Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 11 сағат СӨЖ: 64 сағат Барлық сағат: 90 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет2/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,95 Mb.
#13206
түріЛекция
1   2   3   4   5

Кредит саны: 2


Лекция: 15 сағат

Практикалық (семинар) сабақ: 11 сағат

СӨЖ: 64 сағат

Барлық сағат: 90 сағат

Аралық бақылау: (АБ) -60 б

Қорытынды бақылау: емтихан – 40б


Жетісай, 2010

Силлабусты дайындаған: аға оқытушы Исаева К.А.



Силлабус Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігі



__23_ 12_ 2005_жылғы №_779__ бұйрығымен Бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандыќтыњ типтік оќу жоспары жєне ЌР БЃМ_11. 05._ 2005_жылғы № 289___ бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген ҚРБҒМ 22. 06. 2006ж., Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен бекітілген пєнніњ типтік оќу баѓдарламасы негізінде дайындалған.

Силлабус кафедраныњ мєжілісінде қаралды

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.
Кафедра меңгерушісі ________ _______________

қолы аты-жөні, ѓылымти атыѓы


Факультеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.

Әдістемелік бюро төрағасы/төрайымы/ ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы


Университеттің Ғылыми Кеңесінде мақұлданған

Хаттама № __ « ____» _________ 200_ж.


Ғылыми Кеңес хатшысы ______________ ___________________

қолы аты-жөні, ѓылыми атаѓы

Мазмұны


  1. Алғы сөз ….…………………………………………............................

  2. Жалпы мәліметтер………………………….………...........................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті …………………………………….....

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.………….....................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.……...............................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы………………………..........................

  7. Студентке арналған ережелер…………………...................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………........................................................

  1. Лекция сабақтары..................................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары.........................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................

  4. Пайдаланатын әдебиеттер мен web сайттар тізімі..............................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері (тест, бақылау сұрақтары т.б)

  6. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі........


1. Алғы сөз
Оқу - әдістемелік кешені – «Этнопедагогика» пәні бойынша «Педагогика және психология»-мамандығының студенттеріне осы курс бойынша дәріс беруші оқытушының жұмысын тиімді ұйымдастыруға арналған. Білім беруде кредиттік технологияны пайдалана отыра, барлық құжаттарды бір жүйеге (комплекске) біріктіру, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғары деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жұмыстық бағдарламада оқу жұмысын

ың түрлері бойынша сағаттар көрсетілген: СС- семинар сабақтар, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқытудың мұндай бағдарламасы (SYLLABUS), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына есебін тигізеді деп күтілуде.

СӨЖ- де зерттеліп отырған материалды студент өз бетімен игеруі мен йүге берілген тапсырманы орындау көзделеді: Оқу материалы барлық оқыту формаларының өрімделуі мен ерекшеленеді.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыптан қарастырылуда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдармен терминдерді енгізеді.

Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге аудиториялардан тыс өзіндік жұмысты, үй тапсырмасын орындауға арналған.

Тесттік тапсырмалар студентке кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынық/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметттер:
Лектор: аға оқытушы Исаева К.А.

"Педагогика және психология кафедрасы", №1 оқу корпусы 40 кабинет

Телефон 113

Кафедрадағы бос уақыты: сәрсенбі , сағат : 9-13


Өткізу уақыты және орны




Оқытушының аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Исаева К.А.

Уақыты 820-1320

Ауд 28,30,32

Уақыты 1420-17 20

Ауд: 40

Тел: 113

Каб:_ 40_

Корпус:_1_______


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Курстың мақсаты:

Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт –дәстүрлерді, өнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, Отанын елін, жерін сүйетін, жан –жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.



Курстың міндеті:

  1. Этнопедагогика ғылымының оқыту пәні бойынша олардың салаларымен жүйелерін, әр түрлі зерттеу мақсаттарын, әдістерін оқып үйрену.

  2. Халықтық педагогиканың қыры мен сырын, ғылыми негіздері мен тәлімдік мәнін ғылыми - педагогикалық тұрғыда игерудің теориясы мен әдіс –тәсілдерін меңгерту.

  3. Этнопедагогика пәні этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми методологиялық, теориялық негіздерін оқытып білдіру.

  4. Болашақ мамандарға адам өз іс -әрекеті мен дамуының субъектісі екенін меңгерту.


ІІ. Жұмыс оқу бағдарламасының басқа пәндермен келісім хаттамасы

Р/с


Прекреквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1.
2.


Педагогикалық мамандыққа кіріспе.

Педагогика



1.Педагогика тарихы

2.Педагогикалық шеберлік

3.Қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджмент

4.Әлеуметтік педагогіка



Педагогика және психология

№ Хаттама

_________ 200 ж.




ІІІ. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.





Курс

Кредит

саны


Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан тыс сабақтар

Қорытынды

бақылау


Лек

Сем

Лаб

ОБСӨЖ

СӨЖ




1

2

3

4

6

7

8

9

10




3

2

90

15

-

11


-

-

64

Емтихан







Барлығы:

90

15

11




-

64






6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет.



Семинар сабақтарында -студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемеларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс –тәсілдерді меңгеру керек.

СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы. Студент үйге берілген тапсырмаларды

орындайды, өз бетімен меңгереді.



ОБСӨЖ- оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

  1. Сабаққа кешікпеу керек. Сабаќќа ќатысу, лекция жазу,сабаќта белсенді ж±мыс жасау,‰й тапсырмаларын орындау студенттіњ міндеті болып табылады. Егер студент ќандайда бір себептермен сабаќќа ќатыса алмаса, онда ол лекция материалдарын топтаѓы басќа студенттен алу керек немесе µзбетінше µтеу ќажет. Аудиториядан тыс уаќытта оќытушы лекциялыќ материалдармен сабаќтан ќалѓан студенттерді тек ќана белгіленген уаќытта ќамтамасыз етеді.

2. Студент университеттегі оќу ережесіне баѓыну керек: сабаќты себепсіз жібермеу,сабаќќа кешікпеу,оќу материалдарын т‰сіндіру кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа

анықтама әкелу керек.

5.Егер студентте курс бойынша с±раќтар туатын болса, онда ол оќытушыдан белгіленген уаќытта кењес алуына болады.

6.Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

7.Єрбір ‰йге берілген тапсырма уаќтылы орындалып, сабаќта талќылануы ќажет. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8.Баќылау ж±мысына ќатыспаѓан немесе кешіккен студенттер автоматты т‰рде баќылау ж±мысы ‰шін 0 балл алады. Баќылау ж±мысын ќайта тапсыру р±ќсат етілмейді.



8.ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ Б¤ЛІНУІ



Тараулар атауы,

Реті

Аудиториялық сабақтар

Аудиториядан

тыс сабақтар

лек

прак

Сем

лаб

ОБСӨЖ

СӨЖ

1- тарау.Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

1

Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері

1




1







2

2

Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі.

1













2

3

Этнопедагогиканың философия, этнопсихология, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.

1




1







2

2- тарау.Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі.

4

Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы ролі

1













5

5

XV- XIXғ. Қазақ ақын- жырауларының тәрбие мектебі

1













4

6

Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабавтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика

1













6

3- тарау.Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты.

7

Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты

1




1







4

4- тарау.Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары

8

Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері

1




1







4

5- тарау.Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері-халықтық тәрбиенің негізі.

9

Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары

1




1







4

6- тарау.Халық педагогикасындағы рухани мінез-құлықтық және азаматтық, патриоттық тәрбие.

10

Салт-дәстүрлердегі, әндердегі, өлеңдердегі марал- мәтелдердегі өнегелі тәрбиелегендік, ар- ұлттылық, руханинылық жөніндегі халықтық түсініктері

1




2







6

7- тарау. Халық педагогикасындағы еңбек және дене тәрбиесі

11

Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі.

1




1







5

12

Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі.

1




1







5

8- тарау.Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі

13

Халық педагогикасындағы эстетикалық, зиялылық тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері

1




1







6

9- тарау. Халық педагогикасының қазіргі қызметі.

14

Халықтың этнопедагогикалық пансофиясы

1




1







4

10- тарау. Жалпы білім беретін мекеменің оқу процесінде халық педагогикасының прогрессивтік элементтерін пайдалану.

15

Қазақстан Республикасы этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы жастарға этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы

1













5




Барлығы:

15




11







64



9.Лекция сабақтары

1- лекция.1- тарау. Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

Тақырыбы: Этнопедагогиканың әдіснамалық негіздері.

Лекцияның жоспары:

1. Этнопедагогика тарихына және халықтық педагогикаға қысқаша шолу.

2.Этнопедагогика объекті және пәні.

Мақсаты: Этнопедагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру; этнопедагогиканың басты ерекшелігін және міндеттерін ашып көрсету.
Лекцияның мәтіні:

1.Этнопедагогика –белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт дәстүрінен құралған ауыз әдебиеті ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады (этнография, этнопсихология, этнопедагогика т.б.) Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы –халық педагогикасында өрнекті ұғым -әдеп. Әдеп –этика ғылымының “этика”деп аталатын алкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисында баламасы.

Әдеп, яғни жеке ғылым саласыретінде әлемнің бірінші, екінші ұстаздары Аристотель мен Әл - Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып, көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем көріністерінен түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.

Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы алтын өзегі-әдеп. Әдеп сөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста халқымыздың мәдени мұрасын ұғындырады. Әдеп-ұлттық педагогиканың, яғни қазақт этнопедагогикасының алтын арқауы, тәлімдік кредосы.

Қазақ этнопедагогикасының қайнар- бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады.

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп , тәрбиелеп келгені көпке аян . Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми- теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар.Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтың педагогика салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтың қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі, адам мінезін , іс-әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылым педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың құралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың тәрбие тәсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік –идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, он ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан – жақты зерттеп, қарастырып өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп халықтың эмпирикалық тәжірибесіне негізделген ұрпақ тәрбиелеу тағылымдары-халықтық педагогиканы ой елегінен өткізіп зерттеп, тәрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, және оның шығу, даму кезеңдерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этнопедагогика пайда болды.



2. Академик Н.Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде ; адамдардың қоғамды құруда, қошаған ортаны- табиғаты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқаратыны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы, халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негіздеген эмприкалық білім болып келуі; оның ұлттар мен ұлыстардың жазу мәдениеті шықпай тұрған кезінде пайда болып, халық арасында ауызша тарауы, сондықтан да оны шығарушы авторларының аты-жөні халық жадында сақталмай, бүкіл халықтық мұраға айналып кетуі, халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озық тәжірибелері мен ой түйіндері сол халықтың ой-тілегімен, арманымен ұштасып келгендіктен, озық үлгілерінің мәңгі сақталып, ал тозығының біртіндеп тәрбие жүйесінен шығып қалуы; халық педагогикасы өнерге, еңбекке негізделгендіктен, үнемі жетілдіру, ұшталу үстінде болуы; сон дай-ақ халық педагогикасының ғылыми жүйеге теорияларға құрылмай, жеке бастық тәрбиенің озық үлгілеріне және оның нәтижесіне құрылуы; тәрбие тәжірибесінің ғасырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей тұтас түрінде берілуі ( мысалы, қол, би, музыка өнерлерінде ой еңбегі мен дене еңбегі, ақыл-ой тәрбиесі мен еңбек тәрбиесінің бірге ұштасып келуінде) деп саралай көрсетіп келеді де, “халық педагогикасы ру, тайпа,ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесінде негізделіп, халықтың тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері)арқылы іске асыруға құрылса, ал этнопедагогика теориялық ойларға ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми жүйе тұрғысынан зерттеп қарастырады...Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материял даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмететушінің рөлін атқарса, ал этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу- тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыдан қарастырады”.

Бақылау сұрақтары:

1.Этнопедагогиканың анықтамасы.

2.Этнопедагогика ғылымы неше саладан тұрады

3.Қазақ этнопедагогикасының қайнар- бұлағы қай кезден бастау алады.

4. Г. Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі неде
2- лекция

Тақырыбы. Этнопедагогиканың принциптері, міндеттері, қызметі.

Лекцияның жоспары:

1.Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқыту, ұлт, этнос.



Мақсаты: Этнопедагогиканың негізгі түсініктері: этностық тәрбие, этностық оқытутүрлерін түсіндіру.
Лекцияның мәтіні:

1. Тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогикасының негізгі қағидалары мыналар:

  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

  2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.

  3. Халық педагогикасында “бірінші байлық- денсаулық” деген ұғым өзекті орын алған. “Дені саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған.

  4. Халық педагогиасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар- ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген.

  5. Гуманизм мен патриотизм- халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата- бабамыз от басының, ананың, рудың , отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған.

  6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет.Халық педагогикасында “ шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету.

  7. Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға “Өнерлі өлмейді”, “Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады”, “ Білім таусылмас кен, өнер өлмес мұра”, дегенді насихаттап, ертегі, өлең- жыр, мақал- мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

  8. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, өлең- жыр, ертегі, аңыздар шығарған.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, онбес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәте баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

2. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту -әкенің парызы, ақтау –баланың парызы» деп ой түйіндеген.

3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата – ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой – пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.


ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ «СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ», «ТОЛЫҚ АДАМ» ТӘРБИЕЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ.

1

2

3

4

5

6

7

8

Ақылды, арлы, намысқой азамат болуын қарастыру

Еңбек сүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу

Тән сұлулығын қарастыру, әсемдікке баулу.

Адамгершілік қасиеттерге ізгілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа, а далдыққа т.б. тәрби
Елеу/.

Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу

«Жігітке жетпіс өнер аз» , «Өнер өрге сүйрейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.

Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Денені шынықтыруға тәрбиелеу

4. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығында әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.

5. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл –ойын дамыту бүгінгі педагогикада ең көкескесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата –бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.

6. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі - тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап «сегіз қырлы, бір сырлы», жан –жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез –келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл –ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата – тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.

7. Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

8. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. Халықтық педагогикада «Көп талқысы - тез», «көп қорқытады, терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған.



ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҚАҒИДАЛАР ҮНДЕСТІГІ.

1

2

3

4

5

6

7

8

Баланың жас ерекшелік - терін

ескере отырып тәрбиелеу.



Баланың жеке бас мінез –құлық ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.

Тәрбиенің өскен ортаның /отбасы,

ауыл –аймақ/ үлгісіне негізделу.



Балаға жылы жүректі сезіммен

қарау, ынтымақтастық идеяны

сақтау.


Баланы дамыта үйретіп тәрбиелеу, қиялдай, армандай біліуге баулу.

Тәрбиенің біртұтастығын сақтау,

тәрбие ісін кешенді түрде жүргізу.



Тәрбие ісінің үсдіксіз жүргізілуін сақтау.

Тәрбие ісін ұжымдық түрді

жүргізуге негіздеу.


Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.



Бақылау сұрақтары:

  1. Тәрбиенің негізгі қағидаларын ата.

  2. Халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай?

  3. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканыңқағидаларын ата.


3 – лекция.

Тақырыбы: Этнопедагогиканың философия, этнопсихология, этнография, этнософия ғылымдарымен өзара байланысы.
Лекция жоспары:

1.Этнопедагогиканың философиялық, мәдениеттану, психологиялық, этнографиялық негіздері.

2.ҚР ұлттық саясат жөніндегі құжаттары.

3.Егеменді мемлекет жағдайындағы этномәдениеттік дәстүрлердің қазіргі жағдайы.



Мақсаты: Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың айырмашылы және

ортақтастығын, өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.



Лекцияның мәтіні:

1.Тарихи –педагогикалық әдебиеттерде «Халық педагогикасы» деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшылық төрт тұрғыдан қарастырып жүр . олардың біріншілер халықтың санасына тән рухани құбылыс (феномен) деп қараса, екіншілері әрі халықтың педагогикалық тәжірибесі, ал үшіншілері халықтық педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі , төртіншілері халық тәрбиесі туралы ғылым деп қарайды .

Халықпедагогикасының теориялық негіздерін зерттеуші ғалым Е.Л.Христова халық педагогикасын – «халықтың таптық педагогикалық санасы» деп , ал «дәстүрлі педагогиканы –белгілі ұлттық педагогиканың санасы» ретінде қарастырады .

Зерттеуші педагог Г. С. Виноградов халық педагогикасын халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып , «білім мен дағдылар жиынтығы» деген пікірді құптады . Г. Н. Волков тұңғыш рет « этнопедагогика» деген ұғымды енгізді .

«Этнопедагогика- халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжрибесі туралы, олардың педагогикалық көз қарастары туралы ғылым . Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді... Халық педагогикасы –халықтық ауыз әдебиетінде, салт- дәстүрлерінде ,ырымдарында , балалар ойындары мен оцыншықтарында мәнгі қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелу тәжірибесінің жиынтығы. Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің, жиынтығы мен өзара байланысы “дей келе “ бұл білім мен мағұлматтар, әдетте, ауызша таралады. Оның зерттеу тақырыбы – тәрбие, ал тәрбие обьектісі- адам, тұлға – дейді Г.Н.Волков (16,16).

Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филоновтың анықтамасы бойынша: Халық педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-тәсілдері. Бұоар ұрпақтан –ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық технологияның жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен салттарда көрініс табады

Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: “Халық педагогикасы дегеніміз –ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау прцесінің эмпирикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбисі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру ”- деген анықтама берілген. Осы анықтаманы ғылыми дұрыс анықтама деп санауға болады.

Ал академик А.К. Конның басшылығымен 1983 ж. Педагогика баспасынан шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе коллективте белгілі бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық тәртіптің түрі.

Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің күнделікті тіршілгінде (отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез –құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек іс әрекет, адамгершілік, құқы, діни ережелермен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-айма, ру тайпаға ортақ рәсімге айналады.

Ал дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайдак кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған , топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда әдебиетте, мектепте, халытық ортақ өнерде немесе қоғамдық қатыраста ал салт қоғамдық психологияға жақын. Мәселе, үлкенді сыйлау, қонақжайлық-дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан, рәсімдерден тұрады.

Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрбиесінен, мәдени тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге келуімен бірге өрбіп, о дүниеге атанып кеткенше құндақтайтын, тербететін алтын бесігі іспеттес.

Дәстүр үшін өткен дәуірде қалыптасқан көзқарас пен іс- әрекеттің мәдени мұра ретінде сақталып, бүгінгі күнге жетуі қажет.

Философия ғылымының докторы, профессор Н. Сәрсенбаев өзінің «әдет-ғұрып , дәстұр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде әдет-ғұрып пен дәстүрдің қоғамдық өмірден алатын орнына , атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау жасап: «Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер кіреді »- дейді.

Екіншіден дәстүр әдет-ғұрыптың жинақталған, көпшілікке ортақ салтанатты түрде қолданылаиын түрлері мен рәсімдерін де қамтиды.

Үшіншіден, дәстүрге қоғамдық сананың ғылым мен әдебиеттегі, көркемөнер мен саясаттағы бағыттары енеді. Мысалы, біз Пушкин, Горький, Абай, Науаилардың әдеби мұраларын зерттеушілерді солардың әдеби дәстүрін жалғастырушылар деп, ао ғылымда Ломоносов, Менделеев, Павловтың ілімдік дәстүрін жалғастырушылар деп атаймыз.Дәстүр –тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастық нормада бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеуде прогрессивтік мәннің болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға эмпристік көзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным сенімнің елесі екенін жасыруға болмайды.



2. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің , тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психолдогиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.
ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫ





Салт








Дәстүр



Кәделер



ғылымда

әдебиетте

өнерде

әскерде

Жол-жора

Ырым

Баланың өмірімен байланысты

ы

Құда түсу, қыз ұзату,келін түсірумен байланысты

өлікті жөнелтумен байланысты

Көшіп қонумен байланысты

Ұлттық тағам дайындаумен байланысты



Қонақ күту, үлкенді сыйлаумен байланысты

Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады. Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен тұрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық сезім –дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы.

Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін: ән-күй, зергерлік қол өнері, ұлттық ойын мен спорттың түрлерін, ұлттық тағамды, киімді, мерекелерді, тарихи ескерткіштерді т.б. жатқызуға болады. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып , сұрыпталған әдет – ғұрыптар, жол жоралар,көзқарас түсініктер жатады.

Ұлттық мінез адам мінезінен іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп көзге түседі

3. Ұшы –қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамның әлеуметтік –экономикалық жағдайына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тіліктерін дүниеге әкелді.

Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай– ақ, ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни– наным сеніміне, әдет- ғұрпына, салт- санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.

Қазақ халқының психологиялық ой толғанысының бірінші ерекшелігі ол- тұспалдап, мақалдап, тақпақтап, сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері арқылы көзге көріну.

Халық педагогикасының негізгі мақсаты- өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбек сүйгіштікке, өнерге баулу, отбасы, ауыл- аймақ, Отанның ар- намысын қорғай білетін, жаны жайсаң, арлы азамат тәрбиелеу.

Ақын- жыраулардың дүниетанымы мен философиялық бағыттары жайлы әрі ғалым, әрі ақын Ә.Тәжібаев: “Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұхарлар айтқан толғаулардың бізге жеткен бөліктеріне қарап отырсақ, тыңдаушысын теңіздей шайқайтын терең ойлардың толқынында жүзгендей сезінеміз”. Жыраулардың поэзиясында келелі сөз болған мәселе- адам проблемасы. Қазақ ұғымындағы “Ердің құны жүз жылқы”, “Ер елі үшін туады, елі үшін өледі”, “Ерді намыс өлтіреді” деп, ерлікке ерекше баға беру, ердің құнын адамгершілікпенен , ар –ожданменен өлшеу ұғымынан көп жоғары.

Қазақтың ұлттық философиясының екінші гносеологиялық танымдық ерекшелігі- ата мекен, ел-жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.

Мәдениетті деп саналатын кейбір жұрт өкілдері туған жерін отаным деп есептемейді. Өскен, кәсіп еткен жеріне отаным деп қарайды. Ал біздің қазақ жұрты кіндік қаны тамған жерін, ата-баба әулетінің мәйіті жатқан жерді ерекше қадірлейді. Оны тастап кетуді өлім санайды. Ақындардың “Кіндік қаным тамған жерім - ауылым” деп әндетуінде “Отан - оттан ыстық”, “Отансыз ер - бұралқы итпен тең” деп қарауында философиялық үлкен ой жатыр.

Қазақ философиясының өзіндік үшінші ерекшелігі – ана тілінее, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде. “Өнер алды қызыл тіл” деп ұққан ата- бабамыз “от тілді, орақ ауызды” ділмәр шешендердің өсиет сөздерін, табан аузында тақпақтап айтқан мақал- мәтел афоризм сөздері мен ақындардың терме, толғауларын жазу- сызусыз жаттап, жадында сақтап, қаз қалпында біздің дәуірімізге жеткізген.

Қазақтың ұлттық филисофиясының төртінші ерекшелігі- ұлттық базисі болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен тығыз байланыстылығы. Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік малда деп ұққан қазақ малды жанмен бірдей санаған.

Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт- дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат- мүдделері, негізгі қағидалары бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет