Лекция: 17 сағат Семинар : 17 сағат. СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат



бет3/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,86 Mb.
#30698
түріЛекция
1   2   3   4   5

Хорал

Хорал деген немістің choral орта ғасырдағы (латынша cantus, choralis) деген сөздерінен шыққан. Ол ән айту деген мағынаны білдіреді. Бұл шіркеулерде айтылатын бір дауысты ән, оны құдайға құлшылық етудің бөлінбейтін бөлшегі десе де болады. Ол католикалық шіркеулерінде орындалған. Хорал басқа хор жанрларының тақырыптық және құрылымдық негізін қалаған классицизм бағытын бастаған көне жанр.

Хоралдың вокалды хор өңдеулері аккордтық, гармониялық құрылымда жазылған. Хорал ораториялардың, кантаталардың, қайғырулардың (страсти) негізгі бөлінбейтін бөлшегі болып сақталып қалды. Мысалы: “Страсти по матерею”.

Месса.

Көпдауысты циклдік, вокалды-хор шығармасы. Ол католикалық шіркеудің негізгі құдай құлшылық ететін әнінің сөзіне жазылған. Месса музыка жанры ретінде XIV ғасырда пайда болды.


Мотет.

Мотет XII ғасырда Францияда пайда болған көп дауысты вокалды – хор шығармасы. Бұл жанр XVIII ғасырға дейін бүкіл Батыс Европаға таралған музыка жанры.



Мадригал.

Мадригал итальян тілінен шыққан madrigale лат. matricale ана тілінде орындалатын ән деген мағынаны білдереді. Бастапқы кезде мадригал латын тілінен өзгеше итальянша ана тілінде бір дауысты ән болып орындалып жүрді. Ал жаңару заманында бір дауысты әннен көп дауысты әнге айналды. Би ақсүйектік мазмұнды жазылып Итальяға, Францияға, Англияға және басқа да Европа мемлекеттеріне тарады.



Псалма.

Псалма дегеніміз Библияның бірінші бөлімінен алынған діни әндер мен дұғадан тұратын ән. Мелодиялық декломациядан жазылған псалмалар жинағы “Псалтырь” деп аталады.

Қазіргі уақытта егеменді Қазастан Республикасындағы жоғарғы оқу орнындағы университет пен педагогикалық институттың алдында жастарды тәрбиелеуде, жас мамандарды жан-жақты заманға сай дайындауды түбегейлі жақсарту мәселелері көтеріліп жүр.

Жастар тәрбиесіне бұрын да көп көңіл бөлінетін республикамыздың егеменді тұсында тәрбиенің маңызы арта түсуде. Жоғарғы оқу орындары дүниежүзілік стандартқа сай ішкі жан дүниесі таза, рухани бай, музыкалы орындаушылық шеберлігі жоғары теориялық білімі терең, тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеттері жақсы, белсенді, тәжірибелі маман даярлауы тиіс.

Болашақ музыка мамандарын дайындау саласындағы жүргізілетін сабақтардың бірі – хор әдебиеті. Бұл арнайы пәннің мақсаты хор мәдениеті тұрғысында зерттеулерге тарихи деректерге сүйеніп жазылған хор жөніндегі әдебиеттермен танысып, оқып үйренеді. Сөйтріп, әдебиеттер топтамасымен жұмыс жасай жүріп, өзіне көптеген мәселелерді аңғарып білуге жол ашады. Көрнекті хор әлеміндегі аты әйгілі халық таланттарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен таныстыра отырып, өз халқының музыкалық бай мұраларын талдап тәжірибелік мәнін оқушылардың назарына жеткізіп, ғылыми тұрғыдағы көзқарастарын қалыптастырады.

Профессионалдық жалпыға бірдей білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарының қайта құру жүйесіне сәйкес, хор әдебиеті курсын оқыту мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.



  • жалпы хор мәдениетінің әлемдік деңгейдегі орны және оның тарихы өсу жолын деректерге сүйене отырып, талдау жасау.

  • әр кезеңдегі музыка мәдениетінің даму жолынбақылау.

  • шетел хор үйірмелерінің тарихы оқиғаға байланысты дамуы.

  • әрбір хор шығармаларының тақырыптық байланысы мен тәрбиелік мәні.

  • Опералық хор, кантата, ораторияның тарихи мазмұны.

  • Хор шығармаларының шығуын тарихи деректермен дәлелдеп оның музыка әлеміне шолу сабақ екендігін әрі көркемдік халықтық сипатын ашу т.б. Осындай мәселереді арқау етіп студенттердің өздерінің оқыған материалдарын ғылыми түрде бағалауға, қосымша мәліметтер жинауға, кітапханаға барып ізденуін қажет етеді. Сонымен қатар тақырыптар бойынша семинарларға дайындалу, реферат жазу, хорға арналған шығармаларды талдау жұмыстары да жүргізіледі. Лекциядағы тыңдаған материалдар барысында концерттік қойлымдарға барып талдау жасалынады. Опералық хор, күрделі хор жанрларымен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұндай жұмыстардың бәрі пән оқытушысының басқаруымен жасалынады. Студенттерге әрбір тақырыпқа байланысты өзіндік жұмыс жасауға, көрсетілген әдебиеттерді, әдістемелік нұсқау ретінде көрсетілген сілтемелерді пайдалану жөнінде тапсырма беріліп отырады.

Беріліп отырған оқу бағдарламасы, силлабус, әр тақырып лекция сабақтарының жобасын, тақырыптар бойынша әдебиеттер, ноталық баспалардың және қосымша әдебиет тізімдерін береді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


“Сырдария “ университеті

“­Өнер” факультеті

“Ән және саз”кафедрасы

“Хор әдебиеті” пәні бойынша

050106” Музыкалық білім” мамандықтарының студенттері үшін

“Хор әдебиеті” пәні бойынша

050106- “Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін

СЕМИНАР ЖОСПАРЫ






Сабақтың тақырыптары және мазмұны

Әдебиеттер

1

Кіріспе.

Хор әдебиеті-пәнінің міндеттері.



1,2,3,4

2

Хор өнеріне жалпы шолу.

4,5,6,

3

Әлем халықтарының хор мен ән салумектебі:

4,5,6,7

4

Хор жанрына үлестерін қосқан қазақ композиторлары.

7,8,9

5

Қазақстанның ұлттық опералық-хор жанрлары: Е.Брусиловский, М.Төлебаев, А.Жұбанов, С.Мухаметжанов, Б.Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Қ. Қожамяров.

9,10,11,12

6

Орыс опералық хор туындылары.

10,11,12,13

7

Халық әндерінің хор репертуарларынан орын алуы.

12,13,14,15

8

Балалар хор шығармашылығы.

16,17,18,19

9

Шетел класик композиторлары.

20,21,22,23

10

Музыкалық оқу мекемелері.

23,24,25,26

11

Кантата, ораториялар, сюиталар.

25,26,27

12

Музыкалық жанрлар.

25,26,27,28






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет