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм-шағылды шөлеттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.

Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В.В.Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территорияладың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесуге заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898- 1900 жылдары жазған көптеген мақалалар осы ғылымға негіз қалады.

2.Бұдан кейінгі кезде “ландшафт” ұғымын Л.С.Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л.С.Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т.б.) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетбақдала, т.б.) ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 30-жылдығынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.

Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар мен қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.

Ландшафтылы аймақты жеке –дара территориялық табиғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.

Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабы ландшафт картасын жасауға Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т.б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландшафт туралы теорияның терең талқылануы ландшафтану ғылымы ауқымының кеңеюіне жол ашты.

Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір –таластың, өзекті мәселелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафтанушы ғалымдардың 1963жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық кеңесі, 1965жылы “Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу” проблемаларына арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В.М.Чупахинді, М.Ш.Ишанқұлов, А.В.Чигаркинді, Г.В.Гельдиеваны, т.б. атауға болады. 70-80жылдары Қазақстандағы мұндай зерттеулер “Ертіс-Қарағанды” каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су-техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.

Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей- тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын – айқындайтын олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.



Лекция №2

Тақырыбы: Территориялық табиғат кешені туралы ілім

Жоспары:

1.Терроториялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуы

2.Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы

Лекцияны мақсаты:

Территориялық табиғат кешені туралы ілімн, ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізун, ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдауды қарастыру.



Лекцияның мәтіні:
1.Терроториялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына биогеографиялық ғылымның кемелденіп биоценоз,биогеоценоз деген ұғымдардың биогеографияның барлық салаларынан берік орын алуы себеп болады.Биоценоз тірі организдердің тіршілік етіп,өніп-өсу үшін бір-бірімен зат және энергия алмасу процесі негізінде топ тасуынан түзілген.мысалы,далалы жерлерде тіршілік ететін тышқан ,жылан,қарсақ,түлкі және дала бүркіт дәнді шөптесіндермен қоректенеді.Осындай қоректік тізбек байланысы арқалы жоғарыдағы аталған тірі ағзалардан далалық биоценоз қалыптасады.Биоценоз ұрықтану,жерсіну,т,б,жолдармен де түзіледі.

Биоценоз- тіршілік ету, өніп-өсу жағдайлары ортақ, эволюциялық процесс пен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құрылған табиғат кешені. Оның өзін-өзі басқарып, динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қабілеті немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады.Салыстырмалы тұрақтылық –биоценозды түзетін құрамдас бөліктердің (өсімдіктер мен жануарлардың) өніп-өсу мүмкіншілігін тежеп,белгілі бір өлшем шегінен шығармайтын фактор .Өсімдіктер мен жануарплардың өніп-өсу мүмкіншілігі зор.Мыфсалы,бір үй шыбынның ұрпағы жыл ішінде бүкіл жер шарын қаптап кетер еді.Бірақ биоценозды түзетін басқа өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етіп,өніп-өсу жолындағы күресі,яғни ауа мен қоректік заттар,мекен жайдан алар үлесі үй шыбынының санын тежеп,өзіне тәнмежеден арттырмайды. Тірі ағзалар жиілігі олардың жеке өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы алоғанда,тірі ағзалардың жеке өкілдері ірі болған сайын олардың саны кеми береді.мысалы,бал арасының жиілігі 200м2,үнді пілінкі-30км2.Егер тірі ағзалар өзіне тән жиіліктен артып кетсе,сөзх жоқ,апатқа ұшырайды.

Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршілік ететін ортасымен тығыз байланысты болады.Бұл байланыстылық олардың ортаға үйлесімінен анық байқалады.Ортаға үйлесу тірі ағзалардың барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін:пішінін,түсін,физикалық әректін,т.б. түгелдей қамтиды.мысалы,тоқылдақтың бүкіл мүшесі ағаш қабығының астынан жәндіктерді теріп жеуге кемделген,қоянның түсі жыл мезгілдері ауысқан сайын өзгеріп отырады,счарышұнақтар жазғы шілде мен қысқы суықта ұйқыға кетеді.осылайш тірі ағзалар ортаны мейлінше жан-жақты пайдаланады.Демек,орта мен биоценозды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған опрта биогеоценоз немесе экожүйе деп аталатын табиғат кешенін түзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет