Лекция: 15 сағат Практикалық (семинар) сабақ: 11 сағат СӨЖ: 64 сағат Барлық сағат: 90 сағат Аралық бақылау: (АБ) -60 б



бет3/5
Дата01.04.2017
өлшемі1,95 Mb.
#13206
түріЛекция
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары:


1.Н. Волков қай жылдары« этнопедагогика» деген ұғымды енгізді

2.А.К. Конның басшылығымен қай жылы педагогика баспасынан шыққан этикалық сөздікте әдет-ғұрып дегеніміздің анықтамасы

3. Қазақтың салт- дістүрлер құрылымы
4- лекция. 2- тарау. Адамзат дамуының тарихындағы этнопедагогикалық идеялардың генезисі.

Тақырыбы: Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытуға қосқан үлесі

Лекция жоспары:

1. К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптері.

2. А.С. Макаренконың педагогикалық іс- әрекетінде халықтық тәрбиенің элементтерін пайдалануы.

Мақсаты: Педагогика классиктерінің мұраларындағы халықтық тәрбие, оқу мен тәрбиелердің ұлттық жүйесін дамытудағы қосқан үлесі түсінікті қалыптастыру.

Лекция мәтіні

1. Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми –теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгеше де адамзат тәрбите ісімен айналысып бақты.

Халықтық педагогика салт –дәстүр, жол –жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою -өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып ауыл –аймақ, ел- жұрт, ру –тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым –қатынастан берік орын алған тәлім –тәрбиенің түрі, адам мінезін, іс -әрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады.

Академик Г.Н.Волковтың пікірінше, халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күннен бастап бірге жасасып келуінде; адамдардың қоғамды құруда, қоршаған ортаны- табиғатты өзіне икемдеп игеруінде; еңбек тәрбиесінің алғашқы адамдар өмірінде басты рөл атқарғаны, тәрбиенің басқа түрлерінің кейін туғандығы , халықтық тәрбие жөніндегі қағидалары өмірлік тәжірибеге негізделген эмпирикалық білім болып келуі; тәрбие тәжірибесінің ғексырлар бойы жалғасып келуі, алғашқы тәрбие түрлерінің қоғамда бөлінбей, синкретті тұтас түрде берілуі деп саралай саралай көрсетіп келеді де, «халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделіп халықтың тәрбие құралдары арқылы іске асыруға құрылса, ал зтнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді» .

2.Халық педагогикасында тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып келді. Ол заңды да енді. Себебі, халық педагогикасы ғылым мен мәдениеттің жетілгмеген кезінде пайда болғандықтан, тәрбиені еңбек пен өнерге, оның ішінде қол өнеріне негіздей жүзгізуді уағыздайды. Біртіндеп келе оқу –білім дамып ғылым мен техника өрістей бастаған кезде, XVIII ғасырдағы ұлы чех педагогы Я.А.Коменскийдің атымен байланысты ғылыми педагогика пайда болды. Ғылыми педагогиканың теориялық заңдары қалыптасып өмірге келді. Я.А.Коменский өзінің атақты «Ұлы дидактика», «Ағайын чехтарды тәрбиелеу» атты еңбектерінде тұңғыш білім беру ісі мен тәрбие ісін біртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тәрбие мен білім беруді біріктіру тенденциясы оқу –тәрбие ісінің тұтастығынан туындады. Тәрбие -әлеуметтік процесс, ал адамның жеке басының өсіп жетілуі, өсіп қалыптасуы – ол әрі әлеуметтік, әрі биологиялық процесс.

И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі оның дүниеге келгенінен басталуы керек. Баланың дұниені түсінуі отбасынан басталып, мектепте әріқарай жалғастырылуы шарт » - деген қағиданы ұсынды.



3. Ал әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдістеріне тоқтала келе: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы –жаман дәстүрлерінен іздестіру керек» - деді. К.Д.Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің рөліне де ерекше тоқталды. Ол: «Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы және тамаша үлгілері. Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе –тең келетін бірде - бір құрал жоқ» - деген еді.

К.Д. Ушинский бала тәрбиелеудегі ауыз әдебиетінің роліне де ерекше тоқталды. Ол: “Ертегілер халықтық педагогиканың алғашқы жән тамаша үлгілері.Ертегілердегідей халықтың асқан даналық тәрбиесімен тепе-тең келетін бірде-бір тәрбие құралы жоқ”-дегенеді. Кешегі Кеңестік дәуірдегі ұлы педагог тар А.С. Макаренко адамды тәрбиелеп жетілдіруде еңбектің, әсіресе ұжымдық еңбектің маңызына ерекше мән берген болса, ал В.А.Сухомлинсий баланы ізгі жүректі азамат етіп тәрбиелеуде ойын түрлерін кеңінен қолдануды және баланы жазасыз тәрбиелеуді, ертек айтуға, табиғатты тамашалауға, сол арқылы олардың ой-қиялын өсіруге баса көңіл бөлді.

Бақылау сұрақтары:

1.Я.А. Коменскийдің халықтық тәрбие принциптерін ата.

2. К.Д. Ушинскийдің халықтық тәрбие принциптерін қандай?

3. И.Г.Песталоцци халықтық тәрбие принциптері қандай?



5-лекция.

Тақырыбы: ХУ-ХІХғ.қазақ ақын-жырауларының тәрбие мектебі.

Лекция жоспары:XVIII ғ. жас ұрпақты тапқырлыққа, шешендік өнерге тәрбиелеудегі билердің ерекше ролі.

Мақсаты: Келер ұрпақтың ақылды, намысқой, арлы, азамат болуға және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Лекцияның мәтіні:

1.Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан Қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати,Қадырғали Жалайыри, Қасым, Есім, Хақназар, Тәуекел, Тәуке , Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілқайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұртқа өнегелі сөздерімен,өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп,халықты ел боуға,берек елі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.

Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге рухани, эстетикалық, отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды. Жыраулар жауынгерлік заманда хандар мен бектердің, қолбасшы батырлардың ақылгөй кеңесшісі болып, жорыққа бірге аттанды, ру –тайпаларына басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шепіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.

XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп , оның береке-бірлігін, келешегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асанқайғы өз отандастарының алғағы тағдыры не болмақ деген толғаныспен күн кешті. Содан да болар, ел аузында оның есіміне “қайғы” деген ат қосылып аңызға айналды.

Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет, Марғасқа т.б. көптеген ақын-жыраулардың шығармаларын атап өткен жөн.

XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-ддәтүрін, ой-арманы мен тілек мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені, жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-толғанысы, қуаныш-сүеніші, келер ұрпаққа аймар өнегелі өсиеті өзекті орын алған. Яғни олар халықтың тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының ролін атқарды.

Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері, ғибраттары және халық марал-мәтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. Халақтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ түгілі ересек адамдарға да алкен әсерін тигізді, ұлттың сана –сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы XV-XIXғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан Қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады. Ақын жыраулар өлең –жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі шешендік сөздерді мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үш топқа бөлуге болады.

Арнау шешендік сөздер: әзіл, сықақ, сын, бата, алғыс, естірту, көңіл айту.

Шешендік толғау: Өсиет, насихат. Шешендік дау: жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауы.

Жиын – тойда, мәжілісте, бас қосу рәсімдерінде сөз жүйесіне шешендік сөздерді арқау етіп сөйлеу – қазақ қарияларының дәстүріне айналған құбылыс.

Қазақтың халық педагогикасында ақыл –ой тәрбиесі термелер, ертегілер мен аңыз әңгімелер арқылы да іске асырылады.

Жастарды өнерге, адамгершілікке тәрбиелеудегі терменің рөлі.

Жырдың үлгі -өнеге, насихат ретінде айтылатын түрі – терме деп аталады. Термеде жырау өмір –тәжірибесінен алынған философиялық ой шешімдерін айтады: адамгершілік қарым –қатынасты, өмірдің философиялық мәнін түсінуді, адамгершілік пен әділетті, әсемділік пен әуездікті уағыздайды.

Терме – жастарды өнерге баулудың , адамгершілікке тәрбиелеудің қуаитты құралы.

Ертегілердің тәрбиелік мәні. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесміне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Оларды: хайуанаттар туралы ертегілер (ақ қасқыр, шопан ата, Шек- шек ата, Ойсыл қара, Зеңгі баба т.б.), қиял – ғажайып ертегілер (Ұшқыш кілем), тұрмыс –салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер («Күн астындағы күнекей қыз», «Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»), күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Ертегі, аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні.

Аңыз әңгіменің тәрбиелік мәні. Халық өз ұрпағының ұлағатты, білгір, батыр, батыл, ойшыл, еңбекқор, еңбекқор болып өсуі үшін, оған үлгі -өнеге етіп аңыз әңгілерді де бардан құрап, сары алтындай сақтап келеді.

Аңыз әңгімелер: 1. Аспан әлемі, жан –жануар, жер,су, мекен аттары туралы. 2. Ру, тайпалардың шығу тегінебайланысты. 3. Діни мистикаға. 4. Әлеуметтік утопияға. 5. Тарихи хаһармандық туралы құрылады.

Қанатты сөздер мен даналық сөздер –даналар мен шешендердің ел аузында жатталып өсиет, өнеге, аңыз ретінде айтылатын сөздер.

Қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады; шілде қойыз көп шырылдаса, құрғақшылық болады; мезгілсіз сиыр мөңіреп, ит ұлыса, жер сілкінеді т.б. халық тәжірибесінен түйінделіп айтылған сөздер баланың дүниетанымдылығын арттырады.



Көркемдікке, өнерге тәрбиелеу. «Өнер - өрге бастырады» деп халық көркем өнерді жоғары бағалайды да, «ақын – елдің еркесі», «шебердің- қолы ортақ», «күйші – қиялды, биші -зиялы» - деп, өнер адамдарын ардақтайды.

Тұрмыс – салт жырларының тәрбиелік мәні. Қазақ хаолқының өзінің тұрмыс –тіршілігіне, әдет –ғұрпына, салт –санасына байланысты тұрмыс –салт жырларын шығарып, жер өрнектерін өмір өзегіне пайдаланып, сол арқылы жастарды ұлттық әдет –ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелейді.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес қосқан хандарды ата

2.Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес сұлтандар, билер кімдер

3.Қазақ ұлтының даму мен қалыптасуына зор үлес батырлар мен ақындарды ата.

4. Қазақтың тәрбие мектебі –ақын жазушылар мен билердің өсиеттері дегенді қалай түсінесің.


6-лекция.

Тақырыбы: Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабавтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика.

Лекция жоспары:

1. Ш. Уалиханов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика мәселелері.Ы. Алтынсарыннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуы

2. А. Құнанбаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабавтың қазақ педагогикасын мен психологиясын тереңірек дамытуға қосқан үлесі.

3. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой- пікірлері.



Мақсаты: Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабавтың еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогикаға қосқан үлестерімен таныстыру.

Лекцияның мәтіні:

1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін тұңғыш зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетінің орыс, батыс, ғалымдарының тануда ерекше еңбек еткен ғалым Шоқан Уәлиханов (1835-1865) болды.

Кадет корпусында оқып, шығыс халықтарының әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілігі мен тілін, дінін жақсы білетін осы саясатты іске асыруға қолайлы кеді. Шоқан Уәлихановтың батыс-сібір генерал губернаторының тапсырмасымен 1856-1857 жылдары ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар арасында, қыайдың Жонғария даласына бару сапары да осы саясаттың жалғасы еді. Ол өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетіне,діни көзқарасына терең көз жібере зерттеп, он орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті.

Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен Діни наным-сенімдерін зерттеу еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге түсті. Ол XII-XIXғ.ғ. арасында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікір айтқан: Марко Поло, Бабыр, Рашиди, Махмуд Хайдари, Мейндорф, А. Левшин, т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін оқып, салыстыра отырып тарифи шындықтың бетін ашуга тырысқан. Екіншіден, Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, турікмен, қарақалпақ, монғол, қытай, татар мәдениетімен байланыстыра қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз еткен.Қай халықтың болмасын, жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір –біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын мұқият ескерген. Үшіншіден, Шоқан көне тарихи мұраларға сын көзімен арап бағалаған, сал-дәстүрлердің озық үлгілерін тозығымен ажырата талдаған. Шоқан еңбектерінің тағы бір құндылығы салт-дәстүрлер мен фольклорлық шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, он халыққа білім-беру ісімен байланыстыра зерттеген.

Әсіресе, қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде қасиеттейтініне, соның ішінде жылқы малын жеті қазынанаң бірі деп танып өте-мөте қадірлей тіліне сүйене арап, ұрпаққа беретін ұлттық тәрбиенің осы бір қасиетті бөлімін қастерлей білуді уағыздайды. Тіпті, мал сатқан қазақтың өз малының “ сілекейін сүртіп алып қалуы” малды сүю ғана емес, он киелі деп. есептеп мал. күту шаруашылығына келешок ұрпақты тәрбиелеудің белгілері деп. көрсетеді. Сон дай-ақ “аққуды атпа” , “үкіні үркітпе” “көк қарғаның ұясын бұзба”, “құстың жұмыртқасын жарма”деген тыйымдардың зор экологиялық-патриоттық тәрбиелік мәні бар екенін жастарға үлгі өнеге тұтады.

Шоқан Уәлиханов ел ішіндегі діни наным сенімдердің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан, қараңғылық пен надандыққа қасты күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық үлгілерін ортақ мұра етюді мақсат тұтты. Ол мәдениет пен ғылымды бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады. Ол бодандықтан құтылу жолдарын халыққа білім беру ісінен, ұлттық мәдениетті дамытудан іздеді. “Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тез сөнген ” қазақ ғалымы өз халқының болашағына сеніммен қарап, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен игі дәстүрлерін бағалай біліп, ұлттың ұлы қасиеттерін дамыта беру қажет екендігін дәйекті материалдар арқылы дәлелдеп берді.

Ы.Алтынсариннің тәлімгерлік мұралары.

Қазақ халқының Әл Фарабиден кейінгі ұлы педагогы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы ұстаз, ақын жазушы Ыбырай Алтынсарин 1850-1857 жылдары Орынбор шекаралық комиссиясында оқып, ол оқуды үздік бітірді де, қазақ даласындағы ағарту жұмысын қолға алуға бел байлады.

Жаңашыл педагог батыс, шығыс әдебиеті мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, оны қазақ халқы үшін пайдаланды. 1860 жылы ол қазақ балалары үшін мектеп ашуга (Торғайда) рұқсат алды. Ол: “ Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларында ауыл шаруашылық академияларында оқып, білім алуын өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзіаңалықты іс жүзіін жоғары мұрат деп білемін” деп. жазды.

Ұлы педагог мұғалім болу үшін әрбір ұстаз ұстаздық қасиеттерін қалыптастыра білу керек екендігін өнеге етуді. “Мұғалім баланы тәрбиелеуші, оның қамқоршысы, егер бала бір нәрсені білей галса, ол баланың кінәсі емес, оған кінәлі балаға түсіндіре алмаған ұстаздың өзі. Ұстаз балаға сыбырмен, салмақты қысқа сөйлеу керек, ол әрбір пәнді балаға түсіндіргенде ықыласымен қарапайым тімен, бос сөзін нақты түсіндіруге тиіс”- дейді.

Ы.Алтынсарин қазақ әліппесін ұлттық ерекшеліктерге сәйкес құрып, қалыптастыруды арман етті. Ұстаз- ақын, жазушы бала оқыту мен тәрбиелеуде ауыз әдебиетін жалғастырытын балалар әдебиетінің негізін қалады.

“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”деген еңбегінде тәжірибелі ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдістемесін түзді.

Ы.Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлеррінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей георграфия қоғамының “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “ Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген тұңғыш жазба еңбектері еді.

Сондай-ақ бұл еңбектерінде ас беру де ат жарысы, палуан күресі, көкпар т.б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан (пайғамбар жасынан) асып өлген атақты, бай адамдар құрметіне жасалатыны, ал, ас тартар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары(ертұрман, сауыт-сайманы, сәнді-киімдері) құда –құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалады. Сондай-ақ, қызды өте шастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әменгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайынның өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын, “жесір ерден кетсе де, елден кетпейді” деген әмеңгерлік заңға бағынып келгенін әшкерелейді. Ал жас жесір әйел бас бостандығы үшін күресуге талпыныс жасап, өз сүйген жігітімен қашып кетсе, оның аяғы дау-жанжал төбелес, шабысқа, тіпті кісі өліміне дейін баратын болған. Сондай – ақ әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.

Ыбырайдың қазақ халқының сал –дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талап өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән- мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету еді.

Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу азарту жолында аянбай еңбек еткен Ы. Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.

Қазақ халқының жазу әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын Абай халықтың азарту ісін өркендету үшін шығыс және батыс мәдениетін Жан-жақты зерттеп, сол мәдениет негіздерін өз халқына үлгі-өнеге етіп көрсете білді.

Абай Шығыс мәдениетінен ақындық пен шешендік өнерін, мұсылмандық ғақлияларды танып, он халыққа ұсына білді.

Абай Батыс мәдениетінен ғылым негіздерін, көркем әдебиетті үйренуді уағыздады. Абай өлеңдерінің эстетикалық тәрбиелік мәні зор. Абай шығармаларындағы табиғат лирикаларында табиғат пен адамның бейнесі, іс-қимылын ақын үйлестіре жырлап, әрі табиғат көркемдігіне оқушы мен тыңдаушыны қызықтырады, әрі сол кездергі адам бейнесін суреттеп көркемдікті, адамгершілікті сезіндіре, әсерлендіре тәрбиелейді.

Абай өлеңдері еңбекке, ғылым, өнер үйренуге, адамгершілікке тәрбиелейді.



2.Қазақ этнопедагогикасын зерттеп дамытудағы А.Құнанбаевтың ролі.

Ұлы Абайдың қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып қосылған педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) тұжырымдар. Данышпан ақын көсем сөз арқылы да өзінің дүниетанымдық, тәрбиелік ойларын оқушыларына қарапайым баяндап, әсіресе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, іршіліктен іс-әрекеттік кемшіліктерді кесіп айтып, елді түзеп, ерді тәрбиелеуге терең ой жұмсаған. Бірінші сөзінде ойшыл адам отты ойларын қағаз бетіне түсірсе, ол да тәрбие десе, екінші сөзінде халықтың қасіретсіз өмір сүруі үшін басқа халықтардан үлгі алып, ұрпағын еңбекке тәрбиелеуін уағыздайды. Абай үшінші сөзінде қазақ халқының “бірінің –біріне қаскүнем болатынын, бірінің тілеуін бірі тілдеспейтінін, рас сөзі аз болатынын, қызметке таласқыш, өздерінің жалқау болатындарының себебі не” деп оның ұлттық кемшіліктерін атап көрсетеді, мұның бәрі тек малды ойлап, малға бейімделіп бара жатқан халықтың достықты ойлап, бірлікке бейімделіп, еңбекке дағдыланып, жағымпаздық пен жалқаулықтан аулақ болу керек екенін уағыздайды.

Абай қазақтың салт-дәстүрін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген дәстүрдің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, “Аса, тойға баратұғын” деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табу, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махабаттың иесін арудың сүйген жарының қазынасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын осы арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жанын пида еткен жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.

Бұл Абайдың, біріншіден, ақындық шеберлігін білдірсе, екінші-халық дәстүрін дәріптеп, ел жақсысының жақсылығын кейінгі ұрпаққа өнеге-үлгі етіп ұсынуының айғағы.

Белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публист, ағартушы – педагог А. Байтұрсыновтың өмір жолы Қостанай облысында басталды.

1882 – 1884 жылдары ауыл мектебінде, 1891 жылы Торғайдағы орыс – қазақ училищесін, Орынбор мұғалімдік мектебін бітірген. 1895 – 1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1913 – 1917 жылдары “Қазақ” газетінің редакторы, 1918 – 1919 жылдары Алашорда қатарында, 1919 жылдан қазақ өлкесін басқаратын әскері – революциялық комитеттің мүшесі, 1922 – 1925 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми әдеби комиссияның төрағасы, халық ағарту комиссары, Қазақ АССР Орталық атқару комитетінің мүшесі, 1925 – 1929 жылдары Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және КазПи- де оқытушылық қызмет атқарады. 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, өлім жазасына кесілді.1988 жылы ел –жұрт алдында ешқандай кінәсі жоқ екендігі анықталып, толық ақталды.

А. Байтұрсынов барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой – пікірлеріне 1913 – 1917 жылдары Орынборда шықан “Қазақ” газетінде жариаланған мақалаларынан айқын көріне бастады.



2. А.Байтұрсыновтың мұғалім кадрларын даярлауға қосқан үлесі.

А.Байтұрсынов туған халқының ғылым – білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. А. Б айтұрсынов “Қазақ”газетінің 1914 жылғы 62 – санында “Мектеп керектері” деген мақаласында Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, әдістемеден хабардар оқыта білетін мұғалім.

Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы болуы.

Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама.

А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауатты алдымен орыс тілінде ашатын. 1912 жылы А.Байтұрсынов қазақша оқу құралы әліппені жазды.

А.Байтұрсынов 1926 жылы “Әліпбидің ” жаңа түрін осы күнгідей суреттермен берілген әліппе кітабын жазды. 1912 жылы мектеп балаларына сауаттандыратын “Оқу құралын” жазғаннан кейін көп ұзамай мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- ші бөлімі “Тіл құралы” деген атпен 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2 – ші бөлімі 1914 жылы, синтаксиске арналған 3 – ші бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып, пайдаланылып келді. “Тіл құралы” қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс.

Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары – фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттеу т.б. деп саралап тұңғыш ғылыми жол салуында болып отыр. А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Осы салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда “Баяншы” деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп “Оқу құралды” жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы “Тіл құралын” ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп “Тіл жұмсарын”, 4 – ші сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесі “Баяншыны” жазды.

2. “Әдебиет танытқышының” өзінде ғана психологияға қатысты ой – пікірлер баршылық. Мұндағы “Көрнек өнері”, “Сөз толғау”, “Лұғат әуезділігі”, “Жан жақтау”, “Жан қоштау”, “Көріктеу”, “Ес ұғымы”, “Іс ұғымы”, “Зейіндеме”, атаулар мен ұғым – түсініктерде, жұмбақ, жаңылтпаш, айтыс, толғау, терме, тақпақ, жарамазан, бата, мақал т.б. әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерінде халықтың психологиялық көзқарастары мол.

А.Байтұрсыновтың психология ғылымының төңірегінде ой қозғаған пікірлері “Әліппе – таңбалар жұмбағы” – дейтін еңбегінде елеулі орын алған.

А.Байтұрсынов адамда жазу дағдысының қалыптасу жолында психологиялық тұрғыдан түсіндіреді.

Сталиндік зұлмат пен тоқырау жылдарында ұлт саясатының бұрмалануы қазақ тарихын баяндауға да кері әсерін тигізіп келгені анық.Соңғы 60-70 жыл бойы “келешектің нұрлы сарайы- коммунизмді орнатамыз, бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады” деген коммунистік қағиданы басшылыққа алған тарихшы, педагог ғалымдарымыз кең-байтақ дала халқының елдік тарихын бұрмалап, “қазақ халқы ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі, мешеу дәуірді бастан кешірген, олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ проценті сауатты болған, осынау көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунист партиясы ғана құлдықтан құтқарды”-деп, тек жалаң жамандаумен болды.

Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның ұлт саясатында үздіксіз марапатталып келген ұлы орысшылдық пен тоталитаризм идеясынан адам психологиясында әбден қалыптасқан, бірінші сортты “ұлы халық”, екінші сортты “кіші халық” деген жаңсақ пікірдің түп тамыры бұдан 270 жыл бұрын қазақ даласына орнай бастаған орыс патшасының отаршылдық саясатының әсерінде жатқанын айқын аңғаруға болады.

Олар қазақтарды “үйренері жоқ, тағы халық”- деп үнемі кемсітіп, қорлап келді. Мәселен , патша үкіметі қолдаған осындай жексұрын саясаттың мәнін бұлтартпай әшкерелейтін бізге жеткен түпнұсқа құжаттардың бірінде жоғары мәртебелі бір шенеуніктің орыс патшасына жазған хатында былай делінген: “Мен қырғыздарға, жағдай туғызып, көзін ашып, оларды Еуропа халықтары көтерілген деңгейге жеткізу қажет дейтін кейбір филантроптардың ниетінен аулақпын. Менің барынша тілейтінім- қырғыздардың, мәңгі- бақи көшіп жүретін малшылар болып қалуы, олардың ешуақытта егін екпеуін, ғылымды ғана емес, қолөнерді де білмеіун шын ниетіммен тілеймін ...”,- дейді.

Н.Ильминский ұсынған оқу құралында оқудың білімдік мәнінен гөрі, діни насихат жағы басым болды. Ильминский өзінің миссионерлік пиғылын жақтас-шәкірттері арқылы жасырын насихаттап отырды. Оған бір мысал Ильминскийдің бұрынғы шәкірті, Орскідегі мұғалімдер курсының директоры А.Г.Бессеновтың үстінен Ы.Алтынсариннің 1889ж. 20 ақпанда Орынбор шекара комиссиясының председателі профессор В.В.Катаринскийге жазған шағым хатында былай делінген:

“Сізге өте бір қайғылы хабар білдіруіме тура келіп отыр. Бақсам, ол оқытушылар мектебінің 3-ші және 4-ші кластарында оқушылардың қарсылығына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде, бір жағынан ол оқушыларға өшігіп, қатал қарай бастапты да, екінші жағынан оқушылар оқудан бас тартыпты. Тіпті ол шәкірттерін залым деу сияқты сөздермен сөгіп, оларды кластан желкелеп шығуға дейін барыпты. Мұндай іспен орыс-қазақ мектептерінің келешегін мүлде бүлдіріп алуымыз мүмкін ғой.

А.Г.Бессоновты масқара жанжал көтеріліп кетпей тұрып басқа жерге аударуды, орнына басқа біреуді тағайындаудың жәйін қарастыруыңызды өтінемін”.

3. ХІХ ғ. екінші жартысында қазақ даласы саяси сенімсіз адамдардың жер ауып келген екінші отанына айналды.А.Герцен,Б.Белинский, Н.Чернышевский,Н.Добролюбов сияқты орыстың революционер-демократтарының ықпалында болған Т.Г.Шевченко, Ф.М.Достоевский, В.Н.Майков, С.Ф.Дуров, Е.П.Михаелис, т.б. орыс, украин халқының демократ ұлдары қазақ даласында айдауда болып, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,А.Құнанбаевтардың ағартушылық демократиялық көзқарастарынң қалыптасуына игі әсер етті. Орыстың алдыңғы қатарлы демократ-ағартушы зиялы қауымы қазақ мәдениетіне шынайы достық көзқараста болды. Мәселен, орыстың М.Вяткин сияқты атақты тарихшылары қазақтар туралы осындай үстірт пікірдің шындыққа сай келмейтін айта келіп, “Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті Қазақстанның тереңіне әкетеді”.

Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы Италия ғалымы Морко Поло (1245-1324) болды. Ол өзінің “0 разнообразии мира” деген кітабында дүние жүзіндегі әр түрлі халықтардың тұрмыс- тіршілігін, салт- дәстүрлерін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын, ұзақ жолға жарақтыат мініп, жол азық алмай ет асыпжейтін шөңкесі мен баспана шатырын алып, “Ер азығы мен бөрі азығы жолда” деген тәуекелмен жүре беретінін, атына жіне өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін, малға ен, таңба салатынын, жоғалса немесе ұрланса, сол белгілер арқылы тауып алып, ұрланған адамға жеті қамшыдан үш жүз қамшыға дейін дүре соғу айыбын кесетінін сөз етеді.

Ұлт ойындары қоғамның өзгеруімен байланысты әлеуметтік- 'экономикалық жағдайдың негізінде дамып ,жаңарып , жетіліп отырған . Мәселен Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыста: аң аулау , таяқ жүгірту ,садақ ату , қақпатас , қара тас ойындары пайда болса, келесі дәуірде қайталау – жаттығу нәтижесінде0 бұл ойындар аң аулау , бүркіт салу , құс салу , садақ тарту , жамбы ату , карачие- найза лақтыру , қақпан – тұзақ құру т.б. спорттық ойындардың аттары өзгеріп , мазмұны байый түскен .

Неміс ғалымы Александр Гумбольд 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұхсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай, Орынбор ,Семей, Өскемен қалаларына саяхат жасайды. А . Гумбольд қазақ жерінде жүріп , көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін , Канкрин мен Шеллерге жазған хатында: « Мен қазақ ауылында болған кезімді аса құрметті кезең деп есептеймін . Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осыншама мол материал жинап көрген емес едім . Бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болу керек » дейді .

Француздың атақты жазушысы А. Дюма «Из Парижа в Астрахань» деген еңбегінде ұлына жазған хатында «Қымбатты ұлым , сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті . Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе , алдымен қолыңа Россияның картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын- сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім. Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракөлден тігілген тон кигізді» дейді.

Ал ұлты француз, өзі Ресей Ғылым академиясының мүшесі П.С.Палластың «Ресей империясының түрлі аймақтарына саяхат» атты кітабында жалпы қазақ тұрмысына көз салып, оның ішінде бақсы балгерлерді әр жікке бөле қарастырса, венгер ғалымы А.Вамберидің «Орта Азия очерктері», «Орта Азияға Саяхат» деген еңбектерінде Бұқар хандығындағы қазақтарға байланысты ой қозғалады.

«Ел кезген сапарларымда,- деп жазады А. Вамбери ,-олардың тұрақ –мекендерін кездестірдім, халқының сан мөлшері туралы сауалыма үнемі «әуелі даладағы құмды, сонан соң ғана қазақтарды сана »-деп күле жауап береді.

Француз ғалымы Элизе Рекло (1830-1905) “Арал-Каспий көлбеуін мекендеуші халықтар” атты еңбегінде қазақтар туралы жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттай отырып, ол: “... бүкіл Ресейдің көлеміндей жерді , Еділ жағалауынан Алатауға дейін, Амударияның ағымынан Ертіске дейінгі өңірді алып жатқан екі миллиондай адамы бар (халық саны ол кезде 4 миллионнан астам болатын.-СҚ) Қазақ ұлты Азияның көшпелі нәсілінің ішіндегі ең өсіп өнген ел, бірақ бөлшектенуі де шексіз: қазақтар өздерін қанша жел ұшырса да мұрты сынбайтын теңіз құмына теңейді. Белгілі шығыстанушы ғалым Г.клапорт 1825 жылы желтоқсанда Париждегі “Азия журналы” бетінде француз тілінде жарық көрген “Қазақ тілі жайлы” деген мақаласында қазақтарды манғол тегіне жатқызуға байланысты жаңсақ пікірге ғылыми тойтарыс беру мақсатын көздесе , Р. Карутстың “Маңғышлақ түрікмендері мен қазақтардың арасында” атты кітабы сол кездегі қазақ тұрмысын біршама байыпты қарастырылған



Бақылау сұрақтары:

1. Ш. Уалиханов еңбектеріндегі ұлттық тәрбие мен этнопедагогика қосқан үлесін ата.

2.Ы. Алтынсарыннің мұраларының халықтық педагогика және психология ғылыми ұстанымдарында баяндалуының ерекшелігі.

3.А. Құнанбаев қазақ педагогикасын мен психологиясын дамытуға қосқан үлесі ата.

4.М. Дулатов, қазақ педагогикасын мен психологиясын дамытуға қосқан үлесі ата.

5.А. Байтұрсынов қазақ педагогикасын мен психологиясын дамытуға қосқан үлесі ата.

6.М. Жұмабавтың қазақ педагогикасын мен психологиясын дамытуға қосқан үлесі ата.

7. Қазақтың халықтық тәрбиесі жайлы орыс және батыс европалық ғалымдардың ой- пікірлері


7-лекция.3- тарау. Этнопедагогикадағы тәрбиенің мақсаты.

Тақырыбы: Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтығы.

Лекцияның жоспары:

1.Адамның қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде.

2.Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірлерінің даму шарттары.

3.Ұлттық ар- намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез- құлқын жетілдерудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері.

4.Халықтың педагогикалық мәдениеті, мәні, мазмұны.

5. Ұрпақтар ұласымдылғы тұлғаның әлеуметтік дамуының және халықтық рухани процестерінің факторы.



Мақсаты: Барлық этностардағы тәрбие мақсатының ортақтығы, Ұлттық ар- намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез- құлқын жетілдерудің ірге тасы. Көп ұлтты Қазақстан жағдайындағы түрлі мәдениеттілікке тәрбиелеудің ерекшеліктерімен таныстыру.
Лекцияның мәтіні:

1. 1.Қазақ педагогикасының мақсаттары мен міндері:

“сегіз қырлы, бір сырлы”, жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.

2.Мазмұны:ұлттық салт- дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерінберу, мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру.

3.Әдістер:Әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көртесу, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.

4. Түрлері:ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.

5. Құралдары:санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі- аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.

6. Нәтижесі:“сегіз қырлы, бір сырлы”, жаны таза, тәні сау адам.

7. Тәрбиеге себепші күштер: табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.

8. Тәрбие ортасы:отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.

9.Тәрбие объектісі:Бала.

10.Халық тәрбиешілері:Әке- шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, өнер иелері.

2. Қазақстандықтардың ұлттық салт- дәстүрлердің марапаттаудың

әлеуметтік мәні.

Тілі басқа, тілегі бір халықтардың салт- дәстүрлер үндестігі.

А) Үйлену және ұй болумен байланысты салт-дәстүрлер үндестігі.

Отбасы – қоғамның бір бөлгшегі. Үйлену өз алдына отау тігіп, түтін түтету ғасырдан- ғасырға жалғасып келе жатқан салт, қоғамдық құбылыс. Қалындық таңдау, құда түсу, үйленумен байланысты салт- дәстүрлер барлық халықтарда бар және мазмұны жағынан бір- біріне ұқсас рәсімдер.

Неміс халқында көп тараған үйлену дәстүрінің бірі қалындық пен күйеуді қонаққа шақырып алғаш танысқанда әр үй үстелге кесек нан қояды. Жас жұбайлар одан ауыз тиіп, қалған нанды себетке салып әкетеді де, одан ертеңгілік көже жасайды. Тойға келген хылық шіркеуге неке тойына барар алдында сол көжеден ауыз тиіп, табаққа күміс ақша салады. Ол ырызықтарың мол болсын, бар, бай болыңдар деген тілекті білдіру рәсімі болып саналады.

Мазақтаманы халық балалардың бірін –бірі мінеуі, сынауы, шенеуі, әжуалауы үшін шығарған:

«Асан жақсы баласың,

Айтқан тілді аласың;

Айтқан тілді алмасаң,

Арам қатып қаласың» , -

деп мазақтама айтушы екінші баланың кемшілігін көзіне айтып,ызаландырып, қажырын қайрайды.

Баланың табиғи кемшілігін айтып, тәрбиелеудің орнына, оның сүйегін жасытатын, тәрбиелік мәні керісінше болатын мазақтамаларда бар, соларды қолданудан сақ болу керек.

Қазақ халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың от басына, еліне,Отанына деген сүйіспеншілігі - шынайы патриоттығы дәріптеледі.

Батырлық жырлардыњ дүниетанымдық және тєрбиелік мєні.

Қандай шығарма болса да, оныњ негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті - халықтың ой-санасы мен мінез – құлқын қалыптастыратын тарихи мектебі. Батырлық жырлар – сол мектептің маңызды құралы.

Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігімен көкейге қонады: ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды. Сондықтан ақын болмаса да, асыл жырларды жаттап алушылар кµп болған. Жаттампаздық құрғақ жаттау емес, жадына жақсыны сақап, өнегелі өмірге пайдалана білуді халық әрқашан да мақсат еткен. Ел Ер Тарғындай ер болуды, Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі еткен.

Қара түнекті, қайғылы, қасіретті заманда эпостық шығармалар халықтың көңілін сергітті , ерлікке құлшындырды, ойын өрістетті , келешекке сенімін арттырып, намысын қозғады. Жарқын жырлардағы парасатты ой сәулелері жалпы жұрттың жанын жадыратты. Ондай шығармаларды жұрт жалықпай тыңдап, жан азығы етті.

“ Сөз сүйектен өтеді ” деген халық, сөз өнерін тәрбиенің күшті қаруы етіп, өмірге пайдалана білді. Өмірдіњ өзі түсіндіретін халық философиясы ауыз әдебиеті болды.

“Қара қылды қақ жаратын ” әділдік, арды, намысты аяққа басқан зұлымдық, ел сүйіндірген ерлік, дарқан ойлы даналық, қояннан жаман қорқақтық эпостық жырларда айқын сарапталып, ақылмен екшеленіп, ерекше әсерлерімен тыңдаушыларын баурап отырды.



6. Қаршадайынан халықтың ауыз әдебиетін сүйе тыңдап өскен әрбір қоғам мүшесі еліне пайда тигізетін ер болуды армандады. Жеке адамдардыњ жетесіне жеткен қара бастың қамын ойлайтын психологияға эпостық жырлардағы халықтық ойлар қарсы қойылып отырды. Халық ер мен езді, ақылды мен ақымақты, еңбекшіл мен тірліксізді айқын бағалап, ұрпақтарына жақсыны үйретті, жаманнан жирентті.

Тәрбие мүддесіне сай, халық эпостық шығармаларға тыңдаушы сезінетіндей етіп, эмоциялық әсері күшті сюжеттер ендірді, мінездеу мен кульминация неғұрлым әсерлі болуын қарастырды, жеке образдар көркем де шебер жасалынып, есте мәңгі қалатындай әсерлі болды, ой түйіндері өнегелі өрнекпен құрылды.

Ғашықтық жырларда мөлдір махаббат қастерлене жырланады. Әйелдерде зорлық неке мен қорлауға қалың малға сатуға /әйелдің шашы ұзын –ақылы қысқа/ деп кемітуге қарсы, махаббат беріктік, адалдық жырланады. Онда ескілікке қарсы күресіп, махаббат еркіндігін, әйелдіњ бас бостандығын аңсаған жалынды жастар бейнесі суреттелінеді. Олар ескіліктің шырмауын бұзып, жаңаша өмір сүруді армандайды, сол арманға жету үшін аямай күреседі, күрес үстінде махаббат құдіреті ,ерлік салтанаты, жан қиарлық достық көрінеді, заман ағымына байланысты, олар қаншы күрессе де, көпінесе өз мақсаттарына жете алмай мерт болады.

Ғашықтық жырлардың трагедиямен аяқталуына да халықтық азатшылдық арман – мүддесі бар.

Мөлдір махаббат иелері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу.

Батырлық жырлар мен ғашықтық жырлар – эпостық шығармалар деп аталады. Халық эпостық шығармаларды тәрбие ісінің аса маңызды құралдары деп қарайды, ол жырларды қастерлеп, жаттап алып, ұрпақтан –ұрпаққа мұра етеді.


Бақылау сұрақтары:

1.Батырлық жырлардың тәрбиелік мәні.

2. Адамның қазіргі халықтық тәрбиенің мақсаты ретінде.

3.Әр халықтың жетілген тұлға ретіндегі пікірлерінің даму шарттарын аат.

4.Ұлттық ар- намысқа тәрбиелеу тұлғаның мінез- құлқын жетілдерудің ірге тасы- деегнді қалай түсінесің.


8-лекция.4- тарау. Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары.

Тақырыбы: Халықтық педагогикадағы тәрбиенің әдістері.

Лекцияның жоспары:

1. Тәрбиенің тәсілдері өсиет және ғибрат, аға ұрпақтың жеке үлгісі, еліктеу және т.б.

2. Халықтық тәрбиенің құралдары.

3. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары.

4. Табиғат- тәрбие құралы. Ойын- тәрбие құралы. Сөз- тәрбие құралы. Еңбек – тәрбие құралы.

Мақсаты: Мазақтамалар, өтірік өлең, ойын өлеңдердің тәрбиелік мәні жөнінде түсінік беру.
Лекцияның мәтіні:

1. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми,іс -әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал халықтың мақал –мәтелдері педагогикамен қатар филолсофиялықдәрістердің де түсініктемелеріне арқау болады.

Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл –халық педагогикасының үлкен бір саласы.

Ауыз әдебиеті қасиетті, киелі дәстүр.Бесік жырының тәрбиелік мәні. Тұрмыс – салт әуендерімен айтылатын бесік жыры бөбекті жұбату үшін және оған тілек айту үшін ғана шығарылған емес. Ең әуелі ырғағы бесіктің тербелісіне сәйкес келетін сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан –жүйесін жадыратады, яғни ұнамды, ұнасымды әсермен бөбекті жұбатады. Екіншіден баланың келешегіне үміт артып, тілек айта отырып, оны жұбатушы ана болашақтың шамшырағы мен нұрсәулесінен қуат алғандай әсерленеді. Үшіншіден, ата –ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан балдырғандарда жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.

Бесік жырларын мазмұнына қарай: шілдехана жыры, бесікке бөлеу жыры, жұбату және тілек айту жыры деп топтауға болады.

Бесікке бөлеу жыры нәрестені нәрестені бесікке салғанда, қуаныш тілек ретінде, көбінесе көңілді, әуезді әуенімен айтылады:

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал –жаным:

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқығы жата ғой

...... құтты болсын есімің,

Құтты болсын бесігің.

Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор. Әуен бөбек жанына дем береді.

Үміт тілек:


      • Айыр қалпақ киісіп,

Ақырып жауға тиісіп,

Батыр болар ма екенсің?

Бармақтарың майсып,

Түрлі ою ойысып

Ұста болар ма екенсің?

Бата тілек:

Ала биең құлындап,

Алатауға сыймасын!

Қара биең құлындап,

Қара тауға сыймасын ...

Ақылыңмен батыл бол,

Ағайынмен тату бол.

Бағаналы таудай бол,

Жағалалы көлдей бол!

Халық педагогикасының бұл саласы ғасырлар бойы бала тәрбиесіне өз өрнектерімен әсер етіп, қазіргі көркем әдебиет нұсқаларымен дамып келеді.

2. Бөбектің отыруы. «Бөбек бес айда белгілі отырады, алты айда анық отырады» дейді халық. Баланың әке –шешесін, жақындарын анық танып, күлу, ренжу әрекеттерін көрсете бастауы, оның өздігінше қимыл әрекеттерін жасаумен ұштасады да,отыруға ыңғайлануы байқала бастайды.

Тұсау кесу. Бөбеук туғаннан кейін жеті –сегіз айдан соң, әуелі еңбектеп содан кейінірек қаз –қаз тұрып, жүре бастайды. Бала тәй –тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады.

Тұсаукесер жырлары. Тұсау кесу - әдет –ғұрыптық, ырым –рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Көбінесе бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата –анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді. Баланың тұсауы ала жіппен немесе қойдың тоқ ішегімен байланады да, тұсау кескен соң тұсау кесушіге сый –сыяпат көрсетіліп, сыйлық беріледі. Тұсау кесілген соң баланы ақ жайма үстімен немесе қалың кілем үстімен жүргізіп:

Қаз –қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Тағы –тағы баса ғой,

Тақымыңды жаз, балам.

Қаз баса ғой қарағым,

Құтты болсын қадамың:

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер! –

деп ата –ана қуаныш білдіріп, арманг тілегін айтады.

Тұсау кесу жырының бір түрі «тәй – тәй» деп аталады:

Тәй –тәй балам, тәй балғын,

Жүре қойшы жәй балғын.

Қарыс сүйем қаз бастың

Қадамыңнан айналдым.

Тәй- тәй –тәй!

Жүре ғой жәй!

Жаңылтпаш - тіл ширату тәсілі. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған.

Балбөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай немесе қинала айтады. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі –жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың бала ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой –қиялы дамиды, тәлім алады.

Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.

Халық педагогикасының бұл саласын қазақ ақындары дамыта түсті. Олардың бір ерекшеліктері, ол жаңылтпаштар көбіне әрі тіл ширату, әрі дүниеге таныту, әрі білім беру, тәрбиелеу.

Мысалы:

Тілалғыш Бек



- Тіл алғыш - деп

Мақтасақ біз

Біл алғыс деп, -

білімділікке тәрбиелеп, бүлдіршінге сүйіспеншілік білдірсе:

Бөдене бедене

Көбелек көдене

Бедені – беде де,

Көдені –көде де, -

деген жаңылтпаш арқылы әрі «б», «к», «д» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырса «бөдене» «беде» «көбелек» «көде» деген сөздердің мағынасын жақсы ұғындыруды мақсат тұтады.

Кеспе, өссін тал,

Өссе өсімтал,

Өссе өсін тал

Кеспе, өссін тал, -

деген жаңыльпаш баланы табиғатты қорғауға тәрбиелейді, әрі «с» «т» дыбыстарын айқын айтуға жаттықтырып, баланың тілін ширатады.

3. Санамақтың тәрбиелік мәні. Санамақтарды халық, негізінен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді.

1. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі:

Бір дегенің – білеу,

Екі дегенің – егеу,

Үш дегенің – үскі,

Төрт дегенің – төсек,

Бес дегенің - бесік,

Алты дегенің – асық,

Жеті дегенің –желке,

Сегіз дегенің – серке,

Тоғыз дегенің – торқа,

Он дегенің – оймақ

Он бір қара жұмбақ.

2. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады, көңілдендіреді.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлық бес ешкі,

Қос –қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

3. Санамақ айтыста бала санға ұйқас сөз табу арқылы, ақындық қабілетін басқайды. Егер ол ұйқас таба алмаса, айтыста жеңілген болып табылады.


      • Бір !

      • Бетің кір.

      • Екі!

      • Маңдайынан шекі.

      • Үш!

      • Мені жеңбек күш.

      • Төрт!

      • Төнбесін өрт.

      • Бес!

      • Белгілі жерден кес.

      • Алты!

      • Ата – ананың салты.

      • Жеті!

      • Жемтік қойдың еті.

      • Сегіз!

      • Қойың тапсын егіз.

      • Тоғыз!

      • Топас хайуан доңыз.

      • Он!

      • Оның кигені тон.

4. Жаңылтпаш, жұмбақ санамақты айту арқылы бала әрі сан үйренеді, әрі жұмбақтың шешуін тауып, ойын дамытады, тілін ширатады.

Құрық – қырық,

Сырық – қырық.

Қанша болды

Құрық, сырық?

5. Ойын санамақтарын балалар «Тоқтышақ», «Жасырынбақ» ойындары үшін пайдаланып, сан жобасын, тақ пен жұп белгілерін ажыратуды үйренеді.

Бірім – бірім,

Екім – екім,

Үшім – үшім,

Төртім – төртім,

Бесім –бесім,

Алтым – алтым,

Алты малтам,

Алтын балтам,

Сары ала қыз,

Саңқылдауық,

Қырмантауық-

Қырқылдауық

Сен тұр –

Сен шық!


Отбасында санамақтың әр бір түрін балаға жаттатып олармен бірге ойнай отырып, ойын дамыту – ата –ананың борышы.

Мазақтаманың негізгі мақсаты – баланың мінін көрсетіп, сынау, оны тәрбиелеу.



  1. Өтірік өлеңдердің балаларды ой – қиялға тәрбиелеуі.

Өтірік өлеңді дарынды ақындар қиыннан киыстырып, қиялмен әсерлендіріп, қисынды қызықтарға құрып шығарған. Өзгеше әсерлік өтірік өлеңдерді хаолық ықылас қоя жаттап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізді. Авторы белгісіз болғанмен халық аузынан жиналған өтірік өлеңдердің көркемдігі биік, мағынасы терең.

Өтірік өлеңдерді тәрбие ісіне пайдаланудың да тәсілдерін білу керек. Біріншіден: өтірік өлеңдерді көркемдеп оқудың мәнін оқушыларға терең ұғындырып, көркем оқуды ұйымдастыру.

Екіншіден: өтірік өлеңдерді жаттап оны сахнада айтуды ұйымдастырудың тәрбиелік мәні зор.

Үшіншіден: өтірік өлеңді өнер жарыс ретінде екі оқушының кезектесіп айтуын ұйымдастырып, оны сахнада орындаты – оқушының актерлік бейімділігін, өнерпаздығын, ақындық нышанын дамытып, абыройын, білімін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең –жырға деген ықыласын, бейімділігін артырады.

Отбасында ойын өлеңдерін, әсіресе, айтыс ойын олеңдерін балаға айтқызып, олардың тәрбиелік мәнін пайдалана білу – ата –ананың борышы. Ойын баласы ойын өлеңдерін өздерінше де ықыластана жаттапалады, тек олардың ойын сабақтап, үлгі көрсетуді, үлкендер ұмытпау керек.

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шекшендікпен айтылатын мақалдар да бар.

Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады «Өлең - сөздің патшасы», «Қызым, саған айтам, келінім , сен тыңда» т.б. Мәтелде де тура мағынада «Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада «Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.

Қазақтың мақал -мәтелдерінің көбірек қамтитын тақырыптары: елдік, ынтымақ, бірлік туралы мақал –мәтелдер.

Өз елім - өлең төсегім.

Батырлық, ерлік туралы мақал –мәтелдер:

Өжет адам - өлімді жеңеді.

Қару күшті емес – қару ұстаған күшті.

Өнер, білім туралы мақал –мәиелдер:

Өнерлі өрге жүзеді.

Төрт түлікке байланысты мақал –мәтелдер:

Қойдың сүті – қорғасын,

Қойды соққан оңбасын.

Егіншілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жері байдың – елі бай.

Адамгершілікке байланысты мақал –мәтелдер:

Жақсыда кек жоқ,

Кектіде тек жоқ.

Әлсіз ат сүріншек,

Ақылсыз адам еріншек.

Мектеп ауыз әдебиеті туралы бағдарламалық материалдарды оқыту оқушыладыфң мақал – мәел жинап, оқулық пен хрестоматиядағы материалдарды толықтыра түсіруіне бьасшалақ етеді. Әдебиет бөлесінің жарнамаларына “кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы”, “Бьілімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез” , “өнерлі өрге шығар” сияқты мақал – мәтелдер жазылып, ілінеді. Бірінші сыныптан бастап мақал – мәтелдер бірте – бірте үйретіліп, оқушылардың тілі мен ойын дамытудың негізгі бір тәсілі - мақал – мәтелдерді жаттау, мақал – мәтелдерді ел аузынан жинау, оларды түрлі сынып сағаттары мен кештерде, өнер жырыстарында, баспасөзде, радиода қолдана білуге оқушыны бейімдеу мұғалімдердің, әсіресе әдебиет пәні мұғалімдерінің мсіндеті болып табылады.



4. Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып , балалардың өлең-жырға деген ықыласын , бейімділігін арттырады.

Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін , әрі еңбекке тәрбиелеп , дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.

Қуыр-қуыр қуырмаш ,

Бидай қуыр , қуырмаш .

Тауықтарға тары шаш

Бас бармақ ,

Балан үйркек,

Ортан терек ,

Шылдыр шүмек

Кішкене бөбек ,--

деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап , жүдырыққа түиеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп іске жұмсап , балдырғанның жұдырығын жазады:

Сен тұр - қойыңа бар !

Сен тұр – жылқыңа бар !

Сен тұр - түйеңе бар !

Сен тұр - сиырыңа бар !

деп , төрт саусақты түлік малға жұмсайды да, ең кішкене саусақты жалқау , жатып ішер деп :

Ал сен алаңдамай

Қазанның түбін жалап,

Үйде жат!-

дейді де, оны жатқызып қойып , ойыншы қол бойынан қызық іздейді.

Мына жерде қант бар ,

Мына жерде жент бар ,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар !-

деп қытықтап , балдырғанды еріксіз күлдіреді .

Кім керек сиақты қалмақ өлеңді .Ақсерек , көк серек . ойыны үшін шығарылған :

Ақ серек пен көк серек

Шауып алдым бәйтерек .

Бізге сұлу қыз керек ,

Қыз ішінде сіз керек !

Бізге күшті ер керек !

Өзіңе керек - Еркөқбек !

Ойындағы жеке ойыншылардың бейнелік ерекшеліктеріне қарай балалар бұл өлеңді құбылтып , әрлендіріп , әртүрлі етіп айта береді.

Ұшты – ұшты ойыны қызықты өту үшін ұйқас сөздерді тез тауып , оны да бірнеше түрлендіріп айтып , ойын басшысы өзінің ақындық ауқымы арқылы ойыншыларды көңілдендіре біледі:

-Ұшты – ұшты , сұңқар ұшты!

- Ұшты – ұшты , тұлпар ұшты !

- Ұшты – ұшты , қарға ұшты !

- Ұшты -ұшты , арба ұшты !

-Ұшты – ұшты , тарғақ ұшты !

-Ұшты –ұшты , жарғақ ұшты !


  • Ұшты- ұшты , дауыл ұшты !

  • Ұшты - ұшты , қауын ұшты !

  • Ұшты –ұшты , үйрек ұшты !

  • Ұшты –ұшты , бүйрек ұшты !

  • Ұшты –ұшты , қыран ұшты !

  • Ұшты –ұшты, жылан ұшты !

  • Ұшты –ұшты, қызғыш ұшты !

  • Ұшты –ұшты , сызғыш ұшты !

  • Ұшты – ұшты , ұзақ ұшты !

  • Ұшты – ұшты , түзақ ұшты !

Бақылау сұрақтары:

1. Халықтық тәрбиенің құралдары атанңыз

2. Ертегілер, мақалдар, жаңылтпаштар, тәрбиелік міні

3. жұмбақтар халықтық өлеңдер- халықтық тәрбиенің құралдары.

4. Табиғат, ойын, сөз,,еңбек – тәрбие құралы дегенді қалай түсінесің
9-лекция. 5- тарау, Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық салт және дәстүрлері-халықтық тәрбиенің негізі.

Тақырыбы: Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамалары.

Лекцияның жоспары:

1. Дәстүр және салттардың құрылымы, салттар мен дәстүрлердің жалпы ортақтастығы және айырмашылығы.

2.Рәсімдері және салтанатты өткізу реті. Адам тәрбиесімен байланысты салттар,әдеп- ғұрыптар, дәстүрлер, нанымдардың тәрбиелік мәні.

3.Балалардың ерекшеліктерін есепке Ала отырып, олардың өмір кезеңдеріне сипаттама

4. Үй лену мен жеке отбасын құрумен байланысты әдеп- ғұрыптар, достық, бата беруге, тілекке ант беру белгісі

Мақсаты: Салт және дәстүр түсініктері: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық анықтамаларына жеке- жеке түсінік беру.

Лекцияның мәтіні:

1. Тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана рәсімінің әдептілік мәні.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш-шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі. Ертеде “нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету” секілді діни рәсімге байланысты туған, кейін шаттық тойына айналѓғн бұл дәстүрдің өзіндік әдептілік жєне жанжүйелік мәні бар.

Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі.

Шілдеханадағы шаттық ойын-сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді, бауырмашылығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.

Соңғы кезде “Шілдехана” тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру-әрі обал, әрі күнә, әрі ќылмыс болып табылады.

Кіндік шеше-босану кезінде анаға көмек көрсетіп, нәрестенің кіндігін кесетін єйел.Кіндік шешені ана және оның жанашырлары (анасы, ата-енесі, т.б.) күні бұрын тақуа, таза, мейірбанды, жанашыр адамнан сайлайды. Ол, көбінесе, өмірден көргені мол тәжірибелі адам болу керек. Ана босанар алдында кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шайынып, таза киініп, кіндік кесуге дайындалады жєне кіндік кесу жабдықтарын тазалап даярлайды, кіндік кесудің дәрігерлік, гигиеналық салтын сақтап, өз ісін абыроймен орындауға жауапкершілікпен қарайды.

Кіндік шеше бала жарық дүниеге келгенде алғаш оның кіндігін кесіп, жөргеккке орап алады. Қазақ халқының ырымында “Бала кіндік шешесіне тартады” деген сөз бар. Кіндік шеше-нәрестенің екінші анасы, сондықтан ол баланың “ит жейдесін” кигізуден бастап, оның бесігін түзеп, киімінің бүтін, таза болуына қамқорлық жасайды. Нєрестенің ата-анасы кіндік шешені жақын да жанашыр ана ретінде құрметтеп, оған сый-сыяпат көрсетеді.Кіндік шеше қарызы (баланы жылына шыққанда киіндіру) бөбектің ата-анасының кіндік шеше алдындағы парызы (оған сыйлық беру, құрмет көрсету) тұрмыстық ахуалға лайықты сыйласымдық рәсімдерімен өтеледі.

Кіндік шеше рәсімдері адам қоғаманың алғашқы даму кезеңінен белгілі. Ол өз міндеттерін орындау арқылы аналық, мейірімділік қамқорлық сезімдерін дамытып, ұрпақ тәрбиелеуге уәделі үлестерін қосады.



2. Бөбекті қырқынан шығару-бөбек туған соң, көбінесе, қырық күн толғанда, оның шашын алып, бесікке салу рәсімі. Бөбекті қырқынан шығару рәсімі ананың “бой көтеріп”, денсаулығының толысып, жетілген кезінде өткізіледі (қыз бала, көбіне, ер баладан ертерек қырқынан шығарылады). Бөбекті қырқынан шығарғанға дейін ана қалжыланып, денсаулыѓын түзейді, емшекке уыз қатып қалмауы, емшек сүтініњ мол болуы үшін ананы қалжалау кезінде тамақтандыру тәртібіне қамқорлық жасайтын жанашырлар (кіндік ана, әже, абысын, т.б.) болуға тиісті.

Бөбек қырқымы толыса бастағанда, ол мазасызданып, жылауық болуы да мүмкін. Қырқынан шыққан бөбектіњ ұйқысы тыныш, жан сезімі рахаттана бастайды.

Бөбекті қырқынан шығару, көбінесе, бесікке салу рәсімімен бірге өткізіледі. Бөбекті қырқынан шығару кезінде мүмкіндігінше, оны күміс ыдысқа шомылдыру, ол шомылатын суға күміс теңгелер салу ырымыныњ гигиеналық мәні зор.

Бөбекті қырқғнан шығарғанда оның қырқым шашыналу салтанатын ең сыйлы, тәжірибелі, ардақты әйел орындайды. Бұл рәсімге жанашыр жақын әйелдер шақырылады. Оларға, бұл кішігірім той кезінде, сый-сияпат көрсетіледі. Бала шомылдырылып, сыланған соң бесікке бөленіп, бесік жыры айтылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет