Лекция 9 vііа топша элементтері Жоспары


Фтордың физикалық және химиялық қасиеттері



бет2/3
Дата11.11.2022
өлшемі17,31 Kb.
#157729
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
Лк Галогендер
Solutions2e progress test un02 a, gost 34102-2017, през рухани, LearnEnglish-Listening-C1-Renting-a-house, file 00012DL11223921980 (1)
Фтордың физикалық және химиялық қасиеттері
Молекулалық орбитальдар әдісі бойынша фтордың екі атомдық молекуласының электрондық конфигурациясы: s( бай) 2,s( бос) 2, x( бай) 2,  y,z( бай)4,  y,z ( бос) 4 Байланыстырушы орбитальдарда бір электрон жұбының артық болуы байланыс реттігі шамамен 1-ге тең екендігін кӛрсетеді. Босаңқы орбитальдарда электрондар кӛп болғандықтан, F2 молекуласындағы F-F байланысының энергиясы тӛмен. МО әдісіне сәйкес босаңқы орбитальдағы электронның байланысты босаңдату әсері байланыстырушы орбитальдағы электронның байланысты қуаттандыру әсерінен жоғарырақ болады. ВБ әдісі F2 молекуласының тұрақсыздығын былай деп түсіндіреді: фтор атомының радиусы тым кіші болған соң ядроға жақын жатқан байланыстырмайтын электрондардың (әр атомда үш электрондық жұп) тебісуі мол. Басқа галогендердің радиустары ұзындау, сондықтан тебісу күші бәсеңдеу және әрекеттесу нәтижесінде d-pолардың молекулаларында d байланыстың реттігі жоғарырақ болады, ал фтор атомдарында ондай мүмкіндік жоқ. Фтордың молекулаларының массасы аз және олар біраз қозғалғыш, сондықтан қалыпты жағдайда фтор ашық сары түсті газ, балқу және қайнау температуралары өте төмен. Бос күйіндегі фтордың активтігі өте жоғары, ол өте күшті тотықтырғыш. Оның себебі F-F байланысының беріктігінің төмендігі және фтор атомы мен фторид-ионның мөлшерінің кішілігі Фтордың молекуласының диссоциациялануы оңай болғандықтан оның қатысуымен өтетін реакциялардың активтендіру энергиясы да төмен
Фторсутек және фторидтер
Сутек пен фтор төмен температураның ӛзінде тарамдалған тізбекті механизм бойынша қопарылыса әрекеттеседі:
H2 + F2 = 2HF
Өнеркәсіпте фторсутекті кальций фторидіне күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алады:
CaF2 + H2SO4 = 2HF + CaSO4
Аса таза, құрғақ фторсутекті және металдардың фторидтерін алу үшін фторогидрогенаттардың (гидрофторидтердің) термиялық ыдырауын пайдаланады: Me[HnFn+1] = Me[Hn-1Fn] + HF
Қорытынды
Периодтық жүйенің VIIA тобына фтор, хлор, бром, йод, астат жатады. VIIA топ элементтері бойынша жоғарыдан төмен қарай галогендердің бейметалдық қасиеттері кеміп, ең соңғы йодпен астатқа ауысқанда металдарға ұқсайтын қасиеттердің пайда болуын байқауға болады. VIIA топтың элементтерінің атомдарында келесі асыл газдың электрондық конфигурациясына небәрі бір электрон жетіспейтіндіктен оларға әрине, бейметалдық қасиет тән. Активтігіне сай VIIА топтың элементтері жаратылыста дербес күйінде кездеспейді. F-Cl-Br-J-At қатарында атомдардың және иондардың радиустары монотонды түрде артады, атомдардың иондану энергиялары (әсіресе фтордан хлорға ауысқан кезде), электрон тартқыштығы (алдымен фтордан хлорға ауысқан кезде сәл артады) және элементтердің СЭТ-рі кемиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет