Лекция №8 Тақырып: Геодезиялық өлшеулер және олардың дәльдігі. Лекция жоспары


Қателіктер әсер ету сипаты мен қасиеттері жағынан өрескел (грубые), жүйелі (систематические) және кездейсоқ (случайные) болып бөлінеді



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі124,83 Kb.
#93543
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек № 8 геодез өлш дәльдігі
Doc1
Қателіктер әсер ету сипаты мен қасиеттері жағынан өрескел (грубые), жүйелі (систематические) және кездейсоқ (случайные) болып бөлінеді.
Өрескел қателіктерге өлшеулердің нақты бір жағдайларында, яғни бақылаушының, аспаптың өлшеу әдістерінің кемшіліктерінен және сыртқы ортаның әсерінен жіберілетін қатеден артық шамада жіберілген, әрі мұндай шамада жіберуге мүлдем болмайтын қателіктер жатады. Олар орындаушының өлшеу кезінде жіберген жансақтықтары (просчеты, промахи) мен қателіктері салдарынан пайда болады. Өрескел қателіктер, сонымен қатар қолданылатын аспаптардың кемшіліктері, сыртқы ортаның әсері және бақылаушының жеке қасиеттері нәтижесінде пайда болады. Олар таңбасы мен шамасы жағынан тұрақты немесе кейбір заңдылық бойынша өлшеулердің нәтижесіне кіруі мүмкін.
Жүйелі қателіктердің өлшеудің нәтижелеріне тиетін әсері жұмыстардың жарамды әдістемесін қолдану, аспаптарды мұқият тексеру, тағы да өлшенген шамаларға түзету енгізу арқылы минимумге жеткізіледі.
Кездейсоқ қателерге қолданылатын аспаптардың және сезім мүшелерінің жетілмегендігі, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеруі салдарынан болмай қоймайтын қателіктер жатады. Осы қателіктер таңбасы мен шамасы жағынан тұрақты болмайды және оларды өлшеудің нәтижесінен шығарып тастау мүмкін емес.
Сонымен қателіктер теориясы кездейсоқ қателіктердің пайда болуы және жиналу заңдарын зерттеумен, олардың өлшеулер нәтижелеріне тигізетін әсерін минимумға дейін жеткізумен, әрбір өлшеу үрдісінің қиыспаушылық мүмкін шегін анықтаумен айналысады.
Қәтеліктер теориясы бірқатар практикалық міндеттерді шешеді:
1) өлшеулердің мейлінше дәл нәтижедерін алудың ережелерін қалыптастырады;
2) өлшеу нәтижелерінің және олардың функциясының дәльдігін бағалау ережелерін белгілейді, өйткені өлшеулердің алынған нәтижелерін біле отырып, бұл нәтижелерді дұрыс пайдалануға болады;
3) бақылауларды алдын ала берілген дәльдікпен ұйымдастыруды және оның бағдарламысын қамтамасыз етеді.
Қай өлшеулерді болса да барынша аз уақыт пен қаражат жұмсай отырып, олардың қажетті дәльдігін қамтамасыз ету қажет.
Өлшеулердің кездейсоқ қателіктерінің қасиеттері. Өлшеу нәтижесінің қателігі деп өлшеу нәтижесі мен өлшенген шаманың шың мәнінің айырымын айтады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет