Лекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат


Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері). олиготрофты



бет5/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,21 Mb.
#13224
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Эвтрофты өсімдіктердің топырақ құнарлылығына талабы өте жоғары (дала, орманды дала, жалпақ жапырақты орман өсімдіктері).

олиготрофты (грекше «олигос»-аз, «троф»-қорек) өсімдіктер қоректік затқа кедей топырақта өсе алады. Бұған құрғақ аңғарлы шалғын (аққылтан), құмайт топырақ (қарағай), шымтезекті батпақ (шықшөп, мүкжидек, ұлпабас, шымтезек мүктері) өсімдіктері жатады.
14 Дәріс Өсімдіктердің тіршілік формалары.
Өсімдіктер мен ортаның тарихи ұзақ қарым-қатынасының нәтижесінде табиғатта өсімдіктердің экологиялық топтары (ксерофиттер, гигрофиттер және басқалар) ғана емес, тіршілік формалары да қалыптасқан. Жер бетін жауып тұрған өсімдіктер жамылғысының негізгі құрылым бөліктерін белгілеу үшін «өсімдік формасы» деген түсінікті алғаш рет ендірген ботаник ғалым А.Гумбольт еді. Ол әуелі 19 өсімдік формасын ажыратқан, олардың кейбіреулері: банан, сүректі папоротник, астық, мүк. Осындай «формалар» жиынтығы және олардың әрқайсысының үлесі зерттелген аймақ өсімдіктер жамылғысының бет пердесін (физиономиясын) анықтайды.

Құрылымдық топтар және өсімдіктер жамылғысының географиясы туралы ғылымның басты кезеңі А.Гризебахтың жұмысымен байланысты Ол өсімдік формасының санын 60-қа дейін жеткізіп оларды «өсімдіктер формасы» деп атады.

Тіршілік формалары туралы ғылымның одан ары дамуы А.Н.Краснов, А.Б.Келлер, И.Г.Серебряковтың есімдерімен тығыз байланысты. Белгілі ботаник – эколог А.Б.Келлердің (1933) айтуы бойынша, «тіршілік формасы деп өсімдіктердің дене құрылымымен, оның белгілі бір класқа, тұқымдасқа және туысқа жатуымен тығыз байланысты экологиялық бейімделу жүйесін түсіну керек». В.Алехин (1944) «тіршілік формасы өсімдіктің сыртқы көрінісінде бейнеленген, оның жергілікті тіршілік жағдайына ұзақ уақыт бейімделудің нәтижесі» деп анықтайды.

А.Б.Келлердің анықтамасына екі негіз: генетикалық (белгілі бір систематикалық топқа жатуы) және экологиялық бейімделу қамтылған. И.Серебряковтың (1962) анықтауында осы екі негіз қамтылады және де тіршілік формасының морфологиялық мәні жете сипатталады.



Өсімдіктердің тіршілік формаларының жүйесі. Өсімдіктердің физиономиялық, яғни сыртқы бейнесіне негізделген жүйесін төмендегідей қарастыруға болады:

  1. Ағаштар – жер бетіндегі бөліктері толық сүректенетін көп жылдық өсімдіктер, қуатты жетілген ерекше жеке-дара бір діңі болады.

  2. Бұталар – жер бетіндегі бөліктері сүректенетін көп жылдық өсімдіктер. Ағаштардың айырмашылығы, ерекше жеке-дара діңі болмайды, өзара шамалас бірнеше діңі бар, бұтақтануы жер бетінде таяу басталатын сүректі өсімдіктер.

  3. Бұташықтар – бұталарға ұқсас, бірақ бойы аласа, 50 см – ден аспайды (қара жидек, вереск).

  4. Жартылай бұталар - өркендерінің төменгі бөліктері ғана сүректеніп, жоғарғы бөліктері жылма-жыл қурап түсіп отырады (жусандар, жебір).

  5. Лиандар – сабақтары арқылы өрмелеп, жармасып және шырмалып өсетін өсімдіктер (жүзім, құлмақ, барқытшөп, шырмауық).

  6. Жастықша өсімдіктер – қоректік заттерға кедей тасты, құмды, шымтезекті және суық жерлерде өсуге бейімделген. негізгі морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі: тығыз бұтақталған, ұзарып өсуі шектелген, аласа, өркендері бір-біріне тығыздалып, жақындағын, өркеннің жоғарғы жағы дөңгеленіп шырпылған тәрізді. сондықтан жастық пішіндес болады. Жсатықша өсімдіктер іш жағында ылғал, жылу сақтайды. Бұлар биік тау шыңдарының, мұхиттағы тасты аралдардың, теңіз жағалауларының, арктикалық тундраның өсімдіктері (143-сурет).

  7. Суккуленттер- су қорын сақтайтын өркенді көп жылдық өсімдіктер (түбіртек, кактустер, агавалар).

  8. Шөптесін өсімдіктер көп жылдық және жылдық, бұлар тіршілік формаларының мынадай топтарына бөлінеді: кіндік тамырлылар, шашақ тамырлылар, ұзын және қысқа тамырсабақтылар, жуашықтылар, шымдылар, түйнек түзушілер, жер бетінде төселмелі және жер бетінде столондылар.

Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріненпайда болған өсуінің сыртқы көрінісі және вегетативтік мүшелері тіршілігінің ұзақтығы алынған.

Барлық жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік формаларын ескере отырып Дания ғалымы К. Раункиер (1905) өзінің соны жүйелеуін ұсынады. Бұл жүйелеудің негізіне өсімдіктердіңсыртқы бейнесі-габитусы емес, негізгі морфолого-физиологиялық ерекшеліктері алынды. Бұл жүйенің физиологиялық принципі-өсімдіктің тыныштық кезеңге (жауабы); морфологиялық принцепі-бүршіктердің немесе өркендердің өсімдіктер өсуіне қолайсыз жыл мезгілдері кезінде орналасуының топырақтың жоғарғы беткейіне қатынасы. Бұл жүйе іс жүзінде қолданылады және жабықтұқымдылардың тіршілік формаларының эволюциясын, ағаштардан бастап шөптесін өсімдіктерге дейін, зоналар бойынша көрнекілейді.

И. Джефридің, кейінірек Э. Синнота мен И.Бейлидің микроскоптық салыстырмалы морфологиялық зерттеулері сүректілердің шөптесін өсімдіктерден біршама көне екендігін дәлелдеді. сол сияқты тіршілік формаларының құрамы климаттық жағдайлардың көрсеткіші де бола алады.

К. Раункиер жоғарыдағы көрсеткіштерді қамти отырып, тіршілік формаларының ірі бес тобын ажыратады: Олар фанерофиттер, хамефиттер, гемикриптофиттер, криптофиттер және терофиттер.

1. фанерофиттер (грекше «фанерос»-ашық, анық)- бұған ағаштар, бұталар, сүректі лиандар, эпифиттер жатады. Фанерофиттердің жандандыру бүршіктері топырақ бетінен 25 см-ден жоғары орналасады, олар қыстайды немесе құрғақшылық мезгілді басынан өткізе алады. Осыған байланысты бүршіктері бүршік қабыршақтарымен жабылады. Бұлай етпейтін фанерофиттер де бар. Олар-ылғалды тропикалық орман өсімдіктері. Өсімдіктер бойының биіктігіне қарай Раункиер бұл топты мегафанерофиттер, мезофанерофиттер, микрофанерофиттер және нанофанерофиттер (грекше «мега»-үлкен, ірі; «мезос»-орташа; «микрос»-кішкентай; «нанос»-ергежейлі) деп бөледі. К.Раункиер фанерофиттерге эпифиттерді және суккуленттерді жатқызады. Эпифиттер –ылғалды тропикалық орманға тән, бүршіктері ашық, бүршік қабыршақтарымен қапталмайтын өсімдіктердің ерекше тіршілік формасы. Систематикалық құрамы және экологиялық топтары жағынан алуан түрлі.Басым көпшілігі папоротниктер мен орхидийлер. Эпифиттер тропикалық орманның ағаштарының діңдері мен бұтақтарының жоғарғы деңгейін мекен орнына пайдаланады, өсіп денесін жарыққа шығарады. Эпифиттер тек қана шөптесін өсімдіктер емес бұталар және ағаштар да бола алады. Экологиялық тұрғыдан орманның іш жағына қарайғы көлеңкелі жеріндегі ағаштарға орналасып өскен эпифиттер гигрофиттер, ал ағаштардың жоғарғы деңгейі, ұшындағы эпифиттер – ксерофиттер. Соңғыларының жапырақтары шырынды, олардың денесінде су қорын жинайтын арнаулы орындары, түйнектері болады.

2. Хамерофиттер – бүршіктері топырақ деңгейінен шамалы ғана (25 см-ден жоғарғы емес) жоғарғы орналасады. Бұларға бұташықтар, жартылай бұталар, жартылай бұташықтар, көптеген төсемелі өсімдіктер, жастықша өсімдіктер жатады. Суық және қоңыржай климатта бұл тіршілік формаларының бүршіктері қар астында қыстап шыға алады.

3. Гемикриптофиттер (грекше «геми» - жертылай; «крипто» - жабамын) – көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың бүршіктері топырақ деңгейінде немесе онымен шамалы ғана жабылып орналасады. Қыстап шығатын бүршіктерді өсімдіктердің қалдықтары жауып, қосымша қорғайды. Раункир гемикриптофиттерді протогемикриптофиттер және жертағанды гемикриптофиттер деп екіге бөлді. Протогемикриптофиттердің жандану бүршіктері орналасқан негізіне дейін жыл сайын шіріп кететін, жер бетінде ұзарған өркендері болады. Жертағанды гемикриптофиттердің топырақ деңгейінде тұтас қыстап шыға алатын қысқарған өркендері болады. Қыста алдында жертағанның сабағы жер бетінде қалатын бүршікті топыраққа қарай тартып орналасады.

4. Криптофиттер – жандану бүршіктерінің орналасуына қарай: геофиттер және гидрофиттер деп бөлінеді. Геофиттердің (грекше «гео» - жер) бүршіктері топырақта бір сантиметрге дейінгі тереңдікте орналасады. Бұған тамырсабақты, түйнекті, жуашықты өсімдіктер жатады. Гидрофиттердің вегетативтік өркені суға батып тұрады, сондықтан бүршіктері су астында қыстайды.

5. Терофиттер (грекге «терос» -жаз)-бір жылдық өсімдіктер. Бұлардың тіршілігі бір вегетациялық кезеңде аяқталады. Жылдың қолайсыз мерзімін тұқым түрінде ғана басынан өткізеді.
15 Дәріс Тірі табиғатқа әсер.

Жарықтың жасыл өсімдіктер үшін физиологиялық мәні зор, олар жарық жеткілікті болған жағдайда ғана қалыпты өсіп дами алады. Жарық өсімдіктердің сыртқы көрінісіне, анатомиялық құрылысына әсер етеді. жарық жеткіліксіз жерде өскен өсімдіктердің (этиолданған) реңі солғын жасыл, буынаралықтары ұзарған, жапырақтары майда. Табиғатта белгілі дәрежеде этиолданған өсімдіктер орманның төменгі белдеуінде, шалғында кездеседі.

Жарықтың өсімдіктердің сыртқы пішініне ғана емес, ішкі құрылымына да, әсіресе бәрі бірдей дәрежеде қажет етпейді. Соған байланысты өсімдіктерді үш топқа бөледі: 1) жарық сүйгіш өсімдіктер-гелиофиттер (грекше «гелиос»-күн). Бұлар жарық мол жерде ғана өседі. Бұған тундра, шөл дала және ормансыз тау шыңдарының өсімдіктерін жатқызуға болады. Қарағай, балқарағай, шаған, емен, тал жарық сүйгіш өсімдіктерге жатады. 2) көлеңкеге төзімді өсімдіктер жарық мол жерде тіршілік ете алады және де көлеңкеге де төзімді болады. Бұған шалғынның көптеген өсімдіктері, шырша, самырсын, шамшат, жөке ағашы, үйеңке, көптеген папортниктер мен мүктер т.б. жатады. 3) Көлеңке сүйгіш өсімдіктер-сциофиттер (грекше «циа»-көлеңке). Бұлар көлеңкелі жерлерде ғана тіршілік ете алады. Бұған еуропа құсықшөбі, саумалдық және көптеген орман өсімдіктері жатады.
6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1 апта

1 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Өсімдік экологиясы пәні.

1. Өсімдік экологиясы пәні, міндеттері.

2. Өсімдік экологиясы және пәнаралық байланыстар.

3. Өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысы.



Әдебиеттер:

1. М.С. Двораковский «Экология растений» 3-8 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 5-8 б.
2 апта

2 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Жарық және оның экологиялық маңызы.

1. Өсімдіктердің жарықты пайдаланудағы бейімделушіліктері.

2. Өсімдіктердің жер бетіндегі көміртегі айналымындағы ролі.

3. Көміртегі айналымының сызбанұсқасын жазу.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 25-27.

2. В. Лархер «Экология растений» 130-136 б., 119-128 б.
3 апта

3 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Өсімдіктердің көміртектік айналымы.

1. Циклдік және циклдік емес фосфорлану.

2. Көміртегінің қос тотығуының фиксациясы және қайта қалпына келуі.

3. Органикалық және бейорганикалық көміртегі.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 20-25 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 136-139 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 111-113 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 104-137 б.
4 апта

4 практикалық сабақ.

Тақырыбы: ТМД-ның табиғат зоналары.

1. Тайга, тундра, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы.

2. Өсімдіктердің төменгі температураға бейімделушіліктері.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 51-56 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 301-326 б.

3. В.В.Алехин «География растений» 401-482 б.


5 апта

5 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Су экологиялық фактор ретінде.

1. Су режиміне байланысты өсімдіктер типтері.

2. Жасушадағы су және оның күйлері.

3. Транспирация және оның түрлері.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 64-67 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 209-218 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 67-69, 80-86 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 59-70 б.
6 апта

6 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Микроэлементтер қызметі және олардың жетіспеушілігінің белгілері.

1. Өсімдіктердегі микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері.

2. Минералды заттар айналымы.

3. P, S айналымы.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 124-132 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 167-184 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 159-167 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 146-149 б.

5. К.А.Лукомская «Микробиология с основами вирусологии» 150-156 б.


7 апта

7 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Микроэлементтер және макроэлементтер.

1. Минералды және органикалық тыңайтқыштар.

2. Тыңайтқыш түрлері.

3. Тыңайтқыштарды енгізу нормалары.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 124-132 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 193-203 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 171-175 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 175-179 б.
8 апта

8 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Ауаның экологиялық фактор ретінде мәні.

1. Ластанудың биоиндикаторлары (өсімдік индикаторлары).

2. Биосферадағы O2 aйналымы.

3. Ауаның SO2 ластануына сезімтал өсімдік түрлері.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 89-92, 106-108 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 139-144 б.

3. П. Виноградов «Растительные индикаторы»


9 апта

Тақырыбы: Топырақ- экологиялық фактор ретінде.

9 практикалық сабақ.

1. Түрлі тіршілік ортасының өсімдіктері.

2. Өсімдіктердің топырақтың қышқылдығына қатынасы.

3. Ксерофиттердің классификациясы.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 119-122 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 164-167 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 190-201 б.


10 апта

10 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Топырақ- экологиялық фактор ретінде.

1. Азотфиксациялаушы, нитрификациялаушы, аммонификсациялаушы микроағзалар.

2. Түйнек бактериялары.

3. Топырақ микроағзаларын зерттеудің экологиялық әдістері.



Әдебиеттер:

1. Е.Н. Мишустин «Микробиология» 151-158 б.

2. О.И. Колешко «Экология микроорганизмов почвы» 32-56, 77-91 б.

3. К.А.Лукомская «Микробиология с основами вирусологии» 137-150 б.


11 апта

11 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Өсімдік және топырақ жабынының өзара әрекеті.

1. Вегетациялық ыдыста өсімдіктерді өсіретін қоректік қоспалар.

2. Топырақтағы минералды заттардың мобилизациясы.

3. Өсімдіктегі минералды заттардың тасымалдануы.



Әдебиеттер:
12 апта

12 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Биотикалық факторлар.

1. Өсімдіктер, өсімдіктер және жануарлар арасындағы қарым-қатынас түрлері.

2. Жануарлардың өсімдік жабынына әсері.

3. Зоогенді факторлар.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 147-156 б.

2. М.В.Марков 212-214, 241-265 б.
13 апта

13 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Өсімдік қауымдастықтары.

1. Өсімдік қауымдастықтарының жіктелуі.

2. Өсімдік қауымдастықтарының қозғалғыштығы.

3. Өсімдік қауымдастықтарының тұрақтылығы.



Әдебиеттер:

1. Ә.Әметов 502-505 б.

2. М.В.Марков 391-425 б.
14 апта

14 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формалары.

1. Тіршілік формаларының жіктелуі.

2. А.Гумбольдт бойынша өсімдіктердің тіршілік формаларының жіктелуі.

3. Сүректі өсімдіктердің жіктелуі.



Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 170-180 б.

2. Ә.Әметов 174-476 б.

3. А.Е.Васильев 447-461 б.

4. М.В.Марков 267-276 б.
15 апта

15 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Тірі табиғатқа әсер.

1. Әсер ету коэффициентін есептеу.

2. Өлшеу нәтижесі бойынша индекстерді есептеудің графикалық әдісі.

3. Әсер ету индексін есептеу әдістері.



Әдебиеттер:

1. М.С. Двораковский «Экология растений» 180-187 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 12-21 б.

3. М.В.Марков 31-149 б.



7. ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Семинарлық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар:

1 апта

1 практикалық сабақ

Тақырыбы: Өсімдік экологиясы пәні.

Мақсаты: Өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысының заңдылықтарын, негізгі зерттеу обьектілерін қарастыруды үйрету.

Негізгі сұрақтар:

1.Өсімдік экологиясы пәні, міндеттері.

2.Өсімдік экологиясы және пәнаралық байланыстар.

3.Өсімдіктердің қоршаған ортамен байланысы.



Әдістемелік нұсқаулар: Дәріс, практикалық сұрақтарына негіздей отырып, ашық әңгіме өткізу. Салыстыру.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 4-9, 10-13 бет.

2. В. Лархер «Экология растений» 3-5.б.

3. А.П.Шенников «Экология растений» 3-21 бет.


2 апта

2 практикалық сабақ

Тақырыбы: Жарық және оның экологиялық маңызы.

Мақсаты: Өсімдік тіршілігіндегі өсімдіктердің маңызын қарастыра отырып, жарыққа байланысты өсімдіктерде пайда болаған бейімделушіліктерді ажырата білуге дағдылану

Негізгі сұрақтар:

1. Өсімдіктердің жарықты пайдаланудағы бейімделушіліктері.

2. Өсімдіктердің жер бетіндегі көміртегі айналымындағы ролі.

3. Көміртегі айналымының сызбанұсқасын жазу.



Әдістемелік нұсқаулар: Дөңгелек үстел. Курс бойынша өткен экология пәніне, сондай дәріс пен практикалық сабақ сұрақтарына негіздей отырып өткізу. Арнайы көрнекі суреттерді пайдалану.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 25-27.

2. В. Лархер «Экология растений» 130-136 б., 119-128 б.
3 апта

3 практикалық сабақ

Тақырыбы: Өсімдіктердің көміртектік айналымы.

Мақсаты: Өсімдіктердегі көміртегі айналымын, фотосинтез маңызын білу. Көміртегі айналымына сыртқы орта факторларының әсерін қарастыру, көміртегі айналымы мен жеке өсімдіктердің өнімділігін қарастыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Циклдік және циклдік емес фосфорлану.

2. Көміртегінің қос тотығуының фиксациясы және қайта қалпына келуі.

3. Органикалық және бейорганикалық көміртегі.



Әдістемелік нұсқаулар: Баяндама түрінде өткізу. Фосфорлану және айналамға қатынасты схемалық суреттерді қолдана отырып, заңдылықтарды дәлелдеу.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 20-25 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 136-139 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 111-113 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 104-137 б.
4 апта

4 практикалық сабақ

Тақырыбы: ТМД-ның табиғат зоналары.

Мақсаты: табиғат зоналарына байланысты өсімдіктердің зональдық таралу ерекшеліктерін анықтай білу, әрбір зона өсімдігінің бейімделушіліктерін ажыратуға дағддылану

Негізгі сұрақтар:

1. Тайга, тундра, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы.

2. Өсімдіктердің төменгі температураға бейімделушіліктері.

Әдістемелік нұсқаулар: Картамен баяндамалық жұмыс. «ТМД-ның табиғат зоналары» картасын қоладан отырып, өсімдік жабынының белдеуге байланысты таралу ерекшеліктерін, соған сәйкес бейімделушіліктерін көрнекі түрде баяндау.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 51-56 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 301-326 б.

3. В.В.Алехин «География растений» 401-482 б.


5 апта

5 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Су экологиялық фактор ретінде.

Мақсаты: Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызын қарастыра отырып, суға байланысты өсімдік топтарын ажырата білуге, суға бейімделушілік ерекшеліктерін зерттеу.

Негізгі сұрақтар:

1. Су режиміне байланысты өсімдіктер типтері.

2. Жасушадағы су және оның күйлері.

3. Транспирация және оның түрлері.



Әдістемелік нұсқаулар: Дөңгелек үстел. Кеппешөп материалдарын қолдана отырып, өсімдіктер түрлерінің суға байланысты жіктелу топтарын сыртқы белгілері бойынша анықтау.
Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 64-67 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 209-218 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 67-69, 80-86 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 59-70 б.
6 апта

6 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Микроэлементтер қызметі және олардың жетіспеушілігінің белгілері.

Мақсаты: Микро- және макроэлементтердің әрбіреуінің маңызын білуге үйрету, қандай да болмасын элементтердің жетіспеушілігі нәтижесінде туындайтын белгілерді зерттеп, қарастыра отырып, оны бөлме өсімдіктері есебінен қарастырып, анықтауға баулу.

Негізгі сұрақтар:

1. Өсімдіктердегі микроэлементтердің жетіспеушілігінің белгілері.

2. Минералды заттар айналымы.

3. P, S айналымы.



Әдістемелік нұсқаулар: Схемалық көрнекі құралдарды қолдана отырып, айналымдардың маңызын анықтау мақсатында баяндама жасау.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 124-132 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 167-184 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 159-167 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 146-149 б.

5. К.А.Лукомская «Микробиология с основами вирусологии» 150-156 б.


7 апта

7 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Микроэлементтер және макроэлементтер.

Мақсаты: Тыңайтқыш түрлерін айыра білу, оның әрбіреуінің қолдану жағдайын зерттеу

Негізгі сұрақтар:

1. Минералды және органикалық тыңайтқыштар.

2. Тыңайтқыш түрлері.

3. Тыңайтқыштарды енгізу нормалары.



Әдістемелік нұсқаулар: Пікірталас. Арнайы тыңайтқыш үлгілерін қолдану. Олардың маңызын жеке-жеке атап көрсету.

Әдебиеттер:

1. М.С.Двораковский «Экология растений» 124-132 б.

2. В. Лархер «Экология растений» 193-203 б.

3. Н.Кенесарина «Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері» 171-175 б.

4. Ж. Жатқанбаев «Өсімдіктер физиологиясы» 175-179 б.
8 апта

8 практикалық сабақ.

Тақырыбы: Ауаның экологиялық фактор ретінде мәні.

Мақсаты: Өсімдік және өсімдік жабынына ауа қасиеттернің және құрамының әсерін зерттеу. Өзгерістер нәтижесінде пайда болатын кері әсерлерді анықтау. Ауаның өсімдік тіршілігіндегі маңызын білу.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет