Лекция: 30 сағат Зертханалық-тәжірибелік сабақ: 10 сағат СӨЖ: 95 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет7/12
Дата29.03.2017
өлшемі3,27 Mb.
#12682
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Лекция мақсаты: кәсіби қарым-қатынас туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні:
1. Педагогикалық қарым-қатынас тәсілдері

Педагогтің қарым-қатынас тәсілі – бұл байланыс тәсілі және балаларға басшылық жасау процесіндегі өзара әсер сипаты.

Олар төмендегілер:


  • шығармашылық еңбекке, қызығушылыққа бірге негізделген қарым-қатынас;

  • достық байланысқа негізделген қарым-қатынас;

  • қарым-қатынас – алшақтық;

  • қарым-қатынас – шошу, сескену;

  • қарым-қатынас - әзілдесу, ойын, ойнақылық.

Біргелікте шығармашылық ізденіспен шұғылдану барлық педагогтің процесс қатынасшылары үшін нәтижелі, тиімді қарым-қатынас тәсілі болып табылады.

Жұмыс нәтижелі жалғасын табуы үшін педагогтарда да, оқушыларда да біртүрлі әрекет, қимыл, мақсат, бір түрлі ой-пікір жақындығы болуы керек.

Педагогтар оқушыларды басқармайды, қайта біргелікте мектеп жұмыстары жөнінде ойланады, “біз” және “сіз” деп бөлінудің керегі жоқ.

Педагогтің оқушыларға біржақты әсер, ықпалы орнына – олардың басқаруы арқылы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің жалпы шығармашылық қимыл - әрекеті жүзеге асырылады.

Достық көңіл-күйге негізделген педагогтің тәсілі оларды жора-жолдастыққа айналдырып жібермеуі керек. Мұндай жағдай оқу-тәрбие процесіне ұнамсыз әсер етеді. Ш.Амонашвили: “Егер бала бізден қашатын болса, біз оны қалай тәрбиелейміз?” деп сұрақ қояды да, “Тек рухани бірлестік – басқа ешнәрсе де емес, бұл бірлестікті не расколоть етуі мүмкін”-деп жауап айтады.

Балалармен ынтымақтастықта болу – ынтымақтастық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі.

2. Ең жиі кездесетін тәсіл - бұл қарым-қатынас-алшақтық, яғни педагог пен оқушылар өзара байланыстары комплексінде жеке тұлға ретінде алшақтық сақтауы қажет. “Сен білмейсің, мен білемін”, “Мені тыңда, мен үлкенмін” және т.б. Мұндай педагог балалармен жалпы ұнамды байланыста болуы мүмкін, бірақ өзінің еңбегін ұйымдастыру авторитарлық стильге жақындап кетеді, нәтижеде сырт көрінісімен ұнамды көрінсе де, бұл қарым-қатынас тәсілі кемшілік, олқылықтарға алып келеді.

Қарым-қатынас – қорқыту, шошу, сескенуде оқушыларға деген ұнамсыз байланысты бірлестіріп, басқарудың ұйымдастырылуы авторитарлық стильдің өзі. Қарым-қатынас – қорқыту тәсілінің типтік формалары: “Зейін қойып, құлақ сал, болмаса тақтаға шақырып “2” қоямын, “Әлі мен сендерге көрсетемін, көрсетіп қоямын!”.

Мұндай тәсіл көбінесе сабақта күйгелектікті, көңіл-күйдің бұзылуына алып келеді, шығармашылық еңбекке кедергі болады.

Либерализм көріністегі, балаларға талап қоя білмеу – қарым-қатынас - әзіл тәсілі болып табылады. Ол жалған, арзан абырой, ізет алуға әрекеттену. Бұл тәсілдің келіп шығу себебі, біріншіден – тез байланыс орнатуға, сыныпта көбінесе жазуға ұмтылу, екіншіден – кәсіптік іскерлік, тәжірибенің жетіспеуі.

Қарым-қатынас тәсілдерінің жоғарыдағы барлық варианттары екі түрге бөлінеді:


  • монологтік;

  • диалогтік.

Тәрбиенің мәні қарым-қатынас - диалогтік деп есептелінеді. Диалогтік – қарым-қатынас дегеніміз не?

В.А.Сухомлинский сипаттамасы: “рухани бірлестік, өзара сенім, ашықтық, шыншылдық, қарапайымдылық”.

Тәрбиеленушімен диалог дегенімізде, жағдайды бірлестікте, бірге көре білу және талқылау деп түсінуіміз қажет. Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің орны тең болмаса, диалог амалға аспайды, бұл тәрбиеленушінің тәрбие процесіндегі актив ролін тән алу деген сөз. Орынның теңдігі – тәрбиеші де тәрбиеленушінің ықпалы, әсері астында болады дегені.

Сонымен, нәтижелі, тиімді педагогтік әрекет, еңбек оқытушының балаларға ұнамды байланыстары атмосферасында мұхитында, жұмысты демократиялық стильде ұйымдастыру, шығармашылықпен ынтымақтастықта шұғылданғанда ғана жүзеге асады.


Бақылау сұрақтары:

1. Қандай стиль ұнамды деп есптейсіз?

2. Қарым-қатынастың екі жақты мәнін қалай түсіндіресіз?

3. Қарым-қатынасты неге айсбергке теңеуге болады?



4. Зерттеулер нәтижелерінен нені байқауға болады?


Жоспары:

1. Мұғалімнің адамгершілік қызметінің маңыздылығы.

2. Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы адамгершілік

3. Оқытушылық қызметтің моральдық мәні.


Лекция мақсаты: мұғалім адамгершілігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Жаңару жолындағы Қазақстанға жаңаша ойлайтын, өмірге көзқарасы тың, нарық жағдайында тірішілік етіп, жұмыс істей алатын барынша білімді адамдар қажет. Бұл жағдай Қазақстанның ақыл-ой және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру, рухани-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл тұлға тәрбиелеу керектігін көрсетеді. Экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдап, халықаралық аренаға шығуды көздеген Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіне, оның ішінде ерекше маңызы бар болашақ ұстазды даярлау ісіне зор мән береді.

Қазіргі қоғамдағы мұғалім – шығармашылық дамуға, ұшқыр ойлауға қабілетті, мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман, ол кәсіптік қызмет міндеттерін жүйелі түрде көре білуі, мақсат қоя алуы және жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылуы тиіс. Ең алдымен, мұғалім – адамгершілігі өте жоғары тұлға, ол адамзаттың биік идеалы әрі оның маңыздылығының критерийі болған, болып қала да бермек. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы мұғалімнің адамгершілік мәдениетінің маңыздылығына ерекше назар аудара отырып белгілі орыс философы Н.Бердяевтің мына бір сөзін еске түсіру орынды тәрізді: “Өмірдің биік мақсаттарына экономикалық немесе әлеуметтік емес, рухани мақсаттар жатады. Халықтың ұлылығы, оның адамзат тарихына қосар үлесі мемлекеттің күш-қуатымен де, экономикасының дамуымен де емес, рухани мәдениетімен анықталады”.

Адамгершілік дегеніміз не? П.Кропоткиннің анықтауынша, “... бұл өз бойыңнан адамдық қасиеттерді сезіну, сол қасиеттерді сақтап өмір сүруге ұмтылу, жағымсыз іс-әрекетіңе қиналу – мұның барлығы адам табиғатының ортақ, ажырамас ерекшелігі”.

Бүгінгі күнде қаталдық белең алып, рухани салаға көзқарас ауытқуына байланысты, мектеп оқушысын тәрбиелеудегі адамгершілік қағидалар да біртіндеп мансұқ етілуде. Біз әлеуметтік қатынастар мен құндылықтардың үйлесімі бұзылғанына, оқушы жастардың адамгершілік мәдениетінің апатты түрде құлдырауына куә болып жүрміз. Бұл жағдайдағы бірден бір тірек - өмірдің адамгершілік критерийлері.

Қоғамның адамгершілік күштерін қалпына келтіруге түрткі болатын негізді табу және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің сыннан өткен этикалық бағдарларына күш салу бұл жағдайдағы маңызды міндет болып табылады. Оқушылардың, студенттердің білімділік, тәрбиелілік дәрежесі сияқты, олардың адамгершілік мәдениетінің дамуы да көптеген факторлар мен шарттарға, оның ішінде педагогтің адамгершілік мәдениетіне байланысты.

Ал педагогтің адамгершілік мәдениеті (В.Андреевтің айтуы бойынша) – “педагогтің жеке тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің үйлескен күрделі жүйесі, ол педагогтің даму , өзін-өзі дамыту дәрежесін, ізгілік дүниетанымға бейімділігін оның адамгершілік құндылықтарын, көзқарасы мен түсініктерін қоса алғанда сипаттайды, сондай-ақ оның білім, білік, қабілеттілік жүйесін танытады...”.

2. Болашақ мұғалімдерді даярлауда адамгершілік аспект елеулі рөл атқарады. Бұл мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының толыққандылығы әрі тұрақтылығы ретінде сипатталады. Мұғалімнің адамгершілік санасының бір бөлшегі оның адамгершілік құндылықтарды ұға білуі және осы құндылықтарды өз шәкірттерінің қалай қабылдайтынына ой жүгіртуі болып табылады. Мораль талаптары мен ұстанымдарын, ережелерін білу және оларды педагогикалық іс-әрекетіне арнайы өзек ету мұғалімнің адамгершілік көзқарастарының қалыптасу негізі болады.

Кәсіби қызметте мұғалімнің адамгершілік сезімдері оның рухани дүниесінің эмоциялық жағы, тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады. Педагогтің өз кәсібіне қарым-қатынасын реттейтін сезімдер тобына кәсіби борышты сезіну, жауапкершілік, өзіне-өзі сын көзімен қарау, ар-намыс, т.б. жатады. Мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің негізгі буыны болғандықтан, ол оқушылармен, олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, т.с.с. жан-жақты өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Мұның ішінде мұғалімнің оқушылар ұжымымен бірлескен әрекеті өте маңызды, ол әрекет бірін-бірі құрметтеуге, әрбір тәрбиеленушінің өз қадір-қасиетін сезінуіне негізделуі қажет.

Педагог қызметінің адамгершілік аспектісі салыстырмалы дербестікке ие, басқа қызмет түрлерімен тығыз байланысты әрі алуан түрлі үлгіде жүзеге асырылуы мүмкін: адамгершілік ағарту, адамгершілік тәжірибесін ұйымдастыру, адамгершілікке өзін-өзі тәрбиелеу. Соңғысы моралдық бет-бұрыстың ажырамас элементі бола отырып өзіндік ерекшеліктері бар педагогикалық еңбек саласына өзінше ықпал етеді.

Педагогтің кәсіби әдеп кодексі педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерінен туындайтын адамгершілік талаптарының жиынтығын анықтап, педагогтің педагогикалық қызмет үрдісіндегі іс-әрекеті мен қарым-қатынас жүйесін реттейді. Мұғалімнің өзі-өзіне, педагогтік еңбекке, оқушылар мен педагогтер ұжымына көзқарасын анықтайтын негізгі талаптардың орын алуы кодекстің іргелі бөлігіне жатады.

Болашақ мұғалімді даярлауда адамгершілік мәселесінің маңызы ерекше, өйткені , жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу салмағы осыған түседі. Бүгінгі күнде ғалым педагогтер жалпыадамзаттық құндылықтардың, адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой дамуынан гөрі басымдығын мойындап, орнықтыруға күш салуда. Мұғалім бала бойында қандай адамгершілік түсініктер қалыптасқанын, ол қандай жағжайға жүзеге асқанын білуі қажет. Ал баланың адамгершілік көзқарасының қалыптасуының, адамгершілік психологиялық ұғым-түсініктерінің бекуінің сөзсіз маңызды көзі – отбасы, онда өмірдің мәні мен мақсаты туралы алғашқы түсініктер, құндылық бағдар, адамгершілік және әлеуметтік қажеттілік т.б. қалыптасатыны белгілі. Ең дұрысы, педагог оқушының отбасындағы микро ортасының, ал ата-аналар мектептегі микро ортасының бір бөлшегі болулары тиіс. Отбасы – тұлғаны әлеуметтендірудің, мәдени, ұлттық, адамгершілік құндылықтардың тарихи жалғастығының маңызды институты. Биологиялық және адамгершілік жағынан бірдей дені сау бала өсіру керек қой, жас ұрпақтың саулығы – тұтас ұлттың амандығы.


3. Оқытушылық қызметтің моральдық мәні.

Мұғалім - өзінің әлеуметтік қызметі жағынан бірден-бір қоғамдық тұлға. Ол – белгілі бір әлеуметтік қауымның мұраттарын жүзеге асырушы, соны болашақ адамдардың негізгі қасиеттеріне айналдыру жолында еңбек ететін адам. Оқытушы қоғамның тәрбиелік функцияларын орындаумен қатар осы қоғамның әлеуметтік функцияларын орындайды, яғни оның қызметі тек қана белгілі бір білімдер қосындысын жас буынға берумен ғана тынбайды. Ол сонымен қатар өзі қызмет ететін қоғамның әлеуметтік мәнін, оның рухани байлығын өзінің барлық іс-әрекеттері, мінез-құлқы, өнегесі арқылы жастарға жеткізеді.

Оқытушы – ең алдымен қоғамның рухани байлығын, оның құрамында моральдық сана және этикалық принциптер мен ережелері өзінің бойына сіңіріп, белгілі бір дәрежеде меңгерген адам. Осының салдарынан оқытушының жас өспірімдерге ететін әсері, сайып келгенде, қоғамның, ал дәлірек айтқанда, жеке алынған педагогикалық ұжымның әсері. Бұдан оқытушылық қызметтің қоғамдық мәні айқын көрінеді.

Әрқашан да қоғамдық тұрмыстың күрделілігін, оның қарама-қарсылықтар күресі, қайшылықтардың тартысы арқылы дамитынын көрсету –моральдық тәрбиенің негізгі принципі. Қоғамдық тұрмыстағы қайшылықтарды бүркемелеп, өмірді тек жағымды жағынан ғана көрсетудің пайдасы шамалы. Бала өзінің азды-көпті тәжірибесінде өмірдегі кемшіліктерді, кейбір адамдардың әділетсіздігін, мейірімсіздігін байқап қалады. Оның моральдық тәжірибесіндегі осы сияқты білімдер оқытушының айтқандарымен қайшы келсе, ол өмірге нигилистік тұрғыдан қарауы мүмкін. Сөйтіп, балалар санасында сенбеушілік сияқты ұнамсыз қасиет ұялайды. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті өмірде кездесетін қайшылықтарды, олардың арасындағы күресті көрсете білу және осыдан шығатын білімдерді жас буынның рухани байлығына, іс-әрекеттерінің мызғымас берік тірегіне айналдыру. Сонымен қатар балаларды қиыншылықтарды жеңіп шығуға үйрету, олардың ерік күшін қалыптастыру – мұғалімнің ұстаздық парызы. Егер мұғалім өмірдегі қиыншылықтардың мәнін шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, сол қиындықтарды жеңіп шығудың жолын көрсете білсе, бұл жас ұрпақты өзіне-өзі сенімділік рухында тәрбиелей білгені.


Бақылау сұрақтары:

1. Педагогтың адамгершілік қызметінің маңызы неде?

2. Адамгершілік дегеніміз не?

3. Түрлі ғалымдардың адамгершілікке берген анықтамасын келтіріңіз және түсіндіріңіз.






Жоспары:
1. Қарым-қатынас туралы түсінік..

2. Қарым-қатынас стильдері.




Лекция мақсаты: қарым-қатынас стильдері туралы түсінік қалыптастыру.

Лекция мәтіні:

1. Қарым-қатынас екі жақты мәнге ие: қатынас және өзара әсер ету. Бұл айсбергтің су асты және су үстіндегі бөліктеріне ұқсас. Мұндағы көрінетін жағы – сөйлеу және сөз қимыл-әрекеттері, көрінбейтін ішкі жағы – қажеттіліктер, мотивтер, қызығулар, сезімдер және т.б. адамды қарым-қатынасқа бағыттайтын әрекет-қимылдар, толғаныстар.

Зерттеулер нәтижелері төмендегілерді аңғартады: балаларға әрқашанда олардың көңіл-күйіне тұрақты қатынаста болатын, оқу әрекеттері мен мінез-құлқындағы кемшіліктерге іскерлікпен қарайтын, олармен байсалды және бірқалыпты мәнерде қарым-қатынас жасайтын оқытушыларға олар әрдайым еркін, сеніммен тілдесетін болады.

Оқушыларға ұнамсыз қарым-қатынаста болу (“сыныптарың жыныма тиді”) , оқытушының тұрақсыз позициясы (көңіл-күйіне қарай жиі өзгеруі) балаларда оған деген сенімсіздік, жағымпаздық, жалған сөйлеу және т.б. ұнамсыз қасиеттерді оятуы мүмкін. Мұндай жағдай жалпы оқу-тәрбие процесіне нұқсан келтіреді.

Жалпы алғанда, зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған негізгі үш түрлі қатынас стилін ажыратып, қарастырады: тұрақты-ұнамды, төменгі дәрежелі ұнамды, тұрақсыз кейде балаларға ұнамсыз, тұрақты ұнамсыз қарым-қатынаста болатын оқытушылар да кездеседі.

А.А.Леонтьевтің пікірінше: “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар өздеріне ұнамсыз көзқарастар келіп шығуына жағдай жасайды. Демек, олар мектепке қайшы, жалпы қоғамға қарама-қарсы әрекетте болады деген сөз.

2. Психологияда қоғам мүшелерімен қарым-қатынаста болатын әртүрлі басшылық, жетеекшілік ету түрлері анықталған. Оқытушы да өз әсерін жүзеге асырушы басшы болып есептеледі. Басшылықтың негізінде үш стиль кездеседі (әсер ету бағытына қарай).

Авторитарлы стиль.

Оқытушы өз бетінше , жеке топтың жұмыс бағытын анықтай отырып, кім-кіммен отыруы және жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді, оқушылар тарапынан кездесетін әрқандай белсенділік шектеледі, оқушылар күмәндану үстінде болады. Өзара әсер ету формалары – бұйыру, көрсетпе, инструкция, жазалау.

Кейде берілетін алғыс, ризашылық та бұйрық немесе кемсіту түрінде жарияланады. “Бүгін сен жақсы жауап бердің. Сенен мұны күтпеген едім”.

Демократиялық стиль.

Бұл стиль ұжым мүшелерінің пікірлеріне сүйенген жағдайда көрініс табады. Оқытушы істелетін жұмыстың мақсат-міндеттерін әр бір оқушы санасына жеткізуге әрекеттенеді. Олардың барлығын еңбек процесіне белсенді қатыстырады, өз міндетін тек бақылау мен басқаруда деп білместен, тәрбие беру деп те түсінеді. Әрбір оқушы марапатталып бағаланады, және онда өз-өзіне сенім арттырылады, өзін-өзі басқару дамытылады.



Либеральдық стиль.

Бұл стильдің мәні – тәртіпсіздік, бейғамдық. Оқытушы ұжым өміріне араласпауға әрекеттенеді, белсенділік жоқтың қасы, сұрақтар немқұрайды талқыланады, кейбір қарама-қарсы пікірлерге тосқауыл жасай алмайды. Ұжымда тәртіпсіздік күшейеді. Оқушыларда ұнамсыз пікірлер мен көзқарастар пайда бола бастайды. Мұндай оқытушының авторитеті ізет-құрметі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.

Авторитарлық тстильде басқаруда топтағы жұмыс нәтижелі күйде болып жатқандай етіп көрсеткенімен, онда күрделі ауыр психологиялық жағдай туындайды. Мұндай стильде ұжымның даму кезеңдері төмендейді, социологтардың пікірінше мұндай ұжымда тәртіпсіздік күшейе түседі. Оқушыларда төңірегінде кісілер жөнінде ұнамсыз көзқарас пен пікірлер пайда болады.

Ең ұнамды стиль – бұл демократиялық стиль деп есептелінеді. Сандық көрсеткіштер төмендесе де жұмыс істеуге деген қызығушылық , ынта мұндай ұжымда төмендемейді (басқарушы болмаса ды), мәселелерге шығармашылықпен кірісу күшейеді, жауапкершілік сезім артып, ұжыммен мақтаныш ету дами түседі.

Ең талапқа жауап бере алмайтын стиль – либералдық стиль деп білу керек. Бұл басқару стилінде жұмыс әрі нашар және сипатсыз орындалады.

Авторитаризм педагогтің қалыптаспағандығынан, мәдениеті төмендігінен, балалардың жеке ерекшеліктеріне мән бермеуі, менсінбегендігінен, балалар өмірін белсенділік, шығармашылықпен ұйымдастыру принциптерін тән алмағандығынан пайда болады.

Басқарудың авторитар тәсілінен арылу үшін ұжымда жоғарғы деңгейдегі моральдық қатынастарды, педагогта адамгершілік рухында қалыптасқан көзқарастарға негізделген шын мәніндегі қарым-қатынас мәдениеті, педагогтің басқарумен біте қайнасқан өз-өзін басқаруды орнықтыру және дамыту қажет болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Қандай стиль ұнамды деп есптейсіз?

2. Қарым-қатынастың екі жақты мәнін қалай түсіндіресіз?

3. Қарым-қатынасты неге айсбергке теңеуге болады?

4. Зерттеулер нәтижелерінен нені байқауға болады?

5. Зерттеушілер оқытушының сынып ұжымына бағытталған қандай стиль түрлерін қарастырады?

6. А.А.Леонтьевтің “ұнамсыз, тұрақсыз” оқытушылар туралы пікірі қандай?

7. Авторитарлы стильдің сипаты қандай?



8. Демократиялық стильдің сипаты қандай?








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет