Лекция: 15 Лаборатория: 13 СӨЖ: 62 Барлық сағат саны: 90 Аралық бақылаулар саны:



бет3/5
Дата20.04.2017
өлшемі1,08 Mb.
#14170
түріЛекция
1   2   3   4   5

Биогеоценоздың биогендік (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,топырақ жамылғысы)және геогендік құрамдас бөліктері(минералды заттар,ауа,су,жылу энергиясы)бір-бірімен ұдайы өзара әркеттесіп,өздерінің динамикалық тепе-теңдігін қалыптастырады. Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жылу мен ылғал режимінің қолайлығы артқан сайын қоректік заттар қоры молайып,биогеоценоз түр жағынан күрделене түседі және де қолайсыз құбылыстарға (жұт,індет,т.б.)төзімділгін арттырады.

Биогеоценоз жергілікті жер жағдайының ерекшеліктеріне байланысты түзіледі.сондықтан оның зоналық фактор негізінде пайда болғаны кең алқаптаы (орман,орманды дала),ал интразоналық фактор негізінде түзілгені шектеулі жерлерді ғана(қамысты көл жағасы мен бұталы сай)қамтиды. Биогеоценозды түзетін зоналық және азоналық факторлар қатар әрекет ететіні белгілі.Демек,биогенозды жалпы табиғат кешені ретінде танумен бірге белгілі территориялық табиғат кешені ретіде қарастыруға болады.Сонымен әр түрлі территориялық өлшемде заңды түрде үйлесімін тауып, бір-бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып, рангілері (географиялық қабықтан фацияға дейін) түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктерінің бірлігін территориялық табиғат кешені деп атайды. Ол-құрпамдас және құрымдылық бөліктерінің ұзақ жылдардағы даму эволюциясы нәтижесінде салыстырмалы тұрақтылыққа ие болған жағдайда қалыптасады.

2.Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы сол, онда барлық құрамдас бөліктердің бітім жаратылысы бір-бірімен үйлесім табады, біртұтас территория құрайды. Көпшілік жағдайда оның шекарасы табиғат кешендерімен дәл келе бермейді. Мысалы, орманды дала ландшафтылық территориялық табиғат кешенінде өзіне тән жануарлар тобы бар шөптесінді, бұталы және орман шоқтарынан тұратын биоценоздық табиғат кешендері тараған.

Территориялық табиғат кешендері құрлықтық және мұхиттық ортада бірдей болмайды. Құрлықта тарағандары көбіне толық құрамдас бөлікті болып келеді.тек табиғат жағдайлары қолайсыз болып келетін полярлық бедеуде,аса биік тау басында, климаты өте құрғақ шөлде топырақ,өсімдік және жануарлар дүниелері нашар дамиды кейде дамымайды, яғни құрамдас бөлігі толық емес территориялық табиғат кешендерін түзеді.Мұхиттардың территориялық табиғат кешендері құрлықтардан гөрі ерекше болып келеді. Олар аквальды табиғат кешендері деп аталады. Бұлар география ғылымында шамалы зерттелген Аквальды табиғат кешендерінің құрамдас бөліктерінің құрымалы ерекше, арнайы зерттеуді қажет етеді.

География ғылымында территориялық табиғат кешендерін зерттеп,картаға түсіру барысында ландшафттану ілімі қалыптасты. Ол алғашқы қадамынан бастап-ақ территориялық табиғат кешендерінің құрамын, құрылымдық бөліктерін ,аймақтың таксономиялық бірлік жүйелерін қарастырумен айналысты. Территориялық табиғат кешендерін зерттеу, карта бетіне түсіру, табиғат құбылымдары мен процестерін күні бұрын болжау, халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдалану ландшафттанудың келесі мәселесі болып саналады.




Лекция №3

Тақырыбы: Ландшафт- территоиялық табиғат кешенінің құрамы.

Жоспары:

  1. Ландшафтану кеңістікте жіктелуінің табиғи факторы.

  2. Ландшафт зоналылығы және провинциалдығы.

  3. Территоиялық табиғат кешендерінің шекаралары.


Лекцияны мақсаты:

Ландшафтану кеңістікте жіктелуінің табиғи факторыр,ландшафт зоналылығы және провинциалдығын,территоиялық табиғат кешендерінің шекараларын қарастыру.


Лекцияның мәтіні:
1.Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын террииториялық табиғат кешендерінің жеке бөліктерін құрамдас бөлік деп атайды.соңғы жылодардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктерімен бірге энергетикалық құрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді.

Терриоториялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын-заттық объект,олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы күрделілене түседі. Демек,оларды тек даму процесі арқыры ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғашқы тірі ағзалар су,ауа және минералды заттармен қоектеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейінен даяр органикалық

Заттармен қоректенетін гетеротрофты тірі ағзалар-жануарлар пайда болған. Бұл айтулы мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің- алдын күрделілерінің- соңғы орында тұратындығын, бірінші қарпайым құрамдас бөліктердің өзара әрекеттесу күрделі құрамдас бөліктің пайда болатынын, құрам бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғым қиын емес.

Ғалымдардың тұжырымдалған пікірлеріне қарағанда,территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктерді төмендегіше жіктеуге болады.

Геогенді құрамдас бөлікке:жер қыртысы,ауа,су;

Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы;

биогендіқұрамдас бөліктерге:өсімдіктер,жануарлар,топырақ жатады.

Осы құрамдас бөліктердің түрліше өлшемдегі территориялық бөлшектері әр түрлі счатыдағы немесе таксонокиялық бірлік дәресесінде территориялық табиғат кешендерімен қабысады.

Табиғаттың құрамдас бөлкітері өздеріне тән заңдылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ, олардың қай- қайсысы болса да жеке – дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы тұтас бір заттық жүйеге бірігеді. Алайда құрамдас бөліктің қайсысына қандай күшпен әрекет ететіні туралы және оның териториялық табиғат кешендерініңқалыптасуында қандай рөл атқаратындығы туралы әлі күнге ғалымдар арасында нақты пікір жоқ.. Егер жердің пайда болуын академик О.Ю. Шмидттің жорамалы бойынша түсінсек онда территориялық табиғат кешендерін құрайтын, құрамдас бөліктердің бірі – жер қыртысынан басталады. Ол жер тарихында күрделі эволяциялық даму дәуірлерін басынан кешірген. Әрбір дәуір сайын геологиялық құрылысы әр түрлі келетін жыныс қабаттьары жиналған.

2.Жер қыртысын түзетін қабаттар жаратылысына қарай геосинклинальды, теңіздік, жанартаулық және материктік болып келеді. олар территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі – физикалық – географиялық аймақтың негізін құрайды. Табиғатта геологиялық негіздің тұрақтылығы салыстырмалы шама. Ол пайда болған күннен бастап – ақ жердің ішкі энергиясы (тектоникалық қозғалысы) мен сыртқы күштер әрекетіне (денудациялық және аккумуляциялық процестер) байланысты алғашқы құрылымдарын өзгереді. Оны литогенді жыныстық құрамы әр түрлі болып келетін жамылғы басып жатады.

Геологиялық негіздің осы кездегі құрылымның қалыптасуында неоген – антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы неотектоникалық (жаңа тектоникалық – неоген – антропоген дәуірінде пайда болған тектоникалық процесс қозғалыстарының ерекшелгі зор. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары нәтижесінде джер беті қазіргі морфоқұрылымдық және морфомүсмүсіндік жер бедерінің пініндеріне ие болған.
4.Лекция

Тақырыбы:Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастырушы факторлар

Жоспары:

1.Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедері

2.Территоиялық табиғат кешендерінің шекаралары.


Лекцияның мақсаты:

Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедерін, территоиялық табиғат кешендерінің шекараларын қарастыру.


Лекцияның мәтіні:

1.Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедері кешендерінің бірлігі ретіне қарай территориялық табиғат кешендерінің әр түрлі дәрежедегі таксономикалық бірлігімен қабысады. Мысалға Тянь – Шань тауларын – бірінші, Солтүстік Тянь – Шаньды – екінші, Іле Алатауын – үшінші, Қараш- Қараш тау жотасын – төртінші қатардағы морфоқұрылымдық жер бедері кешендерінің бірлігіне жатқызуға болады. Олар өз кезегімен физикалық – географиялық аймақ – облыс - өлке – аудан (ланшафт) деген территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігіне жіктеледі. Морфоқұрылымдар жердің ішкі энергиясы әркетіне байланысты болғандықтан, әр уақытта азоналылық (жергілікті) сипаты арқылы ерекше көзге түседі.

Морфомүсіндер сыртқы күштер (денудациялық және аккумуляциялық процестер) әрекетіне байланысты қалыптасып, морфоқұрылымның беткі пішінін мүсіндейді. Жер бедерінің морфомүсіндік кешендері ландшафт пен қабысады. Мысалыға Медеу тектоникалық – эрозиялық шатқалын, Қараой денудациялық жазығын, Мойын құмэолдық – аккумулятивтік құм шағылдарын, т.б. атауға болады. Морфомүсіндік жер бедері кешенінің мүсіндік ландшафтпен қабыса беруі шарт емес. Кейде тегі бір морфомүсіндік жер бедері кешенінің өзінен, зоналық немесе бөліктер (секторлық) биоклиматтық ерекшелігіне қарай, бірнеше ландшафттардың бөлінуі мүмкін. Мысалы, Каспий маңы ойпаты Оралдан Атырауға дейін дала, шөлейт, шөл зоналы ландшафттарға бөлінеді.

Жер қыртысы туралы айтылғандарға қорыта келіп, территориялық табиғат кешендерінің литогенді құрамдас бөлігін үш қабатқа бөлуге болады. Оның ежелгі негізі, құрылымдық плиталар теориясы бойынша, терең тектоникалық жарықтармен бөлшектенеді де, физикалық-географиялық аймақтарды құрайды. Жер қыртысының екінші қабатын түзетіп жамылғы неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде әр түрлі қатардағы морфоқұрылымдық жер бедерін қалыптастырады. Олар физикалық-географиялық аймақтарды бөлетін облыстардың ландшафт деңгейіне дейінгі территориялық табиғат кешендерімен қабысады. Ал жер қыртысының бетіндегі үгінді және үйінді жыныстардан тұратын үшінші қабатында морфоқұрылымдық жер бедері кешендері пайда болады. Олардың жыныыс құрамы түрліше болып келеді. жер қыртысының қандай бөлігі болса да аумағына қарай түрлі жағдайда (ірісі баяу, ұсағы жедел) ұдайы өзгеріп тұрады да, территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда, жетекші рөл атқарады. Жер қыртысының неотеконикалық қозғалыс әрекетіне байланысты өзгерістерінің жетекші рөл атқаратындығын, неоген-антропоген дәуірлеріндегі құрлықтың кеңейіп, таудың биіктеуінің нәтижесінде климаттық континенттігі артатындығын, соған орай басқа да құрамдас бөлік рет күрделене түсетіндігін көруге болады.

Ауа-территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетіп құрамдас бөлік. Ол әсіресе, тірі ағзалардағы газ алмасу порцесі үшін қажет. Ауа құрамы жер шары бойынша сапа жағынан өзгеше бола қоймайды. Алайда, оны түзетіп оттегі, су буы, көмір қышқыл газының сан көрсеткіштері, соған орай қалыптасатын ауаның физикалық жай-күйі, басқаша айтқанда, температуралық режимі, қысым мөлшері, қозғалысының (желдің) бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын-шашыны әр кезде түрліше болып келеді де, оны ауа райы деп атайды. Ауа райының көпжылдық режимін климат дейді. Климаттың территориялық табиғат кещендерімен қатысасын С.П. Хромов ойдағыдай айқындап берген. Климаттық белдеуде – географиялық аймақ, климаттық географиялық белдеу, климаттық зонада – ландшафтылық зона, белдеу бөлімінде физикалық- географилық облыс қалыптасады , жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті климатпен қоныс, микроклиматпен фация тұспа-тұс келеді.

Су-территориялық табиғат кешенінде минералдық құрамдас бөліктерді ерітуші рөлін атқарады. Судың еріген, шайылған заттарды тасымалдау, өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда маңызы зор. Пайда болуына қарай құрлықтағы су жер асты және жер беті суы деген топтарға жіктеледі. Жер асты суына қабатаралықсызықтардағы және топырақ арасындағы суды, жер беті суына өзен, көл, бұлақ суын, мұздықта мен омбы қар үйіндіісін жатқызады. Олар, сөз жоқ, территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі бір заңдылық бойынша орналасады. Әрбір нақтылы территориялық табиғат кешенінің өзіне тән су қоры болады.

Күн энергиясы – тіршілік көзі. Ол жер бетіне сәуле ретінде түседі де, жылу энергиясына арналады. Күн энергиясы территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп, дамытып отыратын құрамдас бөлік. Оның жер бетіне таралуында зоналы сипат айқыын байқалады. Өйткені жердің радиациялық жылу балансы күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты экватордан полюстерге қарай кеми береді. Күн энериясынының бұлай бөлінуіне байланысты географиялық белдеу, зона және олардың бөліктері бөлшектенеді.Су қоры сияқты, күн энергиясы да өте аз зерттелген құрамдас бөлік. Осы кезге дейінгі метеорологиялық станциялардан (олар жер шары бойынша өте сирек және әркелкі орналасқан) жиналған актинометриялық және температуралық материалдар физикалық- географиялық зона бөліктерінен төменгі дәрежедегі территориялық табиғат кешендерінің энергетикалық балансы туралы ғылыми тұжырым жасауға жеткіліксіз. Сондықтан аэро-космофотометриялық материалдар арқылы энергетикалық құрамдас бөліктің географиялық таралу заңдылыығын, өлшемін білу ғылыми проблемалардың бірі болып отыр.

Жердің ішкі энергиясы – территориялық табиғат кешендерінің литогенді құрылымын қалыптастырушы құрамдас бөлік. Оның әрекеті нәтижесінде геологиялық негіз мыңдаған жылдардан кейін жаңа түзілістік санаға иен болады. Жердің ішкі энергиясының әрекетіне байланысты құрлықтардан (мұхит итараларынан) физикалық – географиялық аймақтар –облыстар – аудандар (ландшафттар) жәрежесіндегі территориялық табиғат кешендері жүйесі қалыптасады.

Өсімдік – геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас бөлік. Оның пайда болуы жер тарихында жаңа бет ашып, ежелгі жер қыртысы мен ауа қабатының өзгерісінде үлкен роль атқарған. Осы кездегі ауа құрамындағы бос оттегі тікелей өсімдіктер дүниесінің туындысы болып саналады. Сол сияқты, көмір шымтезек кендері де өсімдіктер арқылы шоғырланған күн энергиясының қоры. Жерде өсімдіктердің 500мыңнан астам түрі бар. Олар, сөз жоқ, жеке дара тіршілік ете алмайды, бір-бірімен және басқа табиғаттың құрамдас бөліктерімен өзара әрекеттесу арқылы үйлесім тауып, әр түрлі дәрежедегі фитоценоздар құрайды.

2.Іргелес жатқан территориялық табиғат кешендерінің сан және сапа көрсеткіштерінің өзгерістері байқалатын кеңістікті шекара дейді. Сондықтан бұлар жөнінде ғалымдар арасындағы пікір талас толастар емес. Н.А.Солнцев бастаған ғалымдар тобы жас территориялық табиғат кешендерінің шекаралары уақыт өткен сайын өзгеріп отырады деген пікірді қостайды. Қандай да территориялық табиғат кешені болсын өзінің пайда болған күнінен бастап-ақ зат, энергия және басқалардың алмасу процесінде іргелес жатқан кешендермен әрекеттесіп отырады, демек, олардың межелес бөліктерінде айырма белгілеріне қарағанда ортақ қасиеттері басым боп келеді деп тұжырымдайды. С.В.Калесник, Д.Л.Арманд бастаған ғалымдар төменгі сатыдағы территориялық табиғат кешендері сызықты, әрі өтпелі, ал жоғары сатыдағылары, әсіресе географиялық зоналар, көбіне өтпелі шекарамен межеленеді деген пікірді уағыздап келеді. Соңғылар климаттық белгілер бойынша шектелуі жиі байқалады деген қорытынды жасайды.

Көпжылдық ғылыми зерттеулер территориялық табиғат кешендерінің шекаралары зоналық және азоналық факторлардың қатар әрекет етуі нәтижесінде қалыптасатынын дәлелдеп отыр. Әрбір нақтылы жағдайда белгілі-бір фактордың шешуші рөл атқаруы мүмкін. Бірақ бір ғана фактордың әсері нәтижесінде қалыптасатын территориялық табиғат кешені мүлде сирек кездеседі, демек, шекара тіпті бір кешеннің өзінде әр түрлі жолмен қалыптасады. Мысалы, Іле тауаралық жазығы ландшафтысының Іле Алатауы мен Сөгеті тауіші жазығына ұласқан бөліктері өтпелі, ал Қапшағай тауларымен көмкерілген бөліктері (күнгей бөлігі) айқын байқалатын шекарамен межеленеді.

Территориялық табиғат кешендерінің құрамдас бөліктері бірімен-бірі тығыз байланысты. Олар үнемі өзара әрекеттесіп отырады. Бір құрамдас бөліктің өзгеруі міндетті түрде екіншісінің өзгеруін туғызады. Белгілі бір территориялық табиғат кешенінің шекарасындағы өзгеріс экологиялық құрылысы, жер бедері, климат, топырақ, өсімдіктер жамылғысы, жануарлар дүниесі шекарасының өзгерістері арқылы сипатталады. Басқаша айтқанда, территориялық табиғат кешенінің шекарасы жеке құрамдас бөліктер шекарасының заңды үйлесімнен құрамдас. Алайда әрбір құрамдас бөлік өз заңдылығы боынша өзіндік ерекшелігі бар кеңстік ауқымымен межеленеді. Климатттық, гидрологиялық және зоогеографиялық құрамдас бөліктердің шекарасы өтпелі, геоботаникалық фактор мен топырақтың түзілуіне байланысты шекарасы сызықты болып келеді. Өтпелі шекараны да Батыс Қазақстан жерінен айқын көруге болады.

Оралдан Атырауға қарай жүрген кісі дала, шөлейт және шөл зоналарының территориялық табиғат кешендерін басып өтеді. Олардың шекаралары климаттық белдеу арқылы межеленгендіктен, жай көзге ешқандай байқаймайды.

Шекаралар территориялық табиғат кешендерінің дамуына, әсіресе жеке құрамдас бөліктің өзгеру жылдамдығына байланысты болады. Табиғатта барлық құрамдас бөліктер бірдей жылдамдықпен өзгермейді. Ғылыми зерттеулер жер беті геологиялық құрылысы мен жер бедерінің өте баяу өзгеретінін дәлелдеп отыр. Ал өте тез өзгеретін құрамдас бөлікке климат жағдайы жатады. Оның өзгеруі күн сәулесі сияқты күші әсерлерімен бірге территориялық табиғат кешенінің құрамдас бөліктерінің әрекетіне де байланысты. Климат өзгерістерді өз кезегінде гидрологиялық, биогеографиялық процестерді, топырақтың түзілу жолдарын өзгертеді. Адам әркетіне байланысты көбіне өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің ареалдары, жер бедері, өзендер мен көлдер және олардың гидрологиялық режимдері өзгереді. Осылай жеке құрамдас бөліктердің түрлі дәрежеде, әр түрлі ауқымда, әр түрлі қарқында өзгеруіне байланысты территориялық табиғат кешендері шекарсының айқындаушы белгілері көмескіленіп кетеді.

Территориялық табиғат кешендерінің бірнеше сатылы морфологиялық құрылымдық және таксономиялық бірлік жүйесін құрайтыны мәлім. Олардың қай- қайсысы болсын фацияның заңды түрде тізбектелген тіркестерінен құралады. Фация жаратылысына қарай жер бедерінің жеке элементтеріне, немесе микропішіндеріне қалыптасқандықтан, оның шекрасы, сөз жоқ, литогенді негіз бойынша межеленеді де, айқын байқалады. Ал морфологиялық құрылымдық немесе таксономиялық дәрежедегі территориялық табиғат кешендері өзінің құрамындағы фауциялардың сан қатынасына, тіркестік сипатына, т.б. байланысты әрі өтпелі, әрі сызықты шекаралармен межеленеді. Шекаралардың қандай түрі болсын нақтылы жердегі жаратылыс жағдайларының ерекшелігіне қарай түзу немесе ирек сызықты болып келуі мүмкін.

Территориялық табиғат кешендері ауқымды болғандықтан олардың төменгі және жоғары шекаралары болу керек. Осы кезге дейін айтылып жүрген пікірлердің ішінен Ф.Н. Мильковтың тұжырымдарына тоқтала кеткен жөн. Ол территориялық табиғат кешендерінің төменгі және жоғарғарғы шекараларын зат және энергетикалық құрамдас бөліктердің тікелей әрекет етуінен байқалатын географиялық қабық бөлігімен (ландшафттық сфера) межелеу керек дейді.

Демек, зат және энергия алмасу процестері нәтижесінде күн сәулесінің жылу энергиясына айналуы, жер беті, су айналымы, геохимиялық, әсіресе тотығу процестері, биохимиялық процестер қарқынды түрде дамиды, өлі заттардан тірі заттар түзіледі, территориялық табиғат кешендерінің төменгі шекарасы жер қыртысының үгілу зонасымен, жоғарғысы тропосфераның төменгі қабатымен (жер бетінің төсеніш қабатымен) тұспа – тұс келеді. бұл айтылған пікірдің ғылыми дұрыстығына, тиянақты жүйелілігіне күман келтіруге болмайды. Дегенмен, территориялық табиағат кешендерінің жоғарғы және төменгі шекараларын ландшафтылық сфераның геофизикалық аэрофизикалық белгілері есепке алына отырып, математикалық модель құрастыру арқылы межелену керек. Сонда олардың обьективтілігі, табиғи шындығы талас тудырмайтын болады.
Лекция №5
Тақырыбы: Ландшафт геохимиясы

Жоспары:
1.Ландшафтының негізгі геохимиялық парометрлері

2. Ландшафтының химиялық элементтері белсенділігі

3. Биологиялық зат айналымы

Лекцияны мақсаты:

Ландшафтының негізгі геохимиялық парометрлерін, ландшафтар ұғымдарын, ландшафтының типоморфтық элементтерін қарастыру.



Лекцияның мәтіні:
1.Геохимиялық ғылымның дамуына байланысты Ландшафт геохимиясына қатысты мәселелер таныла бастады. Ландшафт географиялық қабықты құрайтын заттардаң түзілетін болғандықтан, олардың құрамындағы химиялық элементтер литосферадан, атмосферадан, гидросферадан және биосферадан жиналады. Осы геосфералардағыдай, ландшафтының химиялық элементтері негізгі және қосалқы элементтер топтары болып бөлінеді. Негізгі элементтер тобына жататындар: О, Si, AІ, Fе, Ca, Na, K, Mg, С, Н, N, S, Р, С1.Бұл аталған элементтер ландшафт құрамыңдағы тау жыныстарының, топырақ қабатының, судың, ауаның және тірі ағзалар массасын құрайды, ландшафтының геохимиялық ерекшеліктерін анықтайды. Менделеев кестесіндегі жоғарыдағы аталғандардан басқалары қосалқы элементтер тобына жатады. Бұлардың да ландшафтының түзілуіне қосатын үлесі зор. Мысалы, йод жетіспеген жерде адам тамақ ісігі (зоб) ауруына шалдығады. Кобальт жетіспеген жерде мал ет ала алмайды. Мұндай құбылыстар ертеден-ақ қазақ арасында "жеры-суы жақпаған" деген түсінік қалыптастырған.

2.Ландшафтының химиялық элементтері белсенділігіне қарай екі топқа жіктеледі. Біріншісі, бір ландшафттың екіншісіне тез өтетіндері, яғни орын ауыстыру жағынан белсенді элементтер тобын құрайды. Бұларға кальций, натрий, магний, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, хлор, калий, марганец, темір, цинк, кобальт, никель, ванадий, стронций, оттегі, көміртегі, азот, сутегі элементтері жатады. Бұл аталғандардың әрекетіне байланысты ландшафт өзгеріп, түлеп, бірінен-бірі туындап отырады. Ландшафт геохимиясынын, мұндай қасиетін табиғат процестерін басқару барысында (мониторингте) орынды пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары цинк реагенттерін пайдаланып, Ақ-дала өңірінде топырақ құрамындағы тұз түзуші процесінің қарқынын кемітіп, ландшафтының құнарын арттырды.Ериші топқа орын ауыстыру әрекетінің белсенділігі шамалы элементтер жатады. Олардан цирконийді, гафиийді, ниобийді, танталды, торийді, рутеийді, радийді, палладийді, осмийді, иридийді, платинаны, гелийді, неон-s ды, криптонды, аргонды, ксеионды атауға болады. Бұлар басқа элементтермен химиялық қосылыс құрамайды, сондықтан ландшафтының түзілуі мен дамуында айтарлықтай рөл атқармайды.

Ландшафтыдағы химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекеттері көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде негізгі фактор — нақты элементтің өзіне тән химиялық қасиеті, әсіресе оның химиялық реакцияға түсіп, тұз, қышқыл, оксид, т.б. түзуі. Оған қоса химиялық элементтің қандай зат құрамында болатыны және географиялық таралуы маңызды факторлар қатарына жатады. Мысалы, шақпақ тасты жыныстар мен өсімдіктер құрамында натрий бар. Ол шақпақ тасты жыныстарды құрайтын минералдардың кристалдық торында берік орналасқандықтан, шамалы орын ауыстырады, ал өсімдік қалдықтарынан тез суға шайылып кетеді. Осы сияқты химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекетінің географиялық ортаға байланыстылығы таудағы тундра мен шөл зоналарындағы Ландшафтының ерекшеліктерінен көрінеді. Таудағы тундра ландшафтысында темір белсенді түрде орын ауыстырады,ал шөл ландшафтысында бұл құбылыстың белсенділігі шамалы. Бұл келтірілген мысалдардан химиялық элементтердің орын ауыстыруы бір жерде көп мөлшерде, екінші бір жерде жетімсіз болып қалатынын көруге болады. Ландшафтының химиялық элементтерінің орын ауыстыруы, негізінен, механикалық, биологиялық жолмен және су, ауа арқылы жүреді. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.

Химиялық элементтердің механикалық орын ауыстыруы құрлық бетіндегі ағын су, жел, мұздық, т.б. сыртқы күштер мен жанартаулардың, гейзерлердің атқылаулары сияқты ішкі күштердің әрекетіне байланысты болады. Жалпы жер беті ландшафтысын түзетін химиялық элементтер, жоғарыда аталған күштердің әрекетіне байланысты, үздіксіз механикалық орын ауыстыруға ұшырайды. Алайда олардың қарқыны жыныстардың литологиялық, минералдық құрамына, үгілгіштігіне, шайылғыштығына, т.б. байланысты болады. Көптеген зерттеу нәтижесіие қарағанда груптық жыныстар мен топырақтың саз балшықты құрамында: Fe, Al, Mn, Mg, K, V, Сг, Ni, Co, Cu көп, Si02 аз болады. Құмдарда Si көп те, Ғе, Al, Mg аз. Осылай механикалық орын ауыстыру жолмен химиялық элементтердің топтасуына байланысты жер беті ландшафтысы түрленін, олардың құрылымы күрделене түседі.

Химиялық элементтердің биогендік орын ауыстыруы екі түрлі процестің нәтижесінде жүреді. Біріншіден, фотосинтез бен хемосинтездің нәтижесінде қоршаған ортадағы элементтерден органикалық қосылыстар түзіледі. Екіншіден тірі заттар тіршілігін тоқтатқан соң, олардың қалдықтары шіріп, органикалық қосылыстары ыдырап, минералдық заттарға айналады.

Микроорганизмдердің толығу барысында бөлінген энергияның пайдаланып, көмір қышқыл газынан, судан, минералдық заттардан органикалық заттар түзуін хемоснитез деп атайды.

Фотосинтез бен хемосиптез нәтижесінде түзілген органикалық заттар жалпы биологиялық зат айналымына қосылады да, химиялық элементтердің биогенді орын ауыстыру механизмін күрделендіре түседі.

Биологиялық зат айналымы кез келген ландшафтта болып тұрады. Биологиялық зат айналымында биогендік аккумуляция мен тірі ағзалар қалдықтарының минералдану процестері қатар жүреді. Басқаша айтқанда, тірі ағзалардың өніп-өсу, жетілу, көбею кезінде олардың бойларына қоршаған ортадан көптеген минералдық қосылыстар ассимиляцияланады, Ал тіршілік ету әрекеті тоқталған соң олардың қалдықтарынан қайтадан минералды қосылыстар түзіледі. Мұндай зат айналым циклі спираль бойымен жүреді, алғашқы ландшафтының жай-күйі соңғысында қайталанбайды.Өйткені кейбір химиялық элементтер суға шайылып, желмен ұшып орын ауыстыру процесінен шығып қалады, оның орнын басқалары толықтырып отырады. Осылай биологиялық зат айналымы барысында ландшафт жаңарып жетіледі. Олардың дамуы эволюциялық сипатта өтеді. Көптеген зерттеу нәтижесіне қарағанда биологиялық зат айналымдық қарқыны ландшафтының жетімсіз және артық өлшемдегі элементтерге байлаиысты болады. Ландшафтының жетімсіз элементтеріне: О, N, Р, К, Са, Mg, Cu, Co, J, F, Mo, Zn, Mn, т.б. жатады. Бұларды екі түрлі жолменен: біріншіден, ландшафтыға минералды тыңайтқыштар сіңіру немесе өсімдіктер мен жануарларды минералды элементтермен қоректендіру; екіншіден, ландщафты суарып, құрғатып және тағы басқа жолмен олардың құрамындағы инертті элементтердің орын ауыстыруының қарқынын арттыру арқылы толықтыруға болады. Ландшафтының артық өлшемді элементтері: CI, S, Na, Cu, Ni, Fe, F, және басқалар.

3.Биологиялық зат айналымы ламдшафтысының химиялық элементтердің жетімсіздігі мен артық өлшемін теңестіруші рөл атқарады. Сөйтіп, ландшафтының тірі заттар қоры неғұрлым мол болған сайын, ол орын ауыстыратын атомдарға соғұрлым қарқынды түрде әрекет етеді. Демек, химиялық элементтердің биогендік орын ауыстыруын танып-білу ландшафт геохимиясындағы өзекті мәселелердің бірі.

Химиялық элементтердің сумен орын ауыстыруы булардың суда еру қасиетіне байланысты. Судың еріткіштік қасиетіне байланысты ландшафтының грунт және топырақ қабаттарындағы минералды заттар ұдайы химиялық үгілуге ұшырайды. Сонда олар суда еріп, өсімдік тамыры арқылы сабағына, сабағынан жапырағына тарайды. Жануарлар мен адам денесіндегі минералды заттар да суға еріп, осы сияқты орын ауыстырады. Оның қарқыны химиялық қосылыстардың ерігіштік қасиетіне байланысты келеді. Ал ерігіштік — өте күрделі құбылыс. Ол химиялық элементтердің-иондары мен атомдарының радиустарына, валенттшігіне, т.б. байданысты болады. Бұлармен бірге ерігіштікке температура жағдайы, қысым өлшемдері, ерітіндінің концентрациясы, грунт, топырақ және құрлық беті суының рН көрсеткіштері сияқты жағдайлар улкен әсер етеді. Бұл аталғандардан судың рН көрсеткіш білу өте қажет. Өйткені ол бойынша химиялық элементтердің орын ауыстыру қарқыны, ал оған байланысты ландшафтының даму бағыты, сапалық өзгерістері, т.б. анықталады. Зерттеулерге қарағанда судың рН көрсеткіші 6-дан төмен болатын қышқылды ортада кальций, стронций, барий, радий, мыс, мырыш, кадмий, үш налентті хром, екі валентті марганец, темір, кобальт, никель сияқты элементтер пәрменді орын ауыстырып отырады. Судың рН көрсеткіші 7-ден жоғары болатын сілтілі ортада кешенді қосылыс құрайтын элементтер ғана ауысады.

Табиғатта топырақ, грунт және өзен суының рН көрсеткіші бірдей болып келе бермейді. Олар жыл мезгілдері мен ландшафтының даму сатысы ауысқан сайын өзгеріп отырады. Атан айтқанда, ландшафтының алғашқы даму сатысында калий, натрий, кальций, магний басым келеді. Кейіннен ландшафтының кемелдену шағында, бұлар суға тез еритін қосылыстардың (ас тұзын, әктасты, гипсті) түзеді де, сумен шайылып кетеді. Мұндай құбылыс, әсіресе климаты ылғалды, жер бедері сәл өңіс, үгілу процесінің өнімдері тез шайылып кететін тайга зонасы мен ылғалды субтропиктік және тропиктік ландшафт таракаи территорияларда жиі байқалады. Ал үгінді жыныстары сыртқа шайылып шықпайтын құрғақ климатты аймақтардыц топырақ пен грунттық жыныс қабаттарында катиондар көп болады (мысалы, СаСО күйінде Са қорланады), суының рН көрсеткіші сілтілік ортаға дейін көтеріледі. Демек, химиялық элементтердің сумен орын ауыстыру механизмін зерттеп білу арқылы лаидшафтынық құңарлығын арттыру жолдарын анықтауға болады. Мысалы, топырақ қабатының рН көрсеткіші бойынша оған сіңірілетін минералды тыңайтқыштардың түрлері анықталады. Атап айтқанда, рН көрсеткіші төмен қышқылды ортамен сипатталатын ландшафтылы топыраққа әктас сіңіршеді де, copтанды жерлер дренажды әдіспен суға шаиылып тұщыланады.

Ландшафтынын, құнарлылығын арттыру жолында сумен орын алмасатын элементгердің реакцияға түсу, бір сападан екінші сапаға өту, бір жерден екінші жерге орын алмастыру қарқынына өте үлкен мән беріледі. Бұл жағынан алып қарағанда, оларды суға тез еріп орын алмасатын, орташа еріп орын алмасатын және нашар еріп орын алмасатын деп те жіктейді.

Суға тез еріп орын алмасатынға күкірт пен хлор жатады. Құрамында күкірті бар гипс (CaSO х2Н О) пен мираубилит (Na SO хІОН О) және хлоры бар ас тұзы (NaCl) суға : тез ериді, құрамындағы күкірті мен хлоры ландшафтыдан шайылып кетеді. Мұндай құбылысқа байланысты ылғалды климат белдеулерінде күкірт пен хлор жетімсіз болады. Суға орташа еріп орын алмасатындарға кальций, магний, натрий, стронций, фтор жатады. Бұл аталған элементтердің де ландшафттардағы құрамдық өлшеміне экологиялық ортаның ылғалдану режимі үлкен әсер етеді. Климаты ылғалды ландшафтыда бұлар да суға шайылып өсетін, жетімсіздік өлшеммен сипатталады, ал құрғақ клиІматты ландщафтыда олар биологиялық жолмен булану процесі нәтижесінде артық өлшемге дейін қорланады.

Суға нашар еріп орын алмасатындар тобын кремний, калий, фосфор құрайды. Олардық ландшафтының артық-кемі тендестіруі негізінен адам әрекетіне байланысты болады. Кейде жануарлар арқылы да орын ауыстырады. Мысалы, Оңтүстік Америкадағы Тынық мұхйт аралдарында құстардың саңғырығынан форфор қорланып, өндірістік өнім өлшеміне дейін жеткен.

Суға еріп орын алмасатындар тотығу, тотықсыздану реакцияларына да байланысты болып. келеді. Мысалы, химиялық элементтердің тотығу барысында сумен алмасатындарының қатарын Ni, Co, Ca, Zn, V, Cr, Mo құрайды. Ал тотықсыздану процесі кезіндегілерге Ғе және Мп жатады. Ақырында, Al,V,Ti,Zr,Hf,Th,NB,W инертті элементтер болып саналады.

Ландшафтыны қоршаған ауа қабатындағы орын ауыстыратындарға О, Н, С, N, I кіреді. Бұлармен бірге ауаға түрліше жолдармен МСО1 , SO11 , CI1, Ca", Mg", Na' сіңіседі. Атмосфералық орын алмасуына ауадағы су буының конденсацияланып, немесе сублимацияланып жер бетіне жауын-шашын болып түсуі, ауа массасының жел арқылы алмасуы, найзағай, полярлық жарқыл сияқты құбылыстар мен процестер әсер етеді. Мысалы, Арал-88 экспедициясына қатысушылар Аралдың құрғап қалған табанынан ауаға көтерілген тұз түйіршіктерінің желмен Памир тауындағы мұздықтарға дейін жеткенін дәлелдеп отыр. Осылай Екібастұз МАЭС-інің қара күйесі Алтай, Саян тауларына дейін жеткен. Жалпы атмосфералық орын ауыстырудың гсографиясы ландшафты экологиясының жағдайына байланысты сипатталады. Атап айтқанда, ландшафтының теңіздік бөлігінде C11 мен Na" континенттік бөлігінде Са мен SO" басым болады.

Сонымен ландшафт геохимиясы саласындағы зерттеулер экологиялық жағдайға байланысты әр түрлі ландшафт типінде түрлі химиялық элементтердің жиналатынын дәлелдеп отыр.


Лекция №6
Тақырыбы: Ландшафт геофизикасы.

Жоспары:
1.Ландшафт геофизикасының күн энергиясының тығыз байланысы.

2. Гравитациялық энергия

3.Ландшафт процестері
Лекцияны мақсаты:

Ландшафт геофизикасының күн энергиясының тығыз байланысын,трансперация процесін,ландшафт геофизикасы саласында жасалған кесінділер және тұрақты зерттеу материалдарын қарастыру.


Лекцияның мәтіні:
1.Ландшафт геофизикасына қатысты мәселелерге территориялық табиғат кешендеріндегі күн, гравитация, биохимия, механика, т.б. энергияның өзгеруі мен жер шарындағы таралуы, ылғал және ауа массасының алмасуы, динамикалық құбылыстар, процестер жатады. Олар территориялық табиғат кешендерін түзетін құрамдас бөліктердің дамуы мен динамикалық тепе-теңдігіне, ландшафтының жер шарына таралуына әсер етеді. Басқа тектоникалық, геологиялық, биологиялық, антропогендік факторларымен бірге географиялық қабықтағы территориялық табиғат кешендерінің құрылымдық бөліктерінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады.

Ландшафт геофизикасы, ең алдымен, күн энергиясына тығыз байланысты болады. Оның территориялық, табиғат кешендеріндегі өзгеріс болады. Күнінен келетін жиынтық радиация (Cs) тік (Csp) және шашыранды радиация (Csr) түрлерінен тұрады. Радиацияның бұл турлерінің арақатынасы территориялық табиғат кескінділерінің географиялық орындары (географиялық енідігі, теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедерінің көрініс жағдайы) мен жыл мезгіліне байланысты. Атап айтқанда, мен бұлттылығы жоғары жерлерде шашыранды радиацияның үлесі ал биік тау басында тік радиацияның үлесі артады. Алайда территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына тікелей әсер ететін радиациялық байланысты жердің эффекті сәулесі мен жер бетінен шағылған радиация өлшемі құрайды. Ол Cr=Cs—Ce--Са формуласымен есептеледі. Мұндағы Сг — радиациялық баланс өлшемі; Cs — жиынтық радиация; Се — жердің эффекті сәулесі; Са — жер бетінен шағылған радиация.

2.Күннен кейінгі орында гравитациялық энергия тұрады. Оның өзгеруі құралдардың көмегімен есепке алынады. Гравитациялық энергия әрекетіне байланысты территориялық табиғат кешендерінде көптеген құбылыстар мен процестер дамиды. Оларға атмосфералық жауын-шашынның жер бетіне түсуі, одан топырақ және грунт қабаттарына сіңуі, жер беті және жер асты суынық ағындары, беткейлердегі жыныс қабаттарының опырылып құлауы, жылысуы, сусып, ығысып, сырғанап түсуі, өсімдіктердің қураған бөліктерінің (жапырағының, бұтағының, бүршігінің т.б.) түптеріне, айнала төңірегіне түсіп жиналуы, топырақ және грунт жыныстарының тапталуы т.б. жатады. Бұл аталғандар территориялық табиғат кешендерінде түрліше сипатта дамиды. Сондықтан олар жеке-жеке зерттеліп, ландшафттық - геофизикалық мағынада тұжырымдалуы керек.

Территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына күн мен гравитациядан басқа да көптеген энергия түрлері әсер етеді. Солардан ландшафт геофизикасында маңызды рөл атқаратындар қатарына жылу мен механикалық энергия жатады.

Жылу энергиясы күн энергиясының өзгеруі мен оныңI органикалық заттарда аккумуляциялануына тығыз байланысты. Ол органикалық заттар өртенгенде, су буы конденсацияланғанда немесе сублимацияланғанда, су мұз болып қатқанда бөлініп шығады, керісінше осы аталғандардың дамуы үшін жұмсалады. Басқаша айтқанда, жылу энергиясы ақпарат каналдарына қарай органикалық заттарда аккумуляцияланушы және суды буға айналдыру үшін жұмсалатын немесе ауадағы су буының қайтадан су тамшыларына, мұз кристалдарына айналуына байланысты бөлініп шығатын турбуленттік жылу болып екі түрге бөлінеді. Органикалық заттарда аккумуляцияланған жылу энергиясы мындаған, миллиондаған жылдардан кейін жердін, жылу айналымына қайта қосылуы мүмкін. Қазір осылай өткен геологиялық дәуірлердегі көмір, мұнай, жанғыш газ, жанғыш тақтатас бойындағы жылу энергиясы адам өміріндегі тұрмыстық қажеттілік пен өндіріске жұмсалатын интразоналық сипатта аккумуляцияланған жылу қорының бІр бөлігі болып отыр. Ол территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына адам әрекеті арқылы әсер етеді. Жылу энергиясының екінші түрі болып саналатын атмосферадағы турбуленттік жылу күнделікті табиғат құбылыстары мен процестердің дамуына қатысады. Ол зоналық зандылық бойынша әрекет етеді.

Механикалық энергия тау беткейінен сусып, сырғанап, опырылып құлап түскен заттардан, ауа, су ағындарынан бөлінеді. Ол көбіне грантациялық энергияның өзгеруімен тығыз байланысты болып келеді де, территориялық табиғат кешендерінің дамуында үлкен рөл атқарады. Механикалық энергияның әрекеті зоналық сипатта да, интразоналық сипатта да дамиды. Зоналық сипатта әрекет ететін механикалық энергия түріне желдің күші, ал интразрналық сипатта әрекет ететініне өзен суы мен беткейден құлап түскен заттардың күйі жатады. Осыған байланысты халық арасында "жел еңсепіңнен өтеді", "су тас жарады тас жармаса бас жарады" деген тұжырымдар қалыптасқан.

Бұл аталғаядардаң басқа да көптеген энергия көздері бар. Бірақ ол территориялық табиғат кешендерінің түзілуі мен дамуына және географиялық таралуына тікелей әсер етпейді. Олар ландшафт геофизикасына аэрофизикалық, гидрофизикалық, биофизикалық, т.б. құбылыстар мен процестер арқылы ғана әсер етеді.

3.Ландщафт геофизикасындағы келесі бір маңызды процестердің біріне ылғал алмасу жатады. Ол кеңістіктің екі түрлі бағытыңда да дамиды. Біріншіден, температура жағдайынық артуына байланысты жердегі су тамшысынан буға айналып ауаға көтеріледі де, ауадал жер бетіне атмосфералық жауын-шашын болып қайта түседі. Екіншіден өрден ылдиға ағып, гравитациялық желмен қозғалады. Ылғал алмасудың кеңістіктегі қозғалысы бұлай оп-оңай айтыла салғанымен, табиғаттағы бір күйден екінші күйге өтуі өте күрделі болып келеді. Территориялық табиғат кешендеріндегі ылғал алмасу судың булануы мен радиясынан басталады. Булану процесі арқылы жер бетіне түскен жауын-шашын суы, өзен, көл суы, грунг пен топырақ қабатындағы капиллярлық су ауаға көтеріледі. Булану температура жағдайына, жел екпініне, ылғалдың тапшылығына байланысты болады. Қөпшілік жағдайда территориялық табиғат кешендерініц буланғыштығы мен булануы сай келе бермейді. Мысалы, Іле Алатауы алдындағы шөлді ландшафт типінің жылдық орташа буанғыштығы 1000—1200 мм, шг буланатын су буының өл-шемі 150—200 мм. Мұнда ауа температурасының жоғары болып, желдің екпінді соғуына байланысты буланғыштық артқанымен территориялық табиғат кешендеріндегі ылғалдың жетімсіздігіне орай буланатын су буының өлшемі өте аз болып отыр. Демек, булану жергілікті жер жағдайының ерекшелігіне сәйкес әр түрлі табиғат кешенінде әр түрлі өлшеммен сииатталады. Ең аз елшемді булану шөл мен чундрада (200 т/га), орташа өлшемді булану қоңыржай белдеудің орманында (4000—6000 т/га), ең көп өлшемді булану ылғалды экваторлық орманда (12000-13000 т/га) байқалады.


Лекция №7

Тақырыбы: Ландшафт экологиясы
Жоспары:

1.Территориялық ресурсты тиімді пайдалану

2.Территорияның экологиялық потенциалына баға беру
Лекцияны мақсаты:

Территориялық ресурсты тиімді пайдалануын,территорияның экологиялық потенциалына баға беруін,территориядағы экологиялық аймақтарды қарастыру.


Лекцияның мәтіні:
1.Ландшафт экологиясы ландшафттану ғылымындағы онша жақсы танылмаған проблемелардың қатарына жатады. Осы күнге деін оның мазмұны толық анықталмаған. ТТК, олардың құралмыдық өзара байланысын, географиялық құрамдас бөліктерінің өзара әсерін зерттейтін ілімді ландашфт экологиясы деп атайды.

Ландшафт экологиясы ұдайы өзгеріп тұрады. Бұл өзгеріс табиғи жолмен де, адам әрекеті нәтижесмінде де орын алады. Жалпы ттк әсер ететін құбылыс пен процесті э к о л о г и я л ы қ фапктор дейді. Ол табиғи ерекшелігі мен әрекетіне қарай үш топқа: геогендік, биогендік және антропогендік факторларға жіктеледі.

Г е о г е н д і к факторға ттк литогендік негізінжер бедері пішінінің түзілу жағдайын, ауа, су температуцрасын, қысымын, жел күші мен бағытын, грунттың, топырақтың, өзен, көл суының тұздылығының, т.б. жағдайларын, ттк ауа, су топырақ, өсімдік, т.б. құрамдас бөліктерінің нитраттық, нитриттік, пестицидтік көрсеткіштерін, радиоактивтілік фондарын жатқызады.

Б и о г е н д і факторға микроорганизмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың басқа жақтан кеуіне, немесе ауып кетуіне байланысты дамитын әрекеттер жатады.

А н т р о п о г е н д і к факторға адамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіруі, өнеркәсіп пен жол қатынасын дамытуы, ауылдық, қалалық, демалыс мекен- жайлар тұрғызуы сияқты әрекеттері арқылы ттк құрамдық, құрылымдық бөліктерінің өзгеруі жатады. Геогендік және биогендік факторларға қарағанда анторопогендік факторлардың әрекеті күн сайын өсуде. Олардың қарқының артуына ғылыми- техникалық революция үлкен әсер етіп отыр.

Бұл аталған экологиялық факторлар ландшафт экологиясына бір кезде әсер ететін құбылыстар мен процестер. Бірақ, дәрежесі мен қарқыны жергілікті жер жағдайына байланысты әртүрлі болып келеді де, ттк тепе- теңдігін бұзып, ландшафт экологиясын өзгертеді. Мысалы, Қазақстанда жиі болатын жұт жылдарында аңызақ желдің әсері артады. Осыған орай жылу мен ылғал қатынасының көпжылдық тепе- теңдігі бұзылады, ылғалдың жетімсіздігі байқалады, жайылым және шабындыққа шөп шақпай қалады, өрісті малдың қоректік тізбек байланысы нашарлайды, қоректік заттар мен ауыз су қоры жетіспегендіктен мало шығынға ұшырайды.

Көптеген зерттеулерге қарағанда, жоғарғы рангыдағы ттк экологиялық жағдайы баяу өзгереді де, төменгі рангыдағы ттк тез өзгереді. Бұл заңдылықты В.В. Докучаев өткен ғасырда ашқан болатын. Оның зерттеуіне қарағанда, осы кездегі қара топырақты дала зонасы ХVІІІғасырға дейін орманды дала зонасы болған екен.

2.ТТК түзіліс жолының тарихына, жергілікті жер жағдайына, құрылымдық, энедиялық, реликтік екрекшелігіне байланысты болатын экологиялық жағдайдың өзгеруі баяу сипатта болып эволюциялық жолмен дамиды, негізінен ол табиғи құбылыстар мен процестердің нәтижесінде болады. Жалпы алғанда, ландшафт экологиясының табиғи даму барысында ттк өзін- өзі тазалап, өздігінен даму қабілеті артады. Мұндай экологиялық жағдай атмосфералық жауын- шашын көп түсетін, шіру процесі тез жүретін, химиялық элементтердің орын ауысуы мен биологиялық зат айналымы қарқынды түрде дмитын аймақта, атап айтқанда, тауда жиі кездеседі.

Ландшафт экологиясын жақсартып, ттк, олардың түзіліс жолдары мен даму бағыттарын танып білу арқылы байлықтарын тиімді пайдалануды, қажетіне қарай қорғауды, еселеп өсіруді, жаңа сапа туындатуды оптималдандыру деп атайды. Ол үшін ттк құрамдық бөліктерін экологиялық тұрғыда жан- жақты салалап зерттеу, географиялық кешеннің нақтылы моделін жасау керек.
Лекция №8
Тақырыбы: Ландшафт морфологиясы

Жоспары:
1.Ландшафтарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендері

2.Жергілікті жер қоныс. Фация



Лекцияны мақсаты:

Ландшафтарды құрайтын морфологиялық территориялық табиғат кешендерін,жергілікті жер қонысты,фацияларды қарастыру



Лекцияның мәтіні:
1.Территориялық табиғат кешені туралы ұғым ғылымға берік сіңіскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық, типологиялық таксономиясын және морфологиялық құрылымын жікітеумен айналыса бастады.

Көпжылдық географиялық ғылыми зерттеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекеттеріне баайланысты қалыптасатын территориялық табиғат кешендерімен сипатталатынын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да, бірінен – бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.

Геологиялық негізгі, жер бедері, климат жағдайы гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті территориялық табиғат кешенін ландшафт деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет